Экологиялық сана, этика және мәдениет



Дата07.02.2022
өлшемі96,59 Mb.
#24987

Экологиялық сана, этика және мәдениет

Орындаған:Бағай Жұлдыз

Тексерген:Абдил Азангул

Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа қатынастарында қандай орын алады.

Экологиялық Сана

 Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.

Экологиялық мәдениет


Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады. Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу, табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау. Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады

Экологиялық мәдениет


Экологиялық мәдениет экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.

Экологиялық мәдениеттің рухани формасы-Экологиялық сана

  • Экологиялық мəдениеттің рухани формасы — экологиялық сана
  • Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы — экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын адам əрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мəселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Оны шешу үшін əр түрлі ғылымдар саласының өкілдері толғануда жəне одан шығудың жолдарын ұсынуда. Бірақ көбіне бұл технократтық жолдар болып отыр. Шын мəнінде осы сыртқы апаттың «дəні» іште жатыр, ол — саналы адамның рухани- адамгершілік құндылықтарының жұтауы, ол — кең ауқымды ұғымдағы адам мəдениетінің жетімсіздігі мен жетілмегендігі.
  • Адам табиғаттағы барлық түрге тəн прогрессивті даму үстінде. Біздер, адамдар, приматтар отряды ішіндегі тек жалғыз түр табиғатта үстемдік құрдық. Себебі не? Осынша «майлы шелпекті» жалғыз игеру неге байланысты? Ақыл, сана, мəдениет, ғылыми ой, пікір...

Қорытынды


Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығы мен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті. Сондықтанда экологияға қатысты санамыз бен мәдениеттілігіміз жоғалмасын. Жоғалтпауға атсалысамыз.

Назарыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет