Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



жүктеу 1.8 Mb.
Pdf просмотр
бет9/31
Дата03.03.2017
өлшемі1.8 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

БІР ЖҰМБАҚ
Омыртқа бойлап ор қазған,
Шеміршек бойлап шер қазған,
Шыңырауға түскен шалдардың,
Шырағын ұстап қалғанмын.
Бауырға бойлап наз қылған,
Жүрекке бойлап жаздырған,
Өзегі өрт арманға,
Өлеңнен шеген салғанмын.
Жеті қат көктен күн алған,
Жеті қат жерден құн алған,
Маңғыстау деген бір жұмбақ –
Тамыры тылсым талданмын.
* * *
Шұбалаң құйрық шұбар күн,
Кіндігін кескін бұл əннің.
Сұлудың жүзін ашады,
Көзіне біткен мұнар-мұң.

204
205
Жаратқан Хаққа жалынып,
Сарғайсын мұңға салынып,
Жыласын кейде арулар
Шықтаған гүлдей малынып.
Жылатып келер бақ тегі,
Бұл өмір неткен қатты еді.
Жылай да білген арудың,
Күлгені қандай тəтті еді.
* * *
Адам да аңыз, Түлкі де аңыз, аң да аңыз,
Орға түсер тұсыңызды таңдаңыз.
Түлкі ісін құйрығымен ойлайды,
Қапияда қалмаңыз, Һəм, аңдаңыз!?
Түлкі ғой ол, тумысынан солай-ды,
Күліп тұрып тонайды,
Аузыменен алып берер ол айды.
Ақылынан адасқан жан болмаса,
Түлкіге кім жолайды.
Момақансып түлкілігін жасырған,
Сабақ алғын ғасырдан.
Өз құйрығын түлкі қымбат көреді,
Сенің анау басыңнан.
* * *
Гүл бақшаның жұпарындай аңқыған,
Айнымаған салтынан.
Мына сұлу қай халықтың құлыны,
Ақ сағым боп қалқыған.
Көздерінің жəудір қара тұнбасы,
Хан қызындай бір басы.
Пернеңізден кетті басып періште,
Жырла жүрек, жырлашы.
Көз қанбаған шөліркеген, шөлдеген,
Жалынмын мен сөнбеген.
Сақал мен мұрт ақыл айтып көргенмен,
Асау көңіл көнбеген.
* * *
Гүлдер жатыр бал арасын меншіктеп,
Шығарып тұр жаназасын көлшік көп.
Өзін-өзі отқа əкеліп тастады,
Өлең-жырдың шаранасы өршіп кеп.
 
Саған айтып көңіл сырын еліттім,
Маған айтты өмір шынын желіп күн.
Екі көзі боталаған өлең тұр,
Лағындай еліктің.
Маңыстайды маңыраған шерліміз,
Не айтамыз енді біз!?
Көңілімнің айнасынан үңіліп,
Кемсең қағып келді күз.
* * *
Ер жүрген жерде ез болар,
Заманға зауал тез болар.
Қанатын керген қасқа жыр,
Қай жерде ажал кез болар.
Қаңқылдап ұшып көліңнен,
Ойнайсың отпен, өліммен.
Шырғалға салар басыңды,
Шыңғыртып ұстап төріңнен.

206
207
Адымда сайын сорың бар,
Соны айтып жатқан қорым бар.
Əр төбенің астында,
Бір мергенге орын бар.
Қан жұққан қолда шайтан бар,
Бас тіккен ерлер байқаңдар.
Құл нəпсісін аздырған,
Дүние-машық сайқал бар.
* * *
Жан ақысын төлерсің,
Жан тозып барып өлерсің.
Қараның аппақ болғанын,
Ағарса көзің көрерсің.
 
Кеудеден шықса аманат,
Сонан соң енді жан азат.
Сонда да дұшпан табылып,
Артыңнан тұрар абалап.
Күрмеуі жырдың шешілсін,
Кіндігі сырдың кесілсін.
Күнəмыз бастан асады,
Бар Құдай өзі кешірсін.
* * *
Туыстығын бұлдаған,
Туғанға біткен ұл жаман.
Ел үшін сертке тұрмаған,
Атасы тексіз құл жаман.
Тоқпақтап жүріп тойлаған,
Қарынның қамын ойлаған,
Қанағатсыз хан жаман,
Қан сүліктей тоймаған.
Бағытсыз, бақсыз жол жаман,
Қаралы болса қол жаман.
Соныңда бəрін көргенмен,
Шарасыз болған сол жаман.
Осылай шалдар жырлаған,
Өртеңгір өлең жыр жаман.
Өзгерген жоқ ештеңе,
Зауалы бөлек бір заман.
* * *
Еркесің көңіл, еркесің.
Кемерден асты кер төсің.
Надандық пенен қызғаныш,
Ерлердің қиған желкесін.
Əр көңілде бір қанжар,
Қапыңды іздеп шырғалдар.
Армысың арыз-атасы,
Бірін де бірі қырғандар.
Көзінің кетіп шырымы,
Ездердің жаман ырымы.
Абай болсын алтынның,
Қолда қалған сынығы.
Құйрығын майлап құмарлап,
Алдыңа түсер ұрандап.
Екінің бірі сұғанақ,
Ақылмен қарап жүр аңдап!

208
209
* * *
 
Береке-ырыс шашылып,
Жараны жүрміз жасырып.
Ерлердің ісі біткен бе,
Ездердің бағы ашылып.
Білдірмей елді тартып ап,
Аждаһа жұтты жартылап.
Құзғынның салған əніне,
Құл біткен күліп шалқымақ.
* * *
Қайда барсаң қаңқу тірлік кезенген,
Айтпасаң да сезем мен.
Бетпақ күннің еріндері шүртиіп,
Бедеу құрсақ көкбет неме безерген.
Шапылдасып ниеттердің майданы,
Қан-қан болған айдары.
Қан жылаған қаракөзді тепкілеп,
Озбырлардың қолында жүр байрағы.
Күллі əлемнің талапайы даңғырап,
Ар-иманың қалды ұзақ.
Екі көзін дүниемен тығындап,
Ойлайтыны ақша болды жалғыз-ақ.
ЕР ШАБАЙ
1
Оба төбе онсанды,
Қара төбе мыңсан-ды,
Айқайлап едім қыраттан, шыңғырып айқай шың салды.
Түсімде маған көрсетті,
Ер Шабай деген бір шалды.
Құрсанып алған сауытпен,
Қатер де кешкен қауіппен,
Батасын беріп бүгінге, кешегі күнді толғады.
Таң атқанша сол үннің,
Тарқамай кетті толғағы.
Атажұртты сақта деп,
Таптата көрме жатқа деп,
Көкмойнағын көсілтіп, ғайыпқа сіңіп жөнелді.
Ер тұрған жерден еңкейіп,
Алдым осы өлеңді.
* * *
Пайдасы не,
Дана тудың данышпан.
Ит көп болса данышпанмен алысқан.
Өзің туған адал ұлды қорлатып,
Меншіктесең мекерлерді алыстан.
Жақсыға сөз жаннан дəру, тілден дем,
Өз жақсысын өзгелерге кім берген!?
Иттен сіздің айырмаңыз қай жерде,
Бір жүрсеңіз иттіктерін білгенмен.
Талап жатса,
Жазықсызды дананы.
1
 Ер Шабай – Халық батыры, тарихи тұлға.

210
211
Бірге жүрген көп иттерің манағы.
Салпаң құлақ қоғам құрып алдық біз,
Қабылдаймыз деп жүргенде жаңаны.
Ескі деген ескі бесік секілді,
Талай ұлды ер жеткізген кекілді.
Тамырыңа балта шаппай гүлденгін,
Есті ұлттар міне солай жетілді.
ҚОС ҮРЕЙДІҢ ҚАҢБАҒЫ
Кім намыссыз
Арба жеккен есектей,
Лақтырылған қара жолдан кесектей.
Желкесіне жентек қылып мініп ап,
Ноқтасынан жетектей бер, жетектей.
Ұлға керек, ұлтқа керек сол намыс,
Арлы болу, намыс қорғау ол да күш.
Өмір деген өзен сынды өршіген,
Қайда салсаң сонда ағады сорлы ағыс.
Ағыспенен кетіп жатыр кемді күн,
Бұрынғыдан көп өтірік ендігің.
Арсыз халық болмақ емес бақытты,
Ар-намыстың қаныңменен бер құнын.
Жаныңды түй,
Ұрпағыңды арлы қыл.
Арсыздықтан бодан болып қалды құл.
Арлысың ба, зарлысың ба білмедім,
 ...Ар-иманнан жүрегіңе жарлық іл.
Қайталадым,
Осы сөзден танбадым.
Қуып келем қос үрейдің қаңбағын.
Жаратылған күдік пенен үміттен,
Суға кеткен жандай талды қармадым.
Батыр бабам,
Қорым біткен ерлерім.
Дүниенің дүбірлеткен шеңберін.
Жүрегімде əр қазаққа орын бар –
Жан отымсың жарқыраған сен менің.
Намыс баққан елден сұра бақытты.
(Жолдас қылма жолға шықсаң жасықты.)
Ұлтқа тұлға қылғанменен оңбассың,
Уызында жарымаған пасықты.
* * *
Дамылдап дауылдан соң бағбан қалды,
Бұйыртпай бұл күздегі талдан дəмді.
Үңіліп сығалайды қатын-бала,
Қарамай өте шықты əкім ғана.
Бай-манап дауылдан соң қарқылдады.
Бағбанның бар үміті сарқылды əні.
Құшақтап көк төбетін күбірледі,
Селкілдеп екі иығы дірілдеді.
* * *
Күйікті жан көзін сығар жер тапса,
Күйікті ел шағынады ер тапса.
Ер намысын суарады қанына,
Елдің мұңын құйып алып жанына.

212
213
Шырақ жағып шындық іздеп ұмтылар,
Ақиқаттан тағып алып бір тұмар.
Ел еңсесін ерге еріп тіктейді,
Заман ауар күтпе мейлі, күт мейлі.
Ер қалады бір қуыста қансырап,
Келмес оның хал-жағдайын жан сұрап.
 
Қайран ердің сосын көзі жұмылар,
Бірақ елден басқа оның кімі бар!?..
Елің үшін отқа басты сала жүр,
Дегенменен кебініңді ала жүр.
Жеңіс туын алып бер де көрінбе,
Өлгің келсе абырой мен төріңде.
Ерлер керек жау кеудесін кергенде,
Жау кеткесін Ерлер де бір шерменде.
Қайыр жаса, қайғың болса жасырғын,
Көрінбеуі асылдығы асылдың!
Күн жанады өзгелердің бағы үшін,
Туған елдің бере көрме намысын.
Ай кезеді қара түнді жарық қып,
Көрер көзге жүрер жолды таныс қып.
Ер намысы елге шырақ жарық-ты,
Пайғамбар да үмбетім деп қамықты.
Сүйегіңді суса қылса көнерсің,
Ер болған соң еліңді ойлап өлерсің.
Торғай байғұс кер бұтақтан таң асты,
Ұясы үшін қорғайды ол ағашты.
Ұлың аман болсын десең қасыңда,
Ұлт бақыты болсын дей гөр, басында.
 
Ұл-жолаушы, ұлт-кемесі сапарда,
Кеме батса ұлдың таңы атар ма?!
* * *
Бас мұңымыз өлең болды, жыр ғапыл.
Жыр ішінде жыртық шапан тұр ғасыр.
Ұлтым менің қара өлеңнің құлыны,
Өлең мұра, қызға сырға, ұлға сыр.
Арбашыдай қалғып-мүлгіп қартайған,
Жау жағалас қу тірліктен əр тайған.
Өлең ғана жанға шуақ қарағым,
Шыныменен енді одан тарқай ма əн.
Құлап жатыр, өліп жатыр, өкіріп,
Өгіздейін өз қадірін кетіріп.
Уақыт деген жан алғыш қой жаным-ау,
Бізді айдап келе жатыр жекіріп.   
ДƏРУІШТЕЙ КӨЗ ІЛГЕН
Табанында өткен күннің езілген,
Жол үстінде дəруіштей көз ілгем.
Қу дүние қандай болсаң қарашы,
Мен де сондай аумай қалдым өзіңнен.
Шекпенімнің жыртығынан тұр ұлып,
Жел түйеді жұдырығын ұрынып.
Артқа қарар уақытым жоқ көрдің бе,
Ақиқатты іздейтұғын бұрылып.

214
215
Жетегіңде желпілдеген сорлымыз,
Көктем өтті, көкек кетті болды күз.
Келер жылды сəл қартайып қарсы алып,
Сəл көңілсіз отырамыз енді біз.
* * *
Қар жамылған гүл екенсің міскінім,
Қабағыңның асты жылау, үсті мұң.
Өткіздің бе өксігіңмен бұйдалап,
Базарлы шақ бал күніңнің түстігін.
Қара шашқа қылау түсіп ағарған,
Құдай берген құн кетті ме бағаңнан.
Қаламсапқа қамсау қылған парағын,
Қарағым-ау, не күтесің ағаңнан.
Жаным менің жанған оттың күліндей,
Өшіп бара жатыр əне білінбей.
Сумаңдайды сұр жылан жол жетелеп,
Таналардың танау құмар тіліндей.
 
* * *
Уəделі сөзін бақ қылар,
Жаманнан басын жат қылар.
Халыққа керек бір тұлға,
Қайдасың, қайран жақсылар?!
Шаршады жұртың шалдығып,
Ұлты жоқ жиһаз, мал-мүлік.
Адасқан бағыт, ақыл тоз,
Иесіз арман, қалды үміт.
* * *
Көш келді ме!?.. Көңіл зарық, жан зарық.
Қараңғыны кешіп өтіп, қарманып.
Көш келді ме!?..Сырлы ғайып, сапары.
Күткен жанға бақыт таңы атады.
Көз моншағын кер жусанға тақтырып,
Ару келді қос бұрымын лақтырып.
Құлын келді ай төбелі, алтын-ды,
Мен білемін, өзге білмес нарқыңды.
НИЯЗ ТОБЫШҚА
Асылын сөздің сайладың,
Түйіндеп ойды байладың.
Жүрекпен кездім ардақтап,
Жаныңның нұрлы аймағын.
Əлем бар сенің жаныңда,
Иманның гүлі бағыңда.
Ел үшін еткен еңбегің,
Халқыңның тұрар тағында.
Құдайды сүймек құлдан-ды,
Алғанша Алла бұл жанды.
Қанағат, қайыр, мейірім,
Ұлт бақыты – ұлдан-ды.
Кемедей кезіп біліммен,
Ер едің көзге ілінген.
Кеудемнің қозғап қалыбын,
Бал тамады тіліңнен.

216
217
Жат жерде өстің құрақ боп,
Ел менен жұртты сұрап көп.
Қосыңды тігіп сен келдің,
Қосылған қайнар бұлақ боп.
Өнегең өріс қарашы,
Парасат-пайым сағасы.
Сендей-ақ болар туғанмен,
Иманды құлдың баласы.
Самалдай сазды үніңнен,
Естігім келіп жүгіргем.
Елімнің алтын жағасы,
Естелік болсын ініңнен.
 
* * *
Арымен сөйлеп күйінер,
Сақасын сөздің иірер.
Бар болсын жұрты дей бергін,
Бағасын біліп сүйінер.
Ер жігіт алды ырыстың,
Ерлерсіз алар тыныс кім!?
Жауға салсаң жүзі жоқ,
Тасқа шапқан қылыштың.
Көмгенбіз қанша көп ерді,
Жарбайлар нарды шөгерді.
Соқыр да тиын бəсі жоқ,
Сорлы да ерлер не көрді?!
Қайтесің жаттың данасын,
Елжіреп естен танасың.
Аз тусаң да көп сүйгін,
Азамат ердің баласын.
* * *
Болар енді өлең жаздым, өксідім,
Сөзін айттым ескінің.
Ескі мені естен алып тастады,
Еркімізді езгіледі, жастады.
Қара таудай қалың тарих батпан-ды,
Көңіл қанша тапталды.
Соқа сүйреп өгіз өлмек алқапта,
Біздің тағдыр сол өгізбен ортақ па!?..
ИМАНДЫ КӨҢІЛ – АТҚАН ТАҢ
Айдары алтын құлын бұл,
Құлдырап ойнап ұлым жүр.
Тəңіріне қол жайып,
Тəлімге мойын бұрып жүр.
Алланың құлы арлы дүр,
Алласыз кеуде жарлы дүр.
Құдайын іздеп жылаған,
Заманға тұлға зарлы құл.
Ой кезіп бойын талдырар,
Ойынды ізге қалдырар.
Иманнан уыз емген күн,
Ибадан төсек салдырар.
Танымның іздеп тақтасын,
Тағдырдың табар бақшасын.
Құранға сүйеп арқасын,
Құрмаға бұрар ат басын.
Иманды ерлер табысар,
Иманын іздеп жан ұшар.

218
219
Жақсылық іздеп халқына,
Уақытпен үнсіз жарысар.
Тыныштық тілер еліне,
Тіл тигізбес тегіне.
Құдайдың құлы бауырмал –
Қыстырмас шоқпар беліне.
Əр жүректе бар шырақ,
Кетпесе шайтан тартып ап.
Иманды көңіл – атқан таң,
Сəулелі күндей жарқырап.
ӨЛШЕУЛІ ӨМІР
Жүрегім жаным күйгесін, отымды бастым жырменен,
Жарамды жаздым тілменен.
Халықты сүйдім жаным деп, жан болып көшкен сағым деп,
Хал сұрап жатыр кім менен.
Қансырап жатыр жан-мұңым, хал сұрап келер бар кімің!?
Хабарсыз кетіп қалды інім.
Ағаның алды тас түйін, достың да көрдік шарғасын,
Жырлашы жүрек зарлығым.
Елесі қайда бал күннің, енесіз қозы мен бе екем,
Өткенге барып келмесем.
Сен де есен болғын жан елім, жанымның мөлдір тамшысы,
Тағдырға болмас ермесем.
Болмаймын дедік тағдырға, асаудай жұлқып тарпындық,
Қайнай да қайнай сарқылдық.
Жазмышын көрмес жан болмас, озмышын көрмей ер өлмес,
Өлшеулі өмір бар сіздік.
Жұмекен
1
 менен Мұқаңнан
2
, мұң қалған дейді көңілім,
Кезерді, кепті ерінім.
Келмеске кеткен ақындар, керелеп ішіп қайғысын,
Сезімі кімге керек-ті сергелдең болған серінің.
Ай батып кетті ақырын, күн шықпақ, міне, таң асыл,
Жаңа күн деген жаңа сыр.
Сəулелі күннің жарығы, оны да бізге көп көріп
Бұлт қаптап алды қара сұр.
Қап, қара бұлттың көзінде, ақ күміс жасын ойнамақ,
Озмышын ол да тойламақ.
Төлеген кеткен Төлешім
3
, Махамбет
4
 кеткен маздағым,
Аспанға бір сəт қой қарап?!
* * *
Жанып түсті көктен ғайып бір жасын,
Тосады енді кім басын!?
Бұлт ыдырап қашып ала жөнелді,
Неде болса шыңға сын.
Шың құлады шыңғырысып тастары,
Құз жарыла бастады.
Ай күлшесін түн қолтықтап шығынды,
Тураған ет туған елдің аспаны.
Барлық бұлақ желінен сарқылмақ,
Жанартаулар жарқылдап.
Жəй оғындай көк найзағай бұл ғұмыр,
Сəл аялда, ғұмырыңның артын бақ.
1
 Жұмекен – Ж. Нəжімеденов.
2
 Мұқаң – М. Мақатаев.
3
 Төлешім – Т. Айбергенов.
4
 Махамбет – М. Өтемісұлы.

220
221
Тас төбесін балғалады тас қырат,
Шықылықтап асты бақ.
Маңыратып көз көрекі жөнелді,
Қозы күннің сирағынан қасқыр ап.
Ала теңбіл, қара жолақ барыс түн,
Сенің бейнең таныс тым.
Арыстанның ауызына түскендей,
Тағдырыммен тажал сынды алыстым.
Барлық аза жырға айналып төгілді,
Таң күледі не білді?!
Көңілімнен мың шағала шулады,
Кірпігіне тамшы жасты ер ілді.
Қызыл қиғаш, қызғыш күннің айдыны,
Келсеңіз де қай күні.
Қанағаттан қайыр іздеп өлу ме,
Не сонда, ал, бұл тірліктің байлығы!?
КЕШ
Кеш жасап жатыр бір ақын, бауыздап жырдың лағын,
Босатшы, босат, шырағым.
Ақ киік тағдыр бұла жыр, бұрымы қан-қан өлеңім,
Есімнен кетпес мына мұң.
..Босатшы, босат шырағым?!
Обалын қара қан сиген,көз жасын қара көбеңнің.,
Бақыртып нардай шөгердің.
Араша сұрап өлең тұр, алайын десем некелі,
Ақ төсі ал-дұл өлеңнің.
..Маңырап жатыр көгендім.
Қанатын бүктеп қайырды, қарғадан аққу тумайды,
Көнбейді өлең, тулайды.
Қанымен қашты құла жыр, құлағын жымып құлдырап,
Көрермен, сірə, шулайды.
Жөнелді өлең шығынды, қайыртпай қашты жабыға,
Кең еді аспан бағына.
Жарасын жалап жыр жатыр, жамағат көзі жарбайда,
...Кеш жасағалы жүр тағы да!
СҮЛІК ТҮННІҢ СУРЕТІ
Қара түннің көзінде қара сүлік,
Қарайды аласұрып.
Шолпан жұлдыз күзетке тұрып көрді,
Таң асырып.
Ай жастанып қалғыды алтын мамық,
Осылай қоштасады бар түн налып.
Ұйқыдан оянуды ұят көрді,
Қабағын əлдекімнің халқым бағып.
(Ашулы күннің көзі жалқынданып)
Оянған өлең ғана шырыл қағып,
Бағзыдан бір үн қалып.
Ескіден қалған сүрлеу бізге мұра,
Жыр жаздық, жазбасақ та, ырымдадық.
ХАЛҚЫҢДЫ СҮЙ, ҚҰЛЫНШАҚ!
Қария қалды,
Қарғашым деді,
Арманың неткен биік деп,
Қаусаңдап келіп қапсыра құшты сүйіп көп.
Содан да бері,
Қаншама сапар шектік біз,
Қураған мола,
Құба дөң,
Басымды тұрмын иіп кеп.

222
223
Иманы кəміл,
Қарттарым,
Туған ел еді көрмегі,
Заңғарларым-ай қайтейін заманның болған ермегі.
Мойынға құрық ілдірмей,
Жер асып шалғай,
Тарпындың,
Құрсаған оттың құшағы бостандық бірақ бермеді.
Ақ батаң қалды есімде,
Атажұрт шалғай,
Көңіл дерт,
Бала едік балғын, сəби ек, ер жеттік жүрек егілмек.
Ауылдың іші абыздар,
Сағыныш толы,
Сары мұң,
Əкеммен бастас шалдарым дұға ғып келдім Сені іздеп.
Қағида көрген қарттарым,
Халалдан сөйлеп,
Шын жылап,
Сарқылды қанша жат жерде, сағадан өліп мың бұлақ.
Жалғанға біздер өгейміз,
Не дейміз,
Басқа, не дейміз,
Шідерлі шалыс тұсаумен бір тұрып келем, бір құлап.
Көріп те тұрып көрмедім,
Естіп те тұрып,
Естімей,
Жүректі кетті жазықсыз жан алғыш сөздер кескілей.
Қаншама «дүрлер»
Ұрынды,
Сақалы менен су жағып, мүйізбен түрткен ешкідей.
Молаңа келдім,
Түнедім,
Ауылдың қарты Абызым!
Түн ауды салып таң ізін.
Анаммен бастас ақ жаулық,
Аналар жатыр,
Ақ уыз,
Өмірден мынау өткенше өлең қып кету парызым.
Солай да,
Солай,
Соқпақ жол,
Созылған сіңір Шерліміз!
Қол жайып бата бермекпіз, құлыншақтарға енді біз.
Жалаң да қылыш
Жау менен
Айқасқан арыстандарым –
Төлежіп шетте төбе боп, жастанып жатыр жерді құз.
...Қанағат барға қыларсың, бата бермекпіз, енді Біз!
Құлыншақ қайда!?..
Құлыншақ!
Арманшыл, қане, қайсың бар, шалқыған отқа жылынсақ.
Дəуірдің сыйы
Қаншалық,
Заманның тілі не деп тұр?..
Күн менен түндей ауысар, бола да бермес ғұмыр шат.
...Қазақты қазақ құшақтап, ақ тілектерден жылынсақ.
Халқыңды сүй, Құлыншақ!!!
ҚАНЫШ
1
Шекелігі –
Таудың бұжыр тасындай,
Ақ маңдайы – алапат бір құрлықтан, бізге жеткен асылдай.
Əр сөзінде:
Заман тулап,
Жер қайысып ыңырсып,
1
 Сəтбаев Қаныш Имантайұлы.

224
225
Өтті ғұмыр, ұлтқа ұран боп жасындай.
Біздің Қаныш!..
Қаныш енді,
Біздікі!..
Алтын əдіп, күміс оқа жан еді, ердің қымбат қасындай.
Қазиналы,
Қара жердің,
Бағбаны,
Жалғыз өзі жарқыраған ғасырдай.
Тау тұлғасы,
Ерен екен
Есіл ер,
Қалай жатыр жанартау боп атылмай!?..
Міне, Қазақ!
Біздің халық,
Біздің ұл!
Өзің жайлы көңілде көп жүрді жыр.
Жан Алланың
Бізге берген
Бақыты,
Тек мақтансын, мақтай білсін, құлды құл!
Əр тал шашы,
Ер Қаныштың,
Елдікі,
Болмысына салып алған қазағын,
Күн секілді жарқырайды, өзі тартып азабын.
Сен Қаныштай ұлды тудың
Ер Алаш,
Алтын құрсақ – қазағым, қазағым!
Қаныш Атам!..
Ұлтың үшін қара таспен тілдестің!
Білдің бəрін, білместің.
Жаудың көзін
Жақұтпенен байладың,
Заман салса зауал кешіп жүрмес кім?!
Дүниеге
Қазақ барын ұқтырып,
Біліміңмен мыңды жықтың тік тұрып.
Аз халықтың
Қаныш тектес ұлдарын,
Жаным Алла, жарата гөр мықты қып!?..
...Есіміңді
Тағып өстім жүрекке,
Қыдыр баққан құт біліп.
АҚ ТӨР
Мынау мінбер əркім мінген ат сынды,
Кімді, сірə, жатсынды.
Талай шешен шер-қалтасын арқалап,
Төрге шықты, ақыл айтты тапсынды.
Мынау мінбер нысанасы елдіктің,
Барлық жанға жол бересің, сендік мін.
Тұғырына айналатын күн бар ма,
Ерлік пенен Елдіктің!
Мынау мінбер біздің асыл ұлттан-ды,
Шығармашы құлдар менен құтпанды.
Осында əкеп түнетсең де өзің біл,
Ұлттың жанын ұққан-ды.
Қыдыр баққан төр киесі сүттен-ді,
Төр иесін күткен-ді.
Ауыздының бəрі шықпақ төріме,
Əдеп-иман, ар-намысым үптелді.
Ауыздының бəрі бірдей адам ба!?
Сөз не керек наданға.
Адал сөздің алқымында көп пышақ,
Ал құшақтар жайылады жаманға.
Мінберіңді, ақ төріңді бастырма,
Жаудың жағын аштырма!

226
227
Өгей ауыз өлтіреді сөз берсең,
Жақтыр, мейлі, бұл сөзімді жақтырма!
...Ақ төріңді бастырма!
* * *
Сен тұрған жер күннің шығар тұсындай,
Сегіз жұмақ құсындай.
Қандай жанның алақаны өзіңді,
Ұстап жүрген ұшырмай.
Сен тұрған жер бақшасындай бар гүлдің,
Алғысымды ал құрбым.
Қарашығым ішіп алды жүзіңді,
Жүрегіме елесіңді қалдырдың.
Сен тұрған жер кіндігіндей бақыттың,
Сұлуларға ғашықпын.
Сен бар жердің барлығында жанартау,
Жалынына күймек болып асықтым.
* * *
Шөгермесін киіп алған бөктер-қыр,
Жанарымнан өпкен нұр.
Осы бір жыр шықпай қойды кеудемнен,
Қырды аңсап көптен жүр.
Сағынады сары құмды, ақ сорды,
Шемен болды, шерлі жырым тас болды.
Мен барып ем бөктерлерім бөледі,
Əлдиледі екі көзі жас болды.
Жылап тұрды өз құлынын таныды,
Іздейтұғын бар ұлы.
Мен өзіңді іздеп өтем жалғаннан,
Екі көздің жабылғанша жарығы.
* * *
Көк аспанның айтары бар толғатпақ,
Қара бұлт боп қабағына сор қатпақ.
Жұлдыз түйме, күннен шашбау тағатын,
Енді, міне, айдан сайғақ орнатпақ.
Сайғақ қылып айды тағып жастанып,
Оның сырын, таудан сұра, тастан ұқ.
Аспан көшіп бара жатыр алыстап,
Бір құпия асығыстық басталып.
Аспан көшіп бара жатыр тарылып,
Кеңдігінен, өрлігінен жаңылып.
Соның бəрін жатыр айтып сыр қылып,
Бізден басқа мақұлықтың бəрі ұғып.
* * *
Ақылдырақ болшы дейсің жан ағам,
Ескіліктен іздеп тұрмын жаңа мəн.
Осы қырат, осы белдеу, таз төбе,
Дəл осылай бабам жұлдыз санаған.
Үркер көрген, құс жолымен аяңдап
Бізге кеткен баяндап.
Есі кеткен ұрпағы тұр мінеки,
Таз төбеде иекке қол таянбақ.
Таз төбеге талай шығып ойландым,
Ойлай-ойлай ойлауды да қойғанмын.
Таң да қиял, күндіз ұйқы, кеш те мұң,
Өзгермейтін қу тірлікке тойғанмын.
...Ойланғым келмейді,
Ойланғым!

228
229
* * *
Не табасың ақ парақтан жан кештім,
Өлең тыңда, жанарыңнан əн көшсін.
Не бермегі бар дейсіңіз ұрпаққа,
Мəңгі жады, мəңгі естің.
Адамзаттың жалғыз соғыс жадында,
Ақ парақтан қайғы жұтып қағынба!?
Бекіредей бел шешпексің ғылымға,
Қарсы жүзіп ағынға.
Жан кештілеу сапарыңның нұрлысын,
Ардың ісі азапшыл ғой, біл құсым!?
Бар, бара ғой, бата бердім аттанғын,
Неде болса аттанғалы тұрмысың?!
Мұхит кешіп бара жатсың қайықсыз,
Алақанын берді бата жайып құз.
Сен құрбандық біздер тойдың иесі,
Тойсыз мұңды, ал ғылымсыз майыппыз!
* * *
Есігімнен қыдыр қарап көлбеді,
Іздеп келдім мен деді.
Кел, келе ғой, бақытымның бұлағы,
Аңқам кепті, шөлдеді.
Маңдайымнан нұр боп келіп аймала,
Тəңір қолдап жүріп келем қайда да.
Қыдыр Бабам өлеңімнің парағын,
Орап алып кетті күліп жəй ғана.
Біздің жырда қыдыр да бар, қыр да бар,
Сыны кетсе, сырлап ал.
Əлəй қазақ əз дəмінен мастанар,
Біздің жанда балдан тəтті жылға бар.
Ат арытқам, тон тоздырғам, ел көргем,
Басылған жоқ дос-дұшпаннан өр кеудем.
Əр Қазақтың жүрегінде Мен бармын,
Менің жаным тумай тұрып Сендермен!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет