Экономиканы қалыптастыру болды



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата04.02.2017
өлшемі16,28 Mb.
#3404
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

Ұлтты  алға  жетелеп,  əлемге  көзін  ашатын 

жасампаз  идея  екені  анық.  Егемендік  алған 

күннен  бастап  қазақ  ұлтының  қоғамдағы 

басты  идеясы - ұлттық  мемлекет  құру,  ұлттық 

құндылықтарды  қайта  жандандыру,  ұлттық 

экономиканы  қалыптастыру  болды.  Уақыт  өте 

келе бұл мақсаттар орындалды, қазақ ұлты əлем 

кеңістігінде  ерекше  беделге  ие  болды.  Ұлттың 

Ата  Заңы  қабылданды.  Əрбір  елдің  өзіндік 

тарихы бар, тағдыры бар.  Оның ішінде адамның 

тағдыры  мен  бостандығы,  құқығы  мемлекеттің 

басты  құндылығы,  капиталы.  Ата  Заңымызда 

осы  идея  айқын  көрсетілген,  адамның  құқығы 

мен бостандығына басымдық берілген. 

Ұлттың 


стандартты 

шеңберде 

өмір 

сүрмейтіні белгілі. Ол қатып қалған позицияға да 



бағынған емес. Тек заңға бағынады, Ата Заңның 

айбынымен  рухтанады.  Əртүрлі  кезең  өтті,  əр 

кезең мен қоғамның өз данышпаны болды. Ұлы 

қаған  Шыңғыс  хан  Дала  Заңын  қабылдады. 

Ол  заманда  қазақ  деген  ұлт  жоқ,  дегенмен, 

қазақ  даласында  əр  ғасырларда  болған  түрлі 

хандықтардың  өз  Ата  Заңы  болды.  Солардың 

ішіндегі  Тəуке  ханның  «Жеті  жарғысы»  қазақ 

тарихында  алтын  əріппен  жазылып  қалды. 

Дегенмен,  қоғамның  өзін  адам  жасайды. 

Адамның құқығы мен бостандығы алға сүйрейді. 

Ал,  бүгінде  елімізде  осындай  дүниелердің 

барлығын  парасат  биігінен  басқаратын  Ата 

Заңның  айбыны  Алаш  рухын  асқақтатып 

тұр.  Қазақ  халқының  ұлттығын  айғақтайтын 

дүниелердің барлық құқығы Ата Заңда қаралған. 

Ата  Заң  қазақ  халқының  ұлттық  болмысына 

негізделген,  мұнда  қазақ  ұлтына,  мемлекетіне 

қатысты барлық дүниелер қамтылған.

28 тамыз, бейсенбі, 2014 жыл

№35 (463)

индекс


66250

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні

2-бет

6-бет


9-бет

АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ АТА ЗАҢ!

Қуандық ҚАСЫМОВ, облыстық 

қазақ драма театрының 

көркемдік жетекшісі. 

Айжан АТЫМТАЕВА, облыстық 

қазақ драма театрының 

актрисасы

Есепті жиын



БІТКЕН ІС КӨП, ЖОСПАР ДА ЖЕТЕРЛІК

БІТКЕН ІС КӨП, ЖОСПАР ДА ЖЕТЕРЛІК

11-бет


САБИНА ҚЫЗҒА «ҚҰДА ТҮСТІ»

8-бет

Біздің оқырман



САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ – ҰСТАЗДАРДЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ

Жамбыл театр 

мектебінің өзіндік 

жолы, тасқа 

басылған 

тарихы бар.  Хас 

шеберге халық 

қол соқса, шын 

талант көрерменін 

бағалайды. 

Жұрт театр десе 

тамсанады. 

Себебі, ол көз алдыңдағы 

қимыл, өзара байланысы 

бар шынайы өнер. Сол 

ұланғайыр еңбек үш 

буын драматург, актер, 

режиссердің маңдай 

терімен  келеді. Ол ұлы 

өнер  басылым беттері 

арқылы насихатталады. 

Сол насихатшылардың 

көш басында біздің 

отбасымыз қызығып оқитын 

«Арай» тұр. 

Әп-сәтте-ақ сұлулығымен күллі әлемді таң 

қалдырған Сабина Алтынбекованы Тайланд клубы 

сатып алуға ниетті.

Тайланд ұлттық волейбол лигасында өнер 

көрсететін Sisaket клубының жетекшісі Сирипонг 

Ангкасаккулкиаттың айтуына қарағанда, 

қазақ волейболшысының Тайланд волейбол 

лигасында өнер көрсетуі үшін клуб 1 миллион тай 

батынан 10 миллионға дейін (31,3 АҚШ долларынан 

$313 мыңға дейін) шығындалуға дайын екен. 

Тамыз кеңесі



2-бет

Биыл Жамбыл облысының  құрылғанына  75, тың 

және тыңайған жерлердің игеріле бастағанына 60 

жыл толады. Ел экономикасы мен  өміріне  өзгеріс 

әкелген бұл айтулы кезеңді халқымыздың ұлы 

жазушысы Мұхтар Әуезов  «Түркістан солай 

туған» деп аталатын очеркі арқылы көркем әрі 

нақты деректермен бейнелеп берді. 



3-бет

«ТҮРКІСТАН СОЛАЙ ТУҒАН»

«ТҮРКІСТАН СОЛАЙ ТУҒАН»

7-бет

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС

ҰЛЫТАУ ТӨРІНДЕГІ ТОЛҒАНЫС

Жақында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 

жұмыс сапарымен Жезқазған өңірінде болғаны 

газет оқырмандарына жақсы мәлім. Сапар 

барысында Президент арнайы сұхбат берді. 

Бүгін жұртшылық назарына Елбасының Ұлытау 

төріндегі ұлт туралы толғаныстарын ұсынып 

отырмыз. Әңгіме қазіргі экономика мәселелері, 

ел тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде 

өрбіді.


Хамит ЕСАМАН

xamit.esaman@mail.ru

Жаңа оқу жылына дайындық іспеттес 

облыс  педагогтарының  Тамыз  Кеңесі 

өткен жылғы білім беру ісін қорытындылап, 

алдағы жұмыстардың жоспарын түйіндеді. 

Бұл жолғы облыс педагогтарының Тамыз 

Кеңесі  «Білім  берудің  инновациялық 

стратегиясы – мемлекеттің,  қоғамның 

жəне  жеке  тұлғаның  тұрақты  даму 

факторы» тақырыбымен өтті. 

Алқалы  жиында  сөз  бастаған  облыс 

əкімдігі  білім  беру  басқармасының 

басшысы  Сұлушаш  Құрманбекованың 

сөзіне  қарағанда  жас  ұрпақты  оқытып, 

тəрбиелеуге  билік  қамқорлықты  аяп 

отырған жоқ. Бұл салаға бөлінетін қаржы 

көлемі  аз  емес,  жыл  сайын  еселенеді. 

Ұстаздардың да еңбектері ерен. 



Қамар ҚАРАСАЕВА

Жиынды  облыстық  мəслихаттың  депутаты  Асаубай 

Майлыбаев  ашып,  жүргізіп  отырды.  Алдымен  облыстық 

мəслихаттың  хатшысы  Бағлан  Қарашолақов  облыстық 

мəслихаттың  депутаты  Халит  Базаралиевке  қоғамдық 

жұмыстарға белсене қатысқаны үшін облыстық мəслихаттың 

Құрмет Грамотасын табыс етті.

Бұдан кейін облыс əкімі Кəрім Көкірекбаев өзіне жүктелген 

функциялар  мен  міндеттердің  орындалуын  негізге  ала 

отырып  өткен  жартыжылдық  бойынша  облыста  атқарылған 

жұмыстарды сала-сала бойынша баяндап берді. 

–  Құрметті  депутаттар!  Құрметті  сессияға  қатысушылар! 

Өткен  жартыжылдықта  облыс  бойынша  бірқатар  жұмыстар 

атқарылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» 

Стратегиясында алға бірқатар міндеттерді қойды. Өздеріңізге 

мəлім,  Қазақстан,  Беларусь,  Ресей  мемлекеттері  біріккен 

Еуразиялық  Одақтың  келешегі  зор,  бірлік  пен  берекенің 

нəтижесі. Дей тұрғанмен, əлемде алаңдарлық жағдайлар да 

баршылық. Украин еліндегі дағдарысты айтпай кетуге болмас. 

Жақында  ғана  Елбасының  қатысуымен  өткен  Үкіметтің 

кеңейтілген  отырысында  халықты  алаңдатқан  мəселелерді 

шешу  жолдары  талқыланды.  Елбасы  мемлекеттік  басқару 

жүйесін оңтайландыру, экономиканы əртараптандыру, қаржы 

секторын  тиімді  пайдалану  секілді  бірқатар  міндеттерді 

қойды.

екс


250

ТАЕВА, облыстық

еатрының

атр 


ік

с

нін



е

алдыңдағы 

айланысы 

ер. Сол 


ек үш

г, актер, 

аңдай

Ол ұлы 


беттері 

тталады. 

лардың 

здің


ығып оқитын 

СƏН-САЛТАНАТЫ ЖАРАСҚАН САРЫСУ

Қойнауы қазынаға толы 

Сарысу ауданы күннен күнге даму 

үстінде. Әсіресе, шағын қалалар 

бағдарламасына енген аудан орталығы, 

Жаңатас қаласында атқарылған 

тірлік ауқымды.



СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!

1 қыркүйек – Білім күні

толы

е даму


қалалар

рталығы, 

ан 

75, тың 


нына 60 

геріс 


ұлы

й 

рі 



ді таң 

клубы 


р 

г 

,



л

й 

нан 



Өткен  аптаның  жұма  күні  облыс  əкімдігінің  мəжіліс 

залында  облыстық  мəслихат  депутаттарының  кезектен 

тыс XXVIII сессиясы  шақырылып,  облыс  əкімі  Кəрім 

Көкірекбаев  облыс  депутаттарының  алдында  өткен 

жартыжылдықты  қорытындылап,  есеп  берді.  Есепті 

жиынға  облыс  əкімінің  орынбасарлары,  қала  жəне 

аудан əкімдері, облыстық, қалалық, аудандық мəслихат 

хатшылары,  облыс  əкімдігінің  басқарма  басшылары, 

республикалық, 

облыстық 

бұқаралық 

ақпарат 

құралдарының өкілдері қатысты.

28 тамыз

№35(463)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

БІТКЕН ІС КӨП, ЖОСПАР ДА ЖЕТЕРЛІК

Облыс әкімдігінде



ƏУЛИЕАТАДА ТУРИСТЕР ҚЫЗЫҒАТЫН ЖЕРЛЕР ӨТЕ КӨП

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС 

ЖЫЛДАН-ЖЫЛҒА КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ 

Талқы


БІРАҚ, БҰЛ БАЙЛЫҚТЫ ЕШКІМ ЕЛЕП-ЕСКЕРІП ЖАТҚАН ЖОҚ

БҰЛ  ТУРАЛЫ  ОБЛЫС  ƏКІМДІГІНДЕ  ӨТКЕН  АППАРАТТЫҚ  КЕҢЕСТЕ 

ОБЛЫС  ƏКІМІ  КƏРІМ  КӨКІРЕКБАЕВ  ТУРИЗМ  САЛАСЫН  ДАМЫТУ 

БАҒЫТЫНДАҒЫ  ЖҰМЫСТАРДЫ  СЫНҒА  АЛА  ОТЫРЫП  АЙТЫП  ӨТТІ. 

АЛ,  КƏСІПКЕРЛІК  ЖƏНЕ  ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ  ДАМЫТУ 

БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ДОСАН РЫМТАЕВ ОБЛЫСТАҒЫ ТУРИЗМ 

САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ХАБАРЛАДЫ. 

–  Іс-шаралардың  сəтті  жүзеге 

асырылуы Жамбыл облысында туризм 

индустриясы  көрсеткіштерінің  өсуіне 

алып  келді.  Атап  айтсақ,  алдыңғы 

жылдағы  кезеңмен  салыстырғанда, 

2014 жылдың қаңтар-наурыз айларында 

резидент  емес  келушілер  саны 87,5 

пайызға,  ал,  резидент  келушілер  саны 

10,7 пайызға өсті, – деді Д.Рымтаев.  

Басқарма  басшысы  слайд  жүзінде 

əлем 


бойынша 

туристерді 

өзіне 

қызықтырып 



отырған 

сарқырама, 

құм,  шатқалдар  мен  тау  үңгірлері 

сынды 


ерекше 

аймақтарды 

облысымыздағы 

дəл 


осындай 

орындармен 

салыстырмалы 

түрде 


көптеген  жақсы  деректер  келтірді. 

Мəселен,  Орта  Азиядағы  ең  көне 

мешіт  Таразда  орналасса,  Меркі  мен 

Жуалы  жерлеріндегі  тау  шатқалдары,  

Жамбыл  ауданындағы  Ботамойнақ 

аңғары, Таластың құмды аймақтары да 

шетелдегі экзотикалық аймақтардан бір 

кем  еместігі  айтылды.  Хабарламашы 

Досан  Тасболатұлы  бізде  туризм 

саласы  бойынша  ақпараттандыру  мен 

үгіт-насихаттың  өте  төмен  екендігін 

жəне  инфрақұрылым  мен  қызмет 

көрсетудің жоқтығын айтып, қынжылыс 

білдірді.  Шетелдік  туристердің  көп 

келмейтіндігін 

осы 


жағдайлармен 

байланыстырды.  Мəселен,  Ақыртас 

кешені  мен  Тау  Самалы  туристік 

нысандары  бойынша  атқарылуы  тиіс 

жұмыстар  əлі  басталмаған.  Төрткөл 

керуен-сарай  жобасын  ерекше  атып 

өткенімізбен,  қомақты  қаржы  бөлінсе 

де  нысанның  əлеуеті  толықтай  жүзеге 

аспаған.  Алдын-ала  есептер  бойынша 

жобаның инвестициясы көлемі 120 млн. 

теңгені құрапты. Ал, 2008-2010 жылдар 

аралығында  облыс  əкімдігі  ондағы 

қазба  жұмыстарына,  консервацияға 

жəне  керуен-сарайды  қалпына  келтіру 

мақсатында 97 млн.  теңге  жұмсаған. 

«Төрткүл»  жобасы  бойынша  облыс 

əкімі  мəдениет  басқармасы  басшысы 

Дүйсеналы Бықыбаевтан жауап алды.

–  Төрткүл  мəселесі  бұған  дейін 

көтеріліп, 2007 жылғы  №31  қаулыны 

өзгерту  туралы  министрлікке  қатыныс 

хат жіберілген. Ұсыныстардың жауабын 

күтіп  отырмыз.  Шын  мəнінде  Төрткүл 

жобасы  қымбат  болған.  Қазір  ол 

облыстық  музейдің  қарамағында.  Бұл 

бағытта  жоспарланған  шараларымыз 

бар, – деді ол.

 

Ал, 



облыс 

туризмімен 

бұл 

басқармада 



тек 

екі-ақ 


маман 

айналысады екен. Бұл күшпен ешнəрсе 

бітіре 

алмайтынын 



ашып 

айтқан 


басқарма басшысы туризмді өз алдына 

бөлек  басқарма  етіп  құруды  ұсынды. 

Алайда  облыс  əкімі  бұл  ұсынысты 

қолдамады.  Есесіне  Кəрім  Нəсбекұлы 

ішкі  туризмді  дамыту  бойынша  көп 

нəрсе істелінбей отырғанын жеткізді. 

–  Біз  алдымен  өзіміздің  ішкі 

туризмімізді  жөнге  келтіріп  алайықшы. 

Облыс тұрғындары өзіміздің тарихымыз 

бен тарихи нысандарымызды біле ме? 

Бағыт жасап, патриотизмді насихаттап, 

оқушыларды 

алып 

барайық 


сол 

жерлерге. 

Келушілердің 

қатарын 


өзіміз  арттырып  бастайық.  Елбасы 

министрліктерді  қысқартып  жатқанда 

жаңа  басқарманы  қайдан  ашамыз? – 

деген  облыс  əкімі  барлық  басқарма 

басшылырына «осы отырған қайсысың 

облыстың  туристік  нысандарын  барып 

көрдіңдер?» 

деген 


сауал 

тастап, 


бұл  іске  жұмыла  атсалысу  керектігін 

жеткізді. 

Кеңестің  келесі  мəселесі  бойынша 

облыстағы  көші-қон  жағдайы  талқыға 

түсті. Бұл бойынша облыстық ішкі істер 

департаментінің  көші-қон  полициясы 

басқармасының 

басшысы 


Мұхтар 

Салжанов  хабарлама  жасады.  Оның 

айтуынша, облысымыз заңсыз көші-қон 

транзиттік дəлізге айналып отыр. Себебі, 

аймақтың  бес  бірдей  ауданы  түстіктегі 

Қырғыз  елімен  шектеседі,  мемлекеттік 

шекара  ұзындығы – 729 шақырымды 

құрайды.  Заңсыз  мигранттар  негізінен 

осы елден келіп жатыр екен. Ал, соңғы 

дерек бойынша қазір облыс аумағында 

19 615 шетелдік азамат тұрақты тұрады 

екен.  Былтыр  бұл  көрсеткіш  мұндай 

уақытта 17 496 болған.  Сонымен 

қатар,  тұрақты  тұрып  келе  жатқан 376 

шалғай  шетмемлекеттіктің  азаматтығы 

жоқ  екен.  Қазір  сол  үшін  «Шетелдіктер 

жəне азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу 

жəне құжаттандыру» ақпараттық жүйесі 

енгізіліпті. 

Десек  те,  елге  келіп  жатқан 

шетелдіктің 

бəрі 


бірдей 

тəртіпті 

емес  екен.  Үстіміздегі  жылдың  жеті 

айында 


көші-қон 

заңнамаларын 

бұзғаны  үшін 1800 шетелдік  əкімшілік 

жауапкершілікке тартылыпты. Олардың 

220-сы  Қазақстаннан  аластатылып,  есі 

барда елдерін тапқан.  

Бұл  көрсеткіштердің  былтырғымен 

салыстырғанда  өсіп  кеткенін  айта  келе 

облыс əкімі Иран мен Сингапурдағыдай 

қатаң  шарттар  қою  керектігін  жəне 

ол  бойынша  шетелдіктер  елге  аяқ 

басқан  сəттен  оларды  ақпараттандыру 

қажеттігін айтты. 

Кеңес 


соңында 

облыс 


əкімі 

қаладағы  көлік  қозғалысын  сынға 

алып, əсіресе көліктерін көрінген жерге 

қаңтарып қою сынды бассыздықтардың 

көбейіп  кеткенін,  ал  оның  бақылаусыз 

қалғанын 

ашына 

айтты. 


Осыны 

жұма  күнге  дейін  реттеуді  ішкі  істер 

департаменті  басшылығының  өкіліне 

тапсырма  етіп  жүктеді.  Егер  тапсырма 

тиянақты  орындалмаса,  министрлікке 

хат жіберетінін жеткізді.  



Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ

1-бетте


Жамбыл 

облысында 

қолайсыз 

ауа-райына 

қарамастан 

ауыл 


шаруашылығы 

өркендеуде. 

Əлеуметтік  салада  да  айтарлықтай  жетістіктерге  қол 

жеткіздік.  Есепті  жиын  барысында  əр  салаға  нақты 

тоқталатын  боламыз, – деген  Кəрім  Нəсбекұлы 

əрбір  сала  бойынша  нақты  дəлелдерді  алға  тартып, 

атқарылған жəне алдағы жоспарлы жұмыстары жайлы 

да  айтып  өтті.  Облыс  басшысының  айтуынша,  облыс 

бюджеті 100,8 пайызға  орындалды.  Шығын  көлемі 

96,6  пайыз  болса,  түсім 9,7 пайызға  артқан.  Жан 

басына шаққанда өңірлік өнім көлемі 167,6 мың теңгені 

құрады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша шошқа 

мен  құстан  басқа  мал  басы  артқан.  Сала 4,8 пайызға 

артып, 42 млрд.  теңгені  құрап  отыр.  Алдағы  уақытта 

облыстағы  ірі-қара  мал  басы 1100-ге  жеткізілмек. 

Асыл тұқымды 430 сиыр малы Венгриядан əкелінбек. 

Сондай-ақ, облыстан 145 сүт қабылдау пункттерін ашу 

жоспарда бар. 

Облыстың  құрылыс  саласы  да  қарқынды  дамып 

келеді.  Сала  жұмысы 1,3 есеге  артып, 38,2 млрд. 

теңгені  құраған. 109,4 мың  шаршы  метр  тұрғын-

үй  пайдалануға  беріліп,  тұрғын-үй  құрылысының 

жұмысы 5,1 пайызға  артты.  Сондай-ақ, «Бəйтерек» 

мөлтекауданынан 75 жəне 65 пəтерлі  көпқабатты 

тұрғын  үйлер  де  халық  игілігіне  пайдалануға  берілді. 

Облыстың  автожолдарын  күтіп  ұстауға 6,8 млрд. 

теңге  бөлініп,  осы  уақытқа  дейін 219 көше  жөнделді. 

Ал,  Тараз – Гродеково  бағытындағы  автожолын 

салу  жоспарда  тұр.  Облыста  көлік  саласының  даму 

динамикасы да айтарлықтай. Тұрғындар үшін автобус 

бағыттарына 23 млн.  теңге  бөлінген.  Сонымен  қатар, 

Кəрім  Нəсбекұлы  денсаулық,  білім  салаларына  да 

арнайы тоқталып, аталған салаларға бөлінген қаражат 

көлемі  мен  атқарылған  жұмыстар  туралы  баяндады. 

«100  мектеп, 100 аурухана»  бағдарламасы  бойынша 

облыс  орталығынан 300 төсектік  аурухананың 

құрылысы  жүріп  жатқандығын  айтып  өтті.  Байзақ, 

Жамбыл аудандарында да ауруханалардың құрылысы 

жүргізілу  үстінде.  Облыстағы  апатты  жағдайлардағы 

мектептер  де  шетінен  қалпына  келтірілуде.  Ендігі  бір 

жай  бағаның  тұрақтануы  төңірегінде.  Бұл  өзі  бүкіл 

халықты  ойға  батырған  мəселе  болып  келді.  Бірақ 

облыс  басшысы  бағаны  тұрақтандыру  мақсатында 

жұмыс жасап жатқандықтарын айтты.

–  Бүгінгі  таңда  бағаны  тұрақтандыруда  жұмыс 

жасалып  келеді. 6000 тоннаға  тарта  азық-түлік 

алынды, – деді  Кəрім  Нəсбекұлы.  Сонымен  қатар, 

облыс  халқының  айлық  жалақысы  былтырғы  жылғы 

72774 теңгеден 77126 мың теңгеге дейін өскен. Кəрім 

Көкірекбаев  облыстың  бұдан  өзге  де  жетістіктерін 

баяндай келе, келешек жоспарлармен де бөлісті. 

Баяндама 

аяқталғаннан 

кейін 


жарыссөзге 

Талас  ауданы  №29  сайлау  округінен  сайланған 

облыстық  мəслихаттың  депутаты  Бақтияр  Алдашов, 

Байзақ  ауданы  №12  сайлау  округінен  сайланған 

облыстық  мəслихаттың  депутаты  Асқар  Бекбауовтар 

шығып,  облысымыздағы  атқарылған  жұмыстарға 

тоқталды.  Облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаевтың  есебіне 

қанағаттанарлық  деген  баға  берді.  Бұдан  кейін 

Жамбыл  ауданының  əкімі  Рүстем  Дəулет  ауданда 

атқарылып  жатқан  жұмыстарды  баяндаса,  облыс 

əкімдігі құрылыс, жолаушылар көлігі жəне автомобиль 

жолдары 


басқармасының 

басшысы 


Рахманқұл 

Байтелиев  құрылыс  саласындағы  жетістіктерге 

тоқталды.  Өз  кезегінде  сессия  төрағасы  Асаубай 

Майлыбаев  жарыссөзге  шығып,  облыстағы  алғашқы 

жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды оң бағалады. 

Десе де депутат бірқатар мəселелерді сын тезіне алды. 

Жиын  соңында XXІХ  сессияның  төрағасын 

сайлау  туралы  мəселе  көтеріліп,  облыстық  мəслихат 

депутаттарының  келісімімен  келесі  ХХІХ  сессияның 

төрағасы  болып  Т.Рысқұлов  ауданы  №31  сайлау 

округінен  сайланған  облыстық  мəслихаттың  депутаты 

Қайрат Терлікбаев сайланды. 



Ислам ХАМИТҰЛЫ.

Тараз  қалалық  Мəдениет  үйінде  «Нұр  Отан»  партиясы    облыстық  филиалы  Саяси 

кеңесінің  кеңейтілген  отырысы  болып  өтті.  Жиынға    партияның  бақылау-тексеру 

комиссиясының мүшелері, партия аумақтық филиалдарының төрағалары мен олардың 

бірінші орынбасарлары, аудан əкімдері, партиялық бақылау комиссиясы мен партияның 

облыстық, қалалық жəне аудандық филиалдары жанындағы жемқорлыққа қарсы əрекет 

жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалары мен мүшелері, басқарма, мекеме басшылары, 

ардагерлер кеңесі мен этномəдени орталықтардың жетекшілері қатысты. 

Басқосудың  күн  тəртібіне    «Нұр  Отан» 

партиясының «2015-2025 жылдарға 

арналған 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» 

ұсынылып,  облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  баяндама 

жасады. 

Облыс  басшысы  өз    баяндамасында    сыбайлас 

жемқорлықтың  алдын  алу  мақсатында  аймақта 

тұрақты 


жұмыстар 

жүргізіліп 

жатқандығын, 

дейтұрғанмен  кемшіліктердің  де  жоқ  еместігін 

атап  өтті.  Мəселен,  мемлекеттік  қызметкерлердің 

жұмыстарында шикілік көп кездесетін көрінеді. Осыған 

байланысты  жүргізілген  тексерулер  бірсыпыра 

лауазым иелерін жауапқа тартуға жеткізген. Мəселен,  

сыбайлас    жемқорлыққа  қарсы  заң  талаптарын 

бұзғаны  үшін  тəртіптік  жауапкершілікке  тартылған 

мемлекетік  қызметкерлердің  саны  екі  есеге  артқан. 

Жəне  де  жарты  жылдықтың  қорытындысы  бойынша 

жемқорлыққа  байланысты  құқық  бұзғаны  үшін 

партияның төрт мүшесі партия қатарынан шығарылуы 

талаптың бұрынғыдан да күшейгенін көрсетсе керек.

–  Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру 

тетіктерінің бірі сыбайлас жемқорылыққа қарсы күрес. 

ТМД  елдерінің  ішінде  Қазақстан  бəрінен    бұрын  осы 

қоғамдық кеселге қарсы жаңа заң жобасын қабылдады 

жəне  соны жүзеге асырып келеді. Алайда, сыбайлас 

жемқорлыққа  қарсы  күрес  тек  биліктің  ғана  ісі  емес. 

Оған  бүкіл  халық,  қоғам  болып  қарсы  тұру  қажет. 

Əрі  ол  бір  күннің  шаруасына  жатпайды.  Қазір  бізде 

лауазымды тұлғалардың тəртібі қатаң бақылауда. Осы 

жемқорлыққа қарсы күрестің кеңінен жариялы болуын 

қарастырудамыз.  Олай  болса,  жаңа  бағдарламаға 

сəйкес,  ұсыныс-пікірлер  күтеміз, – деді  Кəрім 

Нəсбекұлы.

Алқалы 

отырыста 



өңір 

басшысы 


жаңа 

заң 


жобасының 

алдағы 


уақыттарда 

партия 


бөлімшелерінде      де  талқыланып,  оған  арнайы  

ұсыныстар  енгізілетінін  айта  келіп,  бұл  қоғамдық 

кеселдің алдын алу жолдарына тоқталды.  

Келесі 


кезекте 

Тараз 


қаласының 

əкімі 


Н.Календеров,  облыс  бойынша  экономикалық 

қылмысқа  жəне  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес  департаментінің  бастығы  М.  Нəлібаев, «Нұр 

Отан»  партиясы  облыстық  филиалы  жанындағы 

жемқорлыққа  қарсы  əрекет  жөніндегі  қоғамдық 

кеңестің  төрағасы,  облыстық  мəслихаттың  депутаты 

С.Сейдəзімов,  облыстың  кəсіпкерлер  палатасының 

директоры  А.Қошмамбетов,  №2  қалалық  аурухана 

бас  дəрігерінің  орынбасары,  қалалық  мəслихаттың 

депутаты Г.Умаров, Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық 

округінің  əкімі  А.Ахметова  жарыссөзге  шығып,  

аталмыш бағдарламаға сəйкес өз ой-пікірлерін ортаға 

салды. 

Саяси кеңес отырысы барысында күн тəртібіндегі 



екінші  мəселе  бойынша  облыс  əкімдігі  жұмыспен 

қамтуды  үйлестіру  жəне  əлеуметтік  бағдарламалар 

басқармасының  басшысы  Жорабек  Баубеков  сөз 

алып,  мүмкіндігі  шектеулі  жандарға  басқарма 

тарапынан  жасалып  жатқан  көмектерге  тоқталып 

өтті.  Одан  кейін  жарыссөзге  кезек  беріліп,  саяси 

кеңестің мүшесі Б.Алдашов, «Нұр Отан» партиясының 

Мойынқұм  аудандық  филиалының  төрағасы,  аудан 

əкімі  Б.Мəдікенов,  Тараз  қалалық  əкімдігі  жұмыспен 

қамту  жəне  əлеуметтік  қорғау  бөлімінің  басшысы 

Г.Олжабаевалар өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Саяси 

кеңес отырысының күн тəртібіне енгізілген мəселелер 

толығымен қаралып, тиісті қаулы қабылданды.  

Жиын  соңында    партияның  бірқатар  мүшелеріне 

жаңа үлгідегі партия билеттері табыс етілді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет