Электр тоғымен зақымданған кездегі қОРҒаныс шаралары



Дата07.01.2022
өлшемі18,59 Kb.
#17355

ЭЛЕКТР ТОҒЫМЕН ЗАҚЫМДАНҒАН

КЕЗДЕГІ ҚОРҒАНЫС ШАРАЛАРЫ

Өндірістік жағдайдағы электрқауіпсіздігі келесі жағдайларда

мүмкін болады:

■ техникалық əдістер жəне қорғаныс заттары;

■ электрқұрылғыларының сəйкес құрылымы;

■ ұйымдастырылған жəне техникалық іс-шаралар.

Тоқжүретін бөлікке кездейсоқ жанасудан туатын электрқауіпсізді-

гін қамтамасыз ету үшін жеке-жеке немесе бір бірімен үйлестірілген

келесі техникалық əдістер мен заттарқолданылады:

■ қорғаныс қабықшасы, қорғаныс қоршаулары (уақытша не-

месе тұрақты);

■ тоқ жүретін бөліктердің қауіпсіз орналасуы;

жұмыс орнын оқшаулау;

■ қорғаныс өшіруі;

■ ескерту дабылы;

■ оқшаулау;

■ қауіпсіздік белгілері.

Электрқұрылғысының кернеуге түскен тоқ жүрмейтін металл

құрылымдқ бөлігіне жанасудан сақтау мақсатында: аз кернеу, тоқ

жүретін бөліктерді оқшаула, қорғаныс жерлестіру, нөлдеу, өшіру,

қорғаныс заттары жəне алдын ала қорғау құралдарын пайдаланады.

Аз кернеу — бұл электр тоғы ұру қаупін азайту үшін қолданыла-

тын номиналды кернеу (42 в-тан артық емес). Өндірістік жағдайда

екі аз кернеуді пайдалану қарастырылған – 12 жəне 36 В.

36 В-қа дейінгі кернеу қауіптілігі жоғары, аса қауіпті бөлмелерде

жəне бөлмеден тыс жерлерде қозғалмалы шамдары бар электрленген

қол құралдарын қуаттау үшін қолданылады.

12 В қоса алғандағы кернеу аса қауіпті бөлмелердегі жайсыз жұ-

мыс жағдайында; ауыр жағдайда, жұмыскердің үлкен жерлендіріл-

ген металл бетпен жанасқан кезде (тоқ жүретін алаңда, қарау шұңқы-

рында жəне т.б. жерде отырып немесе жатып металл ыдыспен жұмыс

істеу) қозғалмалы қол шамдарын қуаттау үшін пайдаланды.

Аз кернеудің көзі болып аккумулятор, түзеткіш құралдар, транс-

форматорлар болып табылады. Автотрансформаторларды немесе ре-

остаттарды қолдануға тиым салынады, өйткені бұл жағдайда аз кер-

неу желісі жоғары кернеу желісімен байланыстыболады.

Тоқ жүретін бөлікті оқшаулау — электрқұрылғысының талап

етілген жолымен жүруін жəне қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, диэ-

лектрик қабатымен тоқ жүретін бөлікті жабу немесе оны басқа қабат-

тан алыстату. Электрқұрылғыларында «ЕҚСЖ. Электрқауіпсіздігі.

Жалпы талаптар жəне қорғаныс түрлерінің номенклатурасы» МемСт

12.1.019-79 сəйкес оқшаулаудың келесі түрлері қолданылады: жұ-

мыс, қосымша, қос жəне күшейтілген.

Жұмыстық оқшаулау — бұл электрқұрылғысының қалыпты жұмыс ітсеуін жəне электр тоғымен ұрылу қаупінен қорғауды қамтама-

сыз ететін тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау.

Қосымша деп зақымдалған жағдайда электр ттоғымыне ұрылудан

қорғау үшін жұмысшы оқшаулауға қосымша пайдаланылатын оқша-

улау.


Қос оқшаулау жұмыстық жəне қосымша оқшаулаудан тұрады. Қо

оқшаулауда негізгіжұмыстан бөлек тоқжүретін бөліктердежұмыстық

оқшаулау зақымдалған жағдайда тоқ жүрмейтін металл бөліктерге

жанасқан кезде кернеуге түсіп қалудан сақтайтын оқшаулау қабаты

қолданылады. Ең жетілген қос оқшаулау болып электрқұрылғысы-

ның корпусын оқшаулағыш материалдардан жасау болып табылады.

Әдетте қос оқшаулағышпен электрөткізгіш құралдарды жабдықтай-

ды (өшіргіш, ашалар, шампатрондары, электрленген қол құралдары).

Күшейтілген — бұл қос оқшаулағыш сияқты қорғаныс дəрежесі

бар жақсартылған жұмыс оқшаулығышы. Бұл ол арқылы тоқтың көп

жүруіне кедергі келтіретін үлкен кедергінің арқасында (0,5 МОм-нан

аз емес) қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Температура, кернеу артқан

сайын нəтижесінде оқшаулау ескіріп оның кедергісі азая береді.

Ақаусыз күйдегі оқшаулаудың құрылысы – ЭОЕ маңызды талап-

тарының бірі. Оның сапасын бақылау үшін мерзімді жəне тұрақты

түрде профилактикалық сынақ жасалып отырады.

Мерзімді бақылау М1101 түрлі мегаомметрмен жөндеу жқмы-

старынан, монтаждаудан, оқшаулағышта ақау табылғаннан кейін,

сондай-ақ бекітілген нормативті-техникалық мерзімде өткізугеннен

кейін қабылау-өткізу сынақтары кезінде тексеріледі. Химиялық бел-

сенді, өрт- жəне жарылыс қауіпті ортада аса ылғалды жəне ыстық

бөлмелерде, жəне сыртқы жағдайларда электржелісінің оқшаулау

кедергісі жылына 1 ден кем емес тексеріліп тұру керек.

Қорғаныс оқшаулағыш — бұл кернеу астында болуы мүмкін тоқ

жүрмейтін металл бөліктердің жермен немесе соған балама нəрсе-

лермен электрлік жалғау (7.4. сурет). Ол оқшауланған бейтараптама

желіден 1000 В-қа дейінгі кернеумен қуаттанатын электржабдықта-

ры үшін тиімді қорғаныс шарасы болып табылады.

Тоқ жүретін бөлік жерден оқшауланған құрылғының корпусымен

тұйықталған жағдайда соңғысына кернеу түсіп оған жанасы фазаға

жанасқандай қауіпті болады. Қорғаныс жерлестіру корпусқа жана-

сқан кездегі кернеуді жерлестірудің аз кедергісі үшін жерге қатысты

потенциалын төмендету есебінен қауіпсіз деңгейге дейін түсіреді.

Топырақта жатқан металл өткізгіштердің (жерлестіргіштер) жəне

сымдардцң электрқұралдарын жалғастыратын жерлестіргішпен бай-

ланысы жерлендірілген құрылғы деп аталады.

Электрқұрылғыларын жерлестіру 380 В кернеудің жəне жоғары

айнымалытоқтажəне тұрақтытоқтың440вжəне одғанжоғарыкер-

неуіндегі барлық жағдайда қолдану керек. Қауіптілігі жоғары, аса

жоғары жəне сыртқы электрқұрылғыларда айнымалы тоқта 42 В-тан

жоғарыжəне тұрақтытоқты110В–танжоғарыжерлестіргішқолда-

нылады.


Жерлестіруге тиіс нысандар бөлек жерлестіретін сымдар арқлы

жерлестіргіш магистралға қосылады. Жерлестіргіш сымдарды бірне-

ше құралдарға тіркеп жалғай беруге болмайды. Өйткеніжалғаудың

тұтастығы бұзылған жағдайда бірнеше электрқондырғысы бірден

істен шығады.

Жерлестіргіш құралдың жалпы кедергісі жердегі жəне өткізгіште-

гі жерлестіргішіндегі тоқтың жайылу кедергісінің соммасына тең.

Кедергі шамасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ЭОЕ 4 Ом-

нан, ал генераторлар мен трансформаторлардың 100 кВ қуатынан кем

болмағанжағдайда10Омнанаспаукерек.

Пайдаланудағы əрбір жерлестіргіш құралдың жерлестіру сызбасы,

оның техникалық мəліметтері, жағдайын тексеру туралы мəліметтер,



жүргізілген жөндеу жұмыстары мен өзгерістер туралы мəліметтер

жазылған жеке төлқұжаты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет