Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір



жүктеу 8.13 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі8.13 Mb.
1   2   3   4   5   6

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ.

СЫН СЫНАҒЫ СӘТІМЕН 

САБАҚТАЛСЫН 

«Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры  керек  болар  бір  сасқанда...» 

– деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай 

болып  кіріп,  ақыл  ойлары  толысып,  оң 

мен  солын  танып  жақсы  мен  жаманды 

айыра  білуді  үйренген  Лебяжі  жалпы 

орта білім беретін мектебінің 4 «б» қазақ 

гимназия сынып оқушылары мен алғашқы 

ұстазы Абетжанова Самал Тоқтасынқызы-

ның  ұйымдастыруымен  «Бастауышым 

–  балбұлағым!»  мерекесі    өтті.  Осыдан 

төрт  жыл  бұрын  мектеп  табалдырығын 

жүрексіне  аттаған  балаларымыз  білімнің 

негізі  болатын  бастауышта  оқып,  білім 

алып,  қанаттарын  қатайтып  бастауыш 

сыныппен  қоштасты.  Оқушылар  үшін  де, 

ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де бұл 

есте  қаларлық  ерекше  күн.  Алдымызда 

тұрған  4-  сынып  оқушылары  осыдан 

төрт  жыл  бұрын  алты,  жеті  жасар  бала 

болса,  бүгін,  міне,  ес  біліп,  етек  жиған 

шәкірт.  Мектеп  табалдырығын  аттаған 

күннен  бастап  «Әліппемен  қоштасу», 

дәстүрлі 

Наурыз 


тойлары, 

әртүрлі 


тақырыпта 

ұйымдастырылған 

көрме-

лер,  сыныпаралық  спорттық  жарыстар, 



ашық  сабақтар  мен  тәрбие  сағаттары 

балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. 

Армандасаң  да,  қиялдасаң  да  балалық 

шағың  көз  алдыңа  келеді.  Өйткені,  биік 

асуға  беттеген  аяулы  ғұмыр,  ғажайып 

өмір  осынау  бал  күлкілі  балалық  шақтан 

басталады.  Міне,  біздің  бүлдіршіндер 

өміріне  өшпес  із  қалдырған  бастауыш 

сыныбымен  қоштасып,  бір  жылға  тағы 

да  есейгелі  отыр.  Қызықты  да  ғаламат 

өзгерістер  сыйлаған,  білім  нәрімен 

сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға 

жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына 

өз  өнерлерін  көрсетті.  Мерекелік  шара 

сұлу  вальс  биімен  басталып,  жүрек 

тербетер  әндер  мен  өлең  жолдарымен 

жалғасты.  Пән  мұғалімдеріне  деген 

алғыстарын  білдіре  отырып,  орынды 

өлең  жолдарымен  түрлі  номинациялар 

бойынша  марапаттады.  Заман  талабына 

сай үш тілде де өнерлерін ұсынып, жүрек 

тебіретер  анаға,  әкеге,  әжеге,  ұстазға 

және 

Отанға 


деген 

сүйіспеншілікті 

білдіретін  әндер  орындады.  Мереке 

соңында мектеп әкімшілігі бүлдіршіндерге 

ақ  жол  тілеп,  орта  буында  тек  биік 

шыңдарда  ғана  көрінуді  шын  жүректен 

тілеп,  түлектерге  мадақтамалар  және 

сынып  жетекшінің  атынан  әр  шәкіртке 

түрлі  номинация  бойынша  мадақтама, 

ата-аналарға  алғыс  хаттарын  табыс  етті.  

Жұмағали  Зинираның  атасы  өзінің  ақ 

тілегін білдірді. 

Ата-аналардың  атынан  Білім  атты 

ғажайып әлеміне алғаш кілтін табыстаған, 

сусындаған  нәрін  берген,  балалардың 

жүрегіне жол тапқан  алғашқы ұстаздары 

Самал  Тоқтасынқызына  алғысымызды 

білдіріп,  зор  денсаулық,  отбасылық, 

аналық  бақыт,  шығармашылық  табыс, 

әр  бастаған  ісіңізде  сәттілік  тілейміз. 

Балаларымызға 

артқан 


үміттеріміз, 

сенімдеріміз ақталады деп сенеміз.



Ж.Мухамединова.

«Бастауышым – 

балбұлағым!» мерекесі  өтті

М е к т е п   ө м і р і

 

Ұ Б Т   -   2 0 1 4



31.05.2014ж.  №21 /7697/

А ќ ќ у   ‰ н і

3

Ұ Л Т Ы М Ы З   Б Е Н   Ұ Л Т Т Ы Ғ Ы М Ы З Д Ы 



Ж А Й П А Ғ А Н   Қ А С І Р Е Т - Қ А Й Ғ Ы

31 мамыр – саяси-қуғын сүргін һәм ашаршылық құрбандарын еске алудың азалы күні

Дүние  жүзінің  кемпірқосақтың  түсіндей  бірнеше  палитралы 

саяси  картасында  өз  алдына  ел  болып  танылған  Қазақ  елінің, 

Қазақстанның  басынан  көптеген  соғыс,  шайқас,  көтеріліс, 

дүмпулер  өтті.  Сонымен  бірге  ұлтымыздың  санын  едәуір 

азайтуға  кесір-зиянын  тигізген  босу,  ашаршылық,  қуғын-

сүргіннің  нәубеті  бір  бөлек.  Бұлардың  тарихта  болғанын 

растайтын  ескерткіштер,  белгі  тастар  еліміздің  жер-жерінде 

тұрғызылды.  Әр  жылдың  31  мамырында  солардың  басына 

барып,  жазықсыздан-жасықсыз  құрбан  болған  жандарды  еске 

алып, көздің жасын бір сығып, аруақтар рухына Құраннан дұға 

түсіреді. Ұлтымыз бен ұлттығымызды жайпаған осынау қасірет-

қайғы хақында тұщымды әңгіме өрбітіп көрейік.

Осыдан  89  жыл  бұрын,  яғни  1925  жылы  13  қыркүйекте, 

Қазақстан өлкелік партия комитетінің хатшылығына Мәскеудегі 

орталық  билік  Филипп  Исаевич  (Шая  Ицкович)  Голощекинді 

жіберді. 1933 жылдың 21 қаңтарына дейін осы қызметте отырған 

Голощекин  тұсында  қазақ  халқы  өз  тарихындағы  ең  ауыр 

кезеңді  бастан  өткізді.  «Бай-кулактарды  кәмпескелеу  туралы» 

1928  жылы  28  тамыздағы  қаулы  күштеп  тәркілеуге  ұласып, 

кеңес  өкіметі  ірі  байлармен  қатар  орта  шаруалардың  малын 

да зорлықпен тартып алды. Бұл кеңестік саяси науқан «Асыра 

сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ  қалмасын»  дейтін  ұранмен  жүзеге 

асты.  1929  жылы  Қазақстандағы  мал  басы  40  миллион  болса, 

1933 жылы 4 миллионға зорға жетті. Оның өзі де ашаршылық 

жайлаған республикаға 1933 жылдары сырттан жәрдемге әкелген 

мал  есебінен  құралды  деген  пікірлер  де  бар.  Соның  кесірінен 

онсыз  да  1921-1922  жылдардағы  ашаршылықта  30  пайызынан 

айырылған  қазақ  халқы  1931-1932  жылдары  тағы  да  жаппай 

аштыққа ұрынып, тең жарымы, яғни 2 миллион 500 мыңға жуық 

адамы  қаза  болды.  Кейбір  зерттеушілер  аштан  қырылғандар 

3  миллионнан  да  асып  түседі  дегенді  айтады.  Қазақ  халқы 

1723  жылдары  жоңғар  шапқыншылығы  кезіндегі  «Ақтабан 

шұбырынды»  мен  екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  де  дәл 

мұндай қырғынға ұшыраған жоқ еді. «Кіші Октябрь» төңкерісін 

жасамақ  болған  Филипп  Голощекиннің  жосықсыз  саясатына 

қарсы жергілікті халық талай рет бас көтерді. Кейбір дереккөздер 

мұндай  көтерілістер  мен  толқулар  Қазақстанның  түкпір-

түкпірінде  бас-аяғы  372  рет  болғанын  көрсетеді.  Кез-келген 

толқу  күшпен  басылып,  қатаң  жазаға  тартылды.  Қазақстанға 

келгенге дейін-ақ шектен тыс қатыгездігімен танылған Филипп 

Голощекин  Ақпан  төңкерісінен  кейін  қамауға  алынған  ІІ 

Николай патшаны отбасымен бірге азаптап, ешбір сотсыз-ақ бір 

түнде қырып салғандардың бірі болатын. Талай адамды «халық 

жауы» деп көрсеткен Филипп Голощекиннің өзі де 1939 жылы 

«антикеңестік  ұйым  құрды,  Орталық  комитетке  қарсы  күрес 

жүргізді,  сондай-ақ  гомосексуализммен  шұғылданды»  деген 

айыппен тұтқындалып, 1941 жылы 27 қарашада атылды. Бірақ 

сталиндік саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар ретінде 1961 жылы 

ол  да  ақталды.  Бірақ  қазақтар  «Қужақ»  атап  кеткен  бұл  адам 

халық жадында ашаршылықпен бірге қалды. Кейбір зерттеушілер 

қазақ  халқын  қырғынға  ұшыратқан  Голощекиннің  төңірегіне 

топтасқан жауапты қызметкерлер «бұл жайға көз жұма қарады», 

«қара  басының  қамын  халықтан  жоғары  қойды»  деп  жазады. 

Сталиннің  тікелей  қолдауына  ие  болған  Филипп  Голощекин 

Қазақстанға келісімен маман мәселесін қолға алып, республика 

басшылығындағы  белгілі  қызметкерлер  мен  қазақ  зиялыларын 

саяси қуғынға ұшыратты. Алаш қайраткерлерінің 1920 жылдан 

кейін  біртіндеп  кеңестерге  өтіп,  билікте  ықпалын  күшейтуі 

«төңкеріске ерекше еңбек сіңірдік» дейтін кәнігі большевиктердің 

наразылығын  туғызғанын  оңтайлы  пайдаланып,  біріне  бірін 

айдап салу, жікке бөлу әдістерін қолданды. Иосиф Сталиннің «Ақ 

жол» газеті туралы 1925 жылы 29 мамырдағы хатынан соң Алаш 

қайраткерлерінің  көпшілігі  «шоқаевшылдар»  ретінде  партия 

және  мемлекеттік  қызметтерден  аласталып,  жаппай  түрмеге 

қамалды.  Тұрар  Рысқұлов,  Смағұл  Сәдуақасов  секілді  азулы 

қарсыластарын  Қазақстаннан  ығыстырып,  айналасына  өзінің 

айтқанынан шықпайтын адамдарды жинады. Сөйтіп Қазақстанда 

билікке қайраткер тұлғаны емес, қызметкер тұлғаны қою дәстүрін 

Филипп  Голощекин  бастап  берді.  1933  жылы  қазақ  өлкелік 

комитеті хатшылығынан босап, КСРО Халық комиссарлар кеңесі 

жанындағы мемлекеттік бас арбитр қызметіне кетіп бара жатқан 

Филипп Голощекин сол кездегі қазақ коммунистерін үшке бөліп 

сипаттайды.  Біріншісі  –  «ұлтшыл-уклонистер».  Бұлар  кеңестік 

тәрбиеге  илікпейтін,  пайдалануға  көнбейтін  коммунистер. 

Екіншісі  –  жағдайға  қарай  бет  пердесін  өзгертіп  отыратын 

«хамелеондар». Үшіншісі – барлық қателікті тек Голощекиннен 

көретін «арамзалар». Зерттеуші Тұрсын Жұртбаевтың жазуынша, 

Лев Троцкийдің де қазақ коммунистерін үшке бөліп қарастырған 

екен: біріншісі – Голощекиннің маңындағылар, яғни жоғарының 

нұсқауын орындау үшін неге де болса, қашан да даяр тұратындар, 

екіншісі  –  «солшылдар»,  олар  да  Голощекинді  қолдайды, 

бірақ  аз-кем  тәуелсіздігі  бар  топ,  үшіншісі  –  «оңшылдар».  Ал 

«солшылдардың» өкілдері де кейде «оңшылдарға» да қосылады. 

Бір  қызығы,  Қазақстаннан  жібі  түзу  адам  көрмеген  Филипп 

Голощекиннің бағасымен келіспейтін қазақстандық тарихшылар 

да сол кезеңде жауапты қызмет атқарған адамдарды үш санатқа 

бөлгенді дұрыс санайды. Мәселен, тарих ғылымының докторы 

Талас Омарбеков Филипп Голощекин төңірегіндегі қазақстандық 

большевиктер арасында оның озбыр саясатын тежеуге тырысқан 

және қазақ зиялыларын аға ұрпақтың демократиялық дәстүрлері 

негізінде  топтастырып,  саяси  аласапыранда  қазақ  халқының 

мүддесін  ашық  қорғауға  күш  салған  «Алаш»  қозғалысына 

бүйрегі  бұратын  азаматтар  да  болды  деп  есептейді.  Ол  бұл 

топтың  қатарына  Тұрар  Рысқұлов,  Смағұл  Сәдуақасов,  Жалау 

Мыңбаев, Санжар Асфендияров, Нығмет Нұрмақов, Асфендияр 

Кенжин,  Сұлтанбек  Қожанов,  Ыдырыс  Мұстамбаев,  т.б. 

коммунистерді  жатқызады.  Талас  Омарбековтің  жазуынша, 

қазақ  интеллигент-большевиктерінің  келесі  тобын  Филипп 

Голощекин төңірегіндегі басқарушы-бюрократтар, билік иелері 

құрайды.  Жоғарыда  аталған  топтан  бұлардың  айырмашылығы 

–  республиканың  бірінші  басшылығына  ашық  қарсы  шықпау, 

оның  ұстанған  бағытын,  жеке  қызметін  сынамау,  Филипп 

Голощекиннен түскен нұсқауларды партиялық және мемлекеттік 

тапсырма ретінде бұлжытпай үлкен жауапкершілікпен мүлтіксіз 

орындау. Бұл адамдар өз халқының психологиясын, тұрмысын 

және мәдениетін терең білді және құрметтеді. Тәркілеу, күшпен 

ұжымдастыру секілді әлеуметтік және экономикалық үрдістерді 

жеделдету қазақ ауылына апат әкелетінін аңғарды, бірақ олар өз 

пікірлерін  ашық  айтпауға,  республиканың  бірінші  басшысына 

қарсы  шықпауға  тырысып  бақты.  Ораз  Жандосов,  Ұзақбай 

Құлымбетов,  Абдолла  Розыбакиев,  Сәкен  Сейфуллин,  Ілияс 

Қабылов, Сара Есова, Әліби Жангелдин, Жанайдар Сәдуақасов, 

т.б.  коммунистерді  Талас  Омарбеков  осы  қатарға  қояды. 

Сонымен  қатар,  тарихшының  жазуына  қарағанда,  Ораз  Исаев, 

Ғаббас  Тоғжанов,  Абдолла  Асылбеков,  Әбдірахман  Байділдин, 

Ізтай  Құрамысов,  Сейітқали  Меңдешев,  Әбдірахман  Әйтиев, 

Елтай Ерназаров, Хамза Жүсіпбеков сияқты сол кездегі жауапты 

қызметтегі  коммунистердің  «қызметқұмар  болғаны,  үкімет 

қызметіндегі мәртебелі орнынан айырылғысы келмей, лауазымды 

қызметті  туған  халқының  мүддесінен  жоғары  қойғаны  анық». 

Голощекиннің тарихи бейнесі анықталғанмен, оның төңірегінде 

жауапты қызметтер атқарған қазақ большевиктер әлі күнге дейін 

әрқилы  бағаланады.  Оның  тұсындағы  ашаршылық  пен  қуғын-

сүргінді «көрмеген» қызметкерлер жекелеген зерттеулерде ғана 

айыпталады. Ал оларды «мемлекет және қоғам қайраткері» деп 

санайтын  жергілікті  жерлер  кейбіріне,  тіпті,  ескерткіш  қойып, 

есімдерін қала көшелері мен оқу орындарына беріп отыр.

Әлбетте,  әйгілі  отызыншы  жылдар  қазақ  халқының  басына 

төнген «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейінгі ең бір 

қара түнек жылдар болып саналады. Ф.Голощекин 8 жыл ішінде 

қазақ  жерінен  құйындай  ұйтқып  өткен  социализмді  қайтару 

ниетімен  «Кіші  Октябрь»  бағдарламасын  жасап,  адамдарға 

«қасық  пен  шанышқыны  қалай  ұстау  керектігін»  үйретумен 

айналысты. Мұның өзі күні кешеге дейін «ұсақ-түйек» қателіктер 

мен «елеусіз кемшіліктер» деп аталып келді. 

Аға  ұрпақ,  оның  ішінде  ғалымдар  мен  зерттеушілер  бұл 

нәубеттің  сырына  қанық  болса  да,  ол  туралы  ауыз  ашуға 

дәрменсіз  болды.  Үнемі  қуғын-сүргін,  қисынсыз  жазалауға 

ұшыраған  зиялы  қауым  өкілдері  алмас  қылыштан  тот  басқан 

бақырға  айналды.  Енді  олар  күнделікті  күйбең  тіршіліктің 

маңынан  шыға  алмайтын,  басқаның  айтқанын  құп  алып, 

солардың  айдауымен  жүретін  жансыз  роботтың  бет-бейнесіне 

енді. «Ұлы» халықты мадақтап том-том кітап, мемуар жазғандар 

өз  халқының  аянышты  халін  суреттейтін  биттің  қабығындай 

кітап  жазуға  да  жарамады.  Тіпті,  қыза-қыза  келе  халықтың  40 

пайызы өз ана тілін ұмытуға дейін барды. Міне, өстіп мың өліп, 

мың  тірілген  қазақ  халқы  демократиялық  пен  жариялылыққа 

да жетті-ау! Қазір осы «тарих ақтаңдақтары» күн өткен сайын 

анықталып, сол бір ауыр кесапатты жылдардағы халқымыздың 

аяулы  ұлдары  мен  қыздарының  қилы  тағдырлары  жан-жақты 

зерттелу  үстінде.  Елім  деп  еңіреп  өткен  абзал  азаматтардың 

өнегелі  өмір  жолдарын  халқымызға  және  кейінгі  ұрпаққа  паш 

етуді  бүгінгі  зиялы  қауым  да  өз  міндеттеріне  алған  сияқты. 

Осы  орайда  елін  сүйген  ақиық  ақын  О.Сүлейменовтің  мына 

қысқаша  түйінді  сөзін  келтірудің  артықтығы  жоқ  шығар:  «Біз 

жазықсыз  жапа  шеккен  данышпандарымыздың  мұраларын 

өмірге  қайтара  бастадық  және  бұларды  шолақбелсенділер 

не  үшін,  ненің  жоқтауы  үшін  құрбандыққа  шалып  еді  деп 

ойлана  бастадық.  Біз,  қазақтар,  ешкімге  ешнәрсе  қарыз  емес 

екенімізді  енді  ғана  түсіне  бастаған  сияқтымыз.  Мәселен, 

осы  уақытқа  дейін  «ұжымдандыру  –  ауыл  шаруашылығын 

социалистік  жолмен  қайта  құрудың  классикалық  үлгісі»  деген 

Сталиннің  асырасілтеушілік  пікіріне  жарты  ғасырдан  астам 

уақыт бойы ешкім күмән келтіруге қорықты, керісінше, оны тек 

марапаттаумен келдік. Бірақ ұжымдастыру ісі Қазақстанда қалай 

өтті,  барлық  мәселе  сонда.  Шолақ  саясатшы  Голощекиннің 

«Кіші  Октябрі»  тек  малымен  күн  көріп  отырған  қазақтың 

алдымен байларына, онан соң орташаларына, ең соңында астық 

екпейтін  малшыға,  астық  тауып  бере  алмағандарының  малын 

тартып  алып,  өздерін  қаңғып  кетуге  мәжбүр  етті.  Малынан 

айрылған  қазақтың  мұнан  кейінгі  көрген  күнін  дұшпаныңа  да 

бермесін  дейтіндей  болған.  Ағылшын-американдық  тарихшы 

әрі  жазушы  Р.Конквестің  осы  кезең  туралы  жазған  «Қасірет 

зардабы.  Кеңестік  ұжымдандыру  және  аштық  терроры»  атты 

тарихи-публицистикалық  еңбегінде  бұрынғы  кеңес  өкіметінің 

әр аймағындағы аштық жайлы айтылып, «Алайда бұл фактілер 

қаншама  қайғылы  болғанымен,  қазақтардың  басына  түскен 

ұлан-асыр  қасіреттің  жанында  түк  те  емес  болып  қалады»,  – 

деп ерекше аталған. Егер бүгінгі күннің биігінен өткен тарихи 

кезеңдерге  ой  жіберсек,  қазақ  халық  ақыны    Ж.Молдағалиев 

айтқандай, шынында да «мың өліп, мың тірілгенін» байқаймыз. 

Ал өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы аштықтың себебіне 

келсек,  «аңқау  елге  –  арамза  молда»  дегендей,  халық  жауын 

қолдан  жасап,  ақты  да,  қараны  да  бір  жіпке  байлап,  қазақтың 

кең  даласын  азалылар  еліне  айналдырғандар  болды.  Олар 

тағы да адамдар арасында мансапқорлық пен шенқұмарлыққа, 

рушылдық  пен  жікшілдікке  жол  ашты.  Сөйтіп,  қазақ  жерінде 

«Кіші  Октябрь»  орнап,  адам  мен  мал  қоса  қырылып,  «асыра 

сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» заманы басталды. Оның 

себебі  –  1925  жылдың  басында  Қырғыз  (қазақ)  облыстық 

комитеті ретінде қайта құрылған республика партия ұйымының 

хатшысы  болып  Филлип  Голощекин  сайланған  еді.  Содан  ол 

1933 жылдың қаңтар айының 21 жұлдызына дейін Қазақстанды 

8 жыл бойы сергелдеңге түсіріп, ақыры қызметтен босатылды. 

Ол жетекшілік жасаған кезең қазақ халқының өмірінде «Ақтабан 

шұбырындыдан» кейінгі ең қайғылы, ең қасіретті кезең болып 

тарихқа  енді.  Өкінішке  орай,  күні  кешеге  дейін  қай  қазақтың 

болмасын жан-жүрегін сыздатар осы бір шындықтың ақиқатын 

көрсетуге мүмкіндік болмады. 

Голощекин  туралы  алғашқы  көлемді  зерттеу  еңбек  «Қазақ 

әдебиеті» газетінің 1988 жылғы желтоқсан айының 9-жұлдызында 

жарияланды. Авторы Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының 

академигі  М.Қозыбаев  ағамыз  Голощекиннің  саяси  портретін 

ашуға  арналған  бұл  материалда  оның  ленинизмді  бұрмалап, 

сталинизм жолына түсу бағытын көрсетеді: 

- Біріншіден, Ф.И.Голощекин: «Октябрь қазақтардың ауылының 

тұсынан  құйындай  өтіп  кетті.  Сондықтан,  қазақ  даласында 

«Кіші  Октябрь»  жасау  керек»  деген  қайшылықты  пікірден 

сегіз  жыл  бойы  тынбады.  Екіншіден,  қазақ  шаруаларының 

көшпенділігі – оның бойына сіңген әдеттегі тұрмыстық құбылыс 

деп,  сергелдеңге  түскен  елдің  болмысын  теориялық  тұрғыдан 

дәлелдемек болды. Үшіншіден, көшпелі елді социалистік жолға 

түсіру  құрбандықсыз  болмайды  деген  идеяны  тұжырымдады. 

Төртіншіден, экстенсивті мал шаруашылығын қоғам дамуының 

жоғары  сатысына  көтеруде  мал  басының  кемуі  объективтік 

заңдылық  дегенді  шығарды.  Бесіншіден,  Қазақстанның 

негізгі  ерекшеліктері  1925-1930  жылдарда,  басқаша  айтқанда, 

Ф.Голощекиннің  кезінде  жойылды,  ол  Қазақстанның  осы 

қазіргі  жағдайда  бүкіл  одақпен  терезесі  тең  деген  пікірді 

қалыптастырды.  Ал,  бұл  «теориялық»  база  ұжымдандыруды 

дамуы  жағынан  жоғары  аудандармен  қатар  деңгейде  өткізу 

үшін  керек  болды.  Алтыншыдан,  Ф.Голощекин  «өте  жоғары 

дәрежеде»,  әсіресе,  ауылда  тап  тартысының  шиеленісуі 

жартылай  феодалдық  қатынастарды  бұзу  кезеңінде  болмай 

қалмайды»  деген  теориялық  қисынсыз  қорытынды  жасады. 

Сөйтіп,  болып  жатқан  репрессиялық  шараларға  «теориялық» 

негіз жасады. Жетіншіден, Ф.Голощекин қазақ коммунистерінің 

бір тобын тәрбиеге көнбейтін, пайдалануға мүмкін емес, ұлтшыл 

уклонистер қатарына жатқызды. Екінші категориясын жағдайға 

қарай терісін өзгертіп отыратын хамелеонға теңеді. 

-  Олардың  үшінші  тобы,-  деді  ол  орын  алған  қателіктер 

үшін барлық жауапкершілікті бір ғана Голощекинге аударғысы 

келетіндер. Бұл пікірді Ф.Голощекин Қазақстан өлкелік партия 

ұйымының басында 8 жыл еңбек етіп, қоштасар сөзінде айтқан 

еді. Басқаша айтқанда, ол басшылыққа бүкіл республикада бірде-

бір  лайықты  адам  –  қазақ  коммунисі  жоқ  деген  пікірде  болып 

келді. 

Бұл  30-жылдардың  бір  қасіреті  –  ашаршылықтың  бүкіл 



қазақ жеріне оба ауруындай тараған сәті болатын. Осы жайлы 

Шымкент  қаласының  тұрғыны  З.Рысбекова  былай  деп  еске 

алады: «Пірімбет деген қария Үмбет деген баласы, Сәнен деген 

келіні  үшеуі  бірдей  үйлерінде  аштан  өліп,  сасып  кеткен  екен. 

Тірі  қалғандар  тамдарын  үстеріне  құлатып,  жан  жағындағы 

топырағын үйіп, мола жасай салды. Ауылда көп өліктерді жер 

қазбай-ақ осылай көме салатын. Себебі, жер қазуға арық-тұрық 

адамдардың шамасы да келмейтін». 

Ал,  республикалық  дәрежедегі  зейнеткер,  кезінде  аштарға 

көмектесетін 

комиссияның 

төрағасы 

болған 

Бәдігүл 


Жолмұхамедқызының мына әңгімесінен соң тіпті ойға қаласың: 

«Ол кезде аштарға тамақ, жатақхана ұйымдастыратынбыз. Бірде 

комиссия  мүшелері  Талас  жаққа  бардық.  Адамдар  құмырсқа 

қалай тізіліп жүрсе, солай ілбіп келеді. Өлгендері шетінен жолда 

қалып жатыр. Тірілерінің қолында жалаңдаған пышақ. Кеудесінде 

жаны  бар  тірі  хайуан  көрсе,  сойып  жіберіп,  шикідей  жұлып 

жей береді. Бесікте аштан қатып қалған нәрестелерді көргенде, 

сай-сүйегің  сырқырап  кетеді.  Жылай-жылай  көзімізден  жас 

та шықпайтын болды. Аш адам ісіп-кеуіп өледі екен. Күмпиіп 

ісіп  кеткен  адамдарды  талай  көрдік.  Олардың  қайтадан  адам 

қатарына қосылуы екіталай...». 

Тарихтан  1929-1930  жылдары  Қазақстанның  солтүстігіндегі 

астықты аудандарына егін шықпай қалып, сол жылы қыста даланы 

жұт  жайлағаны  белгілі.  Нақты  жағдайға  қарамай  мемлекетке 

астық тапсыру жоспары арта түскен. Соның нәтижесінде жер-

жердегі ауылдарға өлкелік, округтік органдардан, әсіресе, қатал 

билік  пен  құқық  берілген  уәкілдер  қаптап  кеткен.  Олардың 

қаһарынан қаймықпайтын жан болмаған. Жылап жатқан балаға 

«Әне, уәкіл келе жатыр» десе сап тыйылған. Ашаршылық, әсіресе, 

1931-1932 жылдары меңдей түсіп, елді мүлдем есеңгіретті. 

  «Ел  басына  күн  туып,  ері  қайда  жүр  екеннің»  кезі  келді. 

1937  жылдың  тажал  аждаһасы  Нығымет  Нұрмақов,  Сейітқали 

Меңдешев,  Тұрар  Рысқұлов  сияқты  миллиондардың  өмірін 

қиды.  Осыған  қарамастан  Сталин,  Ежов,  Берия,  Вишинский 

сияқты  жазалаушылардың  заманы  дәуірлеп  тұрды.  Осындай 

«тарихтың ақтаңдақ беттері» туралы материалдар кезінде түрлі 

басылымдарда жиі жарияланып, одан қорытынды да шығарыла 

бастады.  Үш  бәйтерегіміз  Сәкен,  Бейімбет,  Ілиястарымыздың 

қандай  жағдайда  ұсталып,  қандай  жағдайда  қаза  тапқандарын 

білмей жүрміз. Міне, сондықтан да тарихымыздың әр кезеңінде 

көзден таса, көңілден қағыс қалып келген, күні кешеге дейін «ұсақ-

түйек қателіктер» мен «елеусіз кемшіліктерінің» зиян-кесірінен 

60  мыңнан  астам  қазақ  зиялылары  сталиндік  репрессияның 

құрбанына  айналыпты.  «Ұлтшылдық  сарынға  қарсы  күрес» 

демекші әу бастан-ақ, яғни 1937-1938 жылдары республикалық 

баспасөз  бетінде  көрнекті  қазақтың  партия,  әдебиет,  ғылым 

қайраткерлеріне «бай төбет», «қарақшы», «жапонның тыншысы», 

«шпион»,  «пантюркист»  сияқты  айтуға  ауыз  бармайтын  түрлі 

жалалардың жабылуы, осындай оғаш пайымдаулардың ондаған 

жылдар бойы өзгеріссіз қалуы, содан кейінгі жылдардағы әдебиет, 

өнер, ғылым қайраткерлеріне салқынын тигізбей қалған жоқ. Бұл 

арада 1937-1938 және одан кейінгі жылдардағы репрессияға кім 

кінәлі?  «Жаудан  сақ  болайық,  жауды  ымырасыз  әшкерелейік!» 

деп нұсқау берген Сталин, Ежов, Бериялар кінәлі дейміз. Бірақ, 

сол  нұсқау  тек  Қазақстанға  ғана  берілген  нұсқау  ма  еді?  Өзге 

республика халқы неліктен аз зардап шекті? Әлде бәлен адамды 

халық жауы деп тапсыру қажет деген жоспар берілді ме? Әрине, 

олай емес. Көп нәрсе қазекеңнің өзіне де байланысты-ау! Шаш 

ал десе, бас алып жіберетін мінез қашан тыйылар екен? Жауды 

жанымыздан, өз қанымыздан іздей беретініміз неліктен деген бір 

жымысқы  сұрақ  тілге  орала  береді.  Бірін-бірі  даттауға  жомарт 

қазақ бірін-бірі ақтауға сараң болатыны несі? Сұрақ көп. Бәрі де 

бәрімізді ойландыратын сұрақтар...




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет