Экономика



бет7/11
Дата25.10.2022
өлшемі63,32 Kb.
#45283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ


кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген құны болып табылады. ЖҰӨ-ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді. ЖҰӨ қосылған құндарды жиынтықтау әдісімен, шығындар ағыны және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.
Мемлекеттік қаржы: Оқу құралы/ Н.Т.Сартанова,А.К.Абжанова - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. - 190 б.
  1. ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ


аса маңызды микроэкономикалық жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің (өнімнің тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.
Мемлекеттік қаржы: Оқу құралы/ Н.Т.Сартанова,А.К.Абжанова - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. - 190 б.
  1. ТАЗА ҰЛТТЫҚ ӨНІМ


э к о н. Өндірілген өнімнің өнім шығару барысында тозған өндіріс құрал-жабдығын ауыстыру (амортизация) үшін қажет бөлігін шегеріп тастағандағы жалпы ұлттық өнім.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. ҰЛТТЫҚ ТАБЫС


елдің халық шаруашылығында немесе материалдық өндіріс саласында белгілі бір кезең (әдетте бір жыл) бойына жаңадан жасалған күннің макроэкономикалық көрсеткіші, жалпы қоғамдық өнімнің оны өндіруге жұмсалған шығынды шегергеннен кейін қалатын бөліп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылаушы көрсеткіші.
Халықаралық экономика бойынша терминологиялық сөздігі / Жетпісбаева Б.А., Есенгельдин Б.С., Хусаинова Ж.С., Жартай Ж.М. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. – 181 б.
  1. ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚ


белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы.
Халықаралық экономика бойынша терминологиялық сөздігі / Жетпісбаева Б.А., Есенгельдин Б.С., Хусаинова Ж.С., Жартай Ж.М. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. – 181 б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет