Экономика дегеніміз не?



Дата03.05.2023
өлшемі17,79 Kb.
#89601

  1. Экономика дегеніміз не?

Экономика дегеніміз қоғамның тиімді дамуына жол ашатын ғылым. Экономика ел мен жердін өркендеуіне жол ашатын, бағыт беретін ғылым. Экономиканы білмесек мемлекетті дамыта алмаймыз. Экономикалық заңдарды меңгере алмасақ пайдалы мен шығыншыл жолдарды айқындай алмаймыз.
Қазіргі дамыған елдерде негізінен нарықтық сипаттағы экономика тән. Мемлекет экономикаға араласпайтың және парақорлықты жойған жолды таңдады. Байып жатуының себебі де сол.



    1. Экономиканың негізгі бағыттары

Макроэкономика — мемлекет не мемлекеттер одақтары деңгейінде экономиканы зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. Миллиондаған адамдардың әрекетін қорытып сипаттайтын деңгейде.


Микроэкономика — экономиканы жеке компаниялар деңгейінде зерттейді.
Біздің экономика оқулығы онлайн форматта сізге қол жетімді боп тұр. Сайтқа экономика жайлы көптеген мақалаларды қосып жатырмыз. Экономика пәні жайлы сабақтар.
Осы сайттың негізгі бағыттары:

  1. Экономикалық теория

  2. Қаржы

  3. Маркетинг



      1. Экономикалық теория



Экономика термині көне гректің οἶκος — шаруашылық пен νόμος — территория деген сөздерінен құралған. Яғни экономика көне гректің шаруашылықты басқару деген сөздерінен құралған.
Экономикалық теория ғылымының негізгі мақсаты — баға, жұмыссыздық, кредит, депозит, акция, тағы сол сияқты ұғымдарды ғылыми жолмен зерттеу.
Экономикалық теория үш негізгі бөлімнен тұрады — микроэконоимка, макроэкономика және халықаралық экономика.
Микроэкномика экономиканы жеке отбасылар деңгейінде қарастырады.
Макроэкономика экономиканы облыс, мемлекет сияқты ірі көлемде қарастырады.
Халықаралық экономика дүниежүзілік деңгейде қарастырады.


      1. Қаржы деген не?



Әрбір компания өзі өндірген тауарларды сатады да бұдан пайда көреді, кейін саудадан түскен ақшаға шикізат алады да жұмыскерлерге жалақы төлейді де, тауарларды қайта өндіріп қайта сатып қайта пайда алады…
Оған қоса компания кредит алуы мүмкін, салық төлеуі тиіс, яғни ақша белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін жұмсалады.
Қаржы дегеніміз — ақшаны компания (мемлекет) қажеттіліктеріне жұмсау кезінде пайда болатын арнайы экономикалық қатынастар. Сонымен қатар қаржы деп мемлекеттің (компанияның) барлық ақша қорларының жалпы сомасын атайды.
Қаржы негізгі үш топқа бөлінеді — мемлекеттік қаржы, корпоративтік қаржы және жеке отбасының қаржысы.

Мемлекеттік қаржы. Мемлекеттік қаржы мемлекеттің қажеттіліктерің ақшамен қамтамассыз ету үшін қажет. Бұл үшін әрбір мемлекет компаниялар мен халықтан салық жинайды да бұл салықты өзінің қажеттіліктеріне жұмсайды. Мысалы зейнеткрелерге пенсия ал бюджет қызметкерлеріне жалақы төлейді. Сонымен қатар мемлекетке қажетті құрал жабдықтарды сатып алады.

Корпоративтік қаржы. Корпоративтік қаржы компанияның ақша айналымын қарастырады.

Жеке отбасынының қаржысы. Жеке отбасы қаржысы мемлекетте бар отбасылардың орташа деңгейдегі отбасының қаржысын зерттейді.


      1. Маркетинг деген не?

Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіретің мекемелер — коммерциялық компаниялар, және бұл өнімді (тауарлар мен қызметтерді) тұтынатың тұтынушылар бар болады.
Маркетинг дегеніміз коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы.
Яғни маркетингтің негізгі мақсаты коммерциялық компанияның пайдасын арттыру.
Маркетингтің негізгі ұғымдары
Мұқтаждық — әрбір адамның ас ішу, киім кию, білім алу, т.с.с мұқтаждықтары бар болады.
Қажеттілік — мұқтаждықтын конкретизациясы. Мысалы аштық — мұқтаждық, ал беспармақ жеу ниеті — қажеттілік болады.
Тауар — адамдардың қажеттіліктерін өтей алатын және айырбастауға не сатылуға ұсынылған материалды не материалды емес объект. Мысалы дүкендерде сатылатын — қаламсап, дәптер, нан, компьютер және тағы сол сияқтылары тауар болады.
Әдетте материалды емес тауарларды қызмет деп атайды. Мысалы шаш алу, заңгерден кеңес алу, дәрігерге қаралу қызмет болады.
Сатылымдардың қабілеттілігі — адамның тауарды сатып алуға қажетті ресурстардың мөлшері. Яғни адамның тауарды сатып алуға ақшасының (не өзге ресурстарының) бар не жоқ болуы.
Тауар алмасутұтынушылар арасындағы, тауарларды, қажеттіліктеріне қарай, бір-бірімен айырбасталуы.
Тауарды ақшаға сату тауар алмасудың бір түрі болады.
Нарық — екі түрлі мағынаға ие, бірі тауар алмасатын жер (реалды не виртуалды), екіншісі сатып алушылардын жалпы жиынтығының атауы.
Пайда — тауарды сатқаннан түскен және тауарды өндіруге жұмсалған қаржының айырмасы.
Бәсекелестер — бір қажеттілікті өтеуге ұсынған тауарлары бар және бір ортақ нарықта жұмыс істейтің компаниялар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет