Әлемді жаулаған Интернет



Дата25.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#32173

Web-тің пайда болуы тарихы мен дамуы


Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебі

«Ғаламтор» және «Web технология» ұғымдары

Хронология

Жұмыс принципі

Жоспары:

Біздің заманымызда ақпараттық технологияларды қолданбайтын адамды елестету мүмкін емес. Жиырмасыншы ғасырда алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар радио, телевидение және телефон байланысы болып табылса, жиырма бірінші ғасырда алдыңғы қатарға Интернет шығып отыр. Қазіргі таңда Интернетке жерсеріктік байланыс, радиоарналар, кабельді телевидение, телефон, ұялы телефон байланысы арқылы, арнайы оптикалық-талшықты желілер немесе электрсымдары арқылы қосылуға болады.

Интернет (Internet – INTERnational NETwork сөзінен қысқартылып алынған – Халықаралық желі) - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.

Интернет сөзі, қазіргі таңда, Бүкіләлемдік тор мағынасында қолданылады (World Wide Web – Т.Бернерс-Лидің 1990 жылы ұсынған тұжырымдамасы)

«Интернет» және «Web технология» ұғымдары

Web-технологиялар (интернет-технологиялар) деп Интернет желісінде әртүрлі ақпараттық ресурстарды: сайттар, блогтар, форумдар, чаттар, электрондық кітапханалар, энциклопедиялар және т. б. құру мен қолдау технологияларын деп аталады.

Негізгі Web-технологиялар:

  • HTML
  • CSS
  • JavaScript
  • PHP
  • Perl
  • AJAX

«Интернет» және «Web технология» ұғымдары

Интернет дамуының ең негізгі кезеңдері хронологиялық ретпен көрсетілген:


  • 1957 жыл – КСРО жерінде алғашқы жасанды Жерсерік ұшырылды, КСРО және АҚШ арасындағы технологиялық сайыс басталды, оның нәтижесінде Интернет желісі құрылды
  • 1958 жыл – АҚШ-да Қорғаныс Министрлігі жанынан Алдыңғы қатарлы зерттеулер жобасы агенттігі құрылды (ARPA)
  • 1967 жыл – Ларри Робертс өзара ARPA компьютерлерін байланыстыруды ұсынады. Бұл компьютерлік желі ARPANET деп аталынады.

  • ...
  • 2001 жыл – Wikipedia іске қосылды
  • 2003 жыл – Skype құрылды
  • 2004 жыл – Facebook ашылды
  • 2005 жыл – YouTube іске қосылды
  • 2006 жыл – Twitter іске қосылды
  • 2007 жыл – iPhone пайда болды
  • 2010 жыл – Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Интернетке тікелей рұқсат алды

Хронология

Браузер — гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама.

2022 жылдың үздік 10 браузерлер топтамасы:

Браузер

Google Chrome

Яндекс.Браузер

Mozilla Firefox

Microsoft Edge

Opera


Brave

Vivaldi


Safari

UC Browser

TOR Browser

Интернеттің логикалық және физикалық модельдерін ажыратуға болады. Логикалық модель деп Бүкіләлемдік торды айтады (World Wide Web), ал физикалық модель дегеніміз – компьютерлер, серверлер мен олардың арасындағы мәліметтерді жеткізу құралдары болып табылады.



Физикалық модель

Түрлі компьютер желілері өзара әрекеттесуі үшін олар бірдей хаттаманы қолданулары тиіс. Интернеттің хаттамалар жүйесін «TCP/IP хаттамалар стегі» деп атайды.

TCP/IP стегі өзара әрекеттесу модельдері ISO/OSI ашық жүйелері пайда болғанға дейін жасалып шығарылғандықтан, TCP/IP стегі деңгейінің сәйкестігі мен OSI моделі сәйкестігі шартты болып табылады.

Жұмыс принципі

Жұмыс принципі

Логикалық модель

Бүкіләлемдік тор – Интернетке қосылған түрлі компьютерлерде орналасқан өзара байланысты құжаттарға рұқсат беруге арналған бөлек жүйе.

Бүкіләлемдік тор клиент-сервер архитектурасына негізделеді. Серверде де, клиентте де қосымша бағдарламалық қамтамасыздандыру орналасқан болуы тиіс – Web-сервер және Web-шолушы.

Жұмыс принципі



Жалпы алғанда Бүкіләлемдік торды «үш китте» тұр деп айтуға болады:
  • HTML құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілі (Hyper Text Markup Language);
  • URL желісінде қорларды адрестеудің әмбебап тәсілі (Universal Resource Locator);
  • HTTP гипермәтіндік ақпараттармен алмасу хаттамасы (Hyper Text Transfer Protocol).

Бақылау сұрақтары:
  • Интернет ұғымына анықтама беріңіз
  • Интернеттің заңдық аспектілері
  • ARPANET желісінің екі алғашқы тораптары арасындағы ең бірінші байланыс қай жылы және қайда жүргізілді?
  • Гипермәтін бағдарламасын алғаш іске қосқан кім және қай жылы жүзеге асырылды?
  • ARPANET қай жылы өз әрекетін тоқтатты?
  • World Wide Web хаттамасы қай жылы құрылды?
  • Интернеттің физикалық моделі нені білдіреді?
  • Интернеттің логикалық моделін сипаттаңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет