Экологиялық білім мен тəрбие беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану



жүктеу 150.89 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.04.2017
өлшемі150.89 Kb.

 

 

71 



УДК 372. 3 

 

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТƏРБИЕ БЕРУ ҮРДІСІНДЕ 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 

 

Бектемісова А.Ө. 



(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

«ҚР  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасына»  түсініктемеде:  «Білімді,  білік  дағдыларды  механикалық  түрде  беру 

емес,  ақпараттық  зиянкерлік  ресурстарды  өз  бетінше  тауып,  талдап  жəне  пайдалана 

білетін,  идеалардың  қуат  көзі  болатын,  жеделөзгеріп  отыратын  əлем  жағдайында 

дамитын  жəне  өзін-өзі  ашып  көрсете  алатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  басымдық 

болып  табылады»  делінген  [1].  Демек,  бұл  түсінік  ұстаздар  үшін  өздерінің  біліктілігі 

мен білімділігін арттыруды талап ететін басты міндет. Қоғамның дамуы ұстаздар үшін - 

бұл мəселе, яғни бүгінгі заман талабына сай мамандар даярлау қажеттігі міндетін алып 

отыр.  Міне,  осы  міндеттерді  орындау  үшін  ұстаздар  үздіксіз  ізденісте  бола  отырып, 

оқытудың  яғни  жаңаша  маман  даярлаудың  жаңа  əдіс-тəсілдері  мен  инновациялық 

технологияларын қолдануы қажет.  

Ал,  қазір  халықаралық  деңгейге  көтеріліп  отырған  қоршаған  орта  жағдайы 

экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  мəселесіне  əкеледі.  Адамзат  өркениетінің  

дамуының  əр  түрлі  кезеңдерінде  адам  мен  табиғат  арасындағы  қатынастардың 

түбегейлі  өзгеріп  отырғаны  белгілі,  ал  өзінің  түр  ретінде  ерекшеленуінің  алғашқы 

кезеңдерінде  көптеген    консументтердің  бірі  ғана  болған.    Уақыт  өте  келе  басқа 

түрлердің саны мен өнімділігіне ғана ықпал етіп қоймай, тіршілік ортасының көптеген 

параметрлерін өзгерте алатын  түрге айналды.  

Бүгінгі  таңда  жаппай  үздіксіз  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  мəселесі 

мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.  

Елбасының  қолдауымен  Қазақстанда  қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  қалыптасқан 

экологиялық  ахуалды  жақсартуға  бағытталған  бірнеше  маңызды  заңдар  мен  құжаттар 

қабылданды  /2/.  Соның    ең  маңыздысы  «Қазақстан  Республикасының    2004-2015 

жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігі  тұжырымдамасы»  (2003ж.)  көпшілікке 

экологиялық  білім  мен  тəрбие  берудің  өміршең  бағдарламасын  нақтылап  берді  [2]. 

Экологиялық  білім  беру  адамзат  қауымының  қоғамның,  табиғаттың  жəне  қоршаған 

ортаның  үйлесімділігінің  ең  тиімді  жолдарын  ұрпаққа  түсіндіру.  Оның  ішінде 

қоршаған  орта  мен  оның  табиғи  ресурстарын  тиімді  пайдалану  барысында  табиғатты 

қорғай  алатын,  аялай  білетін  адамгершілігі  мол  ізгілікті  экологиялық  білімі  мен 

мəдениеті  жоғары  жаңа  ұрпақты  тəрбиелеу  бастапқы  орын  алады.  Əуелден  əр  түрлі 

дəрежедегі  биологиялық  жүйелердің  өзін  қоршаған    жансыз  табиғатпен  жəне  тірі  

табиғатпен  қарым-қатынасын  зерттеумен    шұғылданып  келген    экология  ғылымының 

даму  логикасы,  ерте  ме  кеш  пе,  оны  адамның  өзін    қоршаған  ортамен  қарым-

қатынастары  проблемасымен  шұғылдануға  жетелеп  əкелуі  тиіс  еді,  себебі  адамзаттың 

ортамен қарым-қатынасы қаншалық алшақтап кетсе де, ол  Биосферада белгілі бір орын  

аталатын күрделі жүйенің бір бөлігі болып қала береді.  

Егер  өз  кезегінде  экология  -  тірі  органзимдерінің  қоршаған  ортамен 

байланыстарын  зерттейтін  ғылым,  оны  бүткіл  мамандықтардың  2-ші  курс 

студенттеріне  өту  Мемлекеттік  стандарт  негізінде  енгізілген.  Экология  шеңберіндегі 

қоршаған  орта  туралы  ілім  курсы  жер  бетінде  тіршіліктің  пайда  болу  сəтінен  бастап, 


 

 

72 



қазіргі  ғылыми  техникалық    дамыған  кезеңге  дейінгі  аралықты  қамтитын  пəн.  Яғни 

бізді  қоршаған  ортаның  қомақты  мəселелерін  қарастырады.  Сондай-ақ  əр  бір 

организмнің  ортасы  -  оны    қоршаған  көптеген  органикалық  жəне  бейорганикалық 

элементтері  мен  шаруашылық  нəтижиесінде  түзілген.  Ғылымның  əр  түрлі  салалары 

мамандарының  экология  пəнін  оқуы  оларға  қоршаған  ортаны  қорғау  жəне  табиғат 

рессурстарын тиімді пайдалану жолдарын үйретеді. 

Биосфера  мен  Адамзат  өркениетінің  келешегіне  байланысты  алаңдаушылық 

білдіріп, тығырықтан шығудың жолдарын қарастыратын мамандар даярлау бүгінгі күн 

талабы.  XX    мен  XXI  ғасырдың  түйісінде  əлемдік  жəне  аймақтық    əлеуметтік-

экологиялық  проблемалардың  лайықты  шешілуі  «орнықты  даму»  түсінігімен 

байланыстырып  отыр.  Біздің  ойымызша  əрбір  маманды  экологиялық  сауатты  азамат 

ретінде  тəрбиелеу  “орнықты  даму”  ұғымының  шешуі.    Ал,  “Экология”  пəні  жеке 

мектеп  бағдарламасына  енгізілмеген.  Экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  жүйесін 

басқа  пəндерде  тақырыпқа  сəйкес  пəнаралық  байланыс  негізінде  немесе  жеке  үйірме, 

факультативті  сабақ  түрінде  жүргізіледі.  Ұсынылып  отырған  модуль    шеңберінде 

педагогтар  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  мақсатында  жұмыс  жүргізе  алады. 

Экологиялық  дағдарыстың  ұлғаюын  мейлінше  тежеу,  табиғат  пен  қоршаған  ортаны 

қорғау тəсілдері тек экологиялық жаппай жəне үздіксіз білім беру нəтижесінде ғана іске 

асырылады.  Осы  орайда  елімізде  жасөспірімдерге  үздіксіз  экологиялық  білім  беруді 

ұйымдастыру барысында ұстаздың тапқырлығы мен жаңа əдіс-тəсілдерді оқу үрдісінде 

пайдалана  алу  ептілігі-бүгін  күн  тəртібіне  қойылуы  -  орынды  жағдай.  Сондықтан  да 

мектеп  қабырғасында  жас  ұрпаққа  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  барысында 

модульдік технологияны пайдаландық.  

Модуль    дегеніміз  -міндетті  түрде  оқушының  білімі  мен  біліктіліктерін  тексеру 

элементі  бар  оқу  материалының  логикалық  аяқталған  бөлімі.  Модульді  құрастыру 

кезінде  пəннің  жұмыс  бағдарламасы  негізге  алынады  [3].  Пəннің  тақырыптарына 

сəйкес  немесе  өзара  байланысты  тақырыптар  болады.  Көбіне  біздің  тəжірибелерімізде 

тақырыптарға  сəйкес  мəселелер  сыныптан  тыс  қарастырылып  отырады.  Оқу  модулі 

қайта  жаңғыртушы  оқу  циклі  ретінде  үш  құрамды  бөліктен  тұрады:  кіріспе,  сөйлеу 

жəне  қорытынды.  Біз  ұсынатын    модуль  «Сабақтың  түрлері,  құрылысы»  тарауына 

арналған.  

Сабақты өткізу барысында оқушыларға өсімдіктің тірегі сабақ екенін, яғни ол жер 

асты  жəне  жер  үсті  мөшелерін  қосатын  дəнекер  екенін  дəлелдеу,  өсімдіктің  жер  асты 

жер  үсті    мөшелерімен  таныстыра  отырып,  өсімдікке  қажетті  орта  жағдайлары  мен 

сабақтың түрлері туралы түсінік беру. 

Дамытушылығы: Оқушылардың сабақ туралы білімін тереңдету.  

Тəрбиелілігі:  өсімдіктер  үшін  сабақтың  маңызын  түсіндіре  отырып,  өсімдіктерді 

қорғауға тəрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. № 2- сабақ: өсімдік 

тірегі  сабақтың  түрлері,  өсімдікке  қажетті  орта  жағдайлары  тақырыбында  –  «Сұрақ-

жауап» оқыта, көрсете үйрету ойыны арқылы жүзеге асады. 

Сабақтың  мақсаты:  өсімдіктің  тіршілігі  үшін  сабақтың  маңызын  айқындау. 

өсімдіктің жер асты жəне жер үсті сабақтары мен (түрі өзгерген сабақтармен) олардың 

атқаратын қызметімен таныстыру. өсімдік көп түрлілігімен таныстыру.  Оқушылардың 

өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тəрбиелеу. 

Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер. Оқушылардың өзіндік эмблемалары, 

жəне сабақ түрлерінен гербарийлер жинақтау үшін сеткалар мен картондар. 

Оқушылармен  топ  құра  жинақталып,  саяхат  барысында  жеке  қауіпсіздігіне  аса 

назар аудару қажеттігін түсіндіру. Сабақ өсімдік тірегі атты сыныпта өткен тақырыбын 

əңгімлей  отырып,  тірек  сызбаларды  еске  түсіру.  Сынып  екі  топқа  біріктіріледі.  Ойын 

шартымен  тапсырма  түрлерімен  таныстыру.  Топтар  тапсырмаларды  таңдап  алады  да 



 

 

73 



оларға  белсенді  түрде  кіріседі.  Топ  тапсырмалары  бойынша  жұмыс  үстінде  саяхат 

барысында  қойылған сұрақтарға, сабақ түрлерін мысалға келтіре отырып жауап беріп 

отырады.  Бұдан  соң  мұғалім  тақырып  мазмұнына  сəйкес  өсімдіктің  өсу  бағытымен  – 

қарапайым  күрделі  сабақтармен  таныстырып,  көрсетіп  шығармашылық  сипаттағы 

тапсырмаларға,  зертеушілік  қызмет  элементтеріне  қарай  бірнеше  рет  қайта  оралып 

отыру  əр  оқушыға  оқу  материалымен  жұмыс  істей  отырып,  өз  қабілеттерін,  жадын 

ынтасын, ойлауын ауызша жєне жазбаша тілін дамытуға сүйене отырып түсіндіреді. 

Əр  топ  өз  тапсырмаларын  мұқиат  орындап,  гербарилер  жинақтайды.  Табиғат 

жағдайына,  биологиялық  ырғақтылыққа  аса  назар  аударылады.  Табиғат  аясында 

өсімдіктердің  маңызы  туралы  сұрақ-жауаптар  қойылып  пікір-талас  өткізіледі.  Əрбір 

топ  өз  тапсырмалары  негізінде  күнделіктеріне  белгілер  қояды.  Бұл  сабақ  модульдің 

сөйлесу  бөліміне  кіргендіктен  сабақтың  ұйымдастырылу  формасы  сыныптан  тыс  əр 

оқушы  белсенді  əңгімелесу  үстінде  болады.    Əрбір  топ  мөшелері  өзінің  қалай  жəне 

немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім 

балаларды  сабақтың  ережелерімен  немесе  оның  құрлысымен  жəне  жүру  барысымен 

алдын  ала  таныстырады.  Оқу  модулінің  қорытынды  бөлімі  –  бақылау.  Егер  сөйлесу 

бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, бір-

біріне  табиғат  құбылыстары  сабақ  түрлерін  көрсетуі  мен  түрлі  ғылыми  көздерді 

пайдалануы  жұпталып  келсе,  енді  қорытынды  бөлімінде  оқушы  өзінің  сөйлесу 

бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы 

білімін  бақылаудың  формалары  ретінде  Венн  диаграмасын,  сөзжұмбақ,  бейнесөз, 

сөзтізбек, шытырман, сурет-тапсырма, сұраќ-жауап, тест-тапсырма, сынақ тақырыптың 

ерекшелігіне 

орай 


шығарма 

немесе 


диктант 

пайдалана 

отырып, 

модульді 

қорытындылау 5-сабақта Тапқырлар əлемі  бөлімінде беріледі.  

Қорыта  келгенде,  Экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  үрдісінде  жаңа 

технологияларды  пайдалану  оқушыда  өз  бетімен  еңбектену,  оқу-танымдық  процесті 

басқара  алу  икемділігінің  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Егер  жоғарыдағы  айтылғандай 

əрбір  сабақ  сыныпта  жəне  сыныптан  тыс  жүйелі  болса,  оқыту  технологиясының 

құрылымының мынадай нұсқасын көреміз: 

1.

 

Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру; 



2.

 

Балалардың тапсырманы немесе модульді таңдауына белсенді қатысуы; 



3.

 

Мұғалімнің 



оқу 

материалын 

қысқаша 

баяндай 


келе, 

миға 


шабуыл 

технологиясын  пайдалана  отырып,  тақтаға  белгілер  жүйелері  –  сызбалар, 

тақырып бойынша сөздер т.б.түсіру; 

4.

 



Өзара  сөйлесу  негізінде  оқушылардың  танымдық  қызметін  ұйымдастыру  жəне 

əрбір оқушының іс-əрекетін əр сабақта бағалап отыру; 

5.

 

Жалпы  тақырыпқа,  тарауға  қайта  оралу  негізінде  оқу  материалын  бекітуде 



оқушылардың белсенділігі; 

6.

 



Сыныптан тыс белсенділік жүйесінде оқушыларды табиғатты қорғауға шақыру;  

7.

 



Сыныптан тыс белсенді тапқырлар жүйесінде оқушыларды ғылымға баулу; 

8.

 



Сабақты  əр  түрлі  ойын  түрінде  өту  -  оқушылардың  белсенділігінің  артуына 

бірден бір себеп; 

9.

 

Оқушылардың 



танымдық, 

тапқырлық 

іс-əрекетін 

пайдалана 

отырып 

қорытындылау; 



10.

 

Екі топ өз тапсырмаларын Венн диаграмасын пайдалана отырып қорытындылау. 



Сонымен грек тілінен өнер туралы ғылым мағынасын беретін технология ұғымы 

педагогикалық  процесінде  катализатор  қызметін  атқарады  деуге  болады.  Əрине,  оның 

нəтижелі  болуы  педагогтың  шеберлігіне,  оқушылар  континентіне,  тіпті  оқушылардың 

таным ерекшеліктері мен көңіл-күйіне байланысты екені сөзсіз.  



 

 

 

74 



Əдебиет: 

1.

 



Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. – Астана: Жеті Жарғы,  2007. –15 б. 

2.

 



Керімбаева Р. Табиғат. Бала. Тəрбие // Отбасы жəне балабақша. – 1997. - № 1. – Б. 50 – 52. 

3.

 



Қоқанбаева Р. И. Эстетикалық тəрбие беру. // Отбасы жəне балабақша. – 2006. № 5. – Б. 20 – 22. 

4.

 



Эстетическое  воспитание  в  детском  саду:  Пособие  для  воспитателей  дет.сада  /  Под  ред. 

Н.А.Ветлугиной. – М.: Просвещение, 1995. – 215 б. 

5.

 

Əбілова 3. Мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тəрбие беру. – А., 1972.–200 б. 



 

 

 



ƏОЖ  379.2 

 

ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРДІ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ  

НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Бисимбаева Қ.О., Ибраева К.И. 



(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Халқымыздың ақын, жыраулары елін қорғаған батырларын, хандары мен билерін, 

елін  сүйген,  оны  қастерлеген  ұлдары  мен  қыздарын  өздерінің  өлең  жырларына  қосып 

жырлаған.  

Өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жарған, əділ билік айтқан шешендері 

мен  ақындарын  халық  та  құрметтеген.  Олардың  айтқан  кесімді,  бітімді  сөздерін,  өлең 

жырларын  жадында  сақтап,  ұрпақ  тəрбиесіне,  болашақтың  жарқын  болу  мүддесіне 

пайдаланған. 

Халықымыз  ауыр  кезеңдерді,  жойқын  соғыстарды,  небір  қиыншылықтарды 

басынан  кешірген.  Соның  өзінде  мəдени,  рухани,  əдеби  ұлттық  дəстүрін  жоғалтпаған. 

Ол  дəстүрлердің  дамып  қалыптасуына  хандар  мен  сұлтандарымыз,  билеріміз  бен 

жырауларымыз, батырлар мен ақындарымыз өз үлестерін қосып отырған. Олар жұртқа 

өнегелі  сөздерімен,  өлең  жыр  толғауларымен  халықтың  ел  болуына,  берекелі  бірлікте 

өмір сүруіне зор ықпал еткен. 

Қазақ  жырауларының  қанатты  сөздері  жалпы  халыққа  рухани  эстетикалық  нəр 

беріп,  халықтың  салт-дəстүрін,  ой-арманын,  мұң-мұқтажын,  қуанышы  мен  қайғысын, 

күйініші  мен  сүйінішін,  небір  нəзік  сырларын  өлең  жырларына  тиек  етті.  Олардың 

шығармаларының ұлттық сана сезімді оятуда  тəлім -тəрбиелік мəні жоғары болды. 

«Қазақтың  халық  педагогикасының  ең  алғашқы  іргетасының  қалана  батауына 

негіз  болған  Асан  Қайғыны,  М.Х.  Дулати,  Қадырғали  Жалайыри,  Қазтуған,  Шалкиіз, 

Үмбетей,  Сыпыра,  Доспамбет,  Бұқар,  Жиембет,  Марғасқа  т.б.  көптеген  ақын 

жыраудардың шығармаларын атап кеткен жөн [1,37]. 

Халықтық  педагогика  дегеніміз  халықтың  ауыз  əдебиеті  мен  салт  дəстүрінен, 

ырымдары  мен  тыйымдарынан  мағлұматтар  беру.  Халыққа  қажет  қасиеттерді 

қалыптастыру. 

Педагогикалық  энциклопедиялық  сөздікте  «Халық  педагогика    дегеніміз  ұлттар 

мен  ұлыстардың  əлденеше  ғасырларға  созылған  ұрпақ  тəрбиесіндегі  ұлттық  əдет 

ғұрыптары  мен  дəстүрлерінің,  мəдени  ойлау  процесінің  эмприкалық  негіздегі  озық 

үлгілерінің  жиынтығы.  Халық  педагогикасының  негізгі  түйіні    еңбек  тəрбиесі  жəне 

өндірістік  білім,  дағды,  шеберліктерді  жас  ұрпақтың  бойына  дамытып,  адамгершілік, 

имандылық рұхта тəрбие беру» деген анықтама берілген [2,291].  

Адамдардың  рухани  байлығының  өзі-  ең  алдымен  олардың  білімділік,  ана  тілін 

білуі жəне мəдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, эстетикалық жағынан дамыған 

жеке  дүниетанымдық  ой-өрісі.  Олардың  негіздері,  біздің  сенімімізше,  ең  алдымен  өз 




Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет