Елдік туын жЕлбірЕткЕн Елбасы



жүктеу 4.1 Mb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата29.12.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ақжол ҚУАНдыҚОВ

№6 ЖОББМ-нің  

7 «а» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы  Ақсай қаласы  



№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

14

Менің жанұям

Біздің  отбасымызда  жеті  жан  бармыз:  әжем,  әкем,  анам, 

мен және үш бауырым. Үйдегі ақ жаулықты әжеміз, асқар тау,  

панамыз  - әкеміз бен ақылшы анамыз біздерге тек жақсылықты 

үйретіп  отырады.  «Қарты  бардың  –қазынасы  бар»  дегендей 

әжеміз өмірден көргенін, білгенін, түйгенін үнемі айтып отырады. 

Ол  он  екі  бала  тауып,  өсірген  «Батыр  ана».  Өзінің  балалық 

шағы  мен  қазіргі  балалардың  балалық  шағының  арасы  жер 

мен  көктей  дейді.  Еліміз  егемендігін  алып,  көп  жетістіктерге 

қол  жеткізді,  қарыштап  дамып  жатыр.  Балаларға  жан-жақты 

оқып, білім алуға бар мүмкіндік бар. Біздерге жақсы оқып, елге 

сыйлы  азамат  болыңдар  деп  айтудан  жалыққан  емес.  Қыз 

балалар  тәрбиесі  жөнінде  де  айтылған  әңгімесі  таусылған 

емес. Немерелерін еркелетіп, тәлімді тәрбиесін беріп отырған 

әжемді бәрінен артық көремін. Ал әкем он екі баланың кенжесі. 

Анам екеуі әжемді  аялап, бағып-қағып отыр. Мереке күндері 

жан-жақтағы  ағайын-туыстар  құттықтап  келіп,  бәріміз  мәре-

сәре болып қаламыз. 

Біз  тату-тәтті  отбасымыз.  Өз  отбасымды  жақсы 

көремін.  Әкеміз  бен  анамыз  біздерге  саналы  тәрбие  беріп, 

болашағымызға  зор  үмітпен  қарайды.  Біз  оны  ақтауға 

тырысамыз.

Ақтілек гҰМАРОВА

Харькин ОЖББ мектебінің 8-сынып оқушысы

Ақжайық ауданы

Мектебіміздің 

мақтаныштары

 

  Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының 



әлеуметтік  –  экономикалық  дамуы  барысында  саяси  – 

идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа 

отансүйгіштік  тәрбие  беру  үкіметіміздің  жаңа  стратегиялық 

бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. 

Бүгінігі  таңда  ғасырлар  қойнауында  ұлттық  тәрбиенің 

озық  әрі  өнегелі  дәстүрін,  асыл  қасиеттерін  оқушылардың 

бойында  қалыптастыру    –  аса  маңызды  міндеттердің  бірі. 

Көп  ұлтты  Қазақстанның  бүгінгі  жаңару  бағыты  –  жалпы 

адамзаттық  және  ұлттық  құндылықтардан  сусындаған, 

ұлттық дүниетанымы, мінез – құлқы қалыптасып, жан – жақты 

жетілген парасатты азаматтар тәрбиелеу.

 

Қазақстан 



Республикасының 

 

Президенті 



Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  –  қоғамның 

идеялық  бірлігінде»  атты  еңбегінде  «біздің  тағы  бір 

аса  маңызды  идеологиялық  міндетіміз  –  Қазақстандық 

Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін- өзі айқын 

билеуін  қалыптастыру.  Шынайы  Отансүйгіштікті,  нағыз 

азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан 

айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді»,- 

делінген.  Осы мақсатта  ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай  

аудандық «Намыс» жастар орталығы ұйымдастырған «Біздің 

ізбасарларымыз»  атты  шараға  мектебіміздің  ең  үздік  деген 

оқушыларын  ұсындық.    Олар:  Шайхина  Мейрамгүл(10-

сынып) мен Мухамедрахимова Ақерке(9-сынып). Осы аталған 

оқушыларымыз - аудандық, облыстық және республикалық 

байқаулар  мен  сайыстардың  жеңімпаздары.  Атап  айтсақ, 

Шайхина 

Мейрамгүл 

аудандық, 

облыстық 

ғ ы л ы м и - п р а к т и к а л ы қ 

к о н ф е р е н ц и я л а р д а  

біршенеше  рет  жеңімпазы, 

аудандық 

көркем 

сөз 


оқу 

байқауларының  

«майталманы», 

аудандық 

қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні 

ол и м п и м п и а д а л а р ы н ы ң 

жүлдегері (ІІ, ІІІ орын)  атанды.  

  

Мухамедрахимова  Ақерке  химия  –  экология 



пәндері  бойынша  аудандық,  облыстық,  республикалық 

олимпиада,  байқаулардың  жеңімпазы.    2014  оқу  жылында 

«Әл-фараби»  атындағы  университет  өкілдері  келіп  аудан 

көлемінде  республикалық  вертуалды  химия  пәні  бойынша 

олимпиаданың            І орын жүлдегері, пәндік олимпиадасында 

химия  бойынша  ІІ  орын,  «Мектеп  жаныңдағы  үздік  оқу-

тәжірибе  үлескесі»  аудандық  байқауында  «  Үздік  мектеп 

жылыжай»  номинациясында  Іорын,  «Үздік  орманшылығы» 

номинациясы  бойынша  ІІІ  орын,  облыс  көлемінде  ІІорын 

жүлдегері атанды. Таяуда  облыстық балалар – жасөспірімдер 

туризм  және  экология  орталығында  өткен  Халықаралық 

ынтымақтастық жылына орай академик Т.Қ.Жиздібаевты еске 

алуға арналған тау туризмі техникасы жарысында «Байлам» 

қашықтығы бойынша ІІІ орын жеңімпазы болды.  

 

Мейрамгүл  мен  Ақерке  сияқты  мектебімізде 



оқушылар қатары  көбейе берсін. 

 А. МАгЗОМОВА

ЖББ Шипов ОМ-нің  қосымша білім беру педагогы: 

Мерей ауылы, Тасқала ауданы,

Еңбек 


өтілін 

тәрбиеші 

мамандығынан  бастап,  мектепке 

дейінгі 


балаларды 

оқытып 


тәрбиелеуде 

мол 


тәжірибеге 

ие  болған  Давлетова  Ботакоз 

Бақтығалиқызы  ұрпақ  тәрбиесін 

алдыңғы  орынға  қоятын  жігерлі 

маман.

            Мектеп  жасына  дейінгі 



балаларды қазіргі заман талабына 

сай  тәрбиелеп  оқытуда  олардың 

өзін-өзі  дамытуына,  бағалауына, 

ойларын еркін жеткізуіне аса көңіл 

бөлетінін  және  әріптестерінің, 

ата-аналарының  көңілінен  шығып 

жүретінін ерекше атауға болады. 

          «Үздік  тәрбиеші-2014»  байқауында  өнері  мен  білімін, 

жан-жақтылығын көрсете біліп «Үздік тәрбиеші» атанғанын да 

айта  кеткенім  жөн.  Жаны  жаналыққа  құмар,  өз  ісіне  берілген 

әріптесіме алдағы уақытта да бала тәрбиелеуде әр баланың 

жанына нұр құйып жүре бер дегім келеді. 



г.АХМЕТҚАЛИЕВА  

№1«Айгөлек» балалар бақшасының тәрбиешісі                                                                                              

                                           

                        Орал қаласы

Қызықты саяхат   



                      

      Қазан  айының  соңғы  күні.  Сыныптағы 

жиналыста  сынып  жетекшіміз  Нұртас 

Мәлікқызы  бізге  Орал  қаласына  саяхатқа 

баруға  ұсыныс  айтты.  Бұл  ұсынысты  ата-

аналарымы да, оқушылар да қуана қабылдап, 

Орал қаласына саяхатқа бардық. 

 

 



Мектеп 

автобусымен 

сынып 

жетекшімізбен  бірге  қаланы  араладық.  Мен 



үшін ең қызықтысы, қаламыздағы хайуанаттар 

бағы болды. 

      Әртүрлі  жануарлар  мен  құстар  мекен 

еткен бақта, Катя есімді аю, жолбарыс, түлкі 

бар  екен.    Қыран  бүркіт,  күркетауық,  түйе 

пони,  үкі,  кесірткелер,  жыландарды  да  көру  

біз үшін қызықты болды. Өйткені біз оларды 

тек  қана  теледидардан  көреміз  ғой.  Көбіне 

ертегілерде  кездесетін  кейіпкерлермен  тірі  

күйінде көру басқаша болады екен. 

   Одан соң жылыжайға бардық. Неше түрлі 

әдемі гүлдер  көргенде, 

ерекше  қуанып,  әдемі 

гүлдерге  қарай  бергің 

келеді.

   Қайтарда бәріміз 



жиналып  шыршаның 

жанына суретке түстік.

   Бұл сапарымыздан 

көптеген 

нәрселерді 

көріп, көп нәрселермен 

таныстым 

және 


барғаныма 

қатты 


қуанамын. 

      Осы  саяхатты  ұйымдастырған 

ұстазымыз Нұртас апайға, ата-аналарымызға 

алғысымыз шексіз. Саяхат біздің бәрімізге де 

жақсы әсерін өалдырды.

дарина МУРАдИМОВА

Ақжайық орта мектебінің

 

2 «ә» сынып оқушысы



Ақжайық ауданы

  Біз құқық 

бұзушылыққа 

қарсымыз!

Құқық  бұзушылық  дегеніміз 

–  заңға  бағынбау.  Біз  құқыққа 

бағынбасақ  бізді  жазалайды. 

Менің  ойымша  құқық  дегеніміз 

заң. 

Заңға 


ата-ананың, 

балалардың 

құқығы 

кіреді. 


Әкелердің 

құқығы 


отбасын 

асырау, 


аналардың 

құқығы 


баласын асырау, ал балалардың 

құқығы  және  міндеті  сабақ  оқу 

мен ата-анасына көмектесу.

М.МАҚСОТОВА

ЖББ Аралтөбе ОМ-нің 4 сынып оқушысы 

Сырым ауданы

Менің анам



Өздерің жазған хаттардан

   Тағылымы мол 

тәрбиеші

Сапиев Шыңғыс 

1 «д» сынып оқушысы



дилназ 

БИСЕНгАЛИ                                      

№ 7  «Балбөбек» 

балабақшасы                                 

Жаңақала ауданы

Менің отбасым

Менің  отбасым  өте  мейірімді.  Біз 

бір-бірімізге  өте  бауырмал  қамқор 

жандармыз.  Құлазығанда  әрдайым 

сүйеу болып, көңілімізге шуақ беретін, 

ол  –  отбасы.  Біздің  үйде  атам,  әкем, 

анам,  өзім  және  төрт  сіңілім  тұрады. 

Әрбір  адам  үшін  отбасынан  артық  еш 

нәрсе жоқ. Бұл әлемдегі ең үлкен бақыт 

ол  –  отбасымен  бірге  болу  бақыты. 

Менің  үшін  әркім  өз  отбасымен  бірге 

болса  әрқашан  бақытты  адамдардың 

күйін  кешеміз.  Мен  өз  отбасымды 

жанымнан  артық  жақсы  көремін.  Мен 

әлемдегі ең бақытты адаммын.

АҚыРыС АМАНҚҰЛ

Подстепный қазақ орта мектебінің 

5 «ә» сынып оқушысы

Менің  анам  өте  жақсы  адам. 

Ана  бізді  аялы  алақанымен 

аялап өсірді. Анамның арқасында 

өсіп  жетілдім.  Ана  мені  жарық 

дүниеге әкелген күннен бастап, аялы алақанымен аялап бауырына басқан адам. 

Анамның алға қарай жетелеуінің арқасында талай асуды аламын деп ойлаймын. 

Менің анама деген алғысым шексіз. Әр бала анасын мен секілді жақсы көреді. 

Алғаш «ана» деп айтқан баланың дауысын естіген ананың жүрегі елжіреп кетеді. 

Анамды жер бетінде ең асыл жан деп санаймын.



гҮЛЗАТ ЕРЛАНҚыЗы

Подстепный қазақ орта мектебінің

5 «ә» сынып оқушысы

Айша ҚУАНыШҚАЛИЕВА

                       Жаңақала жалпы орта 

білім беретін  мектебінің  

                                     2 «Ә»  сынып 

оқушысы

Жаныңда жүр жақсы адам ...



Маған  даярлықтан  бері  төртінші  сыныпқа  дейін 

Жунусова  Шолпан  Тыныштыбайқызы  сабақ  беріп  келді. 

Біздер алғаш рет мектепке аяқ басқанымызда апай бізді бар 

күшімен оқытты. Ең бірінші әліппенден әріптерді содан соң 

сөздерді, сөйлемдерді, мәтіндерді, түрлі-түрлі әңгімелерді 

айтқызып,  оқытып  үйретті.  Сөйтіп  жүріп,  бес  жыл  көзді 

ашып-жұмғанша  өтіп  кетіпті.  Шолпан  апайдың  әдемі 

әпкесі бар. Оның аты-жөні Гүлзада Тыныштыбайқызы. Ол 

апай  бізге  өзін-өзі  тану  пәнінен  берді.  Төртінші  сыныпты 

бітіргенде ол апайларыммен қимай-қимай қоштастық. Мен 

өз ұстаздарымды мақтан тұтамын.

АНАР дИЯРОВА

Подстепный қазақ орта мектебінің

5 «ә» сынып оқушысы, Теректі ауданы

Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақты дұрыс шешсеңіздер ортадағы ерекше тік торкөзде сүйікті 

газетіміздің атын оқуға болады.

Адамның дене мүшесі.

1. 

Сыйлы адам.



2. 

Пән атауы

3. 

Оқушы үстелі



4. 

Ешкі төлі.

5. 

ФАРХАд  БИҒАЛИЕВ

 Е.Ш.Орақбаев атындағы ЖОББМ-нің

        Қызылоба ауылы,Жаңақала ауданы


№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

15

Туған өлке

Сүйемін  туған елімді,

Тәй-тәй басқан жерімді.

Кіндік кесіп,өмірге

Қаным тамды бұл жерде.

Туған жерсіз өмір жоқ,

Туған жерсіз күнің жоқ,

Туған жерің қымбат қой,

Қанша айтқанмен өзіңе.

Туған жерде жүгірдің,

Ойнадың және секірдің.

Құлыншықтай секірген

Қуыршықтай ойнаған

Сүйемін сені туған жер!

    Акжаркын ТІЛЕкҚАЛИЕВА

      А.Тайманов атындағы №34 

мектеп гимназиясының

 4ә сынып оқушысы



Қауырсын  қалам

ҰШҚыШ

Тоқтар атам сияқты

Ұшқыш болу арманым.

Елге қызмет көрсететін

Мен ғарышкер боламын.

РАСУЛ НҰРБОЛАТ

Карманов орта мектебінің 3-сынып оқушысы

Жаңақала ауданы

«Оқимын 

менде  

Абайды»

Оқимын менде Абайды

Әр шумақ өлең түрлерін

Жақсы көрем атамның,

Шығарма өлең,әндерін.

Абай жолы романын 

Менде оқып көремін  

Ұнап жатса әрдайым 

Мен де оқып жүремін.

  

Мөлдір ҚАдІРОВА

В.И.Шубин атындағы ЖОББМ-нің

   4-сынып оқушысы

Сырым ауданы

  Ардақты анам 

Ардақты анам,жаным менің,

«Құлыным, күнім»деген.

Осы өмірде анадан асқан,

Сірә, бір жан бар ма екен?



Айзар ЕРкЕҒҰЛОВА

В.И.Шубин атындағы ЖОББМ-нің

4-сынып оқушысы,  Сырым ауданы

 Ұстазым

Арналды өзіңе,

Алғашқы жыр- әнім.

Әліппе үйреткен,

«Ұстаз» деп ұланың. 

                                                                        

Әмір өРкЕН

 Х. Есенжанов атындағы жалпы орта

білім беретін мектептің

 3 - сынып оқушысы

Теректі ауданы

 

ТУҒАН ЕЛ

Сүйемін туған елімді

Аңқыған жұпар гүліңді

Шырқаған әсем әнімді

Әдемі жасыл жеріңді

Ойнадым күліп-жүгіріп,

Әдемі кең жеріңде

Сүйемін туған елімді

Сүйемін туған жерімді

Әр кімнің өз жері бар

Сыңғырлаған бұлағы,

Көк шөбі бар жайқалған,

Тәй-тәй басып жүгірген.

  

Бекзада ЕЛЕМЕСОВА

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-

гимназиясының

4ә сынып оқушысы

 Әже

Әжем менің мейірімді,



Сыйлайды үлкен- кішілер.

Әжеге деген пейілімді,

Әжей  барлар түсінер.

 

   



Мирас ХАЙРУЛЛИН

Х. Есенжанов атындағы 

жалпы орта

               білім беретін мектептің

                        3- сынып оқушысы

 Менің 

ұстазым

Сүйікті ұстазым

Айтқаныңды ұғамын.

Бас иіп, құрметтеп

Арнаймын ән шумағын.

          



                 Ақсұлу ТАЙБАСАР

Х.Есенжанов атындағы жалпы орта 

білім беретін мектептің,

 3 - сынып оқушысы                                                                                                                              

Теректі ауданы

Қоңыр күз

Қоңыр мінез күз келді,

Бар табиғат өзгерді. 

Барлық жеңіл киімдер

Күртешеге өзгерді.

Салқын күндер басталды.

Бұлт торлады аспанды.

Жапырақ түсіп сарғайған,

Көріксіз етті жас талды.



Алиасқар  өТЕШҚАЛИЕВ,

«Сөз зергері » үйірмесінің 

тәрбиеленушісі.

Орал қаласы, Мектептен тыс жұмыс 

орталығы

Алтын күз

Алтын күзкелдіқуантып,

Шаттандырып тойлатып.

Жапырақтар сарғайды,

Құстар кетіп барады.

Далалардың барлығы,

Сары түскебоялды.

Ар жағындабізгеде

Қыста алыс қалмады.



дина СЕРІкҚАЗИЕВА

№10 ЖОББМ-нің  

4 «д»-сынып оқушысы

Ана


Ана деген аяулы ғой құдіретті,                                                                                                                       

Ана деген жақсылардың бірі ғой

Ақылдысың,ардақтысың данасың,                                             

Қартаймашы,қартаймашы анашым.   



      Әмина НӘСІПҚАЛИЕВА

Харькин орта жалпы білім беретін 

мектебінің   4 сынып оқушысы

Шабдаржап ауылы,Ақжайық ауданы   

Еңсесі биік Астанам,                                                                                                                                         

Ақ Ордалы бас қалам.                                                                                                     

Астанаға барғандар,                                                                                                        

Көңілдері толқып жүр.

            

Мақсат МҰРАТОВ

Харькин орта жалпы білім беретін 

мектебінің  , 4 сынып оқушысы

Шабдаржап ауылы,Ақжайық ауданы   

Ұстаз

Ең алғашқы ұстазым,                                                                                               



Әліппені ұстатқан.                                                                                                       

Қаламды да алғаш қолыма 

Гүлсім апай ұстатқан.

                                         



  Мерей СЕРІк

Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің,

 4 сынып оқушысы

Шабдаржап ауылы,Ақжайық ауданы   

Өтірік өлең

Бір күні атқа мініп айға ұштым,

Зерттедім жұлдыздардың байланысын.

Ол жерде жат адаммен тіл табыстым,

Сол жердегі көлдің суын мен тауыстым.

Бастадым жаңа кәсіп өз ойымнан,

Сиырдан жұмыртқа алдым 

таусылмайтын.

Ол жұмыртқа бар әлемді асырады,

Бәріне азық берді артылмастан. 



        Ізім СЕРгЕЙ

Лбішін негізгі жалпы білім беретін 

мектебінің 5 сынып оқушысы

Ақжайық ауданы, Қабыл ауылы



Менің отбасым

Үш ұлмыз айбалтадай берікті,

Аслан, Әсет, Диас атты серікті.

Әкем, анам шырылдатпай өсірген,

Ақ сүт берген анам қателікті кешірген.

Кішілерге қамқор боп, үлкендерді,

Құрметтеуге үйретті әкетайым.

Біреудің ала жібін аттама,- деп

Атам айтты нақылын.



Анаңа көмекші, әкеңе қолғабыс, - деп

Әжем айтты ақылын.



Алып өсем ата – әже батасын,

Барлық бала сыйлайды ата – анасын.



 Әсет НАСЕкЕНОВ

Лбішін негізгі жалпы білім беретін 

мектебінің 5 сынып оқушысы

Ақжайық ауданы, Қабыл ауылы

Тәуелсіздік

Тәуелсіздік алған күн,

Ел бақыты жанған күн.

Қазақ халқы арманы,

Нұры болып атқан күн.

 

Ерайым ЖАҚыБАЙ



   Қызылтал жалпы орта білім беретін 

мектебінің,  4 «ә» сынып оқушысы

Бөрлі ауданы

Құқықты біз 

бұзбаймыз!

Құқықты біз бұзбаймыз,

Жаман адам болмаймыз!

Құқықты қорғап әрқашан, 

Жақсылыққа бойлаймыз.

Сотқар бала, тілазар,

Құқық бұзып жүреді.

Ондайға біз бармаймыз,

Құқықты біз сақтаймыз.

                     



Т.ОРАЛБАЙ

ЖББ Аралтөбе ОМ-нің 

4 сынып оқушысы

Сырым 


ауданы

КҮз

Күз келді, күз келді,

Жапырақтар сарғайды.

Жеміс-жидек пісіпті,

Жерге үзіліп түсіпті.

 гүлдана    СЕРІкОВА 

   Қызылтал жалпы орта 



білім беретін мектебнің 

3-сынып  оқушысы

Бөрлі ауданы,

Арыстан 


Арыстандай айбатты, 

Неткен ғажап қайратты.

Арыстан өз күшінің,

Зор екенін байқатты.



Нұрлы  ТАЛАПҚАЛИЕВА

Қ.Сағырбаев атындағы орта 

мектеп-балабақшасының

2-сынып оқушысы, 

Бөкейордасы ауданы  

Туған жер

Туан жерімді білемін,

Туған жер деп жүремін.

Туған жер деп күлемін, 

Туған жерім – жүрегім.

А қбота СМАҒҰЛ

Қ.Сағырбаев атындағы орта 

мектеп-балабақшасының

3-сынып оқушысы 

Бөкейордасы ауданы  

Отаным 


Отан деген – анамыз, 

Отан деген – панамыз,

Отан деген – еліміз,

Отан – байтақ жеріміз.



Фатима АЙдАРБЕк

Қ.Сағырбаев 

атындағы орта мектеп-

балабақшасының

2-сынып оқушысы 

Бөкейордасы ауданы  

Қошақаным

Қошақаным менің,

Жақсы көрем сені.

Қуанып сен жүрші,

Мұңаймашы енді.

Ислам САРкЕН

Қ.Сағырбаев 

атындағы орта мектеп-

балабақшасының

2-сынып оқушысы 

Бөкейордасы ауданы  

 Ұстазыма

Ұстазым менің, ұстазым,

Әліппені үйреткен.

Жақсы іске баулытып,

Жамандықтан жиреткен.

Сезім өМІРБОЛАТ

Қ.Сағырбаев атындағы орта 

мектеп-балабақшасының, 

2-сынып оқушысы 

Бөкейордасы ауданы 

Аққала


Қонжық жүрді  баптана, 

Қасқыр жүрді мақтана

Түлкі де бар, қоян бар-

Соқты бәрі аққала.

 Қонжық байғұс терледі

Қар жетектеп ерледі. 

Аққаланы біз енді

Тұрғызайық кел –деді.



 гүлзия ҒАЛыМ

Қ.Сағырбаев атындағы орта 

мектеп-балабақшасының

2-сынып оқушысы 

Бөкейордасы ауданы  

Анама


Мейірімдісің  не 

деген,


Еркелеген құлының

Қуанышқа бөлеген

Жанарыңнан 

жылындым


 Мен өзіңнің балауса,

Үмітіңмін көктеген

Үлес қосар қоғамға 

Тұлға болсам деп келем!



Нұрайым ЖҰМАҒАЛИ

Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп-

балабақшасының

2-сынып оқушысы 

Бөкейордасы ауданы  

Достық

Достық деген адамдардың жолдасы,

Достық деген екі адамның құрдасы.

Достық керек әр адамға, балаға,

Жамандықты тілеме сен құр босқа.

Досың қымбат әрқашанда өмірде,

Адал дос бол адамдардың бәріне.

Досың болса ол өзіңе жақсылық,

Керек емес жақсы досқа қастылық.

                 Асхат өТЕУҒАЛИЕВ

Қ.Сағырбаев атындағы орта мектеп-

балабақшасының оқушысы

                  Бөкейордасы ауданы

Әкешім 


Әке, әке, әкетай, 

Сөзің қандай нұр бөлген.

Тыңдаймын әркез өзіңді

Санама тоқып нәр берген.

Қуат алып өзіңнен

Қанат қағам өмірге

Асыл жанды әкеммен

Бақыттымын өмірде.



Альбина НАРИМАН

Қ.Сағырбаев атындағы орта 

мектеп-балабақшасының

4-сынып оқушысы, Бөкейордасы ауданы  



№№23-24 (207-208)    13.12.2014 ж.

16

Ме

 Жырым саған арналады, Елбасы



«Тәуелсіздіктің ұланымыз!»

Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж

№ 9661 – Г куәлігі берілген

Индексі: 65771

Газет айына бір рет  шығады

Таралым 2 500 дана

Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.



 

Бас редактор:



Сүндетов Жұмажан Қадимұлы

Ұялы тел: 8-701-687-58-86

Газет ЖШС 

«

Полиграфсервис



»

 

баспаханасында басылады.



Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1

Тел.: 51-41-99 

Редакция мекен-жайы:

Орал қаласы, пр. Евразия 

89/79, Факс: 26-93-62 

samal-gazets@mail.ru 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет