Елдік туын жЕлбірЕткЕн Елбасы



жүктеу 4.1 Mb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата29.12.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

       Алтынай ҚАЗИЕВА  

Чувашка ЖОБМ-нің 9-сынып оқушысы

Зеленов ауданы

      Тәуелсіздік – қазақ  елінің  ең  басты  

құндылығы. Біздің  еліміз  осындай  бақытты  

күнге  ешқандай  ұрыс-керіссіз қол  жеткізгені 

біз    үшін    үлкен    мақтаныш.  Қазақстан  

Республикасы  өркенниетті    мемлекеттердің  

қатарында  болғандықтан еліміздегі  барлық  

ұлттар  мен  ұлыстар да  біздің  елді  мақтан  

етеді. Қазақстанды  дүние  жүзіндегі  ең  мықты  

мемлекеттер    танитындай,  құрметтейтіндей  

деңгейге    жеткізген    Елбасымыз  Нұрсұлтан  

Әбішұлы  Назарбаев  атамыздың  ерен  еңбегі  

деп  айтар  едім. Өйткені,  елбасымыздың ерен  

еңбегінің арқасында еліміз  өсті, өркендеді. Сондықтанда  біздің  

халқымыз Елбасын  әрқашан  дәріптейді. Биыл  тәуелсіздігімізге  

жиырма үш  жыл  толғалы  отыр. Бұл  мерекені  халқымыз асыға 

күтеді.  Ата-бабаларымыз,    ғасырлар    бойы    армандаған    күні  

қазағымның    көк    туы    биікте    желбіреп,  бірлігі  мен    ынтымағы  

жарасқан, татулығымызды паш еткендей. Қазақ  елінің   толқыған  

теңізі мен кең  байтақ көз  жетпейтін  жері бар, таулы  орманы 

мен  нулы  көлі  бар,  әдемі    Астанадай    бас    қаласы    бар  және  

біздей    елін    сүйер    баласы    бар!  Қазағымның    басынан    қилы  

кезеңдер өтсе де  ешқашан  мойымай  тек  қана  алға  адымдап  

келеді. Тәуелсіздік  жолында  құрбан  болған аға-апаларымыздың 

ерен  ерлігін  әрқашан  есте  сақтап,  олардың  рухына  тағзым  

ету,  олардың  жетпеген  белесін    бағындыру    біздің  ең  басты 

борышымыз    деп    білемін.  Себебі,  біз    олардың    арқасында  

еш алаңсыз  шат-шадыман    өмір кешудеміз. Мен  және менің 

сыныптастарыммен,  достарым  еліміздің    тәуелсіздік    тұғыры  

мықты болуы үшін өз үлесімізді қосып  сабағымызды өте жақсы 

деңгейде оқып, ата-анамыздың үмітін ақтаймыз деп сендіремін. 

Біз  еліміздің  бір  кірпіші  болып  қаланып, тәуелсіздіктің  азаттық  

таңының  өшпеуіне септігімізді тигізе отырып, еліміздің  қорғаны 

болсақ  деп    армандаймыз.  Тәуелсіз  елім,  туған    жерім    мен 

сенің  перзентіңмін! Менің  жүрегім  өзің  деп  соғады, өзің  деп  

жырлайды. Осы  жүректен  шыққан жырымды өзіңе  арнаймын 

және  де    мен    өзіңнің  көгілдір    көк    аспаныңда  биік   шыңдарға  

самғаймын  деп  ойлаймын. Тәуелсіздігіміз  әлі де  жасай  берсін, 

тыныштықтың  көк  байрағы желбіреп, көктегі  күнім  сөнбесін!

Нұрдана  ТЕМІР

Подстепный орта мектебінің 4 «ә» сынып  оқушысы  

Подстепный  ауылы, Теректі  ауданы   

Өр  тұлғасы  маңғаз,  кербез, 

сымбатты,

Ұларлы 


жер 

баба 


сырын 

тыңдатты.

Бар 

қазаққа 


орда 

болған 


ақжолтай,

Жер 


табылмас 

Ұлытаудан 

қымбатты.Ақын Кәкімбек Салықовтың 

жыр жолдарын арнаған бар қазақтың 

ұлағатты Ұлытауына келіп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ғасырлық 

маңызы бар сұхбатын сүйсіне тындадық.

Елбасының  Ұлытау  төріндегі  ұлағатты  сұхбаты  қазақ 

қоғамында  серпіліс  туғызды.  Қазақтың  арғы-бергі  тарихы,  тілі, 

мәдениеті,  экономикасы  мен  болашағы  жайында  айтқан  келелі 

пікірлеріне  еліміздің  әр  тарапындағы  зиялы  қауым  өкілдері  үн 

қосып,  өз  пікірлерін  білдіруде.  Ұлытаудағы  сұхбатта  айтылған 

тұжырымдарды  оқып  үйренуге  арналған 



«Ұлытау  төріндегі 

ұлағат»  тақырыбында  Тайпақ  мектеп-гимназиясында  ғылыми-

машықтық конференция сабағы өткізілді. 

Тарихын  білмеген  ұлттың  болашағы  бүлыңғыр  екенін  ашық 

айтқан  Елбасы  Ұлытау  төріндегі  ой-толғауына  тарих  туралы 

әңгімені тереңнен өрбітті. Біздің тарихымыз арғы түбі ғұндардан 

түп тартады деп айта келіп, «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау 

өте қасиетті жер. Ұлытаудеп аталуының өзінің тарихи мәні бар» 

деп,  Елбасы  қазақтардың  «кеше  ғана  пайда  бола  салмаған» 

халық екенін айтады.

Ұ л ы т а у д а ғ ы 

сұхбатында 

Елбасы 


Қазақ 

мемлекеттілігі 

болған, болмаған деген 

неше  түрлі  сыңаржақ 

пікірлер айтылып жатқан 

кезде, 


Президент 

өзінің  келелі  пікірін 

білдірді.  Қазақтың  ең 

даласының  қай  шетіне 

барсаң  да  осындай 

қасиетті 

жерлер 

табылады. 



Шығысқа 

барсаң  –  Берел  қорғаны,  Орталыққа  келсең  –  қалмақтармен 

соғысқан  Аңырақай  шайқасы  өткен  жер  бар.  Батысқа  барсаң  -  

Алтын  Орданың  хандары  тұрған  Сарайшық,  Оңтүстікке  барсаң 

–  Түркістан  тұр.  Қазақстанда  осындай  қасиетті  жерлер  көп. 

Дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле 

бермейді. Біз тарихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. 

Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз керек» деген болатын.

Ұлытау  –  Сарыарқаның  оңтүстік-батысында  орналасқан, 

Қазақстанның  географиялық  орталығы,  ата-бабаларымыздың 

атамекені.  Қазақ халқының тарихында үш жүздің басы қосылып 

біріккенінің  куәсі  ретінде  қазақтың  бар  руы  таңбаларын  тасқа 

ойып салған тарихи жер. Шыңғыс ханға ұлы Жошының қазасын 

жеткізген  атақты  «Ақсақ  құлан»  күйі  (ХІІІ  ғ.)  осы  жерде  дүниеге 

келген.  Тәуке  ханды  ақ  киізге  көтеріп  хан  сайлаған.  Ел  қамын 

жеген Едіге батыр осы жерде жерленген. Алаша хан мен Жошы 

хан мазарлары да осы жерде.

Ұлытауға  кіре  берістегі  төбенің  басына  Ұлытаудың  белгісін 

қоймақ ниетпен 1993 жылы Елбасымыз Н.Назарбаев келіп: «Бұл 

белгіні төртеу қылып орнату керек, біздің 4 құбыламыз берік, бүтін 

болсын, бір қазақтың баласын бөлмейік»-деп көреген идея айтқан 

болатын. Қазір сол 4 құбыланы түгендеп тұрған биік мұнара елдің 

іргесінің бүтіндігі мен ұлттың бірлігінің символы десек болар.

Ұлытау  –  тарихы  ғасырлардың  терең  қойнауына  кетеді,  ел 

басына күн туған шақтарда халқымызға пана болған, хандарымыз 

өз  ордаларын  тіккен,  билеріміз  бен  батырларымыз  бастарын 

қосып елдік мәселелерді шешкен, киелі де құнарлы, әрі қазыналы 

өлке. Құдіретті Ақсақ Темір әскерлері осы маңда  темір қорытқаны 

туралы «Алтын шоқы» тауында тасқа қашап белгі қалдырған.

Меніңше,  «орыстарға  Кремль  қаншалықты  қасиетті  көрінсе, 

қазақ  елі  үшін  Ұлытау  да  соншалықты  қадірменді»  деген 

ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев бұл жерді жаяу аралап, көптеген 

пайдалы  қазбаларды  ашқан.  Ұлытау  өңірінде  қазба  байлықтар 

мыс:  қорғасын,  алтын,  күміс,  темір,  көмір,  вольфам,  мұнай, 

газ,  марганец  қорлары  бар.  «Жоғарғы  қайрақты»  кен  орнында 

дүниежүзілік вольфрам қорының 30%-ы шоғырланған.

Ұлытау төріндегі сұхбат ата тарихынан басталды, Елбасы ұлт 

туралы толғанып, қазақтың өткен кеткен тарихынан келелі ойлар 

қозғап  «Қазақтың  тарихы  өте  бай.  Оны  білуіміз  керек,  тарихын 

білмеген ұлттың болашағы да бұлыңғыр болуы мүмкін» деп туған 

жер тарихын білуге, оны насихаттауға баса назар аударды.

Мемлекет  басшысы  өзінің  ұлағатты  сұхбатында:  «Біздің 

елдігіміз,  қазақ  жұртының  арғы  түбі  ғұндардан  басталады. 

Ғұндардан  кейін  көк  түріктерге  жалғасады.  Одан  кейін  Алтын 

Орда  орнығады.  Сөйтіп  хандық  дәуірге  ұласып,  кейін  біртіндеп 

тәуелсіздікке келіп тіреледі» деп бар қазаққа ой салатын, керек 

десеңіз парыз саналатын үлкен мәселені алға тартты.

  «Менің  арманым,  ойым  Қазақстанның  мәңгілік  болуы. 

Сондықтан  Мәңгілік  Ел  деген  идеяны  ұсындым.  «Мәңгілік  Ел» 

болу үшін бәрін жасап жатырмыз» – деді сұхбатында Елбасы. 

Елбасының  Ұлытауда  айтқан  ойлары  ел  мен  жерге  деген 

құрметті  арттырудың  өнегесі  болса,  2-шіден  сол  жерде  туып-

өскен, Отанға жан аямай қызмет 

еткен 


ата-бабаларымыздың 

салып  кеткен  өнегелі  жолын 

ардақтай  білудің  де  ғажайып 

үлгісі болды деп есептейміз.

Оқушылардын 

қатысымен 

Елбасымыздың  Ұлытау  төрінде 

болған  ұлағатты  сұхбатынан 

туындайтын жаңа тұжырымдарды 

талқылауға арналып, «Ұлытаудың 

табиғаты,  географиялық  орны, 

пайдалы  қазбалары»  туралы 

(Д.Мақсотова),  «Ұлытау  тарихы. 

Ұлытаудеп 

неге 

аталған?» 



(Қ.Гинуллин), «Қазақ елінің ата тарихы»   (Б.Бақтығали), «Ислам 

дінінің  казіргі  қоғамдағы  орны»  (Е.Садыков),  «Қазақ  тілінің 

мәртебесі.  Тіл  –  татулық  тірегі»  (А.Болатова)  тақырыбында 

баяндама жасалды.

Конференцияның жүру барысында «Ақсақ құлан» күйі және 

продюсер  Қ.Болмановтың  «Ұлытау»  тобының  орындауындағы 

«Сарыарқа»,  «Жұмыр  қылыш»  күйлері  тыңдалды.  Ақын 

Қ.Салықовтың  «Ұлытау»,  Н.Айтұлының  «Мәңгілік  ел  белгісі» 

поэмалары  оқушылардын  орындауында  тыңдалды.  Слайд 

арқылы 


Ұлытаудын 

табиғаты, 

тарихи 

археологиялық 



ескерткіштерікөрсетілді.

Ғылыми-машықтық конференцияны ұйымдастырушы Тайпақ 

мектеп-гимназиясының  жоғарғы  санатты  ұстаз,  география 

пәнінің мұғалімі І.Ә.Мүрсәлімова: Біз Ұлытау басындағы ұлағатты 

толғанысты дұрыс ұғынуымыз керек. Елбасымыз: «Заман өтеді, 

уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ 

ата-бабаларымыздың  жері  осылай керемет болып қала  береді. 

Осындай  әулиелі  жерден  қуат  алған  халқымыз  ата-бабалар 

жолымен  жүреді  деп  санаймын.  Ол  жол  –  сара  жол.  Мәңгілік 

Елдің жолы» - деген болатын. Алдағы уақытта да осы ұлағатты 

сөздерін терең зерделеп, ел өмірінде, халық тағдырында елеулі 

орын алатын оқиғаларға байланысты тақырыптық басқосуларды 

өткізіп  тұруды  дәстүрге  айналдыруымыз  қажет  деп    өз  ойын 

ортаға  салды.  Бас  қосуға  қатынасушы  оқушылар  мен  ұстаздар 

мазмұнды өткізілген маслихатқа ризашылығын білдірді.

Ұлтты тәрбиелеп, білімін беретін мектептің мәртебесін көтеру 

–  ұлтымыздың  бүгіні  мен  болашағы  үшін  аса  маңызды  мәселе 

екенін  бағамдау  әр  азаматтың  ұлт  алдындағы  парызы  деп 

түсінгеніміз жөн.

САМАЛ ЛҰҚПАНОВА 

Тайпақ мектеп-гимназиясы

тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары

Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы



   

 Тәуелсіздік – 

қазағымның сан 

ғасырлық арманы

Тәуелсіздік  дегеніміз  туып-өскен  жеріңде,  бейбітшілікте 

өмір  сүру  деп  ойлаймын.  Ерте  заманнан  бері  Тәуелсіздік  үшін 

аталарымыз  қан  кешіп,  жан  берісіп  шайқасқан.  Қай  заманда 

болмасын  жер  үшін,  тәуелсіздік  үшін 

соғысып,  батырларымыз  қаза  тауып, 

олардың  отбасылары  жетімдіктің 

зардабын тартқан.

Ал  қазіргі  таңда  талай  ғасырдан 

бері  арман  болған  тәуесіздігімізге 

қол  жеткіздік.  Осы  тәуелсіз  еліміздің 

тұрақтылығын 

сақтап 

отырған 


елбасымыз 

Нұрсұлтан 

Әбішұлы 

Назарбаев  саясаты.  Басқа  көрші 

елдер тәуелсіздік үшін әлі де соғысып 

келеді. Ал тәуелсіздік алған күнде ұлт 

үшін, тіл үшін түсініспестіктер болып, 

ел  басшылары  бейбітшілікті  сақтай 

алмай отыр.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып бекітілді. Орыс тілі, ағылшын 

тілі қосылып үш тұғырлы тіл болып есептеледі. Біздің елімізде ұлт 

болып бөлінбейміз. Әр ұлттың өзінің мәдениетін, тілін дамытуға 

құқылы. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей мен 

өз  қазақ  тілімді  жақсы  көремін  және  орыс  тілін,  ағылшын  тілін 

еркін  сөйлеуге  үйренгім  келеді.  Еліміздің  әрбір  қазақ  азаматы 

осылай  ойласа,  қазақ  тілінің  мәртебесі  жоғары  болады.  Егер 

қазақ тілі мен мәдениетін жоғары бағалайтын болсақ, онда нағыз 

тәуелсіз Қазақстан елі мәңгі жасайды.



Бану ЖЕНИСОВА

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің 

4 «а» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Менің Ұлы елім

Тал

Атамекен

Тәуелсіздік – таусылмайтын    ән-жырым

«Ұлытау төріндегі ұлағат»


№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

6

Шәкір  Жексенбаев  атындағы  орта  жалпы  білім  беретін 

мектеп-  балабақшасы.    Қазақтың  тұңғыш  кеңес  генералы 

есімін иеленгеніне 20 жыл толған  білім ордасы. Ұжым өскелең 

ұрпаққа  сапалы білім мен тағылымды тәрбие беруді мақсат 

етіп  отыр.

Мектеп  тіршілігі    үлкен  теңіздегі  алып  кеме  тәрізді.  Сол 

кемені    адуын  толқынды    дауылдарда    шайқалтпай  жүргізу 

білікті  басшыға  байланысты. Терең  білімі, талапшылдығы, 

жоғары мәдениеттілігі, инабаттылығы сияқты асыл қасиеттер 

бойынан  табылатын    Ардақ    Оралбайқызы    өзі  басқарған 

ұстаздардың жүрегінен бекем  орын тауып, бүгінде  ұжымды  

айрандай ұйытып отыр. Соның  нәтижесінде  мұнда  берілетін 

білім  сапасы  жоғары, шығармашылықпен  жұмыс  жасайтын, 

өзіндік  қолтаңбасы  қалыптасқан ұстаздар жетерлік. Сондай-

ақ,  облыстық  байқауларға  қатысып,  жүлделі  орындардан  

көрініп  жүрген  кәсіби  дағды  мен  педагогикалық  дарыны 

қалыптасқан,  ізденімпаз  ұстаздар    есімдерін  мақтанышпен 

айтуға  болады.  Облыстық    байқауға  қатысқан  әлеуметтік  

педагог А.Ж.Салменова «Шығармашыл  әлеуметтік педагог»,  

АӘД пәні мұғалімдері байқауынан жас ұстаз Е.Н.Ермекқалиев 

«Шығармашыл  ұстаз»,  Ақұштап  Бақтыгерееваның  70  жасқа 

толуына  орай  өткізілген  мүшәйраға  қатысқан  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Г.Е.Зулкарнаева  «Сұлу  сөздің  

сүлейі» аталымдарымен  марапатталды. 

«Адамға  ең  бірінші  керегі  білім  емес,  тәрбие.  Тәрбиесіз 

берілген  білім-адамзаттың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның 

өміріне  опат  әкеледі»  деп  Әл-Фараби  айтқандай,  тәрбие 

үрдісінде  ғана  адам  рухани  жетіледі.  Мектептегі  тәрбие 

ісінің  меңгерушісі  М.Ж.Мұхамжарованың  ұйымдастыруымен 

жүйелі  тәрбие  жоспары  құрылып,  тәрбиелік    мәні  зор  іс-

шаралар  алуан  түрде  оздырылады.  Әсіресе,  оқушының 

ой-өрісін,  білімін,  тәрбиесін  нығайту,  дамыту  мақсатында 

тәрбие  жұмысына  ата-аналарды  көбірек  тарту  мәселесіне 

ерекше  назар  аударылады.  Ата-ана,  мектеп,  мұғалім 

арасындағы  ынтымақтастық    өзара  байланыс  нәтижесінде 

талай  түлек  түлеп  ұшып,  өмірден  өз  орындары  тауып 

келеді.  Сынып  жетекшілер  ата-аналармен  дөңгелек  үстел, 

форум,  дебат,  психологиялық  тренинг,  ситуациялық  рөлді 

ойындар,  сауалнама,  «Алтын  ұя»,  «Үздік  оқырман  отбасы» 

байқауларын  өткізіп,  ата-ананы  да  ізденуге,  туындаған 

қиындықтарды  бірге  шешуге  ұмтылдырады.    Мектептегі 

ата-аналармен  жүргізілетін  жұмыс  жоғары  деңгейде  екенін 

төмендегі нәтижелерден байқауға болады. 

Аудандық «Алтын ұя» отбасылық  байқауына қатысып, І 

орынды  иеленген  Садықовтар  отбасы  облыстық    кезеңінде 

«Ұлттық дәстүрді ардақтаған отбасы» аталымына ие болды., 

«Үздік  оқырман  отбасы»  байқауынан  аудандық  кезеңде  бас 

жүлде  иегері  болған  Омаровтар  отбасы  облыста  «Ақжайық 

өңірінің  үздік  оқырман  отбасы»  аталымымен  үздік  көрінді. 

Отбасылық «Мерейлі отбасы» ұлттық  байқауына  қатысқан 

Имашевтар  отбасы  «Ұлттық  дәстүрді  ұлықтаған  шежірелі 

отбасы»  аталымымен  марапатталды.  Облыстық  «Мөлдір 

бұлақ»  отбасылық  байқауда  бақ  сынаған  Рамазановтар  

жанұясы «Мейірімді  отбасы»  аталымына ие болып, бағалы 

сыйлықтар алды. Мектеп пен отбасы бірлескен  кезде ғана 

тәрбие үдерісі өз жемісін береді.

Мектепішілік  «Жас  ұлан»  ұйымының  жұмысын  жан-

жақты дамытып, мүшелерінің қоғамдық жұмыстарға белсене 

араласуына  ұйытқы  болып  жүрген  І  санатты  тәлімгер 

Ш.Х.Сабырова  жыл  сайын  облыстық  сайыстардан  олжалы  

оралып,  көзге  түсуде.  «Батыс  Қазақстан  облысында 

көшбасшылар қозғалысын дамыту» жобасы аясында  «Бірге 

ойнайық!»  балалар  ойын-сауық  бағдарламаларының  ІІІ 

облыстық  байқауына  қатысқан  «Салауат»  тобы  ІІІ  орын, 

«Жайық  жастары  есірткіге  қарсы»  облыстық  фестивалінде 

наркобекет  топтары  арасында  «Үгіт  бригада»  аталымы 

бойынша І орын, «Әлеуметтік жобалар» аталымы бойынша 

ІІ орын кубоктарының иесі болса, тыңғылықты дайындағаны 

үшін  жетекшісі  Ш.Х.Сабырова  облыстық  білім  бөлімінің 

«Алғыс хатына»  ие болды.

              Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев:  «Болашақта  еңбек 

етіп,  өмір  сүретіндер-  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім 

оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. 

Сондықтан    ұстазға  жүктелетін  міндет  өте  ауыр»,  деп 

мектеп  ұстаздарының  жауапкершілігі  зор  екенін  сездіріп, 

сенім  білдірген.  Әрине,  тәуелсіз  ел  тірегі-  білімді  ұрпақты 

тәрбиелеу,  білім  беру  -  мұғалімге    жүктелетін  қасиетті 

парыз.  Шәкірлік  ұстаздар  да  оқушыны  білім-ғылым  нәрімен 

сусындатумен қатар, табиғи қабілетіне орай шығармашылық 

жұмыстарға  баулып,  өнерімен  елге  танылуына  зор  үлес 

қосуда.  «Қыран    -түлегіне    қайтпас  қанат    сыйлайды,  ұстаз 

-  шәкіртіне    талмайтын    талап    сыйлайды»  демекші,  қазіргі  

заман  талабына  сай    білім  беру    жолында  тынымсыз 

еңбектеніп жүрген ұстаздар еңбегі  еш кетпей,  оқушылары  

аудандық, облыстық, республикалық  байқауларға  қатысып, 

жүлделі  оралып    жүр.    2013-2014  оқу  жылында  дәстүрлі  

өтетін «Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері» 

атты облыстық байқауда бас жүлдені жеңіп алған 11-сынып 

оқушысы Э.Шынболатова республикалық кезеңінде  «Алғыс 

хатпен»  марапатталып,  ІV  орынға  табан  тіреген.  ХІV 

облыстық «Абай оқулары-2013» байқауында Абай әндерінен 

орындаудан  хор  ІІІ  орынды    (жетекшісі  С.С.Өталиев), 

өлеңдерін  мәнерлеп  оқудан  8-сынып  оқушысы  А.Қалмияр 

ІІІ  орынды  (жетекшісі  Г.М.Садықова),  мүшәйрадан  9-сынып 

оқушысы Г.Серікқалиева ІІ орынды (жетекшісі Г.Х.Ситқазиева), 

«Жарқын  болашақ»  байқауының  «Жас  ғалым»  бөлімінен  

8-сынып  оқушысы  Ү.Халықова  ІІІ  орынды  (жетекшісі 

Г.Т.Зайтова), «ХХІ ғасырдағы қоғам, ғылым және технология» 

мультимедиалық  жобалар  байқауында  8-сынып  оқушысы 

А.Қалмияр ІІІ орынды (жетекшісі Ш.М.Байғуатова), «Русский 

медвежонок-  языкознание  для  всех»  атты  халықаралық 

байқауда  4-сынып  оқушысы  Ф.Шынболатова  І  орынды 

(жетекшісі  Ж.М.Дюсенғалиева),  бастауыш  сыныптардың  ХІ 

облыстық интеллектуалдық олимпиадасында           4-сынып 

оқушылары  І.Болатқалиева  ІІ  орынды,  К.Рамазанова  мен 

Ф.Шынболатова  «Алғыс  хатты»  иеленіп,  мектеп  абыройын 

асқақтатты.    Соңғы  жылдарды  сараласақ,    білім  отауы 

батыр атына лайық екенін толағай табыстарымен танытуда. 

Бірлігі  мен  тірлігі  жарасқан  ұйымшыл  ұжым  ұстаздарының 

алдағы  уақытта  да  барлық  қажыр-қайратын,  ізденісін  жаңа 

педагогикалық  технологиялар  арқылы    бала  тәрбиесіне 

арнайтыны анық.

 

г.ЗУЛкАРНАЕВА

Ш.Жексенбаев атындағы

                        қазақ тілі  мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бөкейордасы ауданы

Бірлігі мен тірлігі жарасқан білім шаңырағы



Нариманова  Елназ.  7  сынып 

оқушысы.

Жетістіктері: 

Республикалық  «Ақбота»,  «Зерде», 

«кенгуру-математика», 

«кенгуру-

лингвист», 

халықаралық 

«Русский 

медвежонок», 

«British 

bulldog» 

байқауларының  тұрақты  қатысушысы, 

облыстық  «казпочта-глазами  детей» 

конкурсының дипломанты, облыстық «гүлдер 

әлемі»  фестивалінің  қатысушысы.  (Орал 

қаласы.көрме.2013ж),  2013-2014  оқу  жылында 

оздырылған  білім  апталығында  «Ең  үздік 

дәптер - 2013» байқауының жеңімпазы, үлгілі, 

озат оқушы.

Талабы ұшқыр 

Қалампыр

Қай білім ордаларына назар салсақ 

та,  мектебінің  мәртебесін  асқақтатқан, 

алтын  ұясының  ары  үшін  алысқан 

мақтан  етер  тұлғалары  болары  анық. 

Солардың бірі – біздің алтын ордамыз 

Қ.Сағырбаев  атындағы  орта  жалпы 

білім беретін мектеп-балабақша мерейі 

– Қалампыр Құнанова. 

«Адамның  адамшылығы  істі  аяқтағанынан  емес,  істі 

бастағандығынан»,-  деп  Абай  атамыз  айтқандай,  қай  іске 

болмасын  ынта-жігермен  кірісетін  Қалампыр  Қуанышқалиқызы 

мамандығының нағыз майталманы деген атқа лайық жан. 

Бүгінгі  таңда  мұғалім  болу,  тәрбиеші,  тәлімгер  болу  оңай 

жұмыс емес. Басқа ешбір мамандықтағы адамға дәл мұғалімге 

қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін 

бағалау  да  өте  қиын.  Оның  сапасы  сызғышпен  өлшеп,  әрбір 

мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Алайда қиыны 

мен  қызығы,  талабы  мен  жемісі  қатар  жүретін    өз  мамандығын 

жаны  сүйетін  Қалампыр  жаңалыққа  жаны  құмар,  ізденуден 

еш  тынбайды.  Өйткені,  бұл  жұмысына  сүйіспеншілікпен 

қарағандығынан, өзіне жүктелген жауапкершілігін сезіне білуі деп 

түсінемін.  Үнемі мұғалімдердің, оқушылардың тілін тауып жүреді. 

Түрлі  тәрбиелік  шараларды  өткізе  жүріп,  олардың  бойындағы 

қасиеттерін  бағалап-ескеріп,  жан-дүниесін  түсінуге  тырысады. 

Әр  оқушының    бойындағы  көрінбей  жүрген  талантын  жарыққа 

шығаруға,оларға  мүмкіндігінше  бағыт-бағдар  беруге  өз  септігін 

тигізіп отырады. Бұл сөзімнің шындық екеніне барша ұжым куә. 

Алғаш  еңбек  өтілін  бастаған  жылдарынан-ақ  өз  кәсібіне 

оқушыларды  баулуымен  қоса,  мектебіміздің  «қосымша  білім 

беру  педагогы»  қызметін  де  қатар  алып  жүріп,  бүгінгі  күнге 

дейін  бағындырған  белестері  аз  емес  оның.  Атап  айтсақ,  2009 

жылы  аудандық  «Көктем  аруы»  сұлулық  байқауының  бас 

жүлдесі,  2009  жылы  аудандық  «Орда  жұлдыздары»  жастар 

шығармашылығы  фестивалінде  қолөнер  жанры  бойынша  І 

орын, 2010 жылы «Жас келсе, іске!»  байқауында «Шығармашыл 



ұстаз»  номинациясын,  2011  жылы  осы  байқауда  бас  жүлде 

«Үздік  жас  маман  -  2011»  номинациясы,  аудандық  «Ең  үздік 

махаббат  әндері»  ән  байқауынан  ІІ  орын,  Алматы  қаласында 

өткен  ШЖМ  директорлары  мен  мұғалімдерінің  «Мәңгілік  елге 

–  ақпараттық  мектеп  –  шығармашыл  педагог  –  бәсекелестікке 

қабілетті  оқушы»  тақырыбындағы                          І  Республикалық 

слетіне  қатысушы,  сондай-ақ  биылғы  оқу  жылында  аудандық 

«Үздік  қосымша  білім  беру  педагогі»  конкурсынан  бас  жүлде 

иегері атанып, мектеп мерейін асырды. Соған қоса осыған дейін 

«Қағазды көркем бүктеу. Оригами» сабағы «Бейнелеу өнері және 

сызу»  журналы,  №1,2014  жыл,  «Қолөнер.  Бисермен  кестелеу» 

сабағы  «Бейнелеу  өнері  және  музыка,сызу»  журналы    (№5,  6, 

2013  жыл),  «Мамандығым  –  болашағым»  атты  сабағы    ШЖМ 

мұғалімдерінің І Республикалық слет жинағына               (2014 

жыл Алматы қаласы), «Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер 

тұлғасының  эмоционалды  сферасын  дамыту»  тақырыбындағы 

республикалық семинарда сертификатқа ие болып, нәтижесінде 

«Дарынды балаларды қосымша сабақ үйірмелер арқылы оқыту 

мен  тәрбиелеу»  баяндамасы  www.zkoipk.kz  сайтында,  оған 

қоса  «Затқа  қарап  сурет  салу»  ашық  сабағы  www.kazustaz.kz 

сайтында, «Бастауыш көшбасшысы» атты сыныптан тыс шарасы 

«Мектептегі  мерекелер»  журналында  (№5,  2014  жыл)  жарық 

көрді. 


Міне,  осындай  дарынымен,  ерекше  жігерімен,  қайтпас 

батылдығымен алға қадам басып жүрген Қалампырға жұмысың 

жемісті,  арман-ойларың  өрісті  болсын  деп  тілей  отырып, 

мақсатыңа жете бер деймін.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет