Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір



жүктеу 8.13 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі8.13 Mb.
1   2   3   4   5   6

құрастырған:

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

31.05.2014ж.  №21 /7697/

А ќ ќ у   ‰ н і

4

Ұлы жеңістің жетпіс жылдығы қарсаңында 

Мәрмәр - гранитті 

мәңгілік алау

Ұлы  Жеңістің  мерейлі  жетпісінші  көктемі 

де  алыс  емес.  Жыл  сайын  майда  мамырмен 

келетін  осынау  мереке-мейрам  әрбіріміз 

үшін  сондай  маңызды,  сондай  сағынышты 

ғой  қашанда.  Майдан  кешіп,  жырақта  жүріп, 

өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата-

бабаларымыз  көздің  қарашығындай  аманат 

етіп  тапсырған  құдіретті  һәм  мәртебелі  Ұлы 

Жеңістің  Туы  ешқашан  еңкеймек,  ешқашан 

жығылмақ. 

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  шешуші  ірі 

бөлігі  болып  табылатын  Ұлы  Отан  соғысы 

бас  сұқпаған  ошақ-шаңырақ  жоқтың  қасы. 

Арам  пиғылды  фашистерді  шыққан  індеріне 

қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер 

қатарында біреудің әкесі, біреудің аға-бауыры, 

біреудің атасы, біреудің жұбайы, біреудің қызы, 

біреудің келіні, біреудің анасы, біреудің баласы 

болды.  Тылда  қалған  туған-туысқандардың, 

отандас-ағайындардың  тыныш  өмірі  үшін, 

жау  қолында  қалып,  азаттықты  аңсаған  елді 

мекендерді  азат  ету  үшін  жанын  пида  еткен 

сұрапыл  соғыстың  құрбандары  да  аз  емес 

қой. 

Ірі-ірі қалаларда да, шағын ауылдарда да Ұлы 



Отан  соғысы  құрбандарының  рухына  арнайы 

бой  көтерген  Даңқ  орындарындағы  мәрмәр-

гранитті таста мәңгілікке қашалған есімдерге 

бір  сәтке  болсын  көз  жүгірткенде,  жай  ғана 

лаулап  тұрған  мәңгілік  алауға  көзді  алмай 

қарап  тұрғанда  тарих  беттерінен  зерделей 

оқыған,  көптеген  көркем  фильмдерден  көз 

алмай  тамашалаған  Ұлы  Отан  соғысының 

панорамалық  көріністері  еріксіз  елестейді... 

От  пен  оққа  оранған  майданда  жан  алысып, 

жан беріскен сұрапыл шайқастар, арпалыстар. 

Жауыз  фашистердің  бетін  қайтаруға  бастама 

болған 

Мәскеу 


түбіндегі 

шайқастағы 

атақты 

панфиловшылар-гвардияшылардың, 



Жеңіске  зор  қадам  жасауға  мүмкіндік 

берген  Сталинград  шайқасының,  Ленинград 

қоршауын  қақыратудың,  Курск  доғалындағы 

атақты  танк  шайқасының,  Одесса  мен 

Севастопольдегі  теңіз  ұрыстарының,  Киев, 

Минск,  Керчь,  Брест  қамалындағы  шешуші 

ұрыстардың  ұмытылмас  ерлігі  алаулайды. 

Қазақтың әскери мерейін аспандатқан атақты 

Бауыржан Момышұлы әрқашан әрбіріміз үшін 

бірегей  үлгі-өнеге  ғой  әлбетте.  Рейхстагтың 

төбесіне  Жеңіс  туын  алғаш  тіккен  Рақымжан 

Қошқарбаевтың  тұлғасы  неге  тұрарлық. 

Нәзік  жаратылысына  қарамастан  «Максим» 

пулеметін  ұршықша  иіріп,  қайталанбас  ерлік 

көрсеткен Мәншүк Мәметова, құралайды көзге 

ату мергендігімен талай фашисті жаһаннамға 

жөнелткен 

Әлия 


Молдағұлова, 

ұшақты 


ойыншық  құрлы  көрмеген,  зымиян  жауды 

әуеден  қырып  ерлеген  Хиуаз  Доспанова, 

бір  өзі  жаудың  екі  танкісін  қиратқан 

батальон  комсоргі,  гвардия  лейтенанты 

Алтыншаш  Нұрғожинова  –  қазақ  қызы 

қайсарлығының  бойтұмары.  Ерен  ерліктері 

елеусіз  қала  жаздаған  даңқты  8-Панфилов 

атындағы  гвардиялық  дивизияның  1075-

полкінің  батальон  комиссары,  3-гвардиялық 

артиллериялық  дивизияның  полк  командирі 

болған,  ол  басқарған  батарея  қысқа  мерзім 

ішінде  жаудың  6  танкісін,  13  машинасын, 

120  солдатпен  офицерін  жойып  жіберген 

Балтабек  Жетпісбаевтің,  Будапешт  түбіндегі 

ұрыста жаудың 20 броннемашинасын, 8 танк, 

12  броннетранспортерін  жойып  жіберген 

батареяның  командирі  Сембай  Қалиевтің, 

Калинин майданының үздік мергені атанып, екі 

рет «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған, 

жаудың 227 солдат-офицерін жойып жіберген 

Ысқақ  Уәлиевтің,  офицерсіз  қалған  ротаны 

аға  сержант  болып  шабуылға  көтеріп,  осы 

ұрыста  38  жау  әскерінің  көзін  жойып,  49-ын 

тұтқынға алған Алқар Оңғаровтың, Панфилов 

дивизиясының  батарея  командирі,  жаудың  4 

танкісін,  5  броннемашинасын,  18  оқ  ататын 

нүктелерін  талқандап,  Берлин  үшін  болған 

шайқаста 200 фашисті жойған офицер Аманша 

Меңдіғалиевтің,  бір  өзі  гранатпен  және 

автомат оғымен 52 фашисті өлтірген, жаудың 2 

пулеметі мен танк ататын мылтықтың расчетін 

жойып, 7 неміс солдатын тұтқынға алған, екі 

сағаттық ұрыста 25 жауынгерді ерлікке бастап, 

бүкіл полктің ілгері басуына мүмкіндік берген 

лейтенант Сұлтанбай Ысқақовтың, Орел-Курск 

доғасындағы  шайқаста  бөлімше  командирі 

болып  жүріп,  бес  дұшпанды  атып  өлтірген, 

25-ін  гранатпен  жайпап,  19-ын  тұтқынға 

алған  ефрейтор  Ғұсман  Ахметқалиевтің, 

жаудың  5  дзоты  мен  екі  броннемашинасын 

бір  уақытта  жойып  жіберген  сержант  Ораз 

Әлібаевтің,  «Даңқ»  орденімен  төрт  мәрте 

марапатталған,  1945  жылғы  МәскеудегіЖеңіс 

шеруіне  қатысушы  старшина  Темірғали 

Исабаевтың  баһадүр  бейнелері  сағымданады. 

Кеңес  Одағының  Батыры  деген  құрметті 

атақты екі мәрте иемденген атақты ұшқыштар 

Талғат Бигелдиновтің, Леонид Беданың, Иван 

Павловтың,  Сергей  Луганскийдің  өшпес 

ерліктері елестейді...

Мәрмәр-гранитті мәңгілік алаудан жазықсыз 

құрбан  болған  Ресей,  Украина,  Белоруссия 

және 

басқа 


мекендер 

тұрғындарының 

көз 

жасын 


аянышпен 

сезуге 


болады. 

Бухенвальд, 

Освенцим, 

Дахау, 


Берген-

Бельзен, 

Треблинкадағы 

концентрациялы 

лагерьлерінде  асқан  зұлымдықпен  өлтірілген 

тұтқындардың жан-жүректі түршіктірер зарын 

естуге болады. 

Мәрмәр-гранитті  мәңгілік  алаудан  «Бәрі 

де  майдан  үшін,  бәрі  де  жеңіс  үшін»  тәулік 

бойы  тер  төгіп,  ерен  еңбектің  ерекше  үлгісін 

көрсеткен тыл еңбеккерлерінің қажырлылығы 

елестейді. 

Соңғы кезде бәзбіреу білгішсымақтар елдің 

басынан  күркіреген  күндей  өткен  осынау 

алапат  соғысқа  қатысу  қазақстандықтар 

үшін  қажетсіз  деп  сандырақтауда.  Екінші 

дүниежүзілік  соғыстың  ең  басты  қылмыскері 

Гитлерді  «тұлға»  деңгейіне,  оның  атышулы 

«Майн Кампф» кітабын «дұрыс» санауына, ал 

оны фашис емес деп адасуларына жол болсын. 

Саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлеудің 

қисынсыз һәм сәтсіз шыққан мысалы ғой.    

Ұлы Жеңістің маңызын сары майдай сақтап, 

өкшелеп  келе  жатқан  өскелең  ұрпаққа  асыл 

мұра, қымбат қазынадай қалдыруда еш аянып 

қалмайық.  Ұлы  Жеңістің  Туы  желбірей 

берсін!     

құрастырған:

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы.

Ер есімі – ел есінде

7  мамыр  –  Отан  қорғаушылар  күні 

бұл  мереке  Тақыр  жалпы  негізгі 

білім беру мектебінде үлкен ауқымда 

аталып өтті.

  Лебяжі  ауданының  балалар  және 

жасөспірімдер  клубының  директоры 

Т.  Кенжегалиев  еліміздің  бірігей 

«Қазақстан  -  2030»  стратегиясының 

«Естелік  поезы»  жобасын  ұсынған 

еді. Біздің білуімізше бұл жоба туған 

өлкеміздің  тарихымен  таныстырып, 

болашақ  ұрпаққа  кешегі  мен  бүгінгі 

күннің 


байланысын 

ұғындыру 

мақсаттарын көздейді.

  Ұлы Отан соғысының ардагерлері 

есімдерін кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде 

жеткізуде осындай жоба қабылданған. 

Бұдан  былай  әр  жыл  өз  өлкеміздің 

соғыс ардагерлері мен еңбек ерлеріне 

арналады. 

Мектеп директоры Д. Кащапованың 

қолдауымен 

дене 


шынықтыру 

мұғалімі  М.  Кураисов  өткен  жылы 

осы  жоба  бойынша  бірінші  турнир 

өткізген болатын.

Естелік  поезының  тізіміне  енген 

адамдар  есімдерінің  «өшкені  жанып, 

өлгені  қайта  тірілген»  дегендей 

бұлардың  туған-туыстары  қуанышқа 

бөленсе,  болашақ  ұрпақ  оларды 

мақтанышпен 

айтатын 

болады. 


Өткен    жылдан  бастап,    екінші 

жыл  қатарынан  біздің  мектебімізде 

осы  «Естелік  поезы»  жобасы  іске 

асуда.  Бұл  жоба  бойынша  биылғы 

2014  жылды  Тақыр  ауылында  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагері  Альменов 

Махмет  Бозжігітұлының  еске  алу 

жылы деп жарияланды.

Альменов Махмет Бозжігітұлы 1921 

жылы Тақыр ауылында дүниеге келді. 

1942  жылы  Қызыл  әскер  қатарына 

шақырылып, соғысқа қатысты. Ерлігі 

мен патриоттығының арқасында Киев 

қаласында Днепр өзенін, Житомир мен 

Харьков  қалаларын  қорғағаны  үшін 

«За отвагу» медалімен марапатталды.

Аталмыш 

еске 


алу 

шарасы 


әнұранның 

ойналуымен 

бастау 

алып,  содан  соң  ардагер  батырымыз 



М.Альменовтың  туған  туыстары  сөз 

алды.  Атап  айтқанда  батырымыздың 

өмірлік  жолдасы,  зайыбы  Әтия  әже, 

қыздары  Маржан,  Қадиша  өздерінің 

әкелері 

жайында 


естеліктерімен 

бөлісіп, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Баймолда  округінің  әкімі  Қ.  Омаров 

пен  мектеп  директоры  Д.  Қащапова 

да өз лебіздерін білдірді.  

Отан  қорғаушылар  күні  қрсаңында 

өткен    Махмет  Альменовты  еске 

алуға    арналған  турнирге  Павлодар 

қаласынан, 

іргелес 


көршілер 

А.Баймолдин, Шегірен, Есілбай, Қазы, 

Малыбай  ауылдарынан  командалар 

келді. 


Мектептің 

спорт 


залында 

волейбол 

ойынынан 

спорттық 

жарыс 

ұйымдастырылса, 



акт 

залында  халық  назарына  концерттік 

бағдарлама  ұсынылды.  Мерекелік 

бағдарламаны 

 

ұстаздар 



мен 

оқушылар  ұйымдастырған  болатын. 

Ұстаздар 

«День 


Победы» 

әнін 


орындаса,  оқушылар  «Смуглянка» 

әнін  қалықтатып,    «Қолшатырлар», 

«Қамажай»  билерін  биледі,  Залда 

отырған  аға  буын  өкілдері  көздеріне 

жас  алып,  сол  бір  отты  жылдарды 

еске алды.

Ал  волейболдан  өткен  спорттық 

жарыстың  қорытындысы  бойынша  1 

орынды  -Қазы  ауылы  қанжығасына 

байласа,  2-орын  –  Тақыр  ауылына 

бұйырды, 

ал 


Малыбай 

ауылы 


3-орынды  қанағат  тұтты.  Барлық 

жеңімпаздар  ақшалай  сыйлықтармен 

марапатталды. 

Еске  алу  шарасы  аяқталған  соң, 

М.Альменовтың  туыстары  Махмет 

атаға арнап ас берді.

Ардагерлердің болашақ ұрпақ үшін 

төккен  терлері  бекер  кеткен  жоқ. 

Үміттері  мен  сенімдері  ақталды. 

Кейінгі  толқын  өскелең  ұрпақ  аға 

буын  істеген  жақсылықты  ешқашан 

ұмытпас. Өйткені ешкім де, еш нәрсе 

де ұмытылмайды.

Т.Бекмуратова,

Тақыр ауылы.

Нағыз қаһармандар

Биыл  Ұлы  жеңіске  69  жыл  ! 

Отанын  жаудан  қорғаған  оғландар 

–  нағыз  қаһармандар  !  Олар  – 

қысылтаяң 

шақта 


қайсарлық 

танытып, болашақ ұрпағына бейбіт 

күн  сыйлаған  ер  жүрек  батырлар  ! 

Елдің тағдыры таразыға түскен сын 

сағатта  тәтті  тірліктен  бас  тартып, 

бес  қаруын  асынып,  жауға  қарсы 

аттанған жаужүрек жауынгерлердің 

бүгінгі  ұрпағы  олармен  мәңгілік 

мақтанады.

Сол батыр аталарымызды ұлықтау, 

ұрпақтан – ұрпаққа батырлықтарын, 

ерліктерін  жеткізу  қазіргі  біздің 

пешенемізге  жазылған  парыз  бен 

міндетіміз.  Сол  аталарымыздың 

ерлігін  тағы  бір  сәт  көзге  елестету 

мақсатында  өткен  аптада  Аудан 

әкімдігінің 

ұйымдастыруымен 

Велошеру  акциясы  болып  өтті. 

Велешерушілерді 

Аудандық 

ардагерлер 

кеңесінің 

төрағасы 

Макин 

Төлеубай, 



Қызыләскер 

ауылдық 


округінің 

әкімі 


Амангелді 

Кумпекеев 

бастады. 

Черное  ауылынан  бастау  алған 

велошерушілер  Абай  жалпы  орта 

білім  беретін  мектебіне  де  ат 

басын  бұрды.  Мектеп  ұжымы  мен 

оқушылар  бұл  велошерушілерді 

зор  ықыласпен  қарсы  алды.  Бұл 

білім  ордасы  орналасқан  Шабар 

ауылынан  өрендей  жас  кезінде 

«Отан  үшін  отқа  түс  күймейсін» 

ұранын  жүректе  ұстап,  майдан 

шебіне аттанған батыр аталарымыз 

жетерлік.  Бүгінгі  күні  тағдырдың 

жазуымен 

 

бұл 


аталарымыз 

ортамызда  өкінішке  орай  жоқ. 

Тек  сол  аталарымызға  арналған 

мектеп 


алдында 

орналасқан 

ескерткіш тақта ғана алыстан көзге 

түседі.  Мемлекеттік  Әнұранмен 

бастау 

алған 


сәті 

Төлеубай 

ағамыздың  батыр  аталарымызға 

арналған  құран  бағыштауы  мен 

байсалды  да  мағыналы  сөздері, 

баһадүрлерге  арналған  ескерткіш 

тақтаға  гүл  шоқтарын  қою  рәсімі, 

тағзым 


ілтипатымен 

аяқталды. 

Бұл  кездесуде  әсіресе,  Төлеубай 

ағамыздың  айтқан  сөздері  сол 

маңайға 

жиналған 

қауым 

мен 


оқушылардың 

патриоттық 

сезімдерін аспан шебіне бір көтеріп 

тастады. 

Біздің  еліміздің  гүлденуі  мен, 

халқымыздың 

мерейі 

үстем 


болуының  жемісі  сол  патриоттық 

тәрбиеден бастау алуы тиіс. Өйткені 

патриот  адамдар  Отан  үшін  еңбек 

етеді, батырларымызды ұмытпайды, 

ұлықтайды. 

Батыр  аталарымыз  аман!  Еліміз 

тыныш  болсын!  Ұлы  жеңістің 

70  жылдығында  бұл  қаһарман 

аталармызды ұлықтауымыз осындай 

игі шараларымыздың үстем болуына 

тәңіріміз нәсіп етсін!

А.Ибадулин, 

Абай атындағы

жалпы орта білім беретін мектептің

география пәнінің мұғалімі.


31.05.2014ж.  №21 /7697/

А ќ ќ у   ‰ н і

5

Алаш ардағы Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына – 125 жыл!

Ұлттық ұлағатты ұстанушы

Сегіз  қырлы,  бір  сырлы  дарын  иесі  Жүсіпбек  Аймауытов  – 

қазақтың  көрнекті  жазушысы,  қазақ  әдебиетін  еуропаша  үлгіде 

қалыптастырушылардың бірі де бірегейі. 

Кіндік  қаны  тамып,  өскен  жері  Павлодар  облысының  Баянауыл 

ауданына  қарасты  бұрынғы  «Қызыл  ту»,  қазіргі  Жүсіпбек  Аймауытов 

ауылы  екен.  Әкесі  Аймауыт  қолы  қысқалау  ортадан    болғанымен,  арғы 

аталары  Дәндебай  мен  Қуан  атақ-абыройлы,  бай,  ел  арасында  білікті 

кісілер  болған  екен.  Сауаттылыққа  үйір  Жүсіпбек  жастайынан  арабша 

хат  танып,  оқу  үйренген.  1907  жылдан  бастап  Баянауылдағы  орысша-

қазақша  екі  кластық  мектепте,  Керекудегі  (Павлодар)  қазыналық  ауыл 

шаруашылық  мектебінде,  Керекудегі  екі  класты  орыс-қазақ  мектебінде 

тиіп-қашып  оқыды.  Бір  жағынан  бала  оқытып,  қаражат  тапты.  1911-

1914  ж.ж.  ауылда  мұғалім  болып  жұмыс  істеді.  1914  жылы  Семейдегі 

оқытушылар семинариясына қабылданды. Оны 1918 жылы аяқтап шықты. 

Мұнан  соң  алашордашылардың  істеріне  араласып,  Семейде  «Абай» 

журналын  шығарысып,  Қ.Сәтбаевпен,  М.Әуезовпен  танысты.  Кейін 

түрліше  себептермен  әрекеті  сәтсіз  сабақталған  Алашордадан  бөлініп, 

1919  жылы  айдарынан  жел  есіп,  ат  үстіне  мықтап  қонған  Коммунистік 

партия қатарына өтті. Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат 

болып  қатысып,  1920  жылы  Қазақ  АКСР  Халық  ағарту  комиссариаты 

комиссарының орынбасары болып тағайындалды. Ал 1921 жылы Семей 

губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы 

болды.  1922-1924  ж.ж.  Қарқаралыда  мектеп  мұғалімі,  1924-1926  ж.ж. 

Ташкентте  шығатын  «Ақ  жол»  газетінің  бөлім  меңгерушісі,  1926-1929 

ж.ж.  Шымкент  педагогикалық  техникумының  директоры  қызметтерін 

абыроймен  атқарды.  1929  жылдан  басталған  кеңестік  саяси  қуғын-

сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген 

жаламен  тұтқындалып,  ұзақ  тергеуден  кейін,    1931  жылы  ату  жазасына 

сырттай  үкім  шығарылды.  Ұлт  зиялысы  жазықсыздан  жазықсыз  жалаға 

ұшырап, қыршынынан қиылды.

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.Әуезов атындағы Әдебиет 

және  өнер  институтының  ғалымдары  жинастырып,  ғылыми  зердеден 

өткізіп,  1996-1999  ж.ж.  бес  том  етіп  жарыққа  шығарды.  Сөйтіп,  қазақ 

оқырманы  әйгілі  суреткердің  шығармаларымен  арада  60  жылдан  астам 

уақыт өткенде қайта табысты.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді 

еңбек  етіп,  қүнарлы  шығармалар  қалдырған.  Бес  томдық  шығармалар 

жинағында  оның  өлеңдері  мен  «Нұр  күйі»  поэмасы,  «Рабиға», 

«Мансапқорлар»,  «Сылаң  қыз»,  «Ел  қорғаны»,  «Қанапия-Шәрбану», 

«Шернияз»  атты  пьесалары,  көптеген  әңгімелері  мен  «Қартқожа», 

«Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты, балаларға арналған 

ертегілері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Бұлардың сыртында 

«Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер 

таңдау» (1926), т.б. ірі ғылыми мәні орасан зерттеу еңбектері бар.

Жүсіпбек  Аймауытов  қаламынан  туған  мұралардың  қай-қайсысы  да 

оның  кесек  дарын  иесі  екендігінің,  гуманист  суреткерлігінің,  жалтақсыз 

ұлтжандылығының  жарқын  айғағы  болып  табылады  әлбетте.  Оның 

шығармалары  өзі  ғұмыр  кешкен  заманның,  өзі  араласқан  қоғамның 

мұқтажын  өтеуге,  оның  ақ-қарасын  парықтауға  арналған.  Сөйте  тұра 

көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, 

сөз  қолданудағы  шеберлігі  Жүсіпбек  шығармаларының  өміршеңдігіне 

кепіл де.

Асылында,  Ж.Аймауытовтың  жаңа  дәуірдегі  қазақ  прозасын,  әсіресе, 

роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен. "Қартқожа" романы 1926 

жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман жиырмасыншы 

ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран 

тұсындағы  тағдырын  бейнелеген  алғашқы  күрделі  шығармалардың  бірі 

болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның 

қара  жұмысына  алу  туралы  жарлығы  кезіндегі  аласапыран,  патшаның 

тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы 

көркем  бейнеленген.  Жазушы  осы  тартыстар  арқылы  қазақ  кедейінің 

қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін 

түсінуі секілді ояну үрдіс-үдерісін көрсетуге ұмтылды. Романдағы оқиғалар 

бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. 

Сол  арқылы  жазушы  1916  жылғы  ұлт-азаттық  қозғалысының  басталуы 

мен  оның  патшаны  тақтан  құлатқан  1917  жылғы  Ақпан  төңкерісіне 

ұласуы,  қазақ  азаматтарының  ел  ішіндегі  әлеуметтік  тартысқа  араласуы, 

Алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, Қазан 

төңкерісі, Азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар 

тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, 

болашаққа бет алады. 

Ж.  Аймауытовтың  "Ақбілек"  романы  кезінде  кітап  болып  шыкпаған. 

1927-1928  ж.ж.  баспасөзде  жарияланған.  Тақырыбы  жағынан  ол 

"Қартқожа"  романымен  үндес.  "Қартқожада"  көтерілетін  күрес,  азаттық 

идеясы "Ақбілекте" одан әрі жалғасады. 

Романда  ескі  ортадағы  жікшіл  тартыстардан  қорлық  көрген  қазақ 

қызының  төңкерістен  кейінгі  жаңа  сипатты  заманның  мүмкіндігіне  сай 

өз  құқығы  үшін  күресу  жолы  баяндалады.  Шығарманың  бас  кейіпкері 

Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, 

неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін 

төңкерістен  соң  қалаға  кетіп,  оқу  оқып,  өз  бақытын  табады.  Ақбілектің 

басынан  өтетін  осы  оқиғалар  арқылы  Жүсіпбек  сол  бір  қилы-қилы 

кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы 

тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, 

қоғамдағы  өз  орындарын  іздейді.  Түптің  түбінде  дегендеріне  жетеді. 

Қысқасын айтқанда, "Ақбілек" романы – бір ғана қазақ қызының күрделі 

тағдыры  негізінде  әлеуметтік  төңкерістер  тұсындағы  қазақ  ауылының 

өзгеру үрдіс-үдерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. 

Сол  кезеңдегі  әлеуметтік  әділетсіздік  пен  қазақ  әйелінің  қасіреттік 

тағдыры  Ж.Аймауытовтың  1928  жылы  жазылған  "Күнікейдің  жазығы" 

атты  хикаятына  да  арқау  болды.  Хикаяттың  бас  кейіпкері  Күнікейдің 

тағдыры  арқылы  жазушы  ел  өмірін,  көшпелі  жұрттың  еш  нәрсеге 

бас  қатырмай,  жайбарақат  кешіп  жатқан  тіршілігін  көзге  елестетеді. 

Шарасыздықтан,  әрекетсіздіктен  сақтандырады.  Ескіге  қарсы  күресу 

идеясын  көтереді.  Хикаяттың  бас  кейіпкері  Күнікей  кедей  қызы  болса 

да, еті тірі, пысық. Шығарманың басында оның ұсқынсыз күйін, қараңғы 

үйде жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ. Өзі ауру. Жазушы осы тұста 

шегініс  жасап,  Күнікейдің  өткен  өміріне  үңіледі.  Қыздың  өскен  ортасы, 

отбасының жұпыны тіршілігі суреттеледі. Әкесі Құлтума – байдың малын 

баққан  момын  адам.  Анасы  Шекер  –  үй  тұрмысын  берік  ұстаған  ширақ 

әйел.  Күнікейдің  жаратылысы  да  ешкімнен  кем  емес.  Өрелі,  өнерлі  жас 

болып  өседі.  Тұрмыстың  ұсақ-түйек  етекбастылығынан  өзін  жоғары 

сезінеді. Арын таза ұстайды. Сөйтіп жүргенде арам ойлы қаскүнемдердің 

қастандығына тап болып, кеудесін ашу мен ыза, намыс пен кек кернейді. 

Өзі  үшін  күресе  жүріп,  ұзатылған  жерінен  қашып  кетіп,  сүйген  жігітіне 

қосылады.  Бақытына  енді  қолым  жетті  дегенде,  сүйген  жігіті  Байман 

да  опасыздық  жасайды.  Күнікейді  ауру  еткен  осы  жағдайлар  болатын. 

Күнікейдің  басынан  өткен  бұл  жайларды  жазушы  сол  дәуірдің  тарихи-

әлеуметтік  шындығымен  сабақтастыра  суреттейді.  Ескіліктің  бұғауын 

бұзып,  қыздың  ұзатылған  жерінен  қашып  шығуын,  осы  сарындас 

жайттарды  баяндау  арқылы  жазушы  сол  кезеңдегі  адамдар  санасында 

оянған азаттық, бостандық идеясын жеткізуге тырысады. Бірақ әлі де болса 

шын  бостандық  жоқ,  қазақ  ауылына  шынайы  азат  өмір  жеткен  жоқ  еді. 

Күнікейдің соңғы тағдыры, Байманның опасыздығы осыны аңғартады. 

Ақиқатында,  өзін  осылайша  талантты  прозашы  ретінде  танытқан 

Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан бірқатар көркем әңгімелер де туды. 

1918  жылы  жазылған  "Бетім-ау,  құдағи  ғой"  атты  әңгімесінен  бастап, 

"Елес"  (1924),  "Әнші"  (1925),  "Боранды  болжағыш  әулие"  (1926)  тәрізді 

әңімелерінің қай-қайсысынан да өзі өмір сүрген дәуірдегі елдің тұрмысын, 

ой-арманын, заман тынысын жетік білетін әрі оны көркем тілмен, парасатты 

оймен  өрнектеп  жеткізе  алатын  тамаша  прозашының  қолтаңбасы  айқын 

байқалады.        Айталық,  “Боранды  болжағьпп  әулие"  әңгімесінде  қазақ 

ауылының қыстың бір боранды күніндегі өмірі суреттеледі: «... Сақылдаған 

сары  аяз.  Қарадан  қарап  тұрып  бірдеме  шарт  ете  түседі.  Не  терезенің 

шынысы  шатынайды,  не  жер,  не  мұз  қақ  айырылып,  ырсиып  қалады. 

Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды 

қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке 

қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен 

қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз». 

Қыстың аязды күнін жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. 

Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында 

баяндайды. Сол боранда бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: "Шіркін, 

бұлай  боларын  алдын  ала  болжап  білсем-ау",  -  деп  армандайды.  Кейін 

қалаға барып барометр туралы естиді. Соған қолым жетсе деген арманға 

беріледі.  Шағын  ғана  әңгімеде  автордың  өмір  көріністерін  суреттеудегі 

тамаша  шеберлігі  байқалады.  Жазушы  ұсынып  отырған  суреттер  тура 

өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны 

байқалады. 

Жазушының  "Әнші"  әңгімесі  де  дәл  осындай  нақты  оқиғаға,  өмірде 

болған тарихи адамның төңірегінде құрылған. Оқып көрейік.

«...Жетішатыр  –  жақсы  қала.  Қаптап  жатқан  қазақ.  Жазы-қысы  – 

қымыз,  ойын-сауық  –  "кататься".  Айт,  той,  құдалық,  ат  жарыс,  күрес. 

Маскүнем.  Төбелес.  Үй  қыдырған  көлең-көлең  ақ  жаулық...  Жаз  шықса 

– пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, 

гуләйт  соққан,  масайраған  шат  көңіл...  Сырнай-керней...  Қызық  думан... 

Қайткенмен сергек қала». 

Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған 

осы  суреттермен  басталады.  Қала  тұрғындарының  күнделікті  тіршілігі 

осындай  қысқа-қысқа  образды  ұғымдармен  берілген.  Адам  туралы  бір 

ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр. Одан 

әрі  қымыз  дастарқаны.  Қымыз  құюшы  қыз  Шекет,  қымызға  құмартқан 

қалалықтар.  Осындай  бір  сәтте  дастарқанға  әңгіменің  бас  кейіпкері 

әнші  жігіт  Әмірқан  келеді.  Ән  салады.  Кейін  Әмірқан  қала  жастары 

дайындаған  спектакль-концертке  қатысып,  көпшіліктің  қошеметіне 

бөленеді. Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы 

достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың 

арасындағы ғашықтық хикаясы,  жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда 

қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған 

сәті баяндалады. Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал 

әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаевтың 

прототипі еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан-Әміренің 

әншілік  кұдіретін,  ән  айтқан  кездегі  сипатын  суреттеуге  келгенде  аса 

ғажайыптанып  көрінеді.  «...Ұшатын  құстай  қымтанып,  қомданып  алды, 

Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, 

Азда болса бірегей болды. 

Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып 

кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты». 

Бұл  –  ән  айтып  отырған  әншінің  бейнесі.  Жазушы  қаз-қалпындағы 

әсем  сурет  жасайды.  Әншіні  асыра  мақтамайды,  дәл  бағасын  береді. 

Ж.Аймауытовтың  суреттеуіндегі  Әмірқан  елден  оқшау  тұрған  ерекше 

адам  емес.  Көппен  бірге  тыныстап,  айналасына  өнерін  сыйлап,  ойын-

сауық  құрып  жүрген  қарапайым  жандардың  бірі.  Оның  қуанышы  да 

елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар. Тұтастай 

алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ 

әдебиетінін  көркемдік-эстетикалық  көкжиегін  кеңейте  түскен  құбылыс 

болды. 

Дарынды  драмашы  ретінде  Жүсіпбек  Аймауытов  ерте  танылды. 



Семейде  оқып  жүргенде  жастардың  ойын-сауық  кештеріне  қатысып, 

өнер  көрсеткен,  басты  рөлдерде  ойнаған.  1917  жылдың  аяғында  оның 

"Ескі тәртіппен бала оқыту", "Рәбиға" атты тұңғыш пьесалары жазылып, 

сахнада  қойылды.  Кейінірек  1925  жылы  "Ел  қорғаны",  "Мансапқорлар", 

1926 жылы "Қанапия-Шәрбану", "Шернияз" атты драмалық шығармалар 

жазды.  Жүсіпбектін  драмалық  шығармаларына  қоғамдағы  әлеуметтік 

қайшылықтар  негіз  етіп  алынды.  Олардың  негізгі  тақырыбы  –  азаттық, 

бостандық  идеясы.  Халықты  оқу-өнерге  шақырды.  Ел  азаматтарын 

белсенді қимылға үндеді. Әйелдердің теңдігін қорғады. 

Абзалында,  Жүсіпбек  Аймауытов  –  өз  дәуірінің  келелі  мәселелерін 

көтерген  һәм  көптеген  мәнді  мақалалардың  авторы.  Кезінде  "Абай" 

журналында,  басқа  да  басылымдарда  жарияланған  мақалаларында  ол 

аласапыран  өзгерістер  заманының  шындығын  насихаттауға  ұмтылды. 

Сонымен  бірге  әдебиет  мәселелері  төңірегіндегі  мәселелерді  қозғап, 

бірқатар  әдеби-сын  мақалалар  жазды.  1918  жылы  М.Әуезовпен  бірігіп 

жазған  "Абайдан  соңғы  ақындар",  1923  жылы  жазған  "Мағжанның 

ақындығы  туралы",  1925  жылы  жазылған  "Сұңқар  жыры",  "Аударма 

туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. 

Оларда  Жүсіпбектің  әдеби  шығарманы  жазушы  өмір  сүрген  дәуірмен, 

тарихи  кезең  ерекшеліктерімен  байланыстыра  отырып,  талдау  шеберлігі 

айқын байқалады. 

Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми 

еңбектер  де  жазды.  Оның  халыққа  білім  беру  орындарында  ұстаздық, 

жетекшілік  қызмет  атқара  жүріп  жазған  һәм  жас  ұрпақты  жаңаша 

тәрбиелеу,  жаңаша  білім  беру  мақсатын  көздеген  "Тәрбиеге  жетекші" 

(1924), "Психология" (1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты 

елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше 

рөл атқарған еңбектер болды. 

Бағамдасақ,  Жүсіпбек  Аймауытов  кезінде  аудармашы  ретінде  де 

танылды.  Ол  аударған  А.С.  Пушкиннің,  Н.В.  Гогольдің,  А.  Дюманың, 

Дж.Лондонның, 

Г.Мопассанның, 

В.Шекспирдің, 

К.Берковичтің, 

С.Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма 

өнерінің  өрісін  қаншалықты  кеңейтсе,  жазушының  әлем  әдебиетінің 

көрнекті  туындыларын  қазақ  тіліне  аударудағы  тамаша  аудармашылық 

талантын да соншалықты айқын танытты.

Зерделесек,  Ж.Аймауытов  әдеби  шығармашылығын  өлең  жазудан 

бастаса  да,  кезінде  жинақ  түрінде  бастырмаған  екен.  Оның  өлеңдері 

күнделікті  баспасөз  бетінде  ғана  сақталған.  Бұлардың  көбі  ескі  өмірдің 

келеңсіз  суреттері  мен  жаңару  идеясын  жырлады.  Айталық,  «Нұр  күйі» 

поэмасында  анасынан  соқыр  боп  туған  баланың  өнерпаз,  күйші  болып 

өсуі,  дәрігердің  көмегімен  көзінің  жазылуы  суреттелді.  Ж.Аймауытов 

«Интернационал»,  «Жас  әскер»  сияқты  төңкеріс  дәуірінде  кең  тараған 

күрес жырларын қазақшаға аударған. Жазушының балаларға арнап жазған 

«Жаман  тымақ»,  «Шал  мен  кемпір»,  «Көк  өгіз»,  «Үш  қыз»  атты  суретті 

кітапша түріндегі ертегілері бар. Өмірінің көбін баспасөз маңында өткізген 

жазушы үлкен публицист есебінде де белгілі. Сол кездегі мерзімді баспасөз 

беттерінде ол жазған мақалалар, оқшау-фельетондар, хат-хабарлар да көп.

  Сайып  келгенде,  ХХ  ғасырдың  басында  ұлттық  әдебиеттің  барлық 

жанрында  бірдей  өнімді  еңбек  еткен  қаламгерлердің  қатарында  ақын 

әрі  прозашы,  драмашы  әрі  аудармашы,  сыншы  әрі  публицист  Жүсіпбек 

Аймауытовтың  есімі  айрықша  орын  алды.  Әдебиеттің  әр  алуан 

жанрларында  қалам  сілтей  жүріп,  ол  қазақ  әдебиетінің  жаңа  өріске 

шығуына мол еңбек сіңірді. Соңғы уақытта аймақ орталығы Павлодарда 

Ж.Аймауытовқа  ескерткіш  тұрғызу  мәселесі  жоғары  деңгейде  көтеріліп, 

оңтайлы  шешімге  келгені  қуантады.  Осы  сұрақ  төңірегін  жалпыұллтық 

республикалық «Егемен Қазақстан» және облыстық «Сарыарқа самалы» 

газеттері  ұлтжандылық  таныта  табанды  қазбалады.  Менің  қарапайым 

пайымымша, тау тұлғалы ұлт жанашыры, әдебиеттің хас шебері Жүсіпбек 

Аймауытовқа өзінің аты берілген Қазақ музыка драма театры орналасқан 

көшенің  де  атын  берсе  артық  болмас  еді.  Қадірменді  оқырман,  сіз  не 

дейсіз? 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет