Элективті пәндер каталогы



жүктеу 2.29 Mb.
Pdf просмотр
бет9/62
Дата24.12.2016
өлшемі2.29 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62

Қысқаша  мазмҧны:  Алғашқы  құрылыс  тұсындағы  Андрон,  Беғазы-

Дәндібай  мәдениеттері.  Сақ,  Ғұн  тайпалық  одақтар  мәдениеті.  Түркі  тектес 

тайпалардың  материалдық  және  рухани  мәдениеті.  Қалалар  мен  кӛшпелі 

тайпалардың  мәдениеті.  Қазақ  хандығының  құрылуы  –  ұлттық  мәдениеттің 

қалыптасуының негізі. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті   

Пән оқытушысы: 1. Ибрашева Ш.  

   


                  2. Таубаев С. 

 

21. Қазақстан тарихының  кейбір ақтаңдақтары, коды- KTKA 3501,  5-

семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі: Қазақстан тарихының  кейбір ақтаңдақтары және олардың 

қазіргі  кезеңдегі  зерттелуі,  жазылуы  мен  оқытылуы  туралы    түсінік 

қалыптастыру 

Пререквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы 

Постреквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді      Қазақстан  тарихының    кеңестік  кезеңде 

бұрмаланып  жазылған  немесе  тарихымызға  түспеген  кейбір  ақтаңдақтарымен  

таныстыру. 


 

 

63 



 

Қысқаша мазмҧны: Қазақстан аумағындағы алғашқы тұрғындар. Арилер.  

Ерте орта ғасырларда Еуропа мен түркі халықтары арасындағы мәдени синтез. 

Қазақстан территориясына ислам дінінің енуі мәселелері. 

Қазақстанға  ислам  дінінің  келуінің  әлеуметтік-тарихи  алғышарттары. 

Қыпшақтар  Шыңғыс  хан.  Алтын  Орда.  Қазақ  мемлекеттілігінің  қалыптасу 

тарихының  мәселелері.1510  жылғы  Ұлытау  шайқасы  және  оның  тарихи 

маңызы.  Ежелгі  билер  соты.Қазақстанды  жаппай  кеңестендіру  және  «КІШІ 

ҚАЗАН»  Жаппай  кеңестендіру  саясаты.  Мерзімді  басылымдар.  Саяси 

«ауытқушылыққа»  айыптау  науқандары.  «Оңшыл  ағымға»  қарсы  күрес:  мәні 

және  қорытындылары.  Халық  наразылығы  туралы.  Босқындар  қасіреті. 

Депортация.  Қазақстандағы  Сталиндік  саяси  террор  және  оның  салдарлары. 

Ызғарлы  жылдар  іздері.  Тың  тұмшалаған  шындық.  Тарихи  тұлға  және  тарих 

тағылымы. Қазақстан тарихындағы әйел тұлғалар. Түркі мемлекеттерінің ортақ 

жазуы  мәселесі.  Тәуелсіз  Қазақстан  ӛтпелі  кезеңде.  Ӛтпелі  кезеңнің  ӛткір 

мәселелері. Экономика және саяси реформалар үндестігі.   

Пән оқытушысы: 1. Орынбаева Г. 

                             2. Құдайбергенова А. 

 

22.  Қазақ  зиялыларының  қасіреті,  коды  -  KZK  3501,    5-семестр,  3 

кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Қазақ  зиялыларының  ұлт  мүддесі  жолындағы  күресі  және 

олардың  тағдыры  туралы түсінік қалыптастыру 



Пререквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы 

Постреквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді      қазақ  зиялыларының  ұлт  мүддесі 

жолындағы күресімен  және олардың қасіретті тағдырымен таныстыру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Кіріспе.  Кеңестік  тоталитаризм.Кеңестік  кезеңіндегі 

репрессия  құрбандары.Қуғын-сүргіннің  I,  II,  III-ші  кезеңдері.  Ә.Бӛкейханов, 

А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов қасіреттері. М.Шоқай қасіреті. С. 

Сейфуллин, Н.Нұрмақов, І.Жансүгіров, Б. Майлин тағдырлары. Т.Рысқұлов, Н. 

Тӛреқұлов, С. Қожанов тағдырлары. Қазақ зиялыларының ақталуы.  

Пән оқытушысы: 1. Орынбаева Г.  

   


                  2. Құдайбергенова А. 

 

23. Сындарлы оқыту, коды- SO 3204,  5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Сындарлы  диалог  жүргізуге,  сандық  технологияларды 

меңгерген,  кәсіби шеберлігі  жоғары маман. 



Пререквизиттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе. 

Постреквизиттер: Тарихты оқытудың әдістемесі. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді  білім  берудегі  ғылыми  зерттеулер  мен 

озық тәжірибелердің заманауи жетістіктерімен  қаруландыру және оқу үдерісін 

практикада 

ұйымдастыруға 

дайындау 

(Кембдидж 

университеті 

оқытушыларының тәжірибесі негізінде алынады). 



 

 

64 



 

Қысқаша  мазмҧны:  Пәннің  тақырыптық  мазмұны  ЮНЕСКО  және 

Экономикалық  ынтымақтастық  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  білім  алушылардың 

функционолдық  сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  ұсыныстарының  негізгі 

қағидаттарымен  үйлеседі,  сондай-ақ  мектеп  тәжірибесінде  табысты  қолдануға  

ықпал етеді,  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, 

оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу,  оқытуды  басқару 

және  кӛшбасшылық,  студенттерді  білім  берудегі  ғылыми  зерттеулер  мен  озық  

тәжірибелердің  заманауи  жетістіктерімен  қаруландыру  және  оқу  үдерісін 

практикада ұйымдастыруға дайындау.  

Пән оқытушысы: 1. Фазиев Н.  

   


                  2. Исаева К. 

 

24.  Оқушылардың  оқу  танымдылық  қҧзіреттілігін  қалыптастыру 



технологиясы, коды- OOTKKT3204,  5-семестр, 1 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Сындарлы  диолог  жүргізуге,  сандық  технологияларды 

меңгерген,  кәсіби шеберлігі  жоғары маман. 



Пререквизиттер: Педагогикалық мамандыққа кіріспе. 

Постреквизиттер: Тарихты оқытудың әдістемесі. 

Пәннің мақсаты: Кәсіптік білім, іскерлік және дағдыларын меңгерту мен 

болашақ педагогтық  тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. 



Қысқаша  мазмҧны:  Адамның  қоршаған  ортаның  шынайылығын  танып 

білуі,  іс-әректте  ақыл-ой,  әлкуметтік-пайдалы,  кӛркем  шығармашылығы  және 

т.б. жүзеге асыру; оқу-танымдық іс-әрекетің гностикалық сипатын анықтау.   

Пән оқытушысы: 1. Фазиев Н. 

   


                  2. Исаева К. 

 

25.  Орта  ғасырлардағы  Қазақстан  тарихы,  коды-  OGKT  3511,  5-



семестр,  3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Орта  ғасырлардағы  Қазақстанның    саяси-экономикалық, 

әлеуметтік  және мәдени  дамуы туралы  түсінік қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Қазақстанның ежелгі тарихы. 

Постреквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы. 

Пәннің 

мақсаты: 

Студенттерді 

орта 

ғасырлардағы 



Қазақстан 

тарихындағы  нақтылы  оқиғалармен,  қазақ  халқы  және  басқа  түркі  тектес 

халықтардың  тарихымен таныстыру. 

Қысқаша  мазмҧны:  Орта  ғасырлар  дәуірі.  Кӛне  түрік  мемлекеттері. 

Бумын  және  Естеміс  құрған  алғашқы  еуразиялық  түрік  империясының  тарихи 

маңызы.  Ұлы  жібек  жолы.  Түркі-Иран  синтезінің  мәселелері.  Ерте  Орта 

ғасырдағы  рухани  және  материалдық  мәдениет.  Наным-сенімдер  және  әдет-

ғұрып,  тәңірге  сену.  Кӛне  Түрік  (руникалық)  жазуы.  Тоныкӛк,  Күлтегін  және 

Білге  қаған  құрметіне  қойылған  құлыптастар.  Қарлұқтар  және  қарахандар. 

Қалалар  және  олардың  орта    ғасырлық  Түркістанның  ӛміріндегі  ролі. 

Түркістанның  рухани  тарихындағы      қарахан    мәдениетінің    орны.  Қимақ-

қыпшақ  тайпаларының  конфедерациясы.  Қыпшақ  хандығының  құрылуы    (ХІ-


 

 

65 



 

ХІІ  ғғ.).  Оғыздар.  ХІІІ-ХҮ  ғғ.  Қазақстан.  Шыңғысханның  жаулауы.  Алтын 

Орда. Ақ Орда. Ноғай Ордасы, Моғолстан,  Темір әулеті мемлекеті,  Әбілқайыр 

хандығы,  Сібір  хандығы.  ХІІІ-ХҮ  ғғ.  Қазақстан  мәдениеті.  Қазақ  халқының 

қалыптасуы.  Қазақ  хандығының    құрылуы  және  оның  маңызы.  ХҮ-ХҮІІ  ғғ. 

қазақ 


хандығының 

сыртқы 


саяси 

жағдайы. 

Қазақ-жоңғар 

қарым-


қатынастарының  шиеленісуі.  Әлеуметтік-экономикалық  құрылымы.  ХҮ-ХҮІІІ 

ғ. басындағы  Қазақ мәдениеті.   



Пән оқытушысы: 1. Мейірбеков М.  

   


                  2. Ибрашева Ш. 

 

26.  Қазақ  тҥркілерінің  этникалық  тарихы,  коды-  KTET  3511,    5-

семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Студенттерді  Қазақ  түркілерінің  этникалық  тарихымен, 

оның кезеңдерімен  таныстыру. 



Пререквизиттер: Қазақстанның ежелгі тарихы 

Постреквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы 

Пәннің мақсаты: Студенттерді Қазақ түркілерінің этникалық тарихымен, 

оның кезеңдерімен  таныстыру. 



Қысқаша мазмҧны: Этногенездің теориялық мәселелері. Қазақ халқының 

этногенезінің  деректері  мен  тарихнамасы.  Қола  дәуірі  тайпаларының 

этногенетикалық сипаты. Қазақ халқының этногенезіндегі сақ кезеңі. 

Қазақ  тегінің  ғұн,  үйсін,  қаңлы  кезеңдері.  Қазақ  этногенезіндегі  ежелгі 

түркі  кезеңі.  Қазақ  этногенезіндегі  кимектер  мен  қыпшақтардың  орны.Қазақ 

этникалық  тарихындағы  қидан,  найман,  керейт  және  жалайырлардың  орны. 

Антропология деректері бойынша қазақ этногенезі. Монғол басқыншылығынан 

кейінгі Қазақстанның этникалық тарихы. Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің 

аяқталуы.  «Қазақ»  этнонимі.  Қазақ  жүздерінің  пайда  болу  мәселелері.Ұлы, 

Орта және Кіші жүз қазақтарының рулық-тайпалық құрамы.   



Пән оқытушысы: 1. Мейірбеков М.   

   


                  2. Ибрашева Ш. 

27. Тарихнама, коды- T 3313,  5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Тарих ғылымының  тарихы, шетелдік  және Отандық тарих 

ғылымының  дамуы туралы түсінік қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Түркі халықтарының тарихы. 

Постреквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді  тарихнама  ғылымының  дамуымен,  

шетелдік және Отандық тарих ғылымының қалыптасуымен таныстыру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Ежелгі  шығыс  тарихнамасы.  Антика  тарихнамасы. 

Грек  тарихнамасы.  Эллинистік  римдік  кезең.  Орта  ғасыр  тарихнамасы.  Жаңа 

заман  тарихнамасы.  Қайта  ӛрлеу  дәуірі  және  реформация  кезеңіндегі 

тарихнама.  Еуропаның  тарихи  мектептері.  Қазіргі  заман  тарихнамасы.  ФРГ, 

Франция, Англия, АҚШ тарихнамасы.   

Пән оқытушысы: 1. Сырбаева А.   

   


                  2. Елшибаев С. 

 

 

66 



 

28. Қазақстан  тарихының  тарихнамасы, коды- КТТ3313,  5-семестр, 3 

кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Отандық  тарих  ғылымы  тарихының  дамуы,  оның 

кезеңдері,  әдіснамасы,    концепциясы,  принциптері,  бағыттары  туралы  түсінік 

қалыптастыру 

Пререквизиттер: Түркі халықтарының тарихы.  

Постреквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді  әртүрлі  кезеңдегі  Қазақстанның  тарих 

ғылымының  дамуымен  және  Қазақстан  тарихы  тарихнамасының  негізгі 

принциптерімен таныстыру. 

Қысқаша мазмҧны: Ежелден XVIII ғ. дейінгі тарихнама.  XVIII ғ. екінші 

жартысы  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстанның  тарихнамасы.  Қазан 

тӛңкерісінен  кейінгі  Қазақстанның  тарихнамасы.  Тәуелсіз  жағдайындағы 

Қазақстан тарихының зерттеу мәселесі.   



Пән оқытушысы: 1. Сырбаева А.   

   


                  2. Елшибаев С. 

 

29. Деректану, коды- Derek 3311,  5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Тарихи  деректер  түрлері,  деректанулық  талдаудың 

принциптері туралы түсінік қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Түркі халықтарының тарихы. 

Постреквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы. 

Пәннің  мақсаты:Студенттерді  дерекнамалық  талдаудың  маңызды 

принциптерімен және  негізгі тарихи деректердің түрлерімен таныстыру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Деректанудың  теориясы.  Деректанудың  қалыптасу 

мен  дамуы.    Деректанудың  негізгі  методологиялық  принциптері.    Қазақстан 

тарихы жайлы деректер.  

Пән оқытушысы: 1. Тоқмурзаев Б.   

   


                  2. Джанпайзова З. 

 

30. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері, коды- KTDN 3311,   

5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Cтуденттерде  маңызды  деректерге  және    зерттеу  

әдістеріне ғылыми жүйелі кӛзқарасты қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Түркі халықтарының тарихы. 

Постреквизиттер: Қазақстанның жаңа заман тарихы. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді  Қазақстан  тарихының  негізгі  деректер 

тобымен, деректерді талдау, сұрыптау, салыстыру тәсілдерімен  таныстыру. 



Қысқаша  мазмҧны:  Археологиялық  мәліметтер  тарихи  дерек  ретінде. 

Кеңестік  кезеңде  Қазақстанда  археологиялық  тарихты  зерделеу.Қазақстан 

тарихы жайлы жарияланбаған деректер. Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихы 

жайлы  кейбір  мәселелердің  айқындалуы.    Ежелгі  Қазақстан  жайлы  алғашқы 

жазбаша  деректер.  ІХ-ХII  ғғ.  Араб  және  парсы  деректері.  Алтын  Орда  мен 

тимуридтер  Империясы  тарихы  жайлы  деректер.  Орта  ғасырдағы  Қазақстан 



 

 

67 



 

тарихы  жайлы  деректер..  Қазақстан  тарихы  жӛніндегі  орыс  деректері. 

Статистика мен мерзімді басылым тарихи дерек ретінде. Заңдық актілер. Жеке 

адамның  құжаттары  –  тарихи  дерек  ретінде.  Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  тарихи 

деректер.  

Пән оқытушысы: 1. Тоқмурзаев Б.   

   


                  2. Джанпайзова З. 

 

31. Тарихи ӛлкетану негіздері, коды- TON 3506,  5-семестр, 3 кредит. 

Қҧзыреттілігі: Тарихи ӛлкетану негіздері, ӛлке  тарихын зерттеп-зерделеу 

мен тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау туралы түсінік қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Археология. 

Постреквизиттер: Мұрағаттану. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді  белгілі  бір  аймақтың,  облыстың,  ӛлкенің 

тарихымен,  ондағы  болған  оқиғаларды  және  тарихи  архитектуралық 

ескерткіштерді оқытып таныстыру. 

Қысқаша  мазмҧны:  Тарихи  және  мәдени  ескерткіштер.  Ӛлкетану 

деректері.  Этнография  және  даму  процесі.  Этнография  мәселелері. 

Этнографиялық  зерттеу  жүргізудегі  ӛзӛкті  мәселелер.  Топонимика  және  оның  

маңызды  аймақтары.  Архитектуралық  деректер.  Алғашқы  тұрақтар.  Ежеггі 

архитектура.  Антикалық  архетиктура  және  орта  ғасыр.  Қазіргі  кезеңдегі 

архетиктуралық  құрылыстар.  Қолӛнер,  Әшекей  ӛнері.  Жазба  деректер  тарихы. 

Ежелгі  қолжазбалардағы  мәліметтер.  Археология  және  оны  зерттеу  әдіс-

тәсілдері. Жинақталған сатериаларды бір жүйеге келтіру. Тарихи ӛлкетанудағы 

демографиялық бағыттар.  

Пән оқытушысы: 1. Орынбаева Г.  

   


                  2. Елшибаев С. 

 

32.  Қазақстанның  Оңтҥстік  ӛңірінің  тарихы,  коды-  KOOT  3506  ,    5-

семестр,  3 кредит.  

Қҧзыреттілігі:  Қазақстанның  Оңтүстік  ӛңірінің  тарихы  мен  мәдениеті  

туралы түсінік қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Қазақстан археологиясы. 

Постреквизиттер: Мұрағаттану. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді    Оңтүстік  Қазақстан    ӛңірінің  тарихымен 

және  мәдениетімен  таныстыру,  туған  ӛлке  тарихын  оқып  үйренуге 

қызығушылығын қалыптастыру 

Қысқаша  мазмҧны:  Кіріспе.  Ежелгі  дәуірдегі  Оңтүстік.    Ортағасырлар 

дәуіріндегі  Оңтүстік.  Қазақ-жоңғар  қатынасының  шиеленісуі  кезіндегі 

Оңтүстік.  Қоқан  билігі  кезіндегі  Оңтүстік.  Ресей  империясы  қол  астындағы 

Оңтүстік  ӛңірі.  Кеңес  үкіметі  жылдарындағы  Оңтүстік.  Тәуелсіз  Қазақстан 

Оңтүстігі.  

Пән оқытушысы: 1. Орынбаева Г.  

   


                  2. Елшибаев С. 

 

 

 

68 



 

33. Абайтану, коды- Abay 3202,  6-семестр, 2 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Абайды  тану  арқылы  ӛзін-ӛзі  тануды,  белгілі  бір  нәрсеге 

пікір  айтуды,  ӛзінің  жаңашылдығымен,  ӛзгешелігімен  ерекшеленетін  жеке 

тұлғаның  бойындағы  қабілеттіліктің,  білім  мен  біліктіліктіліктің  болуын  

қамтамасыз етеді. 



Пререквизиттер: Жоқ 

Постреквизиттер: Жоқ 

Пәннің  мақсаты:  Абайтану  курсы  студенттердің  ХІХ  ғасырда  Абайдың 

ӛмірі  мен  шығармашылығы  тӛңірегінде  алған  білімдерін  одан  әрі  тереңдете 

түсуге,  Абай  ӛлеңдерінің,  қара  сӛздерінің,  поэмаларының  және  кӛркем 

аудармаларының  ішкі  табиғатына  талдай  үңілу  арқылы  оларға  ұлы  ақын 

талантының кӛркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. 

Қысқаша  мазмҧны:  Абайтану  пәніне    кіріспе.  Абай  ӛмірбаяны  - 

Абайтанудың  іргелі  саласы.  Абайтанудың  алгашкы  негізі.  Абай  ӛмірбаяны 

және  ондағы  тарихи  деректер  кӛзі.  Абай  ӛмірбаяны  жайлы  соңғы  деректер. 

Абай ӛмірбаяньшың тӛрт нұскасы. Ӛмірбаяндық деректерді екшеу тәсілдері. М. 

Әуезов  -  Абай  шығармаларын  жинаушы  жэне  текстологы.  Абай 

шығармаларының  таралу  жолдары.  Абай  ӛлеңдерін  түпнұсқа  қалпына  келтіру. 

Абай  ӛлеңдерінің  жазылу  мерзімін  аныктау.  Абай  шығармаларындағы  арнау 

ӛлеңдердің жазылу сыры.  Абай поэзиясының ӛрнек -үлгісін калыптастыру. М. 

Әуезовтің  текстологиялық  зерттеулері.  Ақын  шығармаларының  канондық 

тексін  жинаудың  негізі.  Абай  мұрасының  шығысқа  катысы  М.  Әуезов 

зерттеуінде.  

Пән оқытушысы: 1. Әбенова Л.   

   


                  2. Байболова А.  

 

34. Ыбырайтану, коды- Ybr 3202,  6-семестр, 2 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Ағартушы-педагог  Ыбырай  Алтынсаринның  балалар 

әдебиетіне қосқан үлесі, қазақ хрестоматиясын жасаудағы ерекшелігін кӛрсету. 



Пререквизиттер: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті 

 Постреквизиттер: Қазіргі қазақ әдебиеті 

 Пәннің  мақсаты:  Ыбырай  Алтынсарин  шығармаларының  идеялық 

тақырыптық мәнін ашу. 



Қысқаша мазмҧны: Ы.Алтынсариннің ӛнегелі ӛмірі мен шығармашылық 

жолы. Ы.Алтынсарин жазба әдебиетке тән проза жанрының да негізін салушы. 

Ыбырай  -  ғалым,  этногроф.  Ыбырай  Алтынсарин-  реалист  жазушы,  ағартушы 

педагог.  Ы.Алтынсарин  –  әңгіме  жанрының  шебері.  Ы.Алтынсарин 

мұраларының әдеби мәні 

Пән оқытушысы: 1. Абенова Л.  

   


 

    


 2. Байболова А. 

 

 

 

 

 

69 



 

35. Қазақстанның жаңа заман тарихы, коды - KZhZT  3612,  6-семестр,          

4 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Жаңа  замандағы  Қазақстанның    саяси-экономикалық, 

әлеуметтік және мәдени дамуы туралы түсінік қалыптастыру. 



Пререквизиттер: Орта ғасырлардағы  Қазақстан тарихы. 

Постреквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы. 

Пәннің  мақсаты:  Студенттерді  Қазақстанның  жаңа  заман    тарихындағы 

нақтылы  оқиғалармен,  құбылыстармен,  даму  заңдылықтарымен    таныстыру,   

зерттеп-зерделеу және одан тағылым алу. 

Қысқаша  мазмҧны:  Қазақстанның  жаңа  заман  тарихы.  Тарихнамасы. 

Қазақ  билеуші    топтарының  Россия  протекторлығын  қабылдауы.  ХVIII  ғ. 

ортасы  мен  XIXғ.  бірінші  жартысындағы      Қазақстанның  мемлекеттік 

тәуелсіздігінен  айрылуы.  Ұлт-азаттық  қозғалыстар:  Сырым  Датұлы,    Исатай 

Тайманұлы  және  Махамбет  Ӛтемісұлы,  Кенесары  Қасымұлы,  Жанқожа 

Нұрмұхаммедұлы  бастаған      кӛтерілістер.  1867-1868  жылдардағы  реформалар 

және  Қазақстанның  патшалық  Ресейдің  отарына  айналуы.  Орал,  Торғай 

облыстарындағы  және  Маңғыстаудағы  азаттық  кӛтерілістері.  Отаршыл 

әкімшіліктің  рухани  істер  саласындағы  саясаты.  Ислам      дінінің  ықпалын 

шектеу.    ХІХ  ғ.  соңы  мен  ХХ  ғ.  басындағы      Қазақстанның  әлеуметтік-

экономикалық жағдайы.  

Пән оқытушысы: 1. Мейрбеков М.  

   


                  2. Апашева С. 

 

36.  Қазақстандағы  ҧлт-азаттық  қозғалыстар  тарихы,  коды-  KUAKT 

3612,   6-семестр, 4 кредит. 

Қҧзыреттілігі:  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар,  олардың  шығу 

себептері,  сипаты,  қозғаушы  күштері,  барысы,  салдары  және  тарихи  маңызы 

туралы түсінік қалыптастыру. 

Пререквизиттер: Орта ғасырлардағы  Қазақстан тарихы. 

Постреквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы. 

Пәннің  мақсаты:Студенттерді  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалыстар 

тарихымен  таныстыру. 



Қысқаша 

мазмҧны: 

Қазақстандағы 

ұлт-азаттық 

қозғалыстар: 

тарихнамасы,  методологиясы  және  кезеңдері.  Қазақ  халқының  жоңғар 

басқыншылығына қарсы күресі.  

Қазақстанның Ресейге қосылуы мен отарлануы. Қазақтардың  Е.И.Пугачев 

бастаған  шаруалар  кӛтерілісіне  қатысуы.  Сырым  Датұлы  бастаған  кӛтеріліс. 

Исатай  Тайманұлы  мен  Махабет  Ӛтемісұлы  бастаған  кӛтеріліс.  Кенесары 

Қасымұлы    бастаған  ұлт-азаттық  кӛтеріліс.ХІХ  ғ.  50-70    жж.  Қазақ  халқының 

азаттық  күрестері.  Қазақстандағы  1916  ж.  ұлт-азаттық  кӛтеріліс.  Алаш 

қозғалысы  және  оның  тағдыры.    Кеңес  ӛкіметінің  отарлау  саясаты.  1940-1985 

жж. Қазақстан. 1986 жылғы Желтоқсан кӛтерілісі, оның тарихы маңызы.   

Пән оқытушысы: 1. Мейрбеков М.   

   


                  2. Апашева С. 
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет