Елбасымыздың



Дата14.04.2022
өлшемі16,14 Kb.
#31063
түріСабақ

Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.

Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болған тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.

«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Озығын алып, тозығын тастау», - деді ол.

Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр. Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір.

Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.

Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап беріп отыр. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдайтын боламыз.

«Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр.

Тәуелсіз еліміздің оқушы жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі - тарихи өлкетану жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу.

Қазақ елінің кез келген аймағынан ежелгі, ортағасырларға және жаңа заманға қатысты тарихи жәдігерлерді немесе деректерді көптеп кездестіруге болады. Мәселе соларды танып біліп, табылған мәліметтерді жүйелеп, зерделеп, оларды жастар тәрбиесінде тиімді пайдалана білуді үйренуде.

«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» - деп көрсетті Елбасымыз.

Өлкетану арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бір жолы -туған аймақтың археологиялық ескерткіштерімен таныстыру. Даладан табылған көлемі үлкен, ауыр салмақты заттай ескерткіштерді мұражайға әкеліп қоя алмайтынымыз белгілі. Оларды сол орналасқан жерлерге барып қана көре аламыз. Әрбір жас өзінің кіші Отаны - туған аймағында тарихтан қалған қандай жәдігерлер барын, олардың мән-маңызын білгенде ғана туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге деген сезімі оянады.

Бүгінде жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыруға, өзінің ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру және жеткіншектер белсенділігін көтеру мақсатында білім ошақтарында «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына» сынды шаралар іске асырылуда.Сондай ақ «Қазақстан тарихы», «География» және «Қазақ әдебиеті» сабақтарын мұражайларда өткізу қолға алынды. Өлкетанулық материалдар білім алушының шығармашылық қызмет түрлерін (белгілі тақырып бойынша ақпарат жинау, оның ішінде естелік жазбаларды дайындау, өлкетанулық фактілерді талдау және бағалау, оларға қатысты сыни көзқарасты негіздеу және т.б.) меңгеруге мүмкіндік береді.

Білім алушыларға елінің тарихын өз көзімен көріп, сезіну үшін мүмкіндігінше мұражайларға, тарихи ескерткіш орнатылған немесе тарихи-археологиялық орындарға экскурсия ұйымдастырған орынды. Себебі «Туған жер» тарихын зерделеуде білім алушылардың білімін жаңа мәліметтермен толықтырып, нақтылайтын, теориялық білімді тәжірибемен байланыстыратын сыныптан тыс және мектептен тыс тарихи өлкетану (тақырыптық экскурсиялар, мұражайларға бару т.б.) маңызды болып табылады. Бұл оқу процесін жоғары сапалық деңгейге көтереді.

Білім алушылардың әлеуметтік нормалар мен дүниетанулық құндылықтардың тарихи тамырын білуі, өз халқының тарихи тәжірибесін түсінуі саналы түрде ұлттық бірегейлікті анықтауына мүмкіндік береді. Білім алушылардың өзін тұлғалық анықтауы ұлттық мәдениет пен тарихи дәстүрді қабылдауымен тығыз байланысты.

Бұдан шығатын қорытынды, рухани жаңғыру талабына сәйкес қазіргі қоғам мен өткенді байланыстыратын тарихи сана өскелең ұрпаққа бүгінгі күнгі оқиғалардың мәні туралы түсінік қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Тарихи сана – бұл тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау (бүгінгі күн жағдайының мәнін, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын түсінуден), өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оған қоса оқу-тәрбиелік процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс.

Сондықтан да «Қазақстан тарихы» пәні білім алушыларды тарихи оқиғалармен таныстырып қана қоймай, оған қоса ғасырлар бойы Ұла Дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды түсінуге жетелейді. Пән мазмұны ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін туған жер компонентімен кіріктіре түсінуге мүмкіндік береді.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет