«Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе» пәні бойынша БӨЖ тақырыптары



бет20/28
Дата03.05.2023
өлшемі483 Kb.
#89596
түріҚұрамы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Плантациялық шаруашылық елдері (Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Гана, Кот-д”Ивуар, Шри-Ланка): Агроклиматтық жағдайлардың қолайлылығы; шетел қаржысының басымдылығы; саяси жағдайдың тұрақсыздығы; халықтың әл-ауқатының төмендігі.
Мұнай экспорттаушы елдер (Парсы шығанағы елдері, Ливия, Венесуэла және т.б.): Жан басына шаққандағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жоғары болуы; жаңа технологиялардың енгізілуі; қаржы экспорты.
Жалға пәтер беруші” елдер (Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам аралдары, Барбадос, Панама): Халықаралық маңызды көлік жолдары тоғысында орналасуы; салық жеңілдігі; рекреациялық ресурстар; қаржы және қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы.
Кейбір алдыңғы қатарлы дамушы елдер жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіші мен әлеуметтік даму деңгейі, өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінен жоғары дамыған елдерге жақындайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен дамушы елдердің көпшілігінде демографиялық, экологиялық жағдайдың асқынуы байқалып, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындауда.
Соңғы жылдары алдыңғы қатарлы елдерде ақпараттық экономиканың басым бола бастауы дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі айырмашылықтарды одан әрі тереңдете түсті. Дамушы елдердің басты артықшылығы болып есептелетін шикізат қоры мен арзан еңбек ресурстарына сұраныс азаюда; бұл дамыған елдерде шикізатты аз қажетсінетін және ақыл-ой еңбегіне негізделген экономиканы дамытумен байланысты түсіндіріледі.


Лекция 13


Тақырыбы: Дүниежүзілік бірлестіктермен ұйымдардың қызметі мен міндеттері
(1 сағат)


Жоспары

  1. Дүние жүзіндегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызы.

  2. Біріккен Ұлттары Ұйымы

  3. Елдердің ынтымақтасу типтері.

  4. Кедендік одақтар. Сауда ұйымдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет