Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту. Қазақ хандығының негізін қалаушылар



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата24.04.2022
өлшемі0,85 Mb.
#32090
түріБағдарламасы
  1   2


Автор: Байсаматова Бахыт Мырзабековна

Пән: Математика

Сынып: 3-сынып

Бөлім: Жазбаша көбейту және бөлу

Тақырып: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту. Қазақ хандығының негізін қалаушылар.

Оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтемеу):

3.1.2.10 мынадай жағдайларда 23*2 ,46:2 екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін

қолданады. Бірқатар оқушылар: 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді

алгоритммен сәйкестендіруге түсінік береді.

Кейбір оқушылар: 23∙2 жағдайында екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді түсіндіре

алады.  


Тілдік мақсаттар:

Оқушылар: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін

түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлудің жазбаша тәсілдері. Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Талқылау: Екі таңбалы

санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазу ыңғайлы. Бірліктерді бірлікке көбейтіп,

бірліктердің астына жазады. Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады. Екі

таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазыңдар, мүмкіндіктер тармағын

құрастыру.   

Күтілетін нәтиже:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейте білу және бөле білу. Қазақ хандығның негізін қалаған

хандар жөнінде мәлімет алуын күтеміз. 

Бағалау критерийлері:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу. Сөз есептерді көбейту мен бөлу

амалын қолданып орындай алу.

Құндылықтарды

дарыту:


Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың заңдарымен таныстыру арқылы ел заңына құрметпен

қарауға тәрбиелеу.Заңның бұрыңғы ғасырда пайда болғандығын түсіндіру.

АКТ-ны қолдану

дағдылары:

Интерактивті тақта. Бейнежазба. Хандарға байланысты

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, тарих

Бастапқы білім:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет