Элективті пәндер каталогы



жүктеу 2.29 Mb.
Pdf просмотр
бет31/62
Дата24.12.2016
өлшемі2.29 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62

Пререквизиттер: Мемлекет және құқық теориясы. 

Постреквизиттер: ҚР құқық қорғау органдары.   

 

 

223 



 

Пәннің  мақсаты:  Этика  саласында  студенттердің  білімін  қалыптастыру, 

құқық  қолдану  қызметінің  ерекше  жағдайларында  адамгершілік  нормаларын 

қолдану дағдыларын  қалыптастыру.  

Қысқаша  мазмҧны:  Кәсіптік  этика  түсінігі,  оның  түрлері.  Құқықтық 

этика  жүйесі.  Құқық  және  мораль,  заң  және  мораль.  Құқықтық  қызмет 

ӛкілдеріне  қойылатын  адамгершілік  талаптарды  құқықтық  реттеу.  Заңгер 

қызметіндегі іскерлік қарым-қатынас мәдениетінің маңызы..   



Пән оқытушысы: 1. Тӛлеген З. 

   


                   2. Ихласова М. 

 

20.  Қҧқықтық  статистика  негіздері,      коды-KSN  3111,    5-семестр,    2 

кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Құқықтық  статистика  пәні  мен  әдісінің  мәнін  және 

мазмұнын білу; статистикалық ақпаратты жинау мен ӛндеудің негізгі әдістерін 

қолдана  білу;  шетел  мемлекеттерінің  статистикалық  кӛрсеткіштерін 

халықаралық тұрғыда салыстыру білу. 



Пререквизиттер: ҚР азаматтық құқығы. 

Постреквизиттер: ҚР құқық қорғау органдары.   

Пәннің  мақсаты:  тәжірибелік  жұмыста  қолдану  үшін  статистикалық 

құқықтық ақпараттарды алу, жинақтау, ӛндеу және талдау әдістерін үйрену. 



Қысқаша  мазмҧны:  Статистикалық  ғылымның  түсінігі  мен  әдісі; 

статистикалық  зерттеудің  кезендері;  құқықтық  статистикалық  ақпарат  туралы 

түсінік,  оның  мәні  мен  міндеті;  статистикалық  кӛрсеткіштер;  статистикалық 

зерттеудің әдістері. 



Пән оқытушысы: 1. Тӛлеген З. 

   


                  2. Ихласова М. 

 

21. ҚР сақтандыру қҧқығы,   коды-KRSK 3206,  5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі: Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңдарын 

білу; қазіргі таңдағы жағдайды талдай білу және оның шешілу жолдарын білу; 

құқықтық құжаттарды дайындай білу.                                                                                                         

Пререквизиттер: ҚР азаматтық құқығы. 

Постреквизиттер: ҚР әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. 

Пәннің  мақсаты:  Қазақстан  Республикасының  сақтандыру  қызметі 

жӛнінде білімді қалыптастыру және іс тәжірибеде қолдану.  



Қысқаша  мазмҧны:  Сақтандыру  құқығының    түсінігі  мен  пәні. 

Сақтандыру  түрлері.  Сақтандыру қатынасының объектілері мен субъектілері. 

Сақтандыру  шартының  түсінігі  мен  мазмұны.  Сақтандыру  шарты 

тараптарының  құқықтары  мен  міндеттері.  Дәрігерлік  сақтандыруды  құқықтық 

реттеу. 

Пән оқытушысы: 1. Сериков Б.Б. 

   


                  2. Ихласова М. 

 

 

 

 

224 



 

22. ҚР тҧрғын ҥй қҧқығы,   коды-KRTUK 3206,  5-семестр, 3 кредит 

Қҧзыреттілігі:  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  туралы 

заңнамасын  білу,  теориялық  білімді  кез  келген  тұрғын  үй  бағдарламаларын 

жүзеге  асыру  барысында  қолдана  білу  және  олардың  салдарын  болжай  білу, 

құжаттарды  дайындай  білу  және  заңдық  сипаттағы  құжаттарға  құқықтық 

сараптама жүргізу.            

Пререквизиттер: ҚР азаматтық құқығы. 

Постреквизиттер: ҚР прокурорлық қадағалауы. 

Пәннің мақсаты: Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңмасы 

жӛнінде білімді қалыптастыру.  



Қысқаша  мазмҧны:  Тұрғын  үй  түсінігі.  Қазақстан  Республикасының 

тұрғын үй заңы. Тұрғын үй қоры,   тұрғын үй қорын жіктеу. Тұрғын бӛлмелерді 

беру. Тұрғын үйге пәтерге меншік құқығы. Тұрғын бӛлемелерді жалға беру мен 

жалға алу шарты. 



Пән оқытушысы: 1. Сериков Б.Б. 

   


                  2. Ихласова М. 

 

23. ҚР еңбек қҧқығы,   коды-KREK 3208,  5-семестр, 3 кредит 

Қҧзыреттілігі:  ҚР  еңбек  заңнамасының  негіздерін  білу;  нормативтік-

құқықтық  актілермен  ұмыс  істей  білу  және  теориялық  білімдерін  тәжірибеде 

қолдана білу. 

Пререквизиттер: ҚР конституциялық құқығы. 

Постреквизиттер: ҚР әлеуметтік қамсыздандыру құқығы. 

Пәннің 

мақсаты: 

студенттердің 

еңбек 

құқығының 



теориялық 

аспектілерін, қолданыстағы еңбек заңнамасын және оны тәжірибеде қолдануды 

меңгеру. 

Қысқаша  мазмҧны:  Еңбек  құқығының  түсінігі,  пәні,  әдісі  және  жүйесі. 

Еңбек  құқығының  дерекнамасы.  Еңбек  құқығының  қағидалары.  Еңбек  құқығы 

саласындағы  құқық  қатынастарының  жүйесі.  Еңбек  шарты.  Еңбек  ақысын 

құқықтық  реттеу.  Еңбек  тәртібі  және  тәртіптік  жауапкершілік.  Еңбек  даулары 

және оларды шешу тәртібі.  

 Пән оқытушысы: 1. Тӛребаева А. 

   


                   2. Ғаппаров С. 

 

24. ҚР  кәсіпкерлік қҧқығы,   коды-KRKK 3208,  5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі: Нақты жағдайларда құқықтық нормаларды пайдалана білу, 

кәсіпкерлік қызмет саласындағы теория және тәжірибе мәселелерін талдау және 

шеше  білу,  олардың  салдарын  болжай  білу,  құқықтық  істердің  жағдайларын 

зерттей білу және шешім қабылдай білу.                                                                                  



Пререквизиттер: Банк құқығы. 

Постреквизиттер: Салық құқығы. 

Пәннің  мақсаты:  Қазақстан  Республикасының  кәсіпкерлік  құқық 

қатынастарын реттейтін нормалар жиынтығын меңгеру. 



 

 

225 



 

Қысқаша  мазмҧны:  Кәсіпкерлік  құқығының  түсінігі,    пәні  мен  әдісі. 

Кәсіпкерлік  құқығының  субъектілері.  Жеке  кәсіпкерлік.  Кәсіпкерлік  қызметті 

лицензиялау.   

Пән оқытушысы: 1. Тӛребаева А. 

   


                   2. Ғаппаров С. 

  

25. Қҧқық социологиясы,   коды-KS 3214,  5-семестр, 3 кредит 

Қҧзыреттілігі:  Қазіргі  заманғы  қоғамының  құқықтық  институттары  мен 

құқық  қатынастары  жүйесінің  қалыптасу  және  даму  мәселелерін  әлеуметтік 

тұрғыдан зерттеу жӛнінде білімнің болуы.                                                                                             

Пререквизиттер: ҚР МҚТ. 

Постреквизиттер: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттердің  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  құқық 

туралы кӛзқарасын қалыптастыру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Құқық  социологиясы  пәні,  қағидалары,  заңдары, 

дәрежесі, мазмұны мен ара байланысы. Құқықтық ойлаудың әдіснамалық негізі. 

Құқық  социологиясы  әлеуметтік  және  құқықтық  білімнің  саласы  ретінде. 

Саяси-әлеуметтік 

және 

құқықтық-ғылыми 



пәндер 

жүесінде 

құқық 

социологиясының орны.   



Пән оқытушысы: 1. Ахметов Қ. 

   


                  2. Суттибаева А. 

 

26. Қҧқық философиясы,   коды-KF 3214,  5-семестр, 3 кредит 



Қҧзыреттілігі:  Құқық  философиясын,  құқықтың  қоғамдағы  орны  мен 

ролін білу; құқықтық тұрмысты және оның заңдылықтарын талдай білу.                                                     



Пререквизиттер: ШМҚТ. 

Постреквизиттер: Криминалистика. 

Пәннің  мақсаты:  Құқықтың  мәнің,  сапалы  белгілері  мен  ӛлшемдерін, 

құқық  пен  заңның  бірлігі  мен  айырмашылығын,  құқықтық  кӛзқарастардың 

философиялық түптамырларын анықтау. 

Қысқаша  мазмҧны:  Құқық  философиясыныңпәні,  құрылымы  және 

қызметі.  Ежелгі  және  орта  ғасырлардағы  құқықтық  кӛзқарастардың 

философиялық  түптамырлары.  Жаңа  заманда  құқықты  түсінудің  бастапқы 

философиялық түптамырлары. Кәзіргі заманда ХХІ ғасырда құқықты түсінудің 

философиялы-әдіснамалық  негіздері.  Құқықтық  онтология.  Құқықтық 

гносеология  мен  аксиология.  Құқықтық  гносеология  және  құқықтық 

құндылықтарды  танудың  жолдары.  Құқықтық  гносеология:  заңтанудағы 

нақтылы-әлеуметтік зерттеулер. 



Пән оқытушысы: 1. Ахметов Қ. 

   


                  2. Суттибаева А.  

 

27. Абайтану,   коды-Abay 3202,  6-семестр,  2 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Абайды  тану  арқылы  ӛзін-ӛзі  тануды,  белгілі  бір  нәрсеге 

пікір  айтуды,  ӛзінің  жаңашылдығы  мен,  ӛзгешелігімен  ерекшеленетін  жеке 



 

 

226 



 

тұлғаның  бойындағы  қабілеттіліктің,  білім  мен  біліктіліктіліктің  болуын  

қамтамасыз етеді..                                                                                  

Пререквизиттер: Жоқ. 

Постреквизиттер: Жоқ. 

Пәннің  мақсаты:  Абайтану  курсы  студенттердің  ХІХ    ғасырда  Абайдың 

ӛмірі  мен  шығармашылығы  тӛңірегінде  алған  білімдерін  одан    әрі  тереңдете 

түсуге,  Абай  ӛлеңдерінің,  қара  сӛздерінің,  поэмаларының  және  кӛркем 

аудармаларының  ішкі  табиғатын  талдай,  үңілу  арқылы  оларға  ұлы  ақын 

талантының кӛркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді.  

Қысқаша  мазмҧны:  Абайтану  пәніне    кіріспе.  Абай  ӛмірбаяны  - 

Абайтанудың  іргелі  саласы.  Абайтанудың  алғашкы  негізі.  Абай  ӛмірбаяны 

және  ондағы  тарихи  деректер  кӛзі.  Абай  ӛмірбаяны  жайлы  соңғы  деректер. 

Абай  ӛмірбаянының  тӛрт  нұскасы.  Ӛмірбаяндық  деректерді  екшеу  тәсілдері.  

М.  Әуезов  -  Абай  шығармаларын  жинаушы  және  текстологы.  Абай 

шығармаларының  таралу  жолдары.  Абай  ӛлеңдерін  түпнұсқа  қалпына  келтіру. 

Абай  ӛлеңдерінің  жазылу  мерзімін  анықтау.  Абай  шығармаларындағы  арнау 

ӛлеңдердің жазылу сыры. Абай поэзиясының ӛрнек -үлгісін калыптастыру.  М. 

Әуезовтің  текстологиялық  зерттеулері.  Ақын  шығармаларының  канондық 

тексін  жинаудың  негізі.  Абай  мұрасының  шығысқа  катысы  М.  Әуезов 

зерттеуінде. 

Пән оқытушысы: 1. Абенова Л. 

   


                  2. Байболова А. 

 

28. Ыбырайтану,  коды - Ybr 3210, 5-семестр,  2 кредит 



Қҧзыреттілігі:  Ағартушы-педагог  Ыбырай  Алтынсаринның  балалар 

әдебиетіне қосқан үлесі, қазақ хрестоматиясын жасаудағы ерекшелігін кӛрсету. 



Пререквизиттер: Жоқ. 

Постреквизиттер: Жоқ. 

Пәннің  мақсаты:  Ыбырай  Алтынсарин  шығармаларының  идеялық 

тақырыптық мәнін ашу. 



Қысқаша мазмҧны: Ы.Алтынсариннің ӛнегелі ӛмірі мен шығармашылық 

жолы. Ы.Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін салушы. 

Ыбырай  -ғалым,  этногроф.  Ыбырай  Алтынсарин-  реалист  жазушы,  ағартушы 

педагог.  Ы.Алтынсарин  –  әңгіме  жанрының  шебері.  Ы.Алтынсарин 

мұраларының әдеби мәні 

Пән оқытушысы: 1. Абенова Л.  

   


 

 

 2. Байболова А. 



 

29. ҚР салық қҧқығы,   коды-KRSK 3207,  6-семестр, 3 кредит 

Қҧзыреттілігі:  Салық  салу  мен  салықтық қызметке  қатысты  нормативтік 

материалдарды пайдалана білу.                                                                                



Пререквизиттер: Адвокатура 

Постреквизиттер: ҚР сақтандыруы құқығы 

 

 

227 



 

Пәннің  мақсаты:  салық  құқығының  теориялық  негіздерін,  салық  салу 

тәжірибесін  және  салықтар  мен  бюджетке  басқа  да  тӛлемдер  туралы 

заңнаманың негізгі мәселелерін игеру. 

Қысқаша мазмҧны: Салық құқығы нормаларының түсінігі, белгілері мен 

түрлері. 

Салық 

құқық 


қатынастарының 

түсінігі, 

құрылымы 

мен 


топтастырылуы.  Салық  құқық  қатынастарының  пайда  болу,  ӛзгеру  және 

тоқтату  негіздері.  Салық  тӛлеуші  салық  құқық  қатынастарының  субъектісі 

ретінде. Салықтық міндеттеме. Салық салу саласын мемлекеттік реттеу. 

Пән оқытушысы: 1. Тӛребаева А. 

   


                  2. Сериков Б.Б. 

 

30. Мҧрагерлік қҧқық,   коды-МК 3207,  6-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Мұрагерлік  құқықтың  түсініктері  мен  институттарының 

мазмұны мен ерекшеліктерін білу; қолданыстағы заңнамамен оларды құқықтық 

реттеуді білу қажет.                                                                                  

Пререквизиттер: ҚР отбасы құқығы. 

Постреквизиттер: ҚР құқық қорғау органдары. 

Пәннің  мақсаты:  Мұрагерлік  қатынастар  саласында  студенттердің 

теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Мұраның  ашылуы.  Ӛсиет  бойынша  мұрагерлік.  Заң 

бойынша  мұрагерлік.  Мұра  қалдырушының  борыштары  бойынша  мұрагердің 

жауапкершілігі. Мұраға қалған мүлікті қорғау шаралары. Мұраға құқық туралы 

күәлікті беру. Мұраға қалған мүлікті бӛлу.   



Пән оқытушысы: 1. Тӛребаева А. 

   


                  2. Ғаппаров С. 

 

31. Адвокатура,   коды-Adv 3301,  6-семестр, 4 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Сот  қарауына  қатысуға  дайындықты  ӛз  бетінше  жүргізе 

алу.                                 



Пререквизиттер: ҚР қылмыстық іс жүргізу. 

Постреквизиттер: ҚР құқық қорғау органдары. 

Пәннің  мақсаты:  студенттерге  адвокатураның  ұйымдастырылуы  мен 

қызмет етуінің теориялық негіздерін  үйрету және кәсіби заңи кӛмек кӛрсетуге 

тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру. 

Қысқаша  мазмҧны:  Адвокатураның  мәні  мен  міндеттері.  Адвокат 

қызметтерінің ұйымдастырушылық нысандары. Адвокаттың кәсіби этикасы.    



Пән оқытушысы: 1. Жұманова Ұ. 

   


                  2. Ғаппаров С. 

 

32. Сот экспертологиясы,   коды-SЕ 3301,  6-семестр, 4 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Практикалық  қызмет  ретіндегі  сот  экспертологиясының 

пәнін анықтаушы  негіз  деп,оның  ғылымындақарастырылатын  жәнеашылатын 

объективтікақиқаттың заңдылықтарынтану керек.                                                                                

Пререквизиттер: ҚР қылмыстық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы. 


 

 

228 



 

Постреквизиттер: Криминалистика, ҚР қылмыстық атқару құқығы. 

Пәннің  мақсаты:  Сот  ӛндірісінде  арнайысараптамалық  ілімдерді  заңды 

және  ғылыми  негізделген  мақсаттарда  қолдану  үшін  сот  сараптамасының 

әдістемелік,  құқықтық,  ұйымдастырушылық  негіздерін  дамыту  және  оның 

қалыптасу заңдылықтарын ашу. 



Қысқаша 

мазмҧны: 

Сот 


экспертологиясының 

пәні. 


Сот 

экспертологиясының  түсінігі және ғылыми негіздері. 



Пән оқытушысы: 1. Жұманова Ұ. 

   


                  2. Ғаппаров С. 

 

33. ҚР  қылмыстық атқару қҧқығы,   коды-KRKAK 3303,  6-семестр,  4 

кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Жазаны  ӛтеу  және  орындау  ережелері  мен  тәртібін 

реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді  білу;  бас  бостандығынан  айырумен 

байланысты  емес,  белгілі  мерзімге  бас  бостандығынан  айру,  ӛмір  бойына  бас 

бостандығынан айыру жазалардын орындалуын талдай білу. 



Пререквизиттер: ҚР қылмыстық құқығы.    

Постреквизиттер: ҚР құқық қорғау органдары.   

Пәннің  мақсаты:  Қылмыспен  күресу  мәселелерін  шешу  барысында 

қылмыстық,  қылмыстық  іс  жүргізу  және  қылмыстық  атқару  құқықтары 

нормаларының ара қатынасын студенттерге кӛрсету. 

Қысқаша  мазмҧны:  Қылмыс  атқару  құқығының  түсінігі,  пәні,  әдістері, 

қағидалары,  құқық  жүйесіндегі  орны.  Жазаны  ӛтеп  жатқан  адамдардың 

құқықтық  жағдайы.  Жазаны  орындаушы    мемлекеттік  мекемелер  мен  

органдардың жүйесі; жазадан босатудың негізі мен тәртібі. 



Пән оқытушысы: 1. Ахметов Қ. 

   


                  2. Жұманова Ұ. 

 

34.  Кәмелетке  толмағандардың  жауаптылық  ерекшеліктері,      коды-

KTJE 3303,  6-семестр,  4 кредит. 

Қҧзыреттілігі: Жасӛспiрiмдер жасайтын қылмыс деңгейiн азайтуға, ӛскiн 

ұрпақтың  денсаулығын  жақсартуға  және  жасӛспiрiмдер  ӛлiмiн  азайтуға, 

рухани, шығармашылық әлеуетiн арттыруға бағытталған.                                                                                  

Пререквизиттер: ҚР  қылмыстық  құқығы жалпы және ерекше бӛлімдер 

Постреквизиттер: ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. 

Пәннің  мақсаты:  Кәмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылығы  мен 

қоғамға жат iс-әрекеттерiнiң алдын алу; әртүрлi санаттардың есiрткi тұтынудың 

алдын алу жүйесiн жетiлдiру, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды 

мүдделерiн  қорғауды  қамтамасыз  ету;  құқықтық  сауаттылықты,  арттыру  үшiн 

қажеттi  жағдайлар  жасау;  кәмелетке  толмағандардың  патриоттық  және 

азаматтық қалыптасу жағдайларын қамтамасыз ету. 



Қысқаша 

мазмҧны: 

Кәмелетке 

толмағандардың 

қылмыстық 

жауаптылығының жалпы сипаттамасы. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық 

жауапкершілігінің түсінігі.   



 

 

229 



 

Пән оқытушысы: 1. Тӛребаева А. 

   


                  2. Ғаппаров С. 

 

35.  ҚР    әлеуметтік  қамсыздандыру  қҧқығы,      коды-KRAKK  3308,    6-

семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Азаматтарды  материалдық  жағынан  қамтамасыз  ету  мен 

әлеуметтік  тұрғыдан  қызмет  кӛрсету  жӛніндегі  заңмалар  мен  құқық  қолдану 

тәжірибесі туралы білімді қалыптастыру. 

Пререквизиттер: ҚР еңбек құқығы. 

Постреквизиттер: ҚР сақтандыру құқығы. 

Пәннің  мақсаты:  Зейнеткерлік  туралы,  балалары  бар  жас  отбасыларға 

жәрдем ақы туралы, әлеуметтік сақтандыру туралы, дәрігерлік қызмет кӛрсету 

туралы заңнамалармен жұмыс істей білу. 

Қысқаша  мазмҧны:  әлеуметтік  қамсыздандыру  құқығының  пәні.  Құқық 

жүйесіндегі  оның  рӛлі.  Құқық  саласының  субъектілері,    әдісі,  қағидалары, 

құқықтық  қатынастары  және  оларды  жіктеу.    Құқық  саласының    жүйесі  және  

оның  құрлымы.      Әлеуметтік  қамсыздандыру  шараларын  қаржыландыру: 

мемлекеттік  бюджетке  салық  аудару,    оларды  бюджеттік  деңгей  мен  

бағдарламалар  бойынша    бӛлу,  жинақтау  және  зейнеткерлік  қорға    салынатын 

міндетті салымдар.   

Пән оқытушысы: 1. Тӛлеген З. 

   


                  2. Тӛребаева А. 

 

36. Адам қҧқықтары мен бостандықтары,   коды-AKB 3308,  6-семестр, 

3 кредит 

Қҧзыреттілігі: 

Адамның  және  азаматтың  ӛз 

құқықтары  мен 

бостандықтарын  жүзеге  асыруы  басқа  адамдардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын 

бұзбауға, 

конституциялық 

құрылыс 


пен 

қоғамдық 

имандылыққа нұқсан келтiрмеуге тиiс.  

Пререквизиттер:  ҚР  конституциялық  құқығы.  ҚР  отбасы  құқығы,  ҚР 

азаматтық құқығы. 



Постреквизиттер: ҚР сақтандыру құқығы.  ҚР прокурорлық бақылау. 

Пәннің  мақсаты:  Адамның  қажеттілігіне  сәйкес  келетін  құқық  пен 

бостандықтарын,  ӛмірінің қауіпсіздігін,  адамның бостандығы  мен  ар  ожданын 

және    жеке  ерекшелігін  сақтау  және  дамыту.  Адам  құқықтары  мен 

бостандықтарының механизмін жетілдіру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Кәсіпкерлік  құқығының  түсінігі,    пәні  мен  әдісі. 

Кәсіпкерлік  құқығының  субъектілері.  Жеке  кәсіпкерлік.  Кәсіпкерлік  қызметті 

лицензиялау.   

Пән оқытушысы: 1. Тӛребаева А. 

   


                 2. Ғаппаров С. 

 

 



 

 

230 



 

37.  Халықаралық  бҧқаралық  қҧқық      коды-HBK  4301,    7-семестр,  3 

кредит 

Қҧзыреттілігі:  «Халықаралық  бұқаралық  құқық  жоғары  білікті  маманды 

қазіргі  талаптарға  сәйкесоқыту,  халықаралық  құқықтың  теория  жүзіндегі 

арнайы  білімін  тәжірибеге  қолдана  білуге  студенттердің  құқықтық  ойлау 

қабілеттерін дамыту.                                                                                  



Пререквизиттер:  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  құқығы,  Шет 

елдердің конституциялық құқығы. 



Постреквизиттер: Жоқ. 

Пәннің 

мақсаты: 

Студенттерге 

мемлеке-таралық, 

халықаралық 

қатынастарды  реттейтін  халықаралық  құқық  нормалары  маңызын  түсіндіру, 

халықаралық  құқық  нормаларын  қолдануды,  сонымен  қатар  халықаралық 

құқық теорияларын меңгеруге бағытталады. 

Қысқаша  мазмҧны:  «Халықаралық  бұқаралық  құқығы»  курсын  оқудың 

нәтижесінде студент халықаралық-құқықтық қатынастар жӛнінде түсінік, оның 

қағидалары,  құрылымы  мен  міндеттері;  халықаралық-құқықтық  қатынастарды 

дамыту  диалектикасын  және  оның  тарихын  сонымен  қатар  оны  жетілдірудің 

болашағы  туралы  ұғымды  оқитын  болады,  халықаралық  шарттарды  бекітудің 

ерекшеліктерін,  халықаралық  құқықтың  нормаларын  бұзғаны  үшін  заңды 

жауапкершіліктің түрлерін білуді меңгереді. 

Пән оқытушысы: 1. Ихласова М. 

   


                  2. Тӛлеген З. 

Каталог: doc
doc -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
doc -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
doc -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
doc -> №3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет