Экспо-2017 – Қазақстанның белесі бөлімі бойынша №5 жб



бет1/2
Дата11.12.2022
өлшемі16,64 Kb.
#56505
  1   2

«ЭКСПО-2017» – Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша № 5 ЖБ

Оқушының аты-жөні _____________________________________


Сыныбы 9 ________ ______ ақпан, 2022 жыл


Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым Жазылым
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің
мағынасын түсіну
9.5.1.3 Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы:
 Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай эссе жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут

ТАПСЫРМА.


1. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.

Астанада өткізілген ЭКСПО-2017 көрмесінінің басты тақырыбы – «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Бұл тақырыпты ұсынудың себебі: бұл көрме энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталды.


Халықаралық көрмеге арқау болып отырған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы қазіргі таңда өзекті болып отыр. Бүгінде күллі әлемде энергия тапшылығы байқалып отырғаны белгілі. Әлем елдері энергияны үнемдеуге, күн, желден баламалы энергия көздерін алуға көше бастады. Қауіпсіздік жағынан талапқа сай келетін әрі арзан энергия көздерін пайдалануға әлемнің көптеген елдері құштар.
ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің тақырыбына сәйкес құрылыстарды салуда және іс-шараларды өткізуде алдыңғы қатарлы озық технологиялар қолданылды. Сонымен қатар көрме Астананың инфрақұрылымына да үлкен өзгеріс әкелді. Жаңа қонақ үйлер салынды, жаңа жұмыс орындары ашылды, сауда-саттық өркендеді. Шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндік туды. (133 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет