Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!


АҚЫРДАН ЖЕТКЕН БІР ҮН БАР



жүктеу 1.8 Mb.
Pdf просмотр
бет3/31
Дата03.03.2017
өлшемі1.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

АҚЫРДАН ЖЕТКЕН БІР ҮН БАР
Шығыстың қолы шырмаулы, батыстың басы даңғырап,
Қай жерде қарғам қалды бақ?
Əр шөңгеге бір табан есесі кетіп егілген,
Толқыны толғау қанды жап.
Қанжапқын болған дүние көзіңді сүртер кімің бар,
Көзіңде сора, ірің бар.
Құл біткенге естілер араша бермес ашулы,
Ақырдан жеткен бір үн бар.
Қайырып жырды толғадық, көңілге басу айтарға,
Қаһардың беті қайтар ма?..
Айласын басқа тауысып дұшпандық шықты даңғылға,
Адамзат соны байқар ма?!
Бейбіт те күннің қақпасын өздері жатыр бұзғылап,
Соқырмыз енді біз бірақ.
Адамзат деген көк мұхит, тасыса мұхит жан қалмас,
Кетеді толқын сізді де ап.
АСПАНҒА САУҒАН ҒҰМЫР СҮТ
Жон арқасын қарашы, айырар айғақ тобаңнан,
Түйе де шекпен оранған.
Түймелі басқа не келмес, өткенді сұра түбектен,
Өзеуреп соққан бораннан.
Қаралы мойын қасқалдақ, аруана бауыр ыңырсып,
Айналған заман бір ұршық.
Ай жүзінде жүз ноқат, күн жүзінде қылау бар,
Аспанға сауған ғұмыр сүт.
Боз қурай сайда безілдеп, тіл кезеп жатыр жел үрлеп,
Көрген жоқ бақыт тегін кеп.
Қолыңда барға қанағат, тістеулі кеткен бармақты,
Болдың ба өзі кебіндеп?..
Маңғыстау саған не дейін, қаныңмын тамған тамырдан,
Сөз алдым сəре-сарымнан.
Келемін жортып бұл жолы кер бестіге қамшы сап,
Жем-Сағыз бенен Нарыннан.
АТАСЫ МҰНЫҢ АЛТЫН ДҮР
Қайың құрық, қаз бас ер, қос таралғы, бір жүген,
Бапкерсіз, бапсыз тұр білем.
Ат əбзелі не керек,
Жабыға жайдақ мүлгіген.
Күміспен зерлеп күлдірген, сегіз өрім қамшым дүр,
Атасы мұның алтын дүр.
Бедерлеп іліп сəндікке,
Бітік көз неме шалқып жүр.
Бұған да қылдық шүкірлік, табанға таптап жатпаса,
Тапсырып жатқа сатпаса.
Құлыннан шығар бір дүлдүл,
Құдайдың өзі сақтаса.
ЕЛ АУҒАНДА..
Заманға салсаң зар асау.
(Қаңтарға салсаң қар асау)
Қобылап мыстан жасаған,
Барсың ба Балқан, Қаратау!
Асаулы көңіл тұсаулы,
Төбемнен төстеп құс ауды.
Сəскелік тұста сəнді едім,
Мəн кетіп міне түс ауды.

54
55
Ақшамның жүзі қызыл-ды,
Іріді сүттей бұзылды.
Тұрмыстың қамы езгілеп,
Мойынға тұмар тұз ілді.
Балқан да, Балқан, Балқан-ай,
Күн кештік кеше əрқалай.
Қаратау көсік шайнады,
Қара жау қылыш сайлап-ай.
Найзамен жығып орданы,
Жау жаланып торлады.
Ман-Атасын тербеткен
Маңғыстауды қорлады.
Кебенек киген өлең бұл,
Бастасам екен неден жыр.
Қаратау басы қара бұлт,
Бауырын шықтап не деп жүр?!
Қаратау қардың тұтқыны,
Ұланы болсаң ұқ мұны.
Қан сиіп көзден тұрмасын,
Жасқа айналып шық түбі.
Ай сəулесін тыныс қып,
Ел ауып бір кез жылыстық.
Көзіңнен заман жас сауар,
Еліңнен кетсе тыныштық.
ЖОЛЫМ ҮЙ
Жол үстінде жолым үй жолдан қалсаң кірерсің,
Тілегін сосын тілерсің.
Тілінген тірсек еліңнің,
Тірлігін көріп, білерсің.
Ақжарқын жеңгең пəк күліп, көжесін берер көңілмен,
Бермеген бір күн өмір дем.
Қанағат-шүкір жайлаған,
Көп ыстық осы үй төріңнен.
Шығарып салар шырылдап, шаршасаң тағы келгін деп,
Керегем кербез кеңмін деп.
Ауылға барам мен жиі,
Ертеңгі күнге сенгім кеп.
* * *
Отпан тауым есіңе алып тұрарсың,
Есі кетіп сені сүйген балаңды.
Сен де бірақ тарқамайтын мұнарсың,
Кім біледі бағаңды?!
Туыс қылып көрмек болдық Алашты,
Тұғырыңнан ұран жағып, шақырдық.
Қыран шыңға, қырсық жынға таласты,
Тау астында жатыр құт.
Бабам тұрды балдарынан үміт қып,
Анам тұрды уыз салған таңдайға.
Ер мен елді танытсақ деп ұлық қып,
Талай соққы тиді біздің маңдайға.
Бердік, міне, тауларды да, тастарды,
Қай қадеге жаратады қарасын.
Ата салттан айырмаңдар жастарды,
Отпанға кел, қайда кетіп барасың!?

56
57
ҰЛЫ ЖОҚТАУ
Өз білгенін жастан кəрі жасырмас,
Өзі көрмей жас көңілі басылмас.
Өз еліне бақ іздеген жігіттің,
Тірлігінде сордан көзі ашылмас.
Ақтан күйіп сағы сынып шағылар,
Отқа түсер, шоққа айналар, жағылар.
Ұстаған ту ұстараның жүзіндей,
Сен құласаң жат қолынан табылар.
Талай қарсақ, түлкі шығар жолына,
Жау жасанар солы менен оңына.
Жігіт солай бар қызығын ел үшін,
Өмірімен қоса берер қолыңа.
Лақтырған соң тиер жерін тас табар,
Таба қылар есіл ерді басқалар.
Кетер сосын орны толмас ерлердің,
Сонда біліп ұлы жоқтау басталар.
* * *
Құйын шауып барады, дүрмек қозып дүбірден,
Тілдеспейді біріңмен.
Ашулы дауыл аламан,
Шап айылы үзілген, төс айылы түрілген.
Кекіл мен жалын от тарап, ойрандады, шелденді.
Есі кетіп ел келді.
Ермек қылып ауылды,
Есерге дауыл жел берді, желігіп салды шеңгелді.
Адырна сазы аңырап, егілме күйі езіліп,
Ел отыр бəрін сезініп.
Кесіртке құйрық кез құйын,
Мың асқанға бір тосқан, тынарсыңыз кезігіп.
* * *
Ен Түлей, Есен-қазақ қырда қыдыр,
Жыр-дағы бір.
Отырып сөз тыңдарға уақыт бар ма,
Айтатын бұрынғыны кім қалып жүр?
Үнсіз қыр, бізде енді үндемелік,
Айтармыз кімге келіп?
Бəрі де шулап кетті дұрыс қой деп,
Қайтайық қала жаққа жүр деп едік.
Жел жекіп бар кетіңдер, жөнел деді.
...Не көрмеді?!
Күйігім аз болғандай ішімдегі,
Күн тесіп бара жатыр төбемдегі.
* * *
Жұтынтып жұлдыз шамын аспан жақты,
Жүзінде ай арудың дастан жатты.
Бұл өлке туысқа жат,
Жатқа туыс,
Бастан қатты.
Ен қазақ, Алтай асу, Жайық жаным,
Жаныңдамын.
Бұл өлке туысқа жат,
Жатқа туыс,
Бізді де бар ма екен сағынғаның?!
Түн күліп,
Ай мазақтап қылжақ қылды.
Қаны бар қазақ көрсе кім жақтырды!?..
Мысығы алауыз бен
Керауыздың,
Есігін киіз үйдің тырнап тұрды.

58
59
* * *
Қайнаған тірлік, қайыр қош,
Білер ме жанның жайын дос.
Сүрінген сəтте сезілер,
Ер ауған күні айыл бос.
Кіжің-кіжің керілдек,
Кіжініп шығар тебіндеп.
Кешегі жүрген көп жолдас,
Көңілмен сүйіп теңім деп.
Буынсыз жерден кілтілдер,
Суытып түрін тілсіз кер.
Адал ерде аңғал көп,
Достарым бар деп жүрсіздер.
Сүрінген күні ұтылдық,
Сүйенер жан жоқ тұтылдық.
Мың жігіттен бір жігіт,
Қасыңда қалса шүкірлік.
* * *
Қырғидың қату қабағы,
Қалт етсе елге шабады.
Əспеттеп жүрген əтешті,
Кекілден ұстап сабады.
Ата қаз қашып алқынды,
Қырғи салды жарқылды.
Біз сенің сонда көргенбіз,
Кер əтеш көтеу артыңды.
Өзіңді дара сезінбе,
Əдептен аттап безінбе.
Көктен қырғи келмесін,
Көсемсіп тұрған кезіңде.
Алтынмен аптап қарадық,
Күміспен күптеп тарадық.
Қадірін соның білдің бе,
Суыды көңіл, аражік.
* * *
Қардың басын бұрыннан да қар алған,
Ақ пен қара, бақ пен сордан таралған.
Күштілердің ақыл айту міндеті,
Əлсіз байғұс тыңдау үшін жаралған.
Мінбесінен көкек сайрап жұлқынар,
Ала қанат, кекілі де бір тұмар.
Қарқылдасып қарға тыным бермейді,
Қараниет көмейінің құрты бар.
Өзі біліп арыстан жүр, пілменен,
Үрейленіп есігін еш ілмеген.
Азулылар ақылдасып кеңеспек,
Бүгін тағы кімді жейді, кімменен?!
Пілге барсам өз тұмсығын бұлдайды,
Кімге барсам ақиқатты тыңдайды?!
Ей, қара жер, қайда алып барасың,
Ұрыс-керіс, кіл дүрдараз, қырбайды?!
* * *
Сенің жаның, ақ ниетің мөп-мөлдір,
Көздеріңде көктем жүр.
Ақша бұлт боп аспан жақтан қараймын,
Біздің көңіл шеттеп жүр.

60
61
Сен іздесең мен тұрармын күн жақта,
Нұрға шомыл, үн қатпа.
Кірпігіңе ақ сəулемді моншақ қыл,
Көңіліңді, көз жасыңды құрғат та.
Сен өзіңді ай тербеген самал де,
Алтын тектес бағам де.
Бұлбұл торда, мың құл жолда, сапарда,
Өмір солай, амал не?!..
Қара тобыр өзгертеді сүр-өңін,
Əлдекімнің олжа қылып шүленін.
Күн де біреу, мен де жалғыз, ал жерде,
Сен де жалғыз жүр ме екенсің, жүрегім!?..
АЛАШ
Бұл да бір,
Ақ берен бе, көк берен бе,
Мұндай ер өткен тарих, көп көгенде.
Желіден құлын көрсе басын шапқан,
Кермеден өлген өтіп, өтпегенде.
Қызыл қан
Қылша мойын, көкмайнақ-ты,
Жау аңдып, жер бетіне көп қоймапты.
Нарлардың жанын алып
Тік тұрғызып,
Қайтесің бармақ шайнап, өт қайнапты.
Өт қайнапты,
Өксігін жұтқан тұлып,
Салыпты жүрек тұрған тұстан құлып.
Ту жасап терісінен
Ұлттығыңның,
Тау жасап сүйегіңнен ...Стан құрып.
Зəр қатып санамызға, ділімізге,
У жетті ұраны жат түбімізге.
Біз сонда
Ұзақ жылдар өліп қалдық,
Ал, қазір тіріміз бе!?..
Білмеймін!..
Өлгендердің біріміз бе?
Өлген болсақ
Неге біз, мал-жандымыз,
Үңіліп өліктерге таң қалды құз.
Біз бұрын:
Ұлтпен өлшеп ғұмыр кештік,
Ал, қазір ақша дейміз – жалғанды Біз!..
Қызыл сөз,
Қызыл жала, Алаш Орда!
Қаңқасы қансырайды қара сорда.
«Қазаққа тойдым»  – дейді ажал байғұс,
Сонда да талас көрге, талас орға!
Алаш тор да, Алаш сор да, Алаш Ор-да!
...АЛАШОРДА!
Ол Алаш баяғыда өткен Алаш!
 Ажалды өзі барып өпкен Алаш.
«Өз иттері» жабысып
Сіңірінен,
Сілкілеп қызыл қанын төккен Алаш!
Бүгінгі Алаш:
Ертеңгі жоқтауымыз.
Бір жыласақ мүмкін бе тоқтауымыз?
Ал, жақсы,
Шыдамдымыз, Біз – мылқаумыз,
Мылқауды да заңды ма, соттауыңыз!?
АҚ КЕЛІНШЕК ЖƏНЕ ҚАЗ ЖҮРІСТІ ҚАРТ
Ілесіп мыңы келді бір дұшпанға,
Шоқ шайнап, қалың елім күл құсқанда,
Бірігіп кəпірменен жанымды алған,
«Банды» боп біздің шалдар жұлқысқанда.

62
63
Анау қарт
Қаз жүріске салып-ақ жүр,
Күнінде көсем болған құл-құтпанға.
Көрмепті бір қақалып
Қылқанына –
Ауылды аймағымен қылғытқанда.
Əлі де «АҚ ҮЙ»
Көрсе көлеңкесін,
Жылқыдай үйездейді шыбындаған.
«Ақ үй»-де ақ келіншек сияқты ғой,
Көз тартып көлденеңдеп жымыңдаған.
Сары үстел,
Сары табақ,
Мөршіл билік –
Ашпауға тырысады сырын маған.
Өтті өмір,
Жоқ заманың екі келмек,
Қолына мақтау қағаз тие қалса,
Келеді кемпіріне кекіреңдеп.
Қара мөрді
Ақ саусақ аялайды:
«Бұл өзі жоғарыдан бекіген» – деп.
Бізде де
Бір кемпір бар мақтаналық,
«Ақ Үй-жан» –
Ақ келіншек, ал, неңіз бар,
Ақынға бөлек қойған, сақтап, алып?!
 
СЫРТ КӨЗ
Қашанда достан тілек, жаудан жарақ,
Мал бағып несібесін сауған қазақ.
Көзіне көк аспанды
Қонақ қылып,
Қонысын күн жаңартып ауған қазақ.
Ақ бота,
Желі құлын,
Көген қозы,
Ақ шұбат, құнан қымыз, саумал қазақ.
Сталиннің мұртындай –
Бір қара бұлт,
Манадан тұр көз алмай таудан қарап.
 
* * *
Ақ қанат жырым, ақ парақ,
Құлайсың тəй-тəй аттап ап.
Арулар сені мақтап жүр,
Алқымы мамық, ақ тамақ.
Көгершін жырым, көктегім,
Айтады саған өкпе кім?!
Жүрегім менің – жұмыр жер,
Жеті қат жырды сөкпегін.
Аспанмен туыс бұла жыр,
Құласаң көктен, құла жүр.
Мұқала қоймас дегенмен,
Мұң айтып өскен мұнар ұл.
Шарғаңды біл де шаптықпа,
Не жетсін салқын сақтыққа.
Біздегі намыс – отты өлең,
Өлесің отқа бас тықпа?!
* * *
Кінəліні іздеушіміз əлі біз,
Кінəліміз шындығында бəріміз.
Оған куə жанымыз бен тəніміз.

64
65
Ақылдымыз өзгелерді сынағыш,
Жалғыз ескек, жамау желкен, сыңар іс.
Шындығында ақыл бізден тым алыс.
Өкпеліміз шыдамаймыз шыртылдап,
Екі иықта періштеміз тұр тыңдап.
Табалауға шеберміз-ақ жырқылдап.
Өзімізді кешіргіш-ақ жандармыз,
Кешіп-кешіп кенжелеп-ақ қалғанбыз.
Талапсызбыз, бірақ таудай арманбыз.
Сан қиялды жастап алып қалғыған,
Сенің биік ұшарыңа бар күмəн.
Білетінің «білем» деген жалғыз əн.
Тылсым əлем тырнағын да жасырмақ,
Білген елдер жоқ іздеп жүр ғасырлап.
Елге қара етегіңнен басыңды ап.
Кінəліні іздеушіміз əлі біз.
Шындығында кінəліміз бəріміз.
Оған куə жанымыз бен тəніміз.
* * *
Ақтылы қойдай төбешік,
Алдымнан менің өре шық.
Жабырқау көңіл мысалы
Момақан мола, көр есік.
Аңқасы кеуіп шөлдеген,
Көр ішінде көлденең,
Шейіттер жатыр ыңырсып,
Шемені қоздап өлмеген.
Бабамнан қалған алтыным,
Бағзының зауал-зарпымын.
Құлының едім Маңғыстау,
Құрсауда жүріп тарпыдым.
БІЗГЕ БІТКЕН БОЗ ЖУСАН
Бəйгі берді шабанға,
Төр сыйлады наданға.
Бізге біткен боз жусан,
Тапталып жатыр табанда.
Құрағын іздеп көл келді,
Өзімшіл кілең өр келді.
Бізге біткен боз жусан,
Боз төбеде өлген-ді.
Аяққа солай басылды,
Өз бойын өзі жасырды.
Бізге біткен боз жусан,
Бағасын білсең асыл-ды.
Бұл неғылған құрғыр-ды.
Тұлымдыны тұл қылды.
Өзіне біткен жусанды
Өкшелеп жүріп құм қылды.
* * *
Бодан болдым, сен айырдың еркімнен,
Селбесіп-ақ күн кешіп ем сертіммен.
Өгіздеймін қамытбауым қан сірке,
Соқа сүйреп тер сіңген.
Ыңырандым, ыңырсыдым, ықтадым,
Оңашада себездедім, шықтадым.

66
67
Ақ жаңбырдың арасынан жол көздеп,
Ақ туымды жықпадым.
Жасын ойнап жанның оты күйдірді,
Шыдам берді, тағдыр солай сый қылды.
Тəуелсіздік іздеп келді құштым мен,
Маңдайынан сүйдірді.
Сүйдім бе өзі, шыныменен маңдай ма?!
Қайда кетті?.. Көз алдымда қалмай ма?!
Қой шын шығар!?..
Шыныменен сүйдім мен,
Алдамайды!.. Алдай ма?!..
ЕСКІ ҚАЗЫҚ
Ойылған көздің жасы дүр,
Ой жеген ердің басы бұл.
Қашаған
1
 айтқан асылдың –
«Өл-тіріде бəсі бір»
Көшкен жұртта қазық тұр,
Көргенін жерге жазып тұр.
Іздеген жанға мың дерек,
Із кескен жанға азық бұл.
Ат байлады кім келді,
Үнсіз... бəле тілден-ді.
Қазыққа қатқан қан көрдім,
Кім екен шапқан іргемді!?
Қайғыдан қазық талғандай,
Үзілген арқау жалғанбай.
Қадалып жерге қазық тұр,
Жүрекке қанжар салғандай.
1
 Қашаған – Қашаған жырау.
* * *
Ғапыл көрдім айтарының бəрі нық,
Күрсінеді ақиқатқа шағынып.
Көз алдымнан өмір өтті дастан боп,
Шексіз арман, ақ үміт.
Ғапыл көрдім сағым сынды шілдеде,
Өмір сүрмек, кім, неге?!
Неге жүрміз не бітірдік, не бітпек,
Өлім шындық, өмір түспен бірге ме!?
Бар шындықтың сол қазығы ақырғы,
Жалғаншыңыз ғапыл-ды.
Сүйіп үлгер құлға құлша құшақ аш,
Алыс пенен жақынды.
ҚАЗАН ҚАЛАСЫН КӨРГЕНДЕ
Самсаған мешіт сары алтын,
Жаңарсын Қазан, жаңарсын!
Жиғаның болса базарың,
Иманың болса адамсың.
Намазға салған гүл-тамыр,
Шақырып азан шырқа бір.
Əруақтар рух жайласын,
Қиылған мойын қылша бір.
Еңбек пен атқан таң алып,
Ебімен келген жаңалық.
Келеді Қазан
1
 бой түзеп,
Тоты да құстай таранып.
1
 Қазан – Қазан қаласы.

68
69
Туысқа бізді теңеңіз,
Желкені бірге кемеміз.
Екі де жарты бір бүтін,
Сүйенісіп келеміз.
КƏРІ ҚҰРЛЫҚТЫҢ МҰНАРАСЫ
Өрекпіп өзін қорлайды
Керексіп жатты толғайды.
Өзге де жақсы дегенмен,
Өзіңнен артық болмайды.
Парижге барсаң сұлу-ды,
Сұлудың торы құрулы.
Көңілім шықтап елді ойлап,
Көкбөрі болып ұлулы.
МЫҢ АЛҒЫС ДƏМ-ТҰЗЫҢА
(Əмудің гөзелдері)
    
І
Мынау тұс біз көргенде өзен бе еді,
Өзен бе еді, өзгерген, не көрмеді.
Қош енді қоңыр қаз бен ақ шағала,
Əмудің гөзелдері.
...Гөзелдері.
Жасыл бақ қайда кеткен орманы жоқ,
Орманы жоқ, ол енді сорлады көп.
Ұсынды ақ парақты ару келіп,
Əмудің қолыменен дəру беріп,
Қалдырған жырың еді сондағы деп.
...Сондағы деп.
Сыңсыды селдіреген орманы кеп.
Əмудің гөзелдері,
Гөзелдері.
Қайда əлгі өзендері?
Таранып тоты құстар,
Сəнденіп сəмбі талдар,
Неліктен безенбеді?..
Əмудің гөзелдері,
Гөзелдері.
ІІ 
Сайраған сандуғашым, əн – бесік, жыр – құндағым.
Жабырқап тұрмын жаным.
Құрбымның құм бетінде оймақтай ізі жатыр,
Өзі жоқ құрғырлардың?!..
...Гүл қыздардың.
Əмудің гөзелдері, гөзелдері,
Бар еді балдан тəтті сөз өрнегі.
Маңырап жан жүрегім, маңыстап елжіредім,
Қозыдай көгендегі.
Əмудің гөзелдері.
... Гөзелдері.
Ойнаған мекенім ең, ой кезіп кетемін мен,
Қалдырма жетегіңнен.
Тербеткен сағым белім, Əмуім əнім менің,
Мың алғыс дəм-тұзыңа қара нан шекеріңмен.
...Қара нан шекеріңмен.
Ел ауып тарыққанда, құшаққа алған едің,
Өртенген тағдырлардың өзегін жалғап едің.
Жан туыс көңіліңе, əн туыс өңіріме,
Саз шертіп салған едім.
Сарғайған таңнан едім,
Жанкешті арман едім.

70
71
Бас идім барлығына, кіндіктің қаны қалды,
Қария кемсеңдейді əкемді танып əлгі.
Көз көрген көп жақсының еріні маңдайымда,
Селдетті жаным əнді.
...Ел кетті, əні қалды.
Бəрі қалды... жалған екен.., ештеңе емес мəңгі!
ИЕ МЕН КИЕ
Бабасыз болмас баласы,
Бірі тон, бірі жағасы.
Жер иесі – Ер Адай!
Ел киесі – Пір Бекет!
Адайдың алтын сағасы.
Атасы – Ұлық,
Ұлы – Пір,
Үш жүз алпыс Əулие,
Тайдырмас тірек, тағасы.
Иман-əдеп, салт-дəстүр,
Маңғыстаудың бағасы.
Алласы сүйіп
Бақ берген,
Құр емес шығар шамасы.
ТАМШЫЛЫ
Ақсақал анау бас болып,
Артынан ердік жас болып.
Біздің тарих жылап тұр,
Тамшылы тауда тас болып.
Көзімнің жасы ұласты,
Ұл серуендеп қыр асты.
Ақкетікте Тамшылы
1
,
Там-тұмдап маған сыр ашты.
1
 Ақкетік, Тамшылы – қала, жер атауы (Маңғ-да).
Тістеді қанды ерінін,
Жас жуып тұрды көрігін.
Ботадай боздап емгенмін,
Аруана қырдың желінін.
Таңдайымда нəрі тұр,
Тамшылы тарих – кəрі сыр.
Көп тілінген маңдайда,
Көрер жанға бəрі тұр.
ҚОЛЫҢА ҚАРА!
Өлтіріп жатыр,
Өрт іліп жатыр, дерт іліп,
Тел шыбық жатыр мертіліп.
Қай жаққа алып барады 
Оқ жылан жолдар серпіліп.
Ажалдан алған сыбаға,
Қан құсып жатыр мына ара,
Қарауыл төбе мұнара.
Жағадан қолы кетпеген,
Бұл əлем солай тұра ма?
Естісі қайда, данасы,
Адамның азды баласы.
Жазылмай кетті жарасы.
Адамзат қолың қызыл қан,
Қолыңа бір сəт қарашы?!..
АДАММЫН ДЕЙСІҢ
Адаммын дейсің ал жақсы,
Арыңның бетін шаң басты.
Ісіңіз қандай бар жақсы?!..
Ашылды əлем етегі,
Ойнадың біраз жетеді,

72
73
Шындық пен шырғал қалжасты.
Түңіліп сенің түріңнен,
Дүние іздеп жүгірген,
Шегініп орман, тал қашты.
Жауызға дауыл жалғасты.
Ындының сенің тоймады,
Ырқыңмен шайтан ойнады.
Құрлық пен құрлық соғысып,
Қан төккен күнін тойлады.
Ұймаға батты бойлады,
Ұятсыз-арсыз ойлары.
Жасынан көздің бақ іздеп,
Жасырын жүріп тақ іздеп,
Көсеуге шоқты көрсетті,
Көбірек қанын ағыз деп.
* * *
«Елміз» дедің, сосын, мен де «ел» дедім
Соны айтқан сен бе едің?
Шапан киіп, бата алғансың білемін,
Көп кешірдім, көкірегім кең менің.
Қаһарлансаң опырылып жер түсті,
Ел көзіне қайғы қатып, шер түсті.
Саған сеніп келем еріп ізіңнен,
Кешіп өтіп Еділ менен Ертісті.
Ой-жасаған!..
Мырзалығың тым бөлек.
Бізге осы бұйырғаны жыр демек.
Қара мысық қалғып отыр ойланып,
Ошақ түбін іргелеп.
Мен де қалғып қоса қабат мүлгідім.
Сырын білер кім мұның?!
Есінеумен өтті менің өмірім,
Құдай өзі білер-дағы құл мұңын.
* * *
Жетектей бер біз бұйдалы түйеміз.
Жердегі Сіз-Иеміз!
Күліп тұрып айта білсең өтірік –
Жылап тұрып өзіңізді сүйеміз!..
Біз тауыстық бұл көңілдің шарасын.
Не дегенмен дарасың.
Ағажан-ау, алдың тұман, артың шаң,
Қайда алып барасың!?..
Мезгіл қандай?..
Таң ба, түс пе, сəрі ме?!
Адасып жүр жас, жасамыс, кəрі де.
«Қайда алып барасың» – деп қақсаумен,
Келер жердің келіп болдық бəріне.
Мың адасқан жолаушы едік,
Жолы жұт.
Қалдық көштен қол үзіп.
Үркер болып көшіп кетті аспанға,
Көңілдегі толы үміт.
Үш ай тоқсан, үркеріміз шалғайда,
Оны білер шал қайда?!
Қарияңыз өз қорасын көрсетіп,
Дей береді мал қайда?!
(Мал құрыды.. Онша емес, хал-жай да.)
* * *
Қара шалдың бір қайғысы
Кер үлек,
Мақтайды жоқ теңі деп.
Бір тұмсаны қосты əкеліп қасына,
Осы еді бір кемі деп.

74
75
Тұмса білді бұл жүрістің мəнісін,
Өмір сүрді кер үлек пен шал үшін.
Адамдардың түсінбеді бірі де,
Туған жанды мал үшін.
Бір келеге ана болды тұмсасы,
Кер үлектің жоқ, сірə да, құлтасы.
Бірді біреу түсінуге келгенде,
Адамдардың малдан төмен ынтасы.
Шал өлгенде,
Тұрды онсан нар жылап,
Зар дауысы құлағымда қалды ұзақ.
Өмір бойы бірге жүрген достары,
Күліп тұрды ал бірақ.
ДҰРЫСЫН БІЛ
Төтен ерлік ер жігітке не берген,
Əлін білмей ажал құшты, жастанды.
Жолбарыстай туысы бар дегенмен,
Мысық иттен жөн көреді қашқанды.
Кім айтады ойсыз пенде оңған деп,
Есер көрсең: «Атаң Ер» – деп есіртпе.
Менің бабам динозавр болған – деп,
Бүгін кімді қорқытады кесіртке!?..
Текті болсаң əкелерге сай болғын,
Ісін жалға, ерге серік ар-намыс!
Хақтан тіле дұрысын біл қай жолдың,
Ақ арманын алыстарға жалғап ұш!
КІМ ЕКЕН!?..
Тіріміз ғой,
Ал, ойналық, күлелі.
Ілбіп басып жүрелі.
Тыныштық пен арасынан соғыстың,
Саясаттың саудагері күледі.
Анау орда құл қалған,
Мынау сорда ұл қалған,
Қара шыбын қайғы айтады ызыңдап,
Өрмекшінің торына кеп шырмалған.
Шындық емес!..
Шыңғыр!.. Егес!..
Бұл жалған –
Елес сынды нұрлы арман!..
УАҚЫТ ПЕН БАҚЫТ КІМДІКІ!?
І
Су астына ау құрған,
Су үстіне тау құрған,
Түленге табан тіреген,
Теріңді тұзбен іреген,
Желкеңе мініп түлеген,
Түлкі құйрық қарсақтай,
Жымиған жуас күлеген,
Қолында кімнің дүние!?..
Қолында кімнің дүние?!..
ІІ
...Уақытты да,
Бақытты да иелеп,
Дүниені күйе жеп,

76
77
Аярлардың аспан бетте тұрағы,
Шындық жатыр үйелеп.
Төбе құрбан, тау құрбан,
Мүддесіне жау бұрған.
Мəнсіз əлем,
Заңшыл əлем,
Зорлықшыл,
Біз шаршадық қарарың мен қаулыңнан!
Сол бір арна, сол ағын.
Сен сергелдең, мен пұшайман боламын.
Ғылымменен уақытты да тоқтатып,
Қол жетпейді деп жүргенде жоққа түк,
Оқсатып:
Бір мезгілде Өткен.., Бүгін.., Ертеңнің..,
Кілтін алып кетпесін де Соларың!..
ҚАНСОНАРДЫҢ ҚАҢТАРЫ
Таусылмайтын қансонар,
Қансонар емес жан-сонар,
Қаныңмен бояп тон жуып,
Көз жасыңмен қол жуып,
Бармағын жалап бал сорар.
Кім екен, сонда, ал солар?!
Көңілі көптің қылаулы,
Əлемің, əне, жылаулы.
Тəлкектің мына шешімін,
Тəңірден ғана сұраулы.
Қан-қан да болған əр таңы.
Қаншама сұмдық бар тағы!?..
Желтоқсан өтті, алда тұр,
Қансонардың қаңтары.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет