«елбасы медалі» бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелеік нұСҚаулық


Тәлімгердің кәмелетке толмаған қатысушылардың заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынасы



бет27/28
Дата07.01.2022
өлшемі249 Kb.
#20751
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Тәлімгердің кәмелетке толмаған қатысушылардың заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынасы


  1. Тәлімгерлер қатысушылардың заңды өкілдеріне құрмет көрсетіп, ізгі ниетте қарым-қатынас жасауы тиіс;

  2. Тәлімгерлер заңды өкілдерге Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша кеңес береді;

  3. Тәлімгерлердің заңды өкілдермен қарым-қатынасы қатысушылардың жеке басы мен жетістіктерін бағалауға ықпал етпеуі тиіс.

Қатысушыны Бағдарлама орталықтары арасында ауыстыру


Қатысушы Бағдарлама орталығын ауыстыра алады және бұл ретте, егер қатысушы Бағдарлама іске асырылатын жерге көшсе, Бағдарламаға қатысуды жалғастыра алады. Өзге жағдайларда қатысушы Бағдарламаның басқа орталығына ауыса алмайды және қатысуы тоқтатылады.

Қатысушы ауысқан жағдайда мынадай процесті жүзеге асыруы қажет:



  • Ауыстыруға бастама жасау. Бағдарлама серіктесі Бағдарлама операторына ауыстыру туралы хабарлайды. Бағдарлама серіктесі қатысушыны ауыстыру туралы өтініш толтырады (www.fpp.kz мекенжайы бойынша қолжетімді);

  • Ауыстыруды басқару. Бағдарлама операторы қатысушыны ауыстырудан бас тартуға немесе ауыстыруға келісуге қатысты шешім қабылдап, өз шешімін қатысушы кететін және келетін Бағдарлама орталықтарына жібереді;

  • Ауыстыруды аяқтау барысын Бағдарламаның жіберуші және қабылдаушы орталықтары үйлестіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет