«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық



бет16/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

5-тарау

Кітап оқу

Мақсаты


Кітап оқуға деген қызығушылық пен қажеттілікті қалыптастыру.

Бөлімдер


● «Қазақ әдебиетінің алтын қоры»

● «Әлемдік әдебиеттің алтын қоры»

● «Жеке тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер»

Бағдарламаның ресми интернет-ресурсында қатысушыларға өз деңгейінде оқитын шығармаларды таңдап алатын әдебиеттер тізімі ұсынылады. Ұсынылған тізімге кірмейтін шығармаларды оқу, деңгейден өту кезінде есепке алынбайды.


Бағыттың ұзақтығы мен көлемі


Қатысушылар шығармаларды, кітаптарды немесе олардың электронды нұсқасын өз бетінше сатып алуы тиіс.

Қола деңгейден өту үшін қатысушы 3 (үш) ай ішінде кемінде 3 (үш) шығарманы, күміс деңгейден өту үшін 6 (алты) ай ішінде кемінде 6 (алты) кітапты және алтын деңгейден өту үшін 9 (тоғыз) ай ішінде кемінде 9 (тоғыз) кітапты оқуы қажет.

Апта сайынғы есепте қатысушы оқыған кітабы туралы бір минуттық видео жаза алады немесе өлеңдерді жатқа оқу, эпостан үзінді, поэма, прозадан үзінді оқи алады немесе оқыған материалын 100-150 сөзбен қысқаша баяндай алады.

Кітапты оқығаннан кейін қатысушы 3 минуттық видео немесе 500 сөзден тұратын эссе жазуы керек.

Видеода ол мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерін қолдануға болады):

● Сіздің түсінігіңізде осы кітаптың түпкі ойы қандай?

● Бұл кітап сізге эмоционалдық және/немесе рухани тұрғыда қалай әсер етті?

● Осы кітаптағы белгілі бір көріністі немесе оқиғаны қысқаша сипаттаңыз, сонымен қатар, сізге қандай әсер қалдырды?

● Кейіпкерлердің бірін таңдаңыз және оның ішкі жан дүниесі мен толғанысын сипаттап беруге тырысыңыз. Осы кейіпкердің орнында болсаңыз, сіз не істер едіңіз?

Бағдарламаға тіркелгеннен кейін бірден қатысушының жеке кабинетінде автоматты уақыт санағы басталады: қатысушының деңгейіне сәйкес алты, он екі және он сегіз ай.

Қатысушының есептерін қарағаннан кейін арнайы комиссия оның деңгейді аяқтағаны немесе аяқтамағаны туралы шешім қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет