Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



жүктеу 1.8 Mb.
Pdf просмотр
бет6/31
Дата03.03.2017
өлшемі1.8 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ГҮЛ ҚУРАСА
Шебер көктем гүл ұсындың алмақпын,
Гүлді құшып қалмақпын.
Сен көтеріп қолтығынан сүйедің
Жүректегі салмақтың.
Жадыраған аспан нұры қуатым,
Жылынып жүр бір ақын.
Көктем келіп жүрегінен ақынның,
Білмегенін сұрасын.
Көктеміне көп сыр айтып жеңілдер,
Жүрегіме өмір бер.
Көктем келді біздің үйге гүл алып,
Жұпар сүйген жандар болса келіңдер.
Гүл беремін, жүрегіңді тербетер,
Гүлсіз болса жер бекер.
Гүл қураса сары қарын күз келіп,
Көздің жасын селдетер.

130
131
ІЗДЕРСІҢДЕР
Шіркін-ай,
Ауыл біткен бауырмал-ды,
Жə, солай жаннан зият дəуір қалды.
Кіл жақсы
Жаны жалын, жүзі нұрлы,
Бəрі де ауылдан ба, ауылдан-ды.
Түлігі жамыраған сəнім менің,
Шарлайтын шаңқай түсте əнім менің.
Ауылды іздерсіңдер
Əлі талай,
Күн болса күрең бұлтты əлім-берім.
ЖЫР БІЛЕР СЕНІҢ ЖАЙЫҢДЫ
Ер қаруы – бес қару, алтыншысы үнсіздік,
Тілсіз ғұмыр бір сіздік.
Сөзіңді сөйлер өлең бар,
Жаратса қайттің жырсыз ғып.
Қазаққа біткен өмірдің өзегі жырдан жанып тұр,
Жұмаққа жырды алып кір.
Анасы бұлақ ару жыр,
Қабағын елдің бағып тұр.
Барасың қайда құлыным жыр мəзірі дайын-ды,
Жыр білер сенің жайыңды.
Қалың қазақ – қара орман қайыра шақыр өлеңге,
Қарағай менен қайыңды.
* * *
Сонау бір жылғы дауыл ма,
Қан шашып тиді бауырға.
Құс ойнақ құйын желкілдек,
Желпілдеп соқты ауылға.
Түндігін түріп турады,
Іңірде шайтан тулады.
Бейқұт та жатқан берен жұрт,
«Бекет!..» деп жылап шулады.
Содан да бері өкпелі,
Өкпеден қаны кетпеді.
Көп қырылды мекеннің,
Көгершін қанат кептері.
МЕН ТҮСІНДІМ
Қабағынан қату күннің сыр аңды,
Қанша өмірді жыр алды.
Бақыт маған көрсеткен-ді төбесін,
Сəлден соң-ақ уақыт тілін шығарды.
Мен түсіндім,
Түсіндім де жыр жаздым.
Қауырсынын ұрлап алып бір қаздың.
Ол байғұс та қаңқылдайды күнде кеп,
Арасынан сұлу менен сырбаздың.
Қаз боп ұшып, қауырсын боп үлпілдеп,
Өлең мені мазалайсыз бір Сіз кеп.
Аспанымды айналады аққу жыр,
Бізбен бірге неге ұшпай жүрсіз деп!?

132
133
ТЕҢІЗ КӨШІП БАРАДЫ
Біздің теңіз – біздің көңіл толқыған,
Үнсіз Шығыс, сол Тұран.
Буға айналып көтерілді көк теңіз,
Теңіз көшті ортаймайды ол тұман.
Тұман іші тұралаған көп үміт,
Бүйірінен ойып жатыр жел үгіп.
Көшкен теңіз, өшкен үміт, қашқан бұлт,
Заман кейін бара жатыр шегініп.
Ақ жаулығын ақ шағылдар тартынып,
Құз басынан қолын созды жарты үміт.
Көштің басын қайда бұрды білмедім,
Көшті бұлттар артынып.
Көк теңізім көзін көрген бабаның,
Түріп алып толқындардың балағын,
Көк мұнардың арасынан қол бұлғап,
Көшіп бара жатырмын деп қарадың.
Бəрі көшпек құрлықтар да, теңіз де,
Қарамайды бір толқыса ел ізге.
Мен де кеттім бір толқынға жармасып,
Басқа-басқа, мені бірақ, Сен ізде?!
Туған елдің қабағында бір мұң бар,
Таулар қалқып, басын ұстап жүр құздар.
Көк теңіздің жағасында кез құйын,
Астан-кестен ала дауыл тұрғызды ал.
Ал аттандық, теңіз қайда құр-башы,
Кімнен болмақ сөз басы!?
Қара қаңбақ қашып ала жөнелді,
Оған енді аман болсын өз басы.
ТОЙЛЫ ТҮННІҢ СҮРГІНІ
І
Ағажан деп өлеңімді ескердің,
Деп қояды кеш келдіңіз... Неткен мін!?..
Талай тойдың өзім қадап үкісін,
Бұрын келіп, ең соңынан кеткенмін.
Жас түлегім, той үстінде құлпырдың,
Бүршігінен жұпар шашып күлкіңнің.
Бұрым көрдім бұлғақтаған сан тойда,
Шырын көрдім шыр айналып іркілдім.
Мұңды жырға бірте-бірте таңылдық.
Тағдырға сəл шағым қып.
Сақал-мұртқа аппақ қылау кіргелі,
Жастық шақты сағындық.
    
ІІ
Сендер бар да, жас түлектер, жас қыран,
Мендік өмір – өздеріңнен тапты мəн.
Көзде мұнар, мынау самай – ақ тұман,
Аман болсын, жас түлектер, басты ұран!
Сағынышпын, сары сүрлеу самалмын,
Келмес енді таланғым.
Кəрі қасқыр апанына жөнелсін,
Ұран салсын көкжалдары заманның!
ІІІ
Айды сүйді бұлт – төсекте түн жатып.
Бейбіт аспан, бір бақыт.

134
135
Үйге келсем жазылмаған бір өлең:
– Қайда жүрсің деп қояды үн қатып!?..
Жас мұңдыны, қарт күлкіні жақтырмай,
Қос жағаға лақтырды-ай.
Кезіп жүрміз қас пен қабақ арасын,
Көңілдердің қойды бабы таптырмай.
Жарым күлді қайтесің деп тұншығып.
Өлең жаздым, тұр күлімдеп күн шығып.
Жаңа туған шаранасы өлеңнің,
Таң үрпісін еміп жатты ұмтылып.
ЕР ҒҰМЫРЫ
Ел жасарса, ер көгеріп бүрлейді,
Ел еңкейсе, ер де өмір сүрмейді.
Қара бақыр қайғы болып жаманға,
Қара халық ерге батып жүр дейді.
Ел көркейсе, ер бақыттан жарылар,
Ондай ердің Құдай берген бағы бар.
Ел еңкейсе ер өлгені қайғыдан,
Қырық бəле, қырдан келіп жабылар.
Ел мақтанса, ерін айтып сілкінер,
Жастап өлер шын бақыттың кілтін ер.
Ел еңкейсе ер ғұмыры түк те емес,
Дүниені тісін қайрап бір тілдер.
(...Неге тудым, неге жүрмін шіркін дер!?)
АЙҒЫРДЫҢ АЖАЛЫ
Шашау шықпас үйір алды бар айғыр,
Құлыныңды қарай жүр.
Жол үстінде жоқ деп пе едің дұшпаның,
Жолды бағып талай жүр.
Кісінейді құлақ жарып жарықтық,
Мал киесі, анық құт.
Төрткүл елге төрден тұрып көз салды,
Құз басына барып тік.
Шіренеді ата басы тарпынып,
Шырын байтал шыр айналды алқынып.
Үйір үркіп не ойлап тұр білмеді,
Іштерінен тартынып.
Көп қарады көкті кезген қыранға,
Екі жолдың енді бірі тұр алда.
Аманат қып бір бəйбіше биеге,
Құлындарын кетті құздан құларда.
* * *
Жəудіреп отыр жан жүректерім, жан халқым,
Тамыры бірге талдансың.
Тағдыры бірге армансың,
Тал қармап жүріп, талай зауалдан қалғансың.
Жалғансың өмір, жалғансың.
Кеудеңнен жаның үзілсе, кемді күн сосын самғарсың.
Күле сал, қалқам, күле сал,
Өмірдің бəрі күрес, ал,
Шықпаған жанда қайғы көп, дегенмен бір сəт алдансын.
Алданған жақсы шаттанып,
Адалға қыдыр, аққа құт,
Күле сал, жаным, күле сал, жүрмегін мұңға тапталып.
Тəттісің өмір, балдансың,

136
137
Сезімге сенім ұя сап, септесіп бір сəт жалғансын.
Қол жетпес биік, заңғарсың.
...Армансың!
ЖОЛАУШЫҒА ҚЫРЫН ҚАРАП
Ақ қары, Алатаудың аппақ қары,
Жаныма шипа болған аппақ дəрі.
Шыршасы шыңға құмар мекен еді,
Көз алдымда асқақтады.
Селдетіп ақ жаңбырын нөсерледі,
Қазақтың шүкір, Алла, есен жері.
Жазбасын тыныштық пен берекеттен,
Ай жатып кетер ме еді.
Қызыл гүл еріндері қызыл далап,
Қарағай құлама құз ұзын қабақ.
Қара орман қара көрсе үркеді екен,
Жолаушыға қырын қарап.
* * *
Қаройдың сайы қалың жым,
Мен де бір сенің талыңмын.
Жырымнан уыз қаттырып,
Жылуын бердім жанымның.
Маңғыстау сені қамдадым,
Шарайна шағыл шаңдағым.
Өмірді мынау өткіздім,
Өзіңнен іздеп бар мəнін.
Қабырға бойлап кеңестім,
Бекіре жалды белеспін.
Айдынға шыққан аңғал ем,
Ескегімді сен естің.
Жеңісімді ел сүйіп,
Келемін шемен шер түйіп.
Өзіңді іздеп өттім мен,
Желкенімді жел сүйіп.
БІРЛІКТІҢ БҰЛАҒЫ
Сен күйініп даттадың,
Мен сүйініп мақтадым.
Сүйегің суса босқа өттің,
Даукескен қамал – қасқа күн.
Жыртылды балақ жылдардан,
Шындықтың жолы шырғалдаң.
Кінəмшыл туыс – кіл қонақ,
Ырыққа көнбей ырғалған.
Мен аунадым түнмін деп,
Сен аунадың күнмін деп.
Ойқанып сосын ол келді,
Көкті тіреп жүрмін деп.
Демедік бауыр, туыс-құт!..
Кеудені өстік қуыс қып.
Кереге бойлап кер жылан,
Уықты бойлап у іштік.
Кімдердің несі кеткен-ді,
Қабырға бойлап жеп келді.
Бірің де өліп, бірің қал,
Бітіспес жау бол, – деп келді.
Бұл қалай енді тұр əлі?
Баяғы мақам құл əні.
Отпан тау сені қайтейін,
Бірліктің қайнар бұлағы.

138
139
ЕСКЕ АЛЫП ЖАТЫР..
Еске алып жатыр естінің бəрі елжірек,
Етектен қарап сен жүдеп.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Қараған жоқ келді деп.
Еске алып жатыр естінің үні сыңғырлақ,
Қаттырақ жылап шыңғырмақ.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Тастады оны шынжырлап.
Еске алып жатыр естінің сөзі тəп-тəтті,
Есіміз кетіп бас қатты.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Аяққа таптап тастапты.
Еске алып жатыр естінің көзі жастанып,
Ар-имандардан басталып.
Босағадан именіп кірді бір шындық,
Өлтірді үнсіз, өкпелік тұстан ақтарып.
Тағы да тобыр жеңіске жетті мүнəйым,
Келтіріп сөздің шырайын.
Сен қашан орын бересің енді шындыққа,
Бəрін білуші Құдайым!
Бір Алла ғана шындығын сүйер жүректің,
Келмейді жанды кір еткім.
Ақырғы демің қалғанша күрес дейді, əне,
Көгінен қарап Түбектің.
Еске алып жатыр естілер майдай жағымды,
Көргісі келмей тұрса да бір сəт сағынды.
Шындығы жоқ Ес пен Ақыл мұп-мұздай,
Бастарын иіп табынды.
ЕКІ ПАРАҚ, БІР ҚАЛАМ
Заманның жүзі сазарды,
Айлаққа бермек азарды.
Ит құтырса иесін,
Балақтан тістеп бағар-ды.
Елден басқа жауың жоқ,
Инелі-сабақ дауың көп.
Екі парақ, бір қалам,
Арызға жатқан бауыр көп.
Бəле іздеген жақыннан,
Жаттан көмек шақырған.
Құтылмақпыз біз қалай,
Шулаған шұнақ пақырдан?!
* * *
Жəутеңдеп жамағаттың қарағаны.
Барады байғұстардың тарап əні.
Некесіз заман бұзық,
Адам қызық,
Төсегін қайта салып жаңалады.
Мен өзім өзгермеген түбектемін,
Басым даң, бауырым сыз, жүрек кебін.
Ғайыпқа тартып кетсем тауып алып,
Бақиға барар жолдың бір өткелін.
Қимайсың өлең сөздің шаранасын,
Ағам жүр хан көтеріп қара басын.
Ұрпаққа не қалдырып кетер екем,
Базары барымтаның тарағасын.

140
141
ҰЛ БОЛСА...
Өзін-өзі табаға сап қуырған,
Қызғаныштан буынған,
Қыл көпірдің ғалам көрдім үстінен,
Қызыл қанға жуынған.
Бермесіңді жолдан торып аңдыған,
Қарақшылар қалғыған.
Жасыл орман – асыл арман секілді,
Қарға-құзғын саңғыған.
Бəс қалды ма құны қанша тірінің,
Үзілді ме жұлының.
Ұлы дала мұрагері мен едім,
Сенесің бе ұлы құм?!..
Кешіп келем керең тарих арнасын,
Жер астында қалғасын.
Жеңгелердің құрсағында ұл болса,
Жеңіс туын жалғасын!
ЖЕЛ ЖОРЫҚ
(Сарайшық)
Құлжасын құзар шыңның үркітпегін,
Əруағым əу басынан бүркіт менің.
Киесі киігімнің жаннан қымбат,
Өртендім сексеуіл боп бүршіктедім.
Сахарда саз да қалды, сағым қалды,
Ордасы алтын күмбез шағым қалды.
Құдайдың қалауымен құт дарыған,
Салтанат сап түзеген бағым қалды.
Сарайшық
1
 салған əнім, сері күнім,
Сартап жол, сайғақ қырдың елігімін.
1
 Сарайшық – Сарайшық қаласы.
Бұл күнде тесік сауыт, кетік қылыш,
Жел жорық жеңістердің желігімін.
Ақ құмдар ақ парақ боп ашылып жүр,
Аяққа аяусыз-ақ басылып жүр.
Шашылған көп сүйекті бір тасбақа,
Қарашы қайта көміп жасырып жүр.
БҮЛГІН
Бір ит үрсе екеу болар бөрлігіп,
Талтаңдайды тұрған жерін төр біліп.
Сосын бəрі шулап кетер бір кезде,
Ит-бүлгінге ауыл алған көндігіп.
Төрт аяғын қадап үріп табандай,
Жатып үрер, тұрып үрер жақ алмай.
Көрмесе де үріп қалу міндеті,
Білмесе де сөз айтатын надандай.
Өліп болдық ит балағат өсектен,
Кімдер екен итті сонша өш еткен.
Бір ауылға керек екен бір қасқыр,
Ит үргінсіз тұру үшін төсектен.
* * *
Ақ сойыл болған жол екен, сүйреткен сансыз табандар,
Ақ тозғын шаңға қараңдар.
Айықпас дертке шалдыққан заманның жүзі салыңқы,
Адамның жауы надандар.
Ақ сағым толқып кемедей, желкенін керіп ығысты,
Айласы құрып құнысты.
Асқанға тосқан жолығар, жыртық үйге бір Алла,
Сақтасын ұлт пен ұлысты.

142
143
Есте жоқ ескі жол екен, бастауы мұның көрінбес,
Өлім – нүкте, өмір – көш.
Өз дегені болмаса, адамның жаны бүлікшіл,
Жын мен жырғал көңілдес.
Жол жатыр ескі табанда, кезерген қыр мен төбешік,
Ескі күмбез, көк есік.
Қорымның тілі байлаулы, құлпытас құлап қалыпты,
Ескегін елдің көп есіп.
* * *
Тобылғы күрең торы ат тұр,
Бал құрақ, майса қолат қыр.
Батар да күннің жаулығы,
Ақ тауымды орап тұр.
Ал күрең сəуле қызыл-ды,
Айтпай-ақ көңіл бұзылды.
Күрең де
Ақ бас тауларым,
Ақ бұлттар сүйді жүзіңді.
Аспанның көркі ақ торғын,
Ауылдан кеттім жат болдым.
Қала деген қара тас,
Қамаулы үйге тап болдым.
Көкті сүйген күреңмін,
Ақ бас тау неге шірендің.
Тар бөлмеде ту ұстап,
Өзімше жатқан бір елмін.
* * *
Қағанатсыз қаған бұл,
Маған қайғы, саған жыр.
Күйек-қошқар секілді,
Заңы зая заман бұл.
Мекіреніп артылмақ,
Кəрі қошқар қалтылдап.
Тұсақ біткен алыпты,
Құйрықтарын алтындап.
Қозылайтын түрі жоқ,
Үміт етіп жүріп ек.
Өсіп жатыр өзге отар,
Көктеменің күні кеп.
Айналасы көп тұсақ,
Алтын құйрық, от құшақ.
Кейде қошқар кетеді,
Отарымен жоқ құсап.
* * *
Күз жасырып сарғаяды сырқатын,
Қыс күтіп-ақ қылыш ұстап тұр сəтін.
Мылтық аузын қандамаған аңшының,
Ашуындай бұрқасын.
Соқты солай терістіктен бір дабыл,
Мезгіл ауды, соқтығысып жылға жыл.
Төс сүйегі тасқа тиген бүркіттей,
Қапы жалған бұл да бір.
Құйын есіп
Айды іздеп жүр түнгі.
Мені көріп іркілді.

144
145
Күз тамырын ұстап едім емшідей,
Үш ай тоқсан!.. Болашағы бір түрлі.
* * *
Құлан қашса, мылтықтың басуымын,
Құлама құз, шыңдардың асуымын.
Күзем алған шаруаның шаттығындай,
Алғауы жоқ көңілдің тасуымын.
Құшағыма еніп көр, еркелегін,
Өбінсем, өбектесем өртер едім.
Онымен тілдесуге шамаң бар ма,
Қолыңа жүрегімді берсем елім.
КӨГЕРШІН КӨКТІҢ ҚҰРБАНЫ
Қанатыңның қауырсынын көрдім мен,
Түстес екен зеңгірмен.
Көгершін деп ат қойыпты жан бабам,
Көкпен туыс екеніңді ел білген.
Бейбіт күннің тұмарындай қадірлім,
Бөлшегіндей бүлкілдеген жанымның.
Тереземнен телмеңдейсің не біліп,
Мен де сені сағындым.
Үнсіз қарап қалғып кеттің тұнжырап,
Мен бармын ғой біл бірақ.
Көкті тіліп бір қаршыға келеді,
Жанталастым терезені ұрғылап.
Оянбадың,
Сені ояту қиын-ды.
Көк қаршыға көктен төмен құйылды.
Кеш оянды кетті іліп қаршыға,
Көк желкесі көкпарша боп қиылды.
Мен кінəлі,
Кім кінəлі тағы да?
Кімге барам зар-күйіктен шағына.
Көгершіннің кесті үкімін қаршыға,
Қарамай-ақ қарасы мен ағына.
* * *
Жол жаңылып, табан естен танған-ды,
Талпынды да алданды.
Суға кеткен жан екен ғой сұм тағдыр,
Жан ұшырды, қарманды.
Сен де солай келесің бе көркемім,
Бітпеді ме ертегің!?
Бүкір айға сүйеу болған кірпікпен,
Кінəратшыл жанның сазын шертемін.
Қолын бұлғап жағалауда үміт тұр,
Ұлықтайды ұлып қыр.
Жердің шетін арман қуып іздеген,
Жел шапанды жігіт тұр.
(...Алданғанын біліп тұр)
* * *
Алладан сұрап жыр жаздық,
Ақ уыз, аппақ сыр жаздық.
Өмірміз өртке шалыққан,
Гүл секілді бір жаздық.
Сағынып жаздық өлеңді,
Сарғайтып таңды төл өрді.
Тасқыны таудай дария,
Біздің жыр қашан бөгелді.

146
147
Кемерден асып керілді,
Керімсал сазға телінді.
Өлеңді солай жаздым мен,
Қалай сүйсем елімді.
* * *
Көл түбіне ай жатты,
Көңілдің түбі тұңғиық.
Жұлдызын аспан жайнатты,
Жұмбақтау жанға жыр құйып.
Сұлудың көзі мұнарлы,
Ер түнеп кеткен төсіне.
Қайырып əрең құмарды,
Қарайды бұлттың көшіне.
Бал құрақ сайдың сыры бар,
Бал ерін ару күрсінді.
Əн айтты сосын тұрып ал,
Көзіне жасы іркілді.
Ұмыт боп қалар ол түнің,
Олжасыз емес тағдырың.
Қыздырған ердің қолтығын,
Сəтіңді еске ал күнім.
Ай жатыр көлдің түбінде,
Құлаған көктен, ғарыштан.
Сұғына жаттың ілінбе,
Тар жерде жан ең танысқан.
Көйлегің қызыл гүл екен,
Көңілің айды тербеткен.
Өсірген сені кім екен,
Ер үшін жансың ержеткен.
Қызыл гүл көрсең таптамаң,
Қызғалдақ екен ол да бір.
Ер едік еңку ақтабан,
Азығы ердің жолда жүр.
(...Дəурен ғой, шіркін, сол да бір)
* * *
Қошақанын қоңыр тоқты жалады,
Бауырынан уыз сүті тамады.
Мекіреніп, мерейленіп анасы,
Сосын үркіп ит пен құсқа қарады.
Иттің тісі көзінде тұр ілулі,
Сұқ қарғаның қос қанаты түрулі.
Қамарынан сыйпап көріп қозының,
Қара шалдың бір саусағы бүгулі.
Қошақанын қолтығына тығады,
Сол ажалың жетсе саған кім əлі.
Қой өзінен тұңғыш рет іздеді,
Əлсіз болып туғаны үшін кінəні.
Кер тоқтының бал үміті еш еді,
Соры қалың қой біткеннің бес елі.
Бүгін міне жаға болды бір тонға,
Тəй-тəй басқан қошақаны кешегі.

148
149
ЕҢСЕЛІ ОТАН – ЕРКІН КҮН
 
Өлең – өрнек, əн – талап.
Халқың келді алқалап.
Ұлтқа құнар, нəр берсін,
Ұландар құрған салтанат.
Жан гүлім – менің жастарым!
Жаңаша бүршік – жас талым.
Шынарлы құздың шырқауы,
Асу да бермес асқарым!
Əн салып құлын желпін-гін.
Еңселі Отан – еркін күн.
Сезімге түсіп бір шуақ,
Сендерді көріп серпілдім.
Күлкісін қара, бөбектің!
Өзендей толқып –
Өр екпін.
Сендермен қалың орманмын,
Самсаған жасыл терекпін.
Бозбала жанның мақтаны.
Бойыма бақыт шақтады.
Құлдыраған құлынның –
Ашық та болсын ақ таңы.
Қайғыны бір сəт жат қылдым.
Жайнаған жанды бақ қылдым.
Шүкірлік саған, бейбіт таң,
Сəулесін сүйдім ақ күннің!
КӨРШІ ҚАРИЯ
Қыңыр сөйлеп қылтияды шалыңыз,
Самайы қар, сақалының бəрі мұз.
Түсінбедім түн көзінде көп мұң бар,
Не тілейді жаныңыз?..
Қария тұр, қақпанында тоқсанның,
Барайын деп оқталдым.
Көп сырластым көргеніне шерік боп,
Көңіліме от салдым.
Омырауын күнге тосып шектелді,
Есігіне еппен басып жетті енді.
Əр жастықты – бір қарттық бар аңдыған,
Сəл мұңайып кеткем-ді.
* * *
Бір шамы сөнді міне азаматтың,
Хабарын таңға жалғап ғазауат түн.
Өмірге бірді əкеліп, бірді алып,
Саудасын тіршіліктің бағалаттың.
Бағасы алыс-беріс жан кепілім,
Жалғадым болашаққа əн көпірін.
Барады біреу мініп түн табытқа,
Тербейді іңгалатып таң бесігін.
Өлең бер, өзегімді құрғатпағын,
Көп сездім көкте жұмбақ ырғақ барын.
Саусағы жүрегімнің дір-дір етіп,
Таласып таң мен жырды құндақтадым.

150
151
ƏЗ ЖАНЫМ – ƏСЕМ ГҮЛ БАҚША
 
Тағдырдың бұл да айдауы,
Ғазиз де басты байлауы.
Жаралы жырды ұшырды,
Жанымның жазғы жайлауы.
Қаңқылдап қаз боп барады,
Қатарға енсе жарады.
Қайырлып ұшып төбемнен,
Моншақтап көзі қарады.
Қауырсын қатты, жыр ұшты,
Тəңірім берген ырыс-ты.
Күн артына күн салып,
Бұл өмір солай жылысты.
Қаз-қанат жырым жөнелді,
Жүрекке мұңын шөгерді.
Қауырсын қанат бір тал гүл,
Жанымнан тағы көгерді.
Гүлімді кімге берермін,
Жұпарын жырдың себермін.
Тылсымға тамыр салдырған,
Құдайдан басқа шебер кім?..
Тамыры тылсым бағым бар,
Мұнарлы мұңды сағым бар.
Əз жаным – əсем гүл бақша,
Əлдилеп жырмен алыңдар!
БƏРІ ТАНЫС
Сылбыр жаңбыр,
Сыңғыр-сыңғыр келді күз,
Сарғаямыз енді біз.
Осы күзде қоштаспақ боп ауылмен,
Естелікке орамалын берді қыз.
Сары бəрі,
Жапырақ та, бау-бақ та,
Сары торғай із суытқан аулаққа.
Сары сағым көзден ғайып көрінбес,
Бұлттар көшіп бара жатыр тау жаққа.
Сарғайғаны,
Көрініп тұр алқаптың,
Бəрі таныс, ортақ мұң.
Содан кейін шекпенімен бүркеді,
Езуінен ұйқы аққан сортап түн.
Түн жарылды,
Күздің таңы күркілдеп,
Көк көйлегін орман шешті біртіндеп.
Шыр айналған шығыршыдай дүние,
Менің саған қарап тұрмын күлкім кеп.
ҚАЗАҚПЫН ҒОЙ
Қазақ деген ел едім мен, асылмын!
Асылдардың білер бірақ бəсін кім?
Топқа түскен тұлпар сынды тегінде,
Тектіліктен мүсінімді жасырдым.
Тарихымды таразылап көр менің,
Білерсіңіз тұрғандығын өрде кім.
Өркениет, ғылым-білім, кісілік,
Менің салған ғасырларға өрнегім.

152
153
Мен жатырмын ұлылықтың түбінде,
Көзді жұмып, сөзді бүгіп күбінбе.
Жер астында том-том болған кітаппын,
Жер үстінде көрінбейтін бүгінде.
Ай бетінде арманым бар нұрланған,
Күн бетінде күміс найза ұл қалған.
Бұлт пен бірге көшіп бара жатырмын,
Көп дұшпаным қолын созып құр қалған.
«Мен Қазақпын!..»
Желге біткен қанатпын.
Таңмен бірге тұлпарымды жараттым.
Кеңістікпін!.. Келешекпін!.. Кемеңгер,
Жігерлімін, таусылмайтын талаппын!
Қазақпын ғой,
Қалы кілем, ақ басқұр,
Ұл-қыздарым дала тектес асқақ кіл.
Ат дүбірін ұран қылған ұрпаққа,
Ұлы жолға ұлы тұран бастап тұр.
Қазақпын мен,
Саф алтынның сынығы,
Маған қара, көргің келсе ұлыны!
Көкті жарып жерге түскен тамшымын,
Махаббат пен мейірімнің тұнығы.
Қазақпын мен,
Ғарыштардың қақпасы,
Иба-əдеп, имандының тақтасы.
Жер жұмағын көргің келсе мені көр,
Неге керек сөздің артық басқасы.
Бабам маған бар мекенді қалдырды,
Қансырады, сосын қанша таң күлді.
Сүйгендіктен жаным күйіп жыр жаздым,
Қайран елім қанды өзекті талдырды.
Жатсам-тұрсам жаным шөлдеп деміктім,
Жанарымнан жұлдыз жырды теріп түн.
Сенен басқа сүйерім жоқ Туған Ел,
Сені жырлап өту үшін келіппін.
Қазақ деген халық едім қыранмын,
Қырға біткен қырық қабат шыдаммын.
Күллі əлем күліп тұрып шырқайтын,
Бірлік атты, достық атты бір əнмін!
Қазақпын мен, гүл қауызы шықтанған,
Елін ойлап, ер бойынан шыққан жан.
Қызғалдақ боп мендік тарих көктеп тұр,
Қара көздің қарашығын сыққаннан.
Сенен басқа сүйерім жоқ серігім,
Сүйе-сүйе күлбіреді ерінім.
Сені маған тұра ала ма сүйгізбей,
Жырдан мұңды, күннен нұрлы елібің.
Жастанайын əр тасыңды мамық қып,
Өз ұлыңды өгейсіме танып күт.
Менің аппақ жүрегімнің құбыласы,
Келем сені темірқазық бағыт қып.
Адаспайын,
Адастырма жан-телім!?
Сен қаласаң əз жанымды ал тегін
Жүрегімнің əрбір тамшы қанында,
Қуаныш пен қасіретің бар сенің!
Дұға қылдым,
Хақтан тілеп қамықтым,
Жандым-күйдім, жан күйзеліп арыппын.
Саған деген махаббаттан өртеніп,
Өлең деген дертке міне шалықтым!..

154
155
* * *
Сұлу екен,
Қарашығым қарықты.
Көңіл ұқты, көңіл сырын жар ұқты.
Мына сұлу қайда барса сол жұмақ,
Мейлі, тіпті, мекен қылсын тамұқты.
Жұпарын-ай гүл шырынын сіңірген,
Жын жетелеп, көбелек боп жүгіргем.
Көз қамасты,
Сөз адасты, жаңылдым,
Енді оны сұрамақпын кімімнен?
Оймен кезіп от көседім шарладым,
Ой-хой тірлік мені қанша алдадың.
Қырау мұртқа қылаң сақал ұйысып,
Өткен күнді талдадым.
* * *
Шалқыдың, шарықтадың есіңде ме,
Желкенін жел тоздырған есіл кеме.
Өмірдің толқынымен көп ойнадық,
Қарамай сəскеге де, бесінге де.
Мен содан ғайып болдым бір күндері,
Қаншама жыр бүрледі, қыр гүлдеді.
Жел болып келіп едім, бір жапырақ:
Жаным-ау, сені күтіп тұрмын – деді.
 
Жас парлап қара көзің тұнжырады,
Қиялап ақша беттен жыр құлады.
Жүрек боп жанарыңнан шыңғырып тұр,
Жаныңның жалындаған шын құмары.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет