Екінші апта бірінші күН Өзара əрекеттестік үдерісін қадағалау



жүктеу 3.71 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата31.03.2017
өлшемі3.71 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Метатану 
1. Оқушылардың өз жадыларын тиімді пайдалану жəне ұйымдастыруға  тырыса отырып,
мектепте ұшырасатын қиындықтарын талқылаңыз жəне анықтаңыз. Əсіресе, көптеген
пəндерді  ұйымдастыру  мен  сабақтар  арасындағы  уақытты  ұйымдастырудағы
қиыншылықтарға  ерекше  көңіл  аударыңыз;  мысалы,  ағылшын  тілі  сабағы  сейсенбі
күні, одан кейін тек қана жұма күні өтеді.
2. Оқушылардан    жадыны  тиімді    тасымалдау  жəне  білімді  қолдану  үшін  мектептің
сабақ кестесінен қандай қорытынды шығаруға болатынын сұраңыз.
Дағды мен білімді тасымалдау  
 Барлық пəндер бойынша жаңа тақырып берілгенде оқушыларға осы дағды мен білім
саласын естеріне түсіруі маңызды.
 Тілдерде жаңа лексикалық қорды оқу кезінде қайталауды қолдану маңыздылығы мен
дамытуға көңіл аударыңыз.
 Математикада есте сақтау жəне еске түсіру формулаларына мнемониканы енгізіңіз.
 Ағылшын  тілінде  жады  стратегиялары  ақындар  пайдаланатын  əртүрлі  поэтикалық
тəсілдерді есте сақтау оқушыларға көмек көрсету үшін маңызды болып табылады.

ЕКІНШІ
 
АПТА 
ҮШІНШІ-ТӨРТІНШІ
КҮН 

3-5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУЫН 
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ 
Басқа балалармен өз білімімен бөліседі 
Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады 
Өз мүмкіндіктерін біледі 
Назарын бақылай алады жəне алаңдамайды 
Өз тəртібі мен өзгенің тəртібі туралы жəне оның салдары туралы айта 
алады 
Нені қалай жасағаны туралы немесе нені білгені туралы айта алады 
Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі жəне 
көңілін көтереді 
Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады 
Мəселелерді шешуден рахат алады 
Ойластырып таңдау жасайды жəне шешім қабылдайды 
Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды 
Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады 
Тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздейді 
Ересектердің көмегінсіз ақпарат көзін табады 
Тапсырманы қашан əрі қалай орындау қажеттігін талқылайды 
Сұрақ қояды жəне жауап береді 
Алға басуды қадағалайды жəне қажет кезде көмек сұрайды 
Жеке жəне құрдастарымен бірлескен тапсырмаға қатысады 
Бұрын естіген сөзді өз мақсатына пайдаланады  
Құрдастарымен əлеуметтік мəселелерді шеше алады 
Тапсырмалар ұсынады  
 

Issue 1 
Date: 12/12/2011 
ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ МОДЕЛІН НЕГІЗДЕУ 
Эмоциялық 
Танымдық 
Əлеуметтік 
Ынталандырушылық

 
ӨЗ БЕТІНШЕ ОҚУДЫ ДАМЫТУДЫ БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ 
(3-5 жастағы БАЛА)  
Баланың аты ____________________________________________________ 
Мұғалім:        ____________________________________________________
 
Күні                 ____________________________________________________                 
 Мектеп           ____________________________________________________ 
 
Үнемі  Əдетте  Кейде  Ешқашан  Түсініктеме 
Эмоционалды аспект   
 
 
 
 
Өз тəртібі мен оның 
салдары туралы, 
өзгенің тəртібі мен 
оның салдары туралы 
айта алады 
 
 
 
 
 
Жаңа тапсырманы 
сеніммен орындайды 
 
 
 
 
 
Назарын бақылай 
алады жəне 
алаңдататын сəттерге 
қарсы тұра алады 
 
 
 
 
 
Алға басуды 
бақылайды жəне тиісті 
тəсілмен көмек іздейді 
 
 
 
 
 
Қиындықта 
табандылық танытады 
 
 
 
 
 
Əлеуметтік аспект 
 
 
 
 
 
Тапсырманы қашан əрі 
қалай орындау 
керектігін талқылайды 
 
 
 
 
 
Құрдастарымен 
əлеуметтік мəселені 
шеше алады 
 
 
 
 
 
Өздігінен əрекет ете 
алады 
 
 
 
 
 
Тапсырманы дербес не 
құрдастарымен 
 
 
 
 
 

бірлесіп орындайды 
Өзгенің сезімін 
түсінеді, көмектеседі 
жəне көңілін көтереді 
Танымдық аспект 
Өз мүмкіндіктерін 
біледі 
Нені қалай жасағаны 
туралы немесе нені 
үйренгені туралы айта 
алады 
Жоспарланған 
тапсырмалар туралы 
айта алады 
Шешімді негізді 
қабылдай алады жəне 
таңдау жасай алады 
Сұрақ қояды жəне 
жауап береді 
Бұрын зерделенген 
стратегияны 
пайдаланады 
Бұрын естіген сөзді өз 
мақсатына 
пайдаланады 
Ынталандырушылық 
аспект  
Ересектердің 
көмегінсіз ақпарат 
көздерін табады 
Міндеттерді шешудің 
жеке тəсілдерін жасап 
шығарады 
Тапсырманың 
бастамашысы болады 
Өз міндеттері мен 
мақсатын 
жоспарлайды 
Мəселелерді шешкенді 
ұнатады 

 
 
CINDLE өз бетімен оқуды зерттеудің 2-парағы 
 
Іс-шара                                                                 Күні                                            
.
 
Балалар                                                                                                                  
.
  
Зерттеу
 
 
Өзін-өзі реттеудің негіздемесі 
Эмоциялық: 
 
  Өз тəртібі мен өзгенің тəртібі 
туралы жəне оның салдары 
туралы айта алады. 
  Жаңа тапсырманы сеніммен 
орындайды. 
  Назарды бақылай алады жəне 
алаңдататын сəттерге қарсы 
тұра алады. 
  Алға басуды бақылайды жəне 
тиісті тəсілмен көмек іздейді. 
  Қиындықта табандылық 
танытады
.
 
Танымдық: 
 
  Өз мүмкіндігін біледі. 
  Нені қалай жасағаны туралы 
немесе нені үйренгені туралы 
айта алады. 
  Жоспарланған іс-қимыл 
туралы айта алады. 
  Шешімді негізді қабылдай 
алады жəне таңдау жасай 
алады. 
  Сұрақ қояды жəне жауаптар 
ұсынады. 
  Бұрын үйренген стратегияны 
пайдаланады. 
  Бұрын естіген сөзді өз 
мақсатында пайдаланады. 
Əлеуметтік: 
 
  Тапсырманы қашан əрі қалай 
шешуді келіседі. 
  Құрдастарымен əлеуметтік 
мəселені шеше алады. 
  Бірге жəне кезектесіп дербес 
жұмыс істейді. 
  Құрдастарымен бірлескен 
жұмысқа қатысады. 
  Өзін қоршаған адамдардың 
сезімін түсінеді, көмектеседі 
жəне қолдау білдіреді. 
 
Ынталандырушылық: 
 
  Ересектердің көмегінсіз жеке 
ресурстарды табады. 
  Міндеттерді шешудің жеке 
тəсілдерін жасап шығарады. 
  Жаңа іс-əрекеттер ұсынады. 
  Өз міндеттері мен мақсатын 
жоспарлайды. 
  Тапсырманы шешкенді 
ұнатады. 
 

1-
шығарылым 
Күні: 12/12/2011 
«Мектептегі тəжіриб» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. 
Портфолио құру 
5-апта: 1-тапсырма (1 жəне 2-апталармен байланысты):  
Курсқа қатысушылар: 
- 2 баланы зерттеп; 
-  олардың  сыныбы/шарттары  саласында/қызметінде  дəлелденген 
тұжырымдарды  тексеру  (мəселен,  рөлдік  ойын  саласы;  далада;  оқуға  арналған 
бұрыш; өнер саласы; ғылымның практикалық қызметі) мақсатында 3-5 жастағы 
балаларға арналған бақылау парағын пайдалануға тиіс (2-апта, 4-сабақ). 
6-апта: 3-тапсырма (3-аптамен байланысты): 
Курсқа қатысушылар педагогика санатына қарай өзінің жеке сыныбының 
қамтамасыз етілуін жəне күн тəртібін тексеруге тиіс (3-апта: 5-сабақ). 
7 жəне 8-апталар: 4-тапсырма (4-аптамен байланысты): 
«Мектептегі тəжірибе» кезеңінде тыңдаушылар: 
 өз  сыныбында  өзін-өзі  реттеуге  ықпал  етуге  бағытталған  өзгерісті
жоспарлауға жəне жүзеге асыруға;
 ескертпелер,  фотосуреттер,  заттар  немесе  бейнетаспалар  түрінде
оқушының өз бетінше оқу дəлелін жинауға;
 PowerPoint (слайдтар) 
бағдарламасында 
таныстырылым 
немесе
иллюстрациялы  əңгіме  түрінде  топқа  арналған  таныстырылымды
дайындауға;
 жазбаша есеп дайындауға тиіс (2000 сөз).
Таныстырылымды  дайындау  кезінде  өз  жобаңызды  талдауға  жəне
бағалауға көмек беретін мынадай сұрақтарды қарастырыңыз: 
 Өзін-өзі  реттеудің  қандай  дəлелін  жинадыңыз:  бақылау  парағы,  аудио
жəне  бейне  жазбалар  /цифрлық  фотосуреттер/балалар  жұмыстарының
үлгілері жəне т.б.?
 Іс жүзінде балалар не істеді?
 Олар нені зерделеді?
 Сіз жəне/немесе басқа ересек адамдар не істедіңіздер?
 Не білдіңіз?
 Бұдан əрі не істейсіз?

Issue 1 
Date: 12/12/2011 
БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗІН ӨЗІ РЕТТЕУІН БАҚЫЛАУ:  
3-5-жастағы балалардың тапсырма парағы 
 
3-жаттығу. 3-5 жасар баланың өздігінен білім алуын тексеру парағы. 
Курс тыңдаушыларын 2-3 адамнан шағын топқа бөліңіз. Əр топқа қос қайшыдан беру 
қажет. 
Тапсырманы орындау үшін əр топқа: 
  3-5 жасар баланың орындаған тапсырмасының көшірмесі; 
  анықтамалар шəкілінің көшірмесі қажет. 
Тыңдаушыларға Бронсон (2002) айқындаған өзін өзі реттеудің төрт саласы: танымдық, 
əсершілдік, əлеуметтік жəне ынталандырушылық туралы ескертіңіз. 
Өз  бетінше  оқуды  дамыту  тапсырмасының  парағы CindLe жобасы  аясында 
əзірленгенін түсіндіріңіз. Қазіргі уақытта ол пайдаланылады жəне халықаралық жобалардың 
қосымша тізіміне енген. 
Тыңдаушылардан 
орындалған 
тапсырманың 
көшірмесін 
жолақтарға 
кесіп, 
анықтамалар шəкіліне сəйкес оны санаттар бойынша бөлуді сұраңыз. 
Пікірлердегі  кез  келген  айырмашылықты  талқылай  отырып,  топтар  арасында 
орындалған тапсырманың нəтижесін салыстырыңыз. Əдеттегідей, кез келген ұқсастықтар мен 
балама түсіндірулер құпталады. Ғылыми-зерттеу жобасында «ең жақсы сəйкестік» модельдері 
алынды. 
Тренерлер:  Орындалған  тапсырмалары  бар  парақтар  онда  өлшемдер  шəкіліне  қарай 
қалай  топтастырылғанын  салыстыру  үшін  «Өз  бетінше  оқуды  дамытуды  бақылау  парағын» 
қараңыз. 
Осы басылымға қоса берілген дискіні көрсетіңіз. 
«Іс-шаралар» таныстырылымы үшін пайдаланылатын əртүрлі үш тəсіл бар: 
  ескертпелері бар бейнежазба; 
  тəжірибе элементтері қосылған бейнежазба;  
  ескертпелер мен суреттер қоса берілген дыбыстық таныстырылым.  
 
4-жаттығу. Бейнероликтерді талдау 
Курс тыңдаушыларын жұппен жұмыс істеуге шақырыңыз. 
Əрбір  жұп  дискідегі 3-5 жастағы  балалар  туралы  бір  оқиғаны  таңдап,  жазу  үшін 
бақылау  парағын (CINDLE өз  бетімен  оқуды  зерттеудің 2-парағы)  пайдаланып,  оларды 
бақылау тізіміндегі 21 тұжырыммен салыстыра отырып талдауға тиіс.  
Талқылау барысында талдауды топтар арасында үлестіріңіз. 
 
5-жаттығу. Өз тапсырмаларының нəтижелері туралы ойлану
Курс тыңдаушыларын шағын пікірталас топтарына (4-6 адам) бөліңіз. 
Талдау кезінде жазған деректерінің көшірмесін таратыңыз. 
Топтардан  қандай  тұжырым  жиі,  ал  қандай  тұжырым  сирек  кездесетінін  талқылауды 
сұраңыз. 
Одан кейін əр топ өздерінің ортақ тізімін жасайды. 
Əр топтан курстың қалған тыңдаушыларына бақылау тізімінің басқа бөліміне жататын 
идея ұсынуын сұраңыз. 
Жалпы  мінез-құлықты  айқындау  үшін  қандай  үлгілер  қарастырылды?  Қандай  мінез-
құлық өте аз кездеседі? 
Таныстырылым:  Бақылау  тізімін  пайдалану. «Бақылау  парағын  пайдалану»  PDF 
файлын көрсетіңіз (материалдар папкасының 2-бөлімі). Бұл файлда бейнематериал бар. 
Powerpoint  таныстырылымы:: «Тұжырымдамалық  карталар  үлгісі».  Осы 
таныстырылым  бір  мұғалімнің  өзін  өзі  реттеуді  растау  үшін  қысқаша  оқиғаны  қалай 

Issue 1 
Date: 12/12/2011 
талдағанын көрсетеді. 
6-7-жаттығу (шамамен 4 сағат). Өзін өзі реттеу педагогикасы: Өздігінен оқуға ықпал 
ету жəне ынталандыру.  
Powerpoint таныстырылымыӨзін өзі реттеу педагогикасы
Ескерту:  Барлық Powerpoint таныстырылымдарына  арналған  ескертпелер  жеке 
таныстырылымдарда  берілген.  Оларды  «өзгерту»  режімінде  қарауға  болады  жəне 
слайдтармен бірге қағазға басып шығаруға болады. 
Өзін  өзі  реттеу  үдерісінің  табыстылығына  ықпал  ететін  шаралардың  өзіне  тəн 
ерекшелігі қандай? 
Алдыңғы зерттеулерде белгіленген жəне CINDLE жобасында расталған осы саладағы 
табысты тəжірибенің негізгі сипаттамалары мен қағидаттары бар. Оған: 
эмоциялық сенімділік пен қауіпсіздікті сезіну; 
бақылау сезімі; 
танымдық проблемалар; 
оқыту үдерісін дыбыстау жатады. 
Эмоциялық сенімділік пен қауіпсіздік сезімі 
Балалар  үшін  эмоциялық  сенімділік  пен  қауіпсіздіктің  болуы  маңызды  екені  белгілі. 
Тəжірибеде  расталғандай,  кішкентай  балалардың  бір  нəрсеге  үйірлігі  жағымды  əлеуметтік, 
эмоциялық  жəне  танымдық  нəтижелерге  байланысты  болады.  Сонымен  қатар,  эмоциялық 
қауіпсіздік – бұл  баланың  ерте  жасындағы  өзара  қарым-қатынастарды  эмоциялық  тұрғыдан 
жылы,  сезімтал  жəне  алдын  ала  болжауға  болатын  ара-қатынас  ретінде  түсінуі  екенін 
білдіреді. 
Бақылау сезімі 
Зерттеу  нəтижелері  бойынша,  біздің  туғаннан  бастап  бағалайтын,  əрі  ол  жайлы  қам 
жегенді ұнататын құқық – қоршаған ортаны бақылау құқығы екені айқындалды. 
Танымдық проблемалар 
Өзін  өзі  реттеу  мен  өз  бетінше  оқуға  ықпалын  тигізетін  жақсы  тəжірибенің  үшінші 
негізгі  қағидаты  танымдық  проблеманың  болуы  болып  табылады.  Біз  Выготскийдің  оқыту 
моделін  қарастырған  кезде  талқылағандай,  ең  тиімді  оқу  бала  өзінің  жақын  арадағы  даму 
аймағында  болғанда  жəне  ересектердің  көмегінсіз  дербес  жасай  алмағандықтан  аздаған 
қолдаумен  тапсырманы  орындай  алған  жағдайда  ғана  орын  алады.  Балалар  өз  ойынында 
проблеманы үстірт қабылдайды жəне таңдау болған кезде, көбінесе ересектердің ойынша осы 
сəтте  лайық  болуы  мүмкін  міндетке  қарағанда,  даму  үшін  келешегі  зор  міндетті  таңдайды. 
Балалардың  алдына  олар  қол  жеткізе  алатын  проблема  қою,  ересектер  тарапынан  тиісті 
қолдау  көрсету - балалардың  бойында  оқуға  жағымды  көзқарас,  проблеманы  дербес  шешу 
қабілетін қалыптастырудың аса маңызды тəсілі болып табылады. 
Оқыту үдерісін дыбыстау 
Танымдық даму үшін оқу туралы ойлану маңызды. Егер балалар өзінің ақыл-ойының 
даму  үдерісін  түйсінуге  ынта  білдірсе,  онда  ересек  адамдар  ойлау  мен  оқу  үдерісін  нақты 
ойластыруға  тиіс,  себебі  балалар  сөйлеу  мен  өзінің  оқуы  мен  ақыл-ойы  туралы  ойлауды  өз 
бетінше үйренуге тиіс. Осылайша оқу туралы ойды дыбыстаудың маңызды екендігі көптеген 
зерттеу нəтижелерімен расталады. 
8-жаттығу. Педагогиканың аспектілеріне (төрт негізгі қағидаттарына) сəйкестік
Курс тыңдаушыларын пікірталас топтарына бөліңіз. 
Əр  топқа  «Педагогика  санаттары»  мен  «Негізгі 4 қағидат»  құжаттарының 
көшірмесін ұсыныңыз. 
Əр  топтан  «педагогика  санаттары»  парағын  жолақтарға  кесіп,  осы  төрт  қағидаттар 
бойынша  бөліп  қоюды  сұраңыз.  Бұл  тапсырмада  дұрыс  не  бұрыс  жауаптар  жоқ. 

Issue 1 
Date: 12/12/2011 
Педагогиканың кей аспектілері бірнеше қағидатқа жатуы мүмкін. 
Тақтаға жазу арқылы топтың идеяларын салыстырыңыз. 
Осы  тапсырмаға  арналған  материалдардың  арасынан  эксперименттік  оқу  күні 
нəтижесінде алынған осы тапсырманың нəтижесінің бір үлгісін таба аласыз. 
 «Педагогика  санаттары»  құжатының  көшірмесін  үлестірме  материал  ретінде 
таратыңыз. 
Powerpoint таныстырылымы: Шектеулер мен мүмкіндіктер.  
Осы  таныстырылым  курс  тыңдаушыларын  өз  оқушыларына  оқуда  өзін  өзі  реттеуге 
тəрбиелеу үшін педагогикалық жағдай жасау мүмкіндігін қарастыруға шақырады. 
 
9-жаттығу. Мүмкіндіктерді анықтау 
Жазба  жүргізу  үшін  «Талқылау  парағын»  қолдануды  ұсына  отырып,  курс 
тыңдаушыларын  олардың  өздерінің  сыныптарында  өзін  өзі  реттеуді  дамыту  үшін  жасалған 
мүмкіндіктер мен проблемаларды талқылауға шақырыңыз. 
Мұғалімдерге  өз  тəжірибесін  жақсарту  жолдарын  қарастыруды  ұсыныңыз.  Оларды 
өздерін қызықтыратын саланы анықтауға, бір тоқтамға келіп таңдау жасап, оны жақсартудың 
педагогикалық тəсілдерін əзірлеуге ынталандырып, ықпал етіңіз. 
Топтың ұсыныстарын салыстырыңыз. 
 
10-жаттығу. Өзін өзі реттеу мүмкіндіктерін айқындау (шамамен 2 сағат).  
«Мектептегі тəжірибе» кезеңінде мұғалімдер: 
  өз сыныптарында өзін өзі реттеуді дамыту үшін əзірленген ұсыныстарды жоспарлауға 
жəне енгізуге; 
  өз бетінше оқудың болғанын растайтын фактілер мен дəлелді ұсынуға (фотосуреттер, 
артефакті немесе бейнетаспалар түрінде); 
  powerpoint  таныстырылымы  немесе  суретпен  берілген  əңгіме  түрінде  топқа  арналған 
əзірлемелер дайындауға; 
  рефлексивтік есеп жазуға (2000 сөз) тиіс. 
Осы кезең ішінде мұғалімдерге өз сыныбындағы өзгерістерге қатысты жоспарлар мен 
мүмкіндіктерді талқылауға уақыт беру қажет. 
Жоспарлаудың осы үдеріс шеңберінде үш таныстырылым бар.  
Powerpoint таныстырылымы: 1 жəне 2 мұғалімнің мысалдары – бұл оқуға əсер ету 
нəтижесінде  алынған,  бақылаулар  мен  ұстанымдарға  енгізген  өзгерістерді  сипаттайтын 
мұғалімдер берген ұсыныстар үлгісі. 
Альбом:  CindLe  ғылыми-зерттеу  жобасынан  келтірілген  жаңалықтардың  бірқатар 
үлгісін салыстыру. Қоса берілген шағын дискіні қарап, басқа үлгілерді де табуға болады. 
 

Issue 1 
Date: 12/12/2011 
ӨЗІН-ӨЗІ РЕТТЕУ МОДЕЛІН НЕГІЗДЕУ 
Эмоциялық 
Танымдық 
Əлеуметтік 
Ынталандырушылық

1-
шығарылым 
Күні: 12/12/2011 
1-жаттығу. Өзін өзі реттеу тұжырымдамалық картасы 
Жаттығудың мақсаты курс тыңдаушыларын: 
• идея мен тəжірибені талқылауға кірісіп; 
• балалардың өзін өзі реттейтін немесе өз бетінше оқуының дəлелі болатын мінез-құлқы туралы 
өмірден алынған мысал келтіруге ынталандыру болып табылады. 
Түйінді мəселелер: 
Өзін өзі реттеп оқу туралы Сіздің пікіріңіз қандай? 
Қандай мінез-құлықты Сіз өзін өзі реттеп оқудың дəлелі деп санайсыз? 
Өзін  өзі  реттеп  оқуды  ынталандыру  мақсатында  өз  сыныбыңызда  қандай  шараларды 
қабылдайсыз немесе қабылдар едіңіз? 
Жаттығуды  орындау  үшін  сізге  курс  тыңдаушыларын 2-4 мұғалімнен  тұратын  шағын 
топтарға бөліп, əр топқа үлкен парақ пен бірнеше түсті қалам беру қажет болады. 
Топқа арналған нұсқаулар: 
1. «Өзін өзі реттеу» деген терминді өзінің қалай түсінетінін талқылау. 
2. Өзінің жеке тəжірибесінен өзін өзі реттеу мысалдарының тізімін құру. 
3.  Балалардың  өзін  өзі  реттеуінің  түйінді  элементтері  мен  олардың  арасындағы  қарым-
қатынасты көрсете отырып тұжырымдамалық карта жасауда осы тізімді пайдалану. 
 
Басқа мұғалім өткізген осыған ұқсас жаттығудың нəтижесі берілген «Тұжырымдамалық 
карталар  үлгілері»  таныстырылымын  қарап,  оны  курс  тыңдаушылары  көрсеткен  нəтижемен 
салыстырыңыз. 
 
Powerpoint таныстырылымы: Кішкентай балалардың өзін өзі реттеуі. 
Осы  таныстырылым  аталған  сабақтың  басында  талқыланған  теориялық  негіз  бөлімін 
қорытады. 
Бұл  таныстырылымда CindLe жобасында  зерттелетін  өзін  өзі  реттеудің  төрт  саласын 
айқындайтын Марта Бронсон (2002) жұмысы ұсынылған: 
  танымдық өзін өзі реттеу, метатаным 
Балалардың  өз  оқуы  туралы  білімі  мен  өзін  өзі  тану  деңгейін  арттырумен  байланысты. 
Америкалық  психолог  Джон  Флэйвелл  (жоғарыда  теориялық  негіздер  бөлімін  қара) 1970 
жылдары  еркін  оқу  мен  ойлау  қалай  дамығанының  маңызды  аспектісі  ретінде  метатанымды 
айқындаған. 
  эмоциялық өзін өзі реттеу: «эмоциялық зият» 
Эмоция саласында балалар өз эмоциялары мен өзгелердің эмоциялары туралы көбірек хабардар 
болады; бұл балалардың өзін өзі эмоциялық тұрғыдан бақылауы мен басқа адамдарға қамқорлық 
білдіруін дамыту үшін өте маңызды. 
  əлеуметтік өзін өзі реттеу: «зерде теориясы» 
Балалар  достық  орнатуға,  өзге  адамдармен  ынтымақтасып  жұмыс  істеуге  жəне  ересектердің 
көмегінсіз  əлеуметтік  мəселені  шешуге  үйренетін  əлеуметтік  саламен  байланысты.  Заманауи 
зерттеулер  осы  əлеуметтік  қабілет  балалардың  дамып  келе  жатқан  «зерде  теориясына»,  яғни 
басқа  адамдарда  да  оның  өзінікіне  ұқсас  ақылы  бар  екенін  түсінуіне  тікелей  байланысты 
болатынын көрсетті. 
  ынталандырушылық өзін өзі реттеу: «шеберлікке бағыттау» 
Ынталандыру саласындағы зерттеулер балаларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік 
сезімінің  немесе  ғылыми  əдебиетте  «шеберлікке  бағытталушылық»  деп  аталатын  қасиетті 
дамыту  маңызды  екенін  көрсетті.  Бұл  қауіпті  жағдайларға  төзімділікті  дамытады;  қателіктен 
сабақ алып, күрделі тапсырмаларды шешуден лəззат ала білуге ықпал етеді. 
 

Issue 1 
Date: 12/12/2011 
тренердің жазбалары 
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ӨЗДІГІНЕН ОҚУДЫ ЖƏНЕ ӨЗІН ӨЗІ РЕТТЕУДІ 
ДАМЫТУ 
CindLe ғылыми-зерттеу жобасы 
CіndLe  ғылыми-зерттеу  жобасы – 3-5 жасар  балалар  арасында  өзін  өзі  реттеуді  дамытуды 
зерттейтін екі жылдық жоба. Жобаның мақсаты: 
1. 3-5 жасар балалардың өзін өзі реттеуін дамыту үдерісін түсінуін жақсарту.
2. 3-5 жасар балалардың өзін өзі реттеуді бағалау құралын жасап шығару.
3. Балалардың өзін өзі реттеуін дамыту үшін қажетті іс-қимыл мен тəсілдерді айқындау.
Жоба кезінде мұғалімдер сыныптағы жұмыс кезінде пайдаланылатын, балалардың өзін өзі 
реттеуін  дамытуға  ықпал  ететін  жаңашылдық  тəсілдерді  ұсынды  жəне  талқылады. 
Мұғалімдердің ұсыныстары мынаны қамтыды: 
 Бала  таңдаған  сынып  бөлмесінің  дизайнін
 
талқылау  (мысалы,  жеке  бөлікті
театрландыру, көрме немесе «үй бұрышы»); 
 Рөлдік  ойын,  қуыршақты  пайдалану  жəне  т.б.  арқылы  математикалық  тілді  тəуелсіз
пайдалануды дамыту; 
 «Пошта бөлімшесі» немесе «Мектеп кеңсесі» жағдайында рөлдік ойындар арқылы өз
бетімен жазбаша баяндауды дамыту; 
 Оқу жəне балаларды тартып қызықтыратын, бір-біріне үйрететін басқа іс-қимыл;
 Бірлескен ұжымдық жұмыс жəне міндеттерді шешу;
 Оқу мен ойлау үдерісін қарастыру мен талқылау;
 Балаларды өзін өзі бағалау үдерісіне тарту.
Мұғалімдер мен зерттеушілер осы жаңашылдық жағдайында өзара іс-қимыл жасайтын
балаларды  таспаға  жазып  алды.  Нəтижесінде  балаларды  өзін  өзі  реттеуге  оқытуды  дамыту 
фактісін растайтын 1000-нан астам дəлелдеме тіркеліп талданды. 
Оның  үстіне,  мұғалімдердің  əрқайсысы  сынып  ішінен  өзін  өзі  реттеуді  дамыту 
деңгейін  белгілеу  үшін  үлгі  етіп  көрсетуге  болатын  алты  баланы  таңдап  алды.  Осы 
балалардың əрқайсысына бір жыл ішінде үш рет бақылау парағы толтырылды. Осы бақылау 
парағы  негізінде 3-5 жасар  балалардың  өзін  өзі  реттеуін  дамытудың  түйінді  аспектілерін 
растайтын 22 үлгіні қамтитын осы нақты нəтижелерге негізделген кең ауқымда пайдалануға 
болатын  бірыңғай  құжат  жасалды.  Бұл  құжат – «Дамуды  тəуелсіз  зерделеудің  бақылау 
парағы», аталған құжат «3-5 жастағы баланың бақылау парағы» деген атпен танылған. Онда 
3-5  жастағы  баланың  өзін  өзі  реттеуіне  елеулі  ықпал  ететін  баланың  танымдық,  əлеуметтік, 
эмоциялық жəне ынталандырушылық дамуы бойынша ұсыныстар бар. 
Осы  ұсыныстардан  мұғалімге  мына  үш  бағыт  бойынша  көмек  көрсетуге  бағытталған 
ғылыми зерттеудің дəлелдерін, тəсілдері мен үлгілерін таба аласыз: 
1. Кішкентай балаларды өзін өзі реттеуге оқытудың табиғаты мен мəнін түсіну.
2. Өзін өзі реттеуді зерделеуге бағытталған бақылауларды түзету мен талдау.
3. Өзін өзі реттеуді зерделеуге ықпал ететін тəжірибелік жұмыс түрлерін əзірлеу.
Каталог: download -> version
version -> Сравнение текстов разных стилей об одном знаменитом человеке
version -> Танок у виконанні Володимира Манжоса
version -> Поздней осенью или зимой на улицах городов появляются стайки то
version -> Алаш көсемсөзі 1 том "Шолпан" журналы
version -> Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын
version -> Құрастырғандар
version -> Будьте вежливы всегда Вежливость это умение вести себя так, чтобы
version -> Урок русского языка «сложносочиненные предложения»
version -> «автожол» факультеті


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет