Екінші апта бірінші күН Өзара əрекеттестік үдерісін қадағалау



жүктеу 3.71 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата31.03.2017
өлшемі3.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылған əдебиет 
Dweck, C. (2000) Self-theories: Their role in motivation, personality and development 
[Өзіндік  қабылдау  теориясы:  ынталандыру,  даралау  жəне  дамытудағы  оның  рөлі]. 
Philadelphia: Taylor and Francis. 
 
1-қосымша.  К. Двек  құрастырған сауалнама 
Ақыл-ой  қабілеттері  шектеулі 
болып 
табыла 
ма? 
Сіз 
мұнымен  келісесіз  бе?  Бір 
пікірді таңдаңыз.     
Толық 
келісемін  
Келісемін   Келіспеймін  Үзілді-
кесілді 
келіспеймін 
Сізде 
белгілі 
бір 
ақыл-ой 
қабілеттерінің қоры бар жəне сіз 
оны түбегейлі өзгерте алмайсыз. 
 
 
 
 
Сіздің ақыл-ой қабілеттеріңіз өте 
қарапайым 
жəне 
сіз 
оны 
түбегейлі өзгерте алмайсыз. 
 
 
 
 
Сіз  бір  жаңа  нəрсені  зерделей 
аласыз, алайда сіз өзіңіздің ақыл-
ой 
қабілеттеріңізді 
өзгерте 
алмайсыз. 
 
 
 
 
Сіздің  ақыл-ой  қабілеттеріңіздің 
деңгейі  маңызды  емес,  сіз  кез 
келген  уақытта  оны  аздап 
өзгерте аласыз.    
 
 
 
 
Сіз 
өзіңіздің 
ақыл-ой 
қабілеттеріңізді  едəуір  өзгерте 
аласыз 
 
 
 
 
Жеке 
қасиеттер. 
Біреуін 
таңдаңыз.  
Толық  
келісемін  
Келісемін   Келіспеймін  Үзілді-
кесілді 
келіспеймін 
Сіз  өте  мейірімді  адамсыз  жəне 
мұны  айтарлықтай  өзгертуіңіз 
екіталай.  
 
 
 
 
Сіздің  қаншалықты  мейірімді 
адам  екеніңіз  маңызды  емес,  сіз 
кез келген уақытта едəуір өзгере 
аласыз.  
 
 
 
 
Сіз  нəрселерді  басқаша  жасай 
аласыз,  бірақ  жеке  тұлғаңыздың 
маңызды  бөліктерінің  өзгеруі 
мүмкін емес.  
 
 
 
 
Сіз 
өз 
мінезіңіздің 
негізгі 
белгілерін  кез  келген  уақытта 
өзгерте аласыз. 
 
 
 
 
 
 

Issue 1 
Date: 14/12/2011 
Тіл үйренуде стратегияларды қолдану 
 
Оқушылар  тіл    үйренуде  белгілі  бір  стратегияларды  қолданғанда  жоғары 
нəтижеге қол жеткізеді. Кейбір зерттеушілер (Рубин, 1975; О’Малли жəне Чамот, 1985; 
Макаро, 2006; Оксфорд, 2011) бұндай  стратегияларды  оқудың  тамаша  құралы  деп 
санайды. 
Жалпы  алғанда,  стратегиялар  оқушыға  тіл  үйренуде  тиімділікті  қамтамасыз 
ететін,  яғни  ақпаратты  оқуға,  табуға,  сақтауға  жəне  пайдалануға  көмектесетін 
əрекеттер  жиынтығы.  Стратегияны  осы  тұрғыдан    қарастыру  оны  стратегиялардың 
басқа  түрлерінен,  атап  айтқанда  қарым-қатынас  стратегиясынан  айыруға  мүмкіндік 
береді. 
1985 жылы  О’Малли оқудың  үш стратегиясын атап  көрсетеді:  
  метатанымдық,  
  танымдық; 
  əлеуметтік.  
Метатанымдық  стратегиялар  жоспарлау,  мониторинг  жəне  оқу  жетістіктерін 
бағалаумен байланысты. 
Танымдық стратегиялар тікелей алатын ақпаратпен байланысты, ал  əлеуметтік 
стратегиялар  қоршаған  адамдармен  жұмыс  жүргізуді  жəне    өзін-өзі  бақылауды  
көздейді. 
Кейбір ғалымдар (Гриффис, 1985) стратегияның өзіндік  6 ерекшеліктерін бөліп  
көрсетеді: 
-  белсенділік – оқушының  жасайтын  əрекеті,  оның  ақыл-ой  қабілеттілігі  жəне 
физикалық мінез-құлқы. 
саналылық
таңдаушылық – оқу стратегиясын ақылмен таңдай білу; 
мақсатқа бағытталғандық
бақылау – оқушы оқу үдерісін бақылайды жəне реттейді; 
тілді оқу – алған білімдерін іс жүзінде қолдануға балама ретінде. 
Стратегиялармен  жұмыс  сонымен  қатар  оқушыларға  оқуда  көмектесетін 
түсінікті,  таныс  жұмыстарды  қамтиды,  оқу  тиімділігін  арттыруға  бағытталған 
стратегия туралы  оқушылардың  білімдерін кеңейтеді. 
Алайда,  оқушыларға  тіл  үйрену  стратегияларын  қолдану  туралы  еске  салып 
отыру керек. Егер сiз бұны тек қана бiр сабақта iстесеңiз, онда оқушылардың көпшiлiгi 
бұл туралы ұмытып кетеді, тек бір-екеуі ғана есте сақтап, сабақта қолданады. 
Бұдан  əрi  тыңдау,  оқу,  жазу,  айту  жəне  жаңа  лексикалық  бiрлiктердi  зерделеу 
дағдылары  кезек-кезек  қаралатын  болады.  Бірақ  стратегиялар  қатары  аталғандармен 
шектелмейді. Мүмкiн, сiз  жəне сiздiң оқушыларыңыз  бұл тiзiмді толықтырарсыздар. 
 
Griffths, C. (2008).  Lessons from Good Language Learners. Cambridge: CUP. 
Macaro, E. (2006). Strategies for language learning and for language use: Revising the 
theoretical framework. The Modern Language Journal, 90/3, 320-337.  
O’Malley, J. M., Chamot, A., Stewner-Manzanares, G., Kupper, L. & Russo, R. (1985). 
Learning strategies used by beginning and intermediate ESL students. Language Learning
35/1, 21-46.  
Oxford, R. (2011). Teaching and Researching Language Learning Strategies. Pearson 
Longman.  
Rubin, J. (1975). What the ‘good language learner’ can teach us. TESOL Quarterly, 9/1, 41-
51. 
 

Issue 1 
Date: 14/12/2011 
Оқылымға байланысты стратегиялар 
Оқудың алдында мен… 
- орындайтын тапсырмаларды түсінетіндігімді тексере аламын; 
-мəтіннің  /суреттердің/  кестелердің/  сызбалардың  аттарымен  жəне  тағы  басқа 
сілтемелермен таныса аламын;  
- осы мəтінде пайдаланылуы мүмкін сөздерді ойластыра аламын; 
- өзім игерген энциклопедиялық бiлiмдерді қолдана аламын (мəтіннің мазмұнын алдын 
ала болжау, т.б.). 
Оқып отырғанда мен… 
-мəтіннің түрін анықтай аламын (тарих, жаңалық жəне т.б.); 
- мəтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын; 
- мəтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (нысаналы аудитория); 
- автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету,суреттеу); 
- егер мəтiннiң жеке бiр бөлiктерiн түсiнбесем, үрейленбеймін, бұл қалыпты жағдай; 
-таныс  сөз бен сөз тіркестерін таба аламын; 
- атаулар мен аттарға, тыныс белгілерінің қолданылуына көңіл бөлемін; 
-таныс емес сөздерді елемей қалдыра аламын; 
-грамматикалық құрылымдардың (шақ, сөздердiң орны) байланысын орната аламын; 
- логиканы пайдалана аламын. 
Оқығаннан кейін мен…  
- нəтижені талдап, ненің сəтті шыққанын анықтай аламын; 
- оларды сөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп 
жаза аламын; 
- пайдаланылған стратегияларды талдай аламын; 
- анағұрлым тиімді стратегияларды сыныппен талдай аламын. 
 
Оқылымға арналған тапсырмалар: 
1. Біз қандай стратегияларды пайдаланамыз? 
Мұғалім  тапсырма  береді.  Орындап  болғаннан  кейін,  оқушылар  барлық 
пайдаланған  стратегияларды  айтып  шығады.  Стратегияның  қайсысы  ең  тиімді 
болғанын  анықтау  мақсатында  оларды  жоғарыда  айтылған  стратегиялармен 
салыстырады. Мəтінді оқу кезінде бірнеше жаңа стратегияларды сынайды. 
 
2. Топта оқу 
Сабаққа  дайындалудың  алдында  мұғалім  көлемі  үлкен  мəтінді  алып,  оны 
параграфтарға  бөледі.  Сыныпты  топтарға  бөліп,  əр  топқа  бір-бір  параграфтан  береді. 
Оқушылар  мəтінмен  жұмыс  жасау  стратегияларын  пайдалана    отырып,  өз  мəтіндерін  
өңдеулері керек, сондай-ақ мəтінді аудармай, оның негізгі мағынасын беру керек.  
Пайдаланған стратегиялар туралы талқылаған кезде оқушылар мейлінше тиімді 
стратегиялар бойынша қорытынды шығарады. Əр топ  өз тізімін жасайды. 
 
3.Мұғалімнің үлгісі 
«Дауыстап айтылатын ой» стратегиясы 
Аталған  стратегияны  пайдалана  отырып,  мұғалім  оның  мəтінмен  қалай  жұмыс 
істейтінін (өзінің ойлау логикасын) көрсетеді.  
Мəтiнді  проектор  арқылы  шығарған  кезде  оқушыларға  мəтінмен  жұмыс  істеу 
стратегиясын түсіндіру қажет. Өзіңіздің болжамды іс-əрекеттеріңізге түсініктеме бере 
отырып, дауыстап сұрақ қойыңыз: 
«Мен ең алдымен  не істер едім? Мəтіннің не туралы екенін түсіну үшін мен  
суреттерге қарар едім. Мен қаланың орталығын, көп кiсiлердi көріп тұрмын. Мəтінде 

Issue 1 
Date: 14/12/2011 
сандар,  статистикалық  мағлұматтар  көп  екен.  Маған  бұл  мақала  қаладағы  өмір 
туралы жаңалықтардан алынған сияқты жəне т.б.» 
Маңызды ақпаратты көрсету үшін, маркер пайдаланыңыз.  
 
Тыңдалымға байланысты  стратегиялар 
Тыңдардың алдында мен… 
- орындайтын тапсырмаларды түсінетіндігімді тексере аламын; 
-мəтіннің  /суреттердің/  кестелердің/  сызбалардың  аттарымен  жəне  тағы  басқа 
сілтемелермен таныса аламын;  
- осы мəтін бойынша тапсырмада пайдаланылуы мүмкін сөздерді ойластыра аламын; 
- өзім игерген энциклопедиялық бiлiмдерді қолдана аламын (мəтіннің мазмұнын алдын 
ала болжау, т.б.). 
Тыңдап  тұрғанда мен… 
- мəтіннің түрін анықтай аламын (əңгіме, жаңалық  жəне т.б.); 
- артында шығатын дыбыстарға (шу жəне т.б.) көңіл бөле аламын; 
-үзіндіде  не туралы талқыланатынын түсінуге тырысамын; 
- əңгімеге қатысушылардың даусы, үні, интонациясы туралы ойлай аламын; 
- егер мəтiннiң жеке бiр бөлiктерiн түсiнбесем, үрейленбеймін, бұл қалыпты жағдай; 
-таныс  сөз бен сөз тіркестерін таба аламын; 
- атаулар мен аттарға көңіл бөлемін; 
-оларды ішімнен бірнеше рет қайталап, таныс емес сөздерді жаттай аламын; 
-сөйлеу ағынын мəнді бірліктерге бөлуге тырысамын; 
- түсініксіз үзінділерді жазып аламын, логикалық жүйелі дұрыс сөйлем құра аламын; 
-грамматикалық  құрылымдардағы  (шақ,  сөздердiң  орны)  байланысқа  көңіл  аудара 
аламын. 
Тыңдағаннан кейін… 
- ненің сəтті шыққанын анықтай аламын; 
- пайдаланылған стратегияларды талдай аламын. 
Тыңдалымға арналған тапсырмалар: 
«Оқу» бөлімінде жазылған кейбір тапсырмаларды тыңдау кезінде де қолдануға 
болады. 
1. Біз қандай стратегияларды пайдаланамыз? 
Мұғалім  тапсырма  береді.  Орындап  болғаннан  кейін,  оқушылар  барлық 
пайдаланған  стратегияларды  айтып  шығады.  Стратегияның  қайсысы  ең  тиімді 
болғанын  анықтау  мақсатында  оларды  жоғарыда  айтылған  стратегиялармен 
салыстырады. Мəтінді оқу кезінде бірнеше жаңа стратегияларды сынайды. 
2. Мұғалімнің үлгісі 
«Дауыстап айтылатын ой» стратегиясы 
Аталған стратегияны пайдалана отырып, мұғалім оның мəтінді тыңдаған кезде 
қалай  жұмыс  істейтінін  (өзінің  ойлау  логикасын)  көрсетеді.  Өзіңіздің  болжамды  іс-
əрекеттеріңізге түсініктеме бере отырып, дауыстап сұрақ қойыңыз: 
«Мен ең алдымен не істер едім? Мен аттарға, атауларға, тірек сөздерге көңіл 
бөле отырып, мəтіннің негізгі идеясын ұғуға тырысар едім. Ал енді мен…» 
Енді  қиын  жағдайларды  талқылау  үшін  оқушыларға  тейпскрипт  таратуға 
болады.  
Тыңдау алдында оқушыларға ылғи стратегияларды пайдалануды ескертіп отыру 
керек. 
 
Жазылымға арналған стратегиялар 
Жазар  алдында мен …  

Issue 1 
Date: 14/12/2011 
- менің орындайтын тапсырмаларды түсінетінімді тексере аламын; 
- жазуда пайдалануға болатын идеяларды жазып ала аламын; 
-өз идеям мен ойларымды білдіру үшін қажетті жоспар əзірлей аламын; 
-  жазу  кезінде  қолдануға  болатын  грамматикалық  құрылымдарды  (шақ,  шылаулар, 
үстеулер, сын есімдер) ойластыра аламын. 
Жазып отырғанда мен… 
- сөздікті пайдалана аламын; 
- синонимдерді келтіре аламын; 
- жазылып қойылған сөйлемдерге қайта оралып, оларды тексере аламын; 
-жұмыстың  шимай  нұсқасын  жазып,  оны  түзете аламын. 
Жазып болғаннан кейін мен… 
-  жазған  шығармамды  дауыстап  оқып  шыға  аламын    (оның  қалай  естілетінін  талдай 
аламын); 
-грамматикалық  құрылымдардың  дұрыс  қолданылуын  (шақ,  бастауыш  пен 
баяндауыштың  үйлесімі, сауаттылығы  жəне т.б.) тексере аламын: 
-шығармаға  тағы  қандай  əдемі  сөздер  мен  сөз  тіркесін  қосқым  келетінін  ойластыра 
аламын; 
-қажет болса, жұмысқа өзгерістер енгізе аламын; 
-жоғарыда айтылған кезеңдерді бірнеше күннен кейін іске асыра аламын. 
 
Жазылымға  арналған  тапсырмалар: 
1.  Бірлесіп  жоспарлау 
Мұғалім оқушыларға ұсынылған тақырып бойынша идеяларды, ойларды, тірек 
сөздерді    жəне  құрылымдарды    жазу  туралы  немесе  оны  кейіннен  талқылап,  бағалау 
үшін шығарма жазу туралы алдын ала тапсырма береді. 
2.  Мұғалім  тапсырмаларды    құрастырады    жəне    оларды    бүкіл  сыныппен  
бірлесіп орындайды. 
Мұғалім  алдын  ала  əзірлеген  тапсырма  бойынша  оқушылар  шығарма 
тақырыбын барынша толық пысықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды орындауға 
тиіс болады: 
- ұсынылған тақырып бойынша эскиз жасау; 
-шығарманың  тақырыбына  байланысты тірек сөздерді теріп  жазу; 
-негізгі  грамматикалық  құрылымдарды  (шылаулар  жəне  т.б.)  жəне  жақсы  жазбаша 
жұмыста болуға тиісті басқа элементтерді талдау. 
Талқылау  барысында  ұсынылған  барлық  идеялар  тақтаға  жазылады,  мұғалім 
жоғарыда айтылған идеяларды ескере отырып,  сыныппен бірлесіп шығарманы тақтаға 
жаза бастайды. Мұғалім мезгіл-мезгіл стратегияларға  қайта орала отырып,  шығарма 
жазуға оқушыларды да қатыстыра  алады. 
 
Айтылымға арналған стратегиялар 
Сөйлер алдында мен… 
-дыбыс/ бейнежазбаны тыңдап/ қарап, дикторлардың  сөйлеу мəнеріне еліктей отыра, 
сөз сөйлеп, дауыс ырғағын тексере аламын; 
-мен сөйлесетін адам туралы ойлай аламын. Ол сөйлеудің қандай стилін пайдаланады 
(ресми, ауызекі сөйлеу); əңгіме барысында біз қандай тақырыптарды талқылаймыз, ол 
үшін маған қандай сөздер мен сөз тіркестері қажет болады; 
-барлығы  жақсы болатынына өз-өзімді сендіре аламын. 
Сөйлеу барысында мен…  
-қарапайым  сөз  тіркестерін  қолдана аламын; 
- сөйлеушінің айтқан сөзін басқаша жеткізе аламын; 

Issue 1 
Date: 14/12/2011 
- дұрыс екендігіне сенімім жоқ пікірлерден аулақ  бола аламын; 
- синонимдерін қолдана аламын («свитер» - «пуловер», т.б.); 
- көп мағыналы сөздерді қолдана аламын («зат», «нəрсе», т.б.); 
- антонимдерді  пайдалана аламын («жақын» - «алыс», т.б.); 
-  жанымдағы  адамнан  көмек  сұрай  аламын («Бұл  ағылшынша  қалай  айтылады?», 
«Бұны қалай атар едіңіз?», т.б.) 
-«ммм», «мен  не  айтайын  деп  едім?», «білесіз  бе»  сияқты  одағайлар,  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін пайдалана аламын; 
-мүмкіндік  болса,  дайындық  жасап,  өз  сөзімді  жазамын  жəне/немесе  қайтадан  жаза 
аламын; 
- толқуымды басу үшін мəтінді дауыстап (өзіммен өзім) айта аламын. «Бəрі өте жақсы 
болады», «Менің    акцентім  өте  жақсы», «Сөйлеуіме көңіл  бөлу  керек», «Күлімде,  əрі 
асықпа» деген сияқтыларды айтып, өз-өзімді  тыныштандыра аламын. 
- «Барлығы жақсы дыбысталып тұр ма?» деп өз-өзімнен сұрай аламын. 
Сөйлегеннен кейін мен…  
-сөйлескен адамымның  пікірін  сұрай аламын; 
- жаңа сөздер мен ұғымдарды  теріп жазып, іштей  айтып, қайталай аламын. 
 
Айтылымға арналған тапсырмалар: 
Оқушыларға сыныпта орындау үшін айтылымға қатысты тапсырмалар беріледі: 
1. жұмыс жоспарын құру; 
2. өздерінің сөйлейтін сөздерін (mp3)  жазу; 
3. жұмыс барысында қолданылған  стратегияларды  атап  өтіп, қорытынды жасау; 
4. орындалған жұмысты басқа оқушылармен талқылау. 
5.  оқушылар    қолданған  стратегияларды  белгілейтін    сызба  құрастыру  (жоғарыға 
қараңыз).  
6. өздері сөйлеген сөздерін тыңдап, жақсартуға болатын жерлерін атап көрсету.  
7. айтылымға бағытталған тағы бір тапсырма орындау.  
8. стратегияларды пайдалану туралы шағын талдау жазу.  
Талдау  аяқталғаннан  кейін  келесі  жолы  қолданылатын  стратегияларды  таңдап  алу 
қажет.  
 
Жаңа лексикалық бірліктерді оқуға бағытталған стратегиялар 
-жаңа  сөздерді  бұрын  үйренген  сөздермен  байланыстырып,  оларды  жүйелеп  жазып 
отырыңыз; 
Сөйлеуге  
бағытталған 
стратегиялар  
1 тапсырма: 
ауа райының 
өзгеруін 
талқылаңыз 
14/2/12 
2 тапсырма : 
Шылым тартудың 
мəселесін 
талқылаңыз 
2/3/12 
3 тапсырма:  
жоғары білім туралы 
сөйлесу 
25/3/12 
Сол  тіл  өкілдерін 
тыңдау 
жəне 
сөйлегенін  келтіру 
арқылы 
дыбыстарды  дұрыс 
айтуды пысықтау  
 
 
√ 
 
√ 
Сөйлеуде 
антонимдерді 
қолдану 
 
 
 
 

Issue 1 
Date: 14/12/2011 
-сөздерді жақсы есте сақтау үшін суреттер пайдаланыңыз; 
-сөздердің  қолданылуы мүмкін жағдайларға байланысты есте сақтауға тырысыңыз; 
-сөздерді  санат  бойынша топтаңыз; 
-«қара-жап-айт-жаз-тексер» техникасын қолданыңыз; 
1. сөзге қараңыз 
2. оны жауып тастаңыз 
3. оны ауызша айтып шығыңыз 
4. оны есте сақтауыңыз бойынша жазыңыз 
5. жазғаныңызды тексеріңіз 
6. егер қате жіберсеңіз, жоғарыда жазылған тізім бойынша қайталаңыз; 
-сөздерді есте жақсы сақтау үшін, үнемі қайталап отырыңыз; 
-сөздерді  mp3  жазып, оларды бос уақытыңызда тыңдап отырыңыз; 
-жаңа сөздердің тізімін жасап, оларды ылғи  өзіңізбен алып жүріңіз, бос уақытыңызда 
қайталап отырыңыз; 
-сізді біреу жүйелі тексеріп тұруын өтініңіз; 
-мнемотехника  мен  ұйқасты  ойластырыңыз; 
-жаңа сөздермен ойын ойлап табыңыз; 
-жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз. 
Жаңа сөздерді есте сақтау үшін пайдаланатын тапсырмалар: 
1. жаңа сөздерді үйде оқып келуге тапсырма беріңіз ; 
2. келесі сабақта оқушылардан осы тапсырманы қалай орындағандарын  сұраңыз; 
3. пайдаланған стратегиялардың тізімін жасау; 
4.  оқушылар  жаңа  сөздермен  жұмыс  жасауда  пайдаланғысы  келетін  стратегияларды 
таңдау, оларды қолдану жəне тиімділігін талдау; 
5. басқа стратегияларды іздестіріп, жоғарыда көрсетілген кестеге қосу. 
6. Төменде келтірілген кестені толтыруға болады. 
 
 
 
 
Сөйлеу 
стратегиялары 
Қолданылды: 
14/2/12 
Қолданылды: 
2/3/12 
Қолданылды 
25/3/12 
 «Қара-жап-айт-жаз-
тексер» стратегиясы 
 
 
√ 
 
√ 
Басқа 
стратегиялар 
(оқушыларға  өздерінің 
оқу 
стратегияларын 
қосуға  мүмкіндік  беру 
керек) 
 
 
 

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ДРАМА 
Драманы  (сахналау,  рөлдік  ойын)  таңдаған  жағдайда  оның  мазмұны,  сахналық 
шарттылықтар,  өткізу  нысаны  ескеріледі,  бұлар  пəндік  салада  кең  ауқымды  жұмыстар 
жүргізуге көмектеседі. 
Драмаға  жүгіну  сауаттылықтың  дамуына  ғана  емес,  сонымен  қатар  жеке  тұлға, 
тұлғааралық  қарым-қатынас  психологиясының,  этиканың,  мінез-құлық  мəдениетінің 
дамуына, үздік моральдық қасиеттердің  қалыптасуына ықпал етеді. 
Педагогикалық құрал ретінде драма эстетикалық өзара əрекеттесу арқылы іске 
асырылады,  ол  «ұғым  арқылы  емес,  сезімдік  тəжірибенің  құрылымдық  элементтерін 
қабылдау, ...өз  қызметін  сенім  мен  түйсіну  арқылы  жүзеге  асыратын  адамға  тəн 
эстетикалық  қабылдау  арқылы  əрекет  ететін  зияттың  көрінісі  болып  табылады; 
мəселен, зияттың логикалық тұжырым сияқты басқа түрлерімен салыстыруға келетін 
түрлерінің бірі болып табылады» (Abbs; 1989). 
Драма ағылшын тiлiн эксперименталды оқытудың  
педагогикалық амалы ретінде 
Ағылшын тiлi сабағындағы драма: 
Бұл  блок 5 тараудан  тұрады  жəне  мұғалімдерді  драманы  сауаттылық  деңгейін 
көтеруге арналған педагогикалық құрал ретінде қалай қолдануға болатындығымен 
таныстырады.  Жоспар  демократиялық  оқыту  жəне  оқу  қағидаттарына  негізделіп, 
бірқатар негізгі ұғымдарды қамтиды.  
Мысалы, оқу тиімді болу үшін ол: 
 Эксперименталды  жəне тəжірибеде жүзеге асырылуға тиіс;
 Қоғамдық қажеттіліктермен үйлесімді;
 Белсенді болуы керек;
 Тілектестік, түсіністік пен сенімге негізделеді.
Зерделеуге арналған сұрақтар 
Драманы талдай, зерделей отырып, оқушылар нені үйрене алады? 

Адамның мiнез-құлқы мен ол өмір сүретін əлемді түсiну;

Ойлар мен сезiмдер өзгере отырып қалай дамитынын түсіну;

Мəдени дискурс (тілдік тəжірибе) қарым-қатынастың тиiмдi құралы
екендігін түйсіну. 
Оқушылар драма арқылы  қалай білім алады? 
Форма  пен  мазмұнды  зерделей  отырып,  қажетті  дағдыларды  қалыптастыратын 
тəжірибелік тəсілдер арқылы. 
Драма негiзiнде оқыту оқытудың басқа əдiстерінен  
несімен ерекшеленеді? 
Драманы пайдалану негізінде оқыту басқа тəсілдерден оның өзара əрекеттесу тəсілімен, 
яғни эстетикалық-танымдық жəне эмоциялық өзара əрекеттесумен ерекшеленеді. 
Сіздерге осы курста зерделеуге болатын сұрақтарды ұсынамыз. 
Сұрақтар  Сіз жұмыс істейтін оқушылардың, мектептің жеке қажеттіліктерін жəне 
жағдайларды ескере отырып құрастырылады. 

1. ІС-ƏРЕКЕТТІК ОҚУ 
Біз  бұл  бөлімде  драма  негіздерін  сахналық  ойын  жəне  іс-əрекеттік  оқу  арқылы  жүзеге 
асырылуы тұрғысынан қарастыратын боламыз.  
Əдетте  сахналық  (рөлдік)  ойын  оқудағы  жеке  тəсіл  ретінде  қарастырылмауына 
қарамастан, ол ертеден қолданылатын оқу əдiстерiнiң бiрi болып табылады.  
Ол  сыныпта  орындалатын,  алдын  ала  келісілген  бірқатар  шаралардан  басталады.  Бұл 
жағдайда сенім мен құрмет білдіру қарым-қатынастың бұл сияқты тəсілін іске асырудың 
негізі болмақ. 
 
Ойынның негізгі сипаттамалары: 
- ойын ережесін белгілеу; 
- ойнау; 
- «рөлге ену». 
 
Драма бұл... 
• мəдениет пен əлеуметте болып жатқан негізгі оқиғаларды қамтитын динамикалық іс-
əрекет; 
• топтық іс-əрекет; 
• ойластырылып іске асырылатын іс-əрекет; 
• рөлдер жəне қарым-қатынастардың дамуын зерделеу режімі. 
 
ТЕОРИЯҒА КIРIСПЕ («Іс-əрекеттік оқу» таныстырылымын қара) 
 
ЖАТТЫҒУЛАР 
 
1.  Кіріспе (ынтымақтастық пен сенiм орнату) 
Драманы пайдаланудың бірнеше идеялары ұсынылып отыр. 
 
A.  «Ұқсастықты тап» (бүкіл сыныпқа арналған тапсырма) 
 
Оқушылар 3 минут  ішінде  сыныпта  жүріп  өздерін  таныстырады  жəне  өзіне  ұқсас 
əдеттері  мен  қызығушылығы  бар  адамды  табуға  тырысады.  Олар  лайықты 
кандидатураны тапқанда, барлығына ортақ бір нəрсе бар адамдар жиналған топ құрады 
(сынып жетекшісі де топ мүшесі ретінде бірге қосылады!) 
Каталог: download -> version
version -> Сравнение текстов разных стилей об одном знаменитом человеке
version -> Танок у виконанні Володимира Манжоса
version -> Поздней осенью или зимой на улицах городов появляются стайки то
version -> Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы
version -> Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын
version -> Құрастырғандар
version -> Будьте вежливы всегда Вежливость это умение вести себя так, чтобы
version -> Урок русского языка «сложносочиненные предложения»
version -> «автожол» факультеті


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет