Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Дайындаған: Қатарбаева Л.Р. ИЯ-23-3
Қабылдаған: аға оқытушы Баймукшаева Ш.Х.
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ғалымдар және олардың еңбектері
экологияның ғылым ретінде қалыптасуы
(19 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін)
Бірінші кезең
экология жеке ғылым ретінде құрылды
(19 ғасырдың 60-шы жылдарынан кейін)
Екінші кезең
(20 ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап осы күнге дейін жалғасады)
Үшінші кезең
Гиппократ (біздің ғ.д. 460-377 жж.) адам денсаулығына ортаның факторларының әсері туралы жорамалдар жасады
Аристотель азықтану әдісі бойынша 500-ден астам жануарларды топтарға жіктеді.
Карл Линней (1707-1778 жж.)
«Табиғат жүйесі» атты еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерге ғылыми жүйе қолданды.
Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.) ортаның ағзаларға әсерін зерттеді, оны «Зоологии философиясы» атты еңбегінде жазды.
Ламарк пен Томас Мальтус (1766–1834) (ағылшын дінгері) бірінші рет адамның табиғатқа теріс әсерінің болуын болжады.
Бірінші кезең – экологияның ғылым ретінде қалыптасуы (19 ғасырдың 60-шы жылдарына дейін), осы аралықта жиналған деректер арқылы бірінші ғылыми тұжырымдар жасала бастады.
А.Т. Болотов (1738-1833 жж.) И.И. Лепехин (1740-1802 жж.) П.С. Паллас (1741-1811 жж.) Н.А. Северцов (1827-1885 жж.) В.В. Докучаев (1846-1903 жж.) осы күнге дейін қажеттілігін жоймаған экология түсініктері мен принциптерін тұжырымдады.
Түрлердің эволюциясы туралы Чарльз Дарвиннің«Түрлердің табиғи талдау жолымен пайда болуы» (1859 ж.)
Эрнест Геккель биология құрамынан экологияны бөліп шығарды. Ол 1866 ж. ғылымға экология терминін кіргізді (грекше эйкос – үй, отан, баспана және логос – ғылым).
1877 жылы жаңа экологиялық ұғым – биоценоз пайда болды, оның анықтамасын неміс гидробиологы К. Мебиус берді.
Биотоп ұғымы – биоценоз тіршілік ететін орта шарттары – оны Ф. Даль 1903 жылы енгізді.
Осы жылдары атақты орыс ғалымы В.И. Вернадский биосфера туралы фундаменталдық ілім енгізген.
А.Тенсли экожүйенің анықтамасын береді
В.Н. Сукачев оған жақын ұғым – биогеоценозді енгізеді.
Үшінші кезең 20 ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап осы күнге дейін жалғасады.
Экология кешенді ғылымға айналды – география, геология, химия, физика, экономика, социология және т.б. ғылымдардың заңдылықтарын қоса ала отырып қоршаған табиғи орта мен оны қорғау туралы ғылымға айналдырды.