Экологиялық менеджмент жүйесінің мақсаттары мен міндеттері қандай?


Экологиялық саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары қандай?



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі18.55 Kb.
#15677
1   2   3
Экологиялық саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары қандай? 

Экологиялық саясат - экологиялық жағдайды және елдің табиғи ресурстарын ұтымды жұмсауды қамта¬масыз етуді басқару мақсатында мем¬лекетпен қабылданған арнайы саяси, экономикалық, заңнамалық және өзге де шаралардың жүйесі. 

Мемлекеттік экологиялық саясаттың мақсаты - экономиканың, қоғамның, табиғаттың үйлесімді, тепе-теңдікте дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық саясаттың жалпы мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігіне айналуы (әскери, мәдени, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және т.б. сияқты) дамыған елдерде 1970-1980-шы жылдары жүзеге асты және ол экология саласында дағдарысты құбылыстардың артуымен байланысты болды. 


Кез келген мемлекеттің экологиялық саясатының негізін ресми қабылданған экологиялық мәселелерді шешудің жал¬пы тұжырымдамасы құрайды. Бұл тұжырымдама тікелей мемлекеттік экологиялық саясаттың сипатын және билік органдарының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы кешенінің экологиялық қырларына тәсілін айқындайды.

Негізгі принңиптері

Экологиялық саясаттың  негізгі принңиптері, міндеттері және шаралары заң¬намалық актілер, "қоршаған ортаны қорғау туралы заң", үкімет бағдарламалары және т.б. анықталады.

Cаясаттың  жүзеге асырылуына маңызды ықпал ететін жағдайлар:



    • Экологиялық саясаттың  жүзеге асырылуына маңызды ықпал  ететін жағдайлар:

    • нақтылы мемлекеттің аумағындағы экологиялық мәселелердің ұшығуы;

    • экологиялық жағдайлардың ушығуынан туындайтын әлеуметтік-экологиялық мәселелердің сипаты;

    • экожүйе қызметінің бірқатар аса маңызды мәселелерін шешуде ғылыми екіүштылықтың болуы;

    • ресурстық, оның ішінде қаржылық шектеулер;

    • ресурс жинақтаушы және табиғатты қозғаушы технологиялардың, оның ішінде, қалдықтарды жою мен қайта өңдеу мәселелерінің нақтылы шешілу деңгейі;

    • өндірістің экономикалық тиімділігі және экологиялық таза өнімнің бәсекеге қабілеггілігі;

    • халықтың әлеуметтік жауабы;

    • халықаралық міндеттемелер.

Экологиялық саясаттың  негізгі бағыттары

  Айналадағы орта адамның өмірі мен тұрмысына тұрақты әсер етеді. Қазіргі кездегі айналадағы орта, оның жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды тиімді пайдалану маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Оның басты себебі – химия өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басым қарқынмен дамуы, өнеркәсіпті индустрияландыру мен химияландыру, қалалардың өсе түсуі болып отыр. Осылардың салдарынан айналадағы ортаға шығарылатын қалдықтардың көлемі арта түсуде.

Атмосфераның түтін және газ қоспаларымен ластануы адамдардың денсаулығына ерекше зиянды әсер етуде. Мұндай көрініс кейінгі кездері Қарағанды қаласының аспанында да жиі байқалып жүр. Ауа қосындыларының қозғалыссыз қалуының салдарынан түтін-бу-газ қоспасы қала үстінде тұрып алады. Бұл күн сәулесінің әсерінен әр түрлі улы газдарға ажырайды. Соның әсерінен тұрғындардың көз және тыныс алу ағзаларының науқастануына әкеліп соқтырады. Газбен қоса бөлінетін әр түрлі қышқылдар ғимараттар мен сәулеткерлік ескерткіштерге де зиянды залалын тигізеді.

Айналадағы ортаның нашарлауына адамның өмірі мен денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-техникалық прогрестің де әсері мол. Іштен жанатын қозғалтқыш, синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер мен медициналық дәрі-дәрмектер адамның қолайлы өмір сүруі үшін пайдаланылғанымен, оның кері әсерлері де толып жатыр.



Қала ішіндегі көліктер қуатты шуыл көзі екендігі белгілі. Сол сияқты адамға өнеркәсіптік шуылдың да ықпалы аз емес, соның салдарынан  адамдар жүйке  жүйесінің науқастарына ұшырайды. Қан қысымының артуы көбіне кәсіпорын шуылының әсерінен болатындығы анықталып отыр.

Экономиканы экологияландыруды  жүзеге асыру үшiн pecуpc үнемдейтiн  технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық әзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет