Электр қондырғыларын орнату, реттеу және пайдалау 6В07101 – «Электр энергетикасы»



Pdf көрінісі
бет11/42
Дата05.05.2023
өлшемі0,94 Mb.
#90577
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Бақылау сұрақтары 
 
1. Күштік кабельдердің негізгі элементтерінің тағайындамасы мен 
сипаттамасы.
2. Өндірістік кәсіпорындар мен қалалардағы кабельді тораптарды 
пайдаланудың мазмұны мен шаралары. 
3. Кабельді желілердің негізгі зақымдалуы мен себептері, зақымдалудың 
сыртқы көрінісі.
4. Кабельдік желілердің зақымдалу орны мен сипаттамасын анықтаудың 
сипаттамалары мен қолданылу аумағы.
5. Кабельдік желінің маркалануы мен құжатының мазмұны.
6. Кабельдік желідегі зақымдалуды жоюдан кейінгі және пайдалану 
барысындағы сынақ. 


19 
№4 дәріс. Кернеуі 1000 В жоғары қосалқы стансадағы тарату 
құрылғыларын реттеу және пайдалану 
Дәрістің мазмұны: 1 кВ жоғары тарату құрылғыларындағы 
қондырғылар, тарату құрылғыларының ғимараттарына қойылатын талаптар, 
қосалқы станса мен тарату құрылғыларының қондырғыларын сынау 
Дәрістің мақсаты: 1 кВ жоғары қосақы станса мен тарату құрылғыларын 
пайдалану мен реттеудің тәртібімен және ережесімен танысу. 
Тарату құрылғысы дегеніміз (РУ) электр энергиясын бір кернеуден алып 
қабылдауға 
және 
таратуға 
арналған, 
түрлендірмейтін 
және 
трансформацияламайтын электр құрылғысы. Қазіргі уақытта зауытта жасалған 
кернеуі 6-10 кВ жинақталған ТҚ (РУ) кеңінен қолданысқа ие. Тарату 
құрылғыларының электр қондырғылары ғимараттың ішінде орналасса ол 
жабық ТҚ (РУ) және де сыртта орналастыруға арналған ашық жинақталған ТҚ 
(РУ) түрлері бар [2]. 
Кешенді бір жақты стационарлы қызмет ету түріндегі ұяшықтар, және де 
ажыратқышы арбашада орналасқан кешенді тарату құрылғысы түріндегі 
ұяшықтар қолданылады. Жөндеу кезінде ажыратқышы бар арбаша өз орнынан 
шығарылып жөндеу жасайтын бөлімге апарылады, осыныс ыңғайлы және 
тиімді. 
КТҚ, СКТҚ және КСО щкафтарының конструкциясы әртүрлі және 
тағайындамасымен, жүктемесімен, электр энергиясының берілу әдісімен, 
қолданылатын аппараттардың түрімен, оперативті ауыстырудың жиілігімен 
және т.б. анықталады. КТҚ, СКТҚ ережеге сай қоректендіруші қосалқы 
стансаларда үлкен қуатты беруде және электрмен жабдықтаудың беріктілігіне 
жоғары талап қойылғанда орналастырылады. КСО шкафы, конструкциясы 
қарапайым, арзан болғандықтан шығыстағы желілердегі жүктемесі аз және 
оперативті ауыстырулардың жиілігі шектелген жағдайда пайдаланған тиімді 
[5,9,14].
Соңғы жылдары 6-10 кВ электр тораптарында аз габаритті вакуумды, 
кейбір жағдайларда элегазды ажыратқыштар көп қолданылуда. Және солармен 
ескірген аз майлы ажыратқыштарды ауыстырады. Мұндай ажыратқыштардың 
негізгі артықшылықтары, мысалға ВВ/ТЕL-10 типтегі, келесілер [5]: 
- жылдам іске қосылу; 
- ажырататын қысқа тұйықталу токтарының жоғары мәндері; 
- жоғары механикалық ресурс; 
- қосу және ажырату тізбектерінде электр энергиясын аз тұтыну; 
- аумақты салмағы мен габариті; 
- оперативті тұрақты ток пен, оперативті айнымалы тоқ тізбектерін басқару 
мүмкіндігі. 
Мұндай ажыратқыштардың төмендегі кемшіліктерін пайдалану 
барысында ескеру керек: 


20 

жоғары (аз майы бар ажыартқыштармен салыстырғанда) 
коммутациялық асқын кернеу деңгейінде ауыстырып қосу болғанда 
бастамшылығы, әсіресе электр торабының оқшауламасы әлсірегенде (жоғары 
кернеулі электр қозғалтқыштары, кепілдік мерзімі өткен пайдаланудағы 
кабельдік желілер, түрлендіргіш құрылғылар); 
-коммутациялық асқын кернеуден электр торабын қосымша қорғаудың 
қажеттілігі; 
- реттеу және пайдалану кезіндегі ажыартқыш жетегінің күрделілігі, олар 
күштік контактілерді бір уақытта ажырату мен қосудың жоғары талаптарын 
қамтамасыз ету керек. 
КРУ және КСО ұяшықтарында бұғатталу қарастырылған: 
- ашылып тұрған айрығыш жағдайында ажыратқыштың қосылып кетпеуі 
үшін бұғаттауды пайдаланатын сызықтық және шиналық айырғыштар; 
- механикалық бұғаттауды пайдаланатын сызықтық және шиналық 
айырғыштар; 
Ажыратқыштың қоректендіру тізбегі негізгі қорек блогы арқылы және де 
қордағы автономды қосылу блогынан жинақталады. Ауыспалы режимде 
ажыратқышты ток тізбегінен басқарудың корегі қарастырылған. 
Іште орналастыруға арналған кернеуі 6-10 кВ КРУ және КСО шкафтарын 
электр жарығы бар, жылуы бар, терезесі жоқ бөлмеде орналастырады. ЖТҚ 
есігі егер бөлме ұзындығы 7 метрден асса екі жағынан жасалады. 
КРУ-ға электр энергиясы қосалқы стансаның күштік трансформаторынан 
немесе қосалқы стансаның 6-10 кВ желісінің шинасынан келеді. 
Қоректендіруші қосалқы стансадағы шинаның санын таңдау кететін желі 
ұяшығының санына және тез өзгеретін жүктеменің болуына байланысты. 
Сонымен қатар 6-35 кВ электр тораптарында шинаны секцияға бөлу екі фазалы 
және үш фазалы қысқа тұйықталу токтарын азайту мақсатында жасалады және 
де жере бір фазалы қысқа тұйықталуда болатын сыйымдылық токтарын азайту 
үшін [14]. 
Тарату құрылғысында әрдайым жұмыс жасайтын тасымалданатын 
жерлендіргіштер, бірінші медициналық көмек, сонымен қатар өртке қарсы 
және қосымша құралдар (құм, өрт сөндіргіштер, өртке қарсы құралдар және 
т.б.) болуы қажет. Кабельдік каналды жауып тұрған плиталар, өрт кезінде 
оттың таралуынан сақтану үшін өртенбейтін материалдан жасалады. 
Бөлменің шатыры жөнделген болу керек, себебі ылғал бөлменің ішіне 
кірсе электр қондырғылардың металл бөліктерінің коррозиясына, сонымен 
бірге аппараттардың электрлік кедергісінің қауіпті төменеуіне және 
оқшауламаның ылғалдануына алып келеді. Жануарлар мен құстар тарату 
құрылғысының ішіне кірмеуі үшін, сыртқы қабырғалардағы тесіктер мен 
саңылауларды тормен жабады. Тарату құрылғысына авто көліктің кіретін жолы 
әрдайым дұрыс жағдайда және жолында тосқауылсыз болады, өйткені өрт 
қауіпсіздігіне қарсы бұзуларды жоямыз. 
Тарату құрылғыларын пайдалану кезінде бірінші және жауапты шара ол 
тексеріп қарау. Тексеріп қараудың графигі мен мерзімі жергілікті жағдайды 


21 
ескере отырып әрбір кәсіпорында құрастырылып бекітіледі. Жоспардағы 
қараудан бөлек қауіпті апаттан (бірнеше желінің бір уақытта өшірілуі) кейін, 
қолайсыз ауа райында, электр қондырғылардың қатты ластануында кезектен 
тыс қараулар тағайындалады. Қарау нәтижесі сәйкес журналда жазылады және 
анықталған ақауларды бейнелейді. 
Қарау кезінде төмендегілерге назар аударылады: бөлменің жағдайы 
(есіктің, желдеткіштің, жапқыштың дұрыстығы, қауіпсіздік құралдарының 
болуы, жарықтандыру және жерлендіру торабының дұрыстығы), ажыратқыш 
жетегінің жағдайы, айырғыштарды блоктау механизмдері, контактілі 
қосылулардың жағдайы, механизмдердің үйкелетін бөліктерінің майлануы, 
екіншілік тізбектің өту беріктігіне. Шкафтардың алынатын бөліктерін бұрап 
алуға, кернеу бар кезде автоматты пердешелерді көтеруге және ашуға рұқсат 
етілмейді. 
Жылжымалы арбасы бар тарату құрылғыларында қарау үшін 
ажыратқышты өшіреді, кететін желіне жерлендіреді, арбаны жөндеу 
жағдайына қойып төмендегі айырғыш контактілерінде кернеудің жоқтығын 
тексереді. Ары жерлендіретін айырғы қосылады да арбаны сынау жағдайына 
жояды. Өзіндік трансформатор шкафындағы сақтандырғыштарды ауыстыру 
жүктеме алынып тастаған кезде жасалады.
Ажыратқышы бар арбаны шығару және оны жұмыс жасайтын жағдайына 
қайта қою ажырату мен қосу операциясы болып табылады. Олар оперативті 
ауыстыру жұмыстарын жасайтын адамдар немесе солардың басқаруымен 
жасалады. Арбаны жұмыстық жағдайға (енгізу) орнату жерлендіретін айырғыш 
ажырап тұрған кезде ғана жасалады. 
Тарату құрылғыларында кез келген уақытта алдын ала дайындықсыз 
қосылуға дайын қосымша электр қондырғылары болуы қажет. Тарату 
құрылғыларының резервтегі элементтерінің де жағдайы арасында бақылауға 
алынады (трасформаторлар, кететін желінің ұяшықтары, шиналар, кабельді 
муфталар) және профиалктикалық сынақтан өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет