Экономика



бет8/11
Дата25.10.2022
өлшемі63.32 Kb.
#45283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ


көрсеткіштері табыстың, тұтынудың, қорланудың мөлшерін және күрделі шығынның шамасын анықтауға арналған теңгерімдік кестелердің өзара байланысты кешені.
Халықаралық экономика бойынша терминологиялық сөздігі / Жетпісбаева Б.А., Есенгельдин Б.С., Хусаинова Ж.С., Жартай Ж.М. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. – 181 б.
  1. ИННОВАЦИЯ


кәсіпкерлердің мүмкіндіктерді жаңа нарықтық идеяларға айналдыру процесі.
Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 465 б.
  1. ИННОВАТОР


(жаңашыл) инновациялық процестің белсенді мүшесі: кәсіпкер, жетекші, зерттеуші, өндіріс жұмысшысы және т.б. Инноватордың қазіргі талаптарға сай болуы инновациялардың пайда болуының басты шарты. Инноватордың креативтілігі аса маңызды, яғни әлеуметтік, экономикалық, мәдени тиімділігі бар жаңа ойларды ұсыну қабілеттілігі. Қазіргі талаптарға сай, инноватор жаңаша ойлайды, яғни сыртқы нысандарды қабылдап, бағалай білумен қатар, олармен қарым-қатынас жағдайында жаңа әдістерді сіңіру кабілеті болуы керек. Осының арқасында инноватор материалдық және рухани мәдениеттің жаңа кұндылықтарын жасай отырып, жаңаша шығармашылық әдістерді ойлап табуға қабілетті. Инновациялық мінез-құлықтың мотивациясы алуан түрлі және қоғамға пайдалы бір нәрсе жасау, әлеуметтік сатыда өзін-өзі көтермелеу және т.б. Инноватор қызметінің сәттілігі көп жағдайда қоғамның жаңалыққа зәрулігімен және әлеуметтік, экономикалық және басқа да институттардың қаншалықты дәрежеде жаңалыққа жаны құмар екендігімен анықталады.
Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007. - 616 бет.
5-Тақырып. Шаруашылықтың нарықтық ұйымы.
  1. НАТУРАЛДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ


қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы, оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни, натуралды дегеніміз - адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Алайда «өндірістік - тұтындық» - принципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік нарықтан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. 
Рамазанова Г.Б, “Экономиялық теория негіздері”, Павлодар, 2013


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет