Екінші болма



Pdf көрінісі
бет1/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Екінші болма


Қуаныш Шонбай
Екінші болма!
БИЗНЕСТЕ,  КАРЬЕРАДА  ЖƏНЕ  ӨМІРДЕ  ЖЕҢІСКЕ  ЖЕТУДІҢ
ҚАЗАҚША ЖОЛЫ
3-басылым
Табысты  кəсіпкер  ресторатор  Қуаныш  Шонбай  бұл  кітабында
тұлғаны  жəне  бизнесті  дамытуға  қатысты  ақпараттармен  бөліседі  Екі
жарым  жылда  «Rumi  Group»  мейрамханалар  желісі  ең  дəмді  танымал
жəне беделді брендке айналды. Алайда оны білетіндер осы 2,5 жылды ғана
көреді.  Ал  бұған  дейінгі  Қуаныш  мырзаның  8  жыл  бойы  шыңдалған,
дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін
көбі  білмейді  де.  Автор  өзінің  мысалында  келтірген  даму  жолдары  мен
оның  қазақша  жеңіске  жету  теориясы  өзіңізді  жəне  кəсібіңізді  жаңа
деңгейге көтеруге көмектеседі.
Он  тоғыз  жасында  алғашқы  миллионын  тапқан  кəсіпкердің  ақыл-
кеңестері  кез  келген  жанға  пайдасын  тигізері  хақ.  Кішігірім,
компаниядағы
менеджерден
бастап
мектеп
мұғалімі,
алпауыт,
компанияның  атқарушы  директоры  да  бұл  жазбадан  өзіне  қажет  кеңес
таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.


Осы  кітаптың  жарық  көруі  –  балалық  шақтан  бері  қолдап,
қателіктерімді  кешіріп,  əр  бастамама  демеу  берген  асыл  анам  Үміткен
Қапанқызы мен ардақты əкем Рашит Сəткенұлының арқасы.
Оларға деген алғысым шексіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет