Әлеуметтану Бауыржанұлы Н


Білім - капитализм құралы



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата23.02.2022
өлшемі127.34 Kb.
#26182
1   2
Білім - капитализм құралы

Кейбір конфликтология теорияшыларының тұжырымы бойынша мемлекеттік

мектептердің негізгі көздегені - басқарушы таптың пайдасы. Бұл теорияшылар

мектепте оқытылатын мəдени ойдың негізінде жатқан астыртын бағдарлама бар

деп санайды.

Білім - мəдениет қуралы

Конфликтология теорияшыларының тұжырымдауынша, оқу жəне жазу

дағдыларымен қатар, балалар басым мəдениеттің ықпалымен сол көзқарасқа

негізделген тарихты жəне мəдениетті оқиды (Spring, 2004).



Білім - адамның мəртебесін айқындаушы

Халыққа тегін білім берудегі мақсаттың бірі - адамдардың габысты болуына жағдай

жасау. Кез келген адам еңбекқорлығы мен қабілетінің арқасында биік шыңға

көтеріле алады. Себебі жұмыс беруші, ең алдымен, ата-анаңыздың кім екенін

сұрамайды, оларға керегі - қай оқу орнын аяқтағаныңыз. Ал колледж қызметкерлері

біліктілікті арттыру (Advanced Placement) курсынан қанша марте өткеніңізді жəне

халықаралық бакалавриат деңгейіндегі жоғары біліміңіз баржоғын сұрайды (Sacks,

2007).


Білім беруді мəртебе - айқындау құралы ретінде қолдану, түрлі əлеуметтік топтар

мен қауымдастықтар үшін қолжетімді білім берудегі мүмкіндіктер теңсіздігін

күшейтіп отыр (Kozol, 2005; Sacks, 2007).

Кең мағынада алғанда, білім беру - ресми оқу жүйесіне жауапты əлеуметтік

құрылым институты. Ең тұрақты жəне етене таныс институттардың бірі. АҚШ-тағы

əрбір он адамның үшеуінің білім саласына оқушы ретінде болсын, қызметкер

ретінде болсын қатысы бар. Бұрынғы оқушылар, ата-аналар немесе салық

төлеушілер - барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.

3. Мектепке дейінгі мекемелер. Мектепке дейінгі мекемелердің адам тəрбиесінің,

оның еңбекқорлығы мен басқа қасиеттерінің негізін қалау процесінде маңызы зор.

Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің

əлеуметтік қызметтерін былай бөліп көрсетуге болады:

- жас баланың тəни жəне психологиялық денсаулығын қорғау жəне нығайту;

- балалардың білім алуға, жан-жақты дамуына жəне мектепте оқуға жалпы мəдени

психологиялық құқығын жүзеге асыру;



- құрдастары ортасында əлеуметтік мінезін қалыптастыру (балалар ұжымында,

қарым-қатынаста жəне белсенді өзара əрекеттесуде);

- мектепке дейінгі жəне келесі өмір барысында баланың тұлға болып қалыптасуы

мүддесі үшін ата-ана жəне үлкен адамдармен психология-педагогикалық жəне

əлеуметтік-ағартушылық жұмыс.

Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке

дейінгі тəрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта

білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім

алған соң еңбектік жəне қоғамдық-саяси өмірге араласады. Индустриялы қоғамда

мектеп дербес өмір сүретін, жас буын мен жас адамның тұлғасын тəрбиелеу мен

əлеуметтендіруде негізгі институт болып табылады. Əлеуметтендіру институты

ретінде мектептің рөлі əрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы

өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбадан қарапайым

отбасыға өтуіне байланысты отбасының тəрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол

одан да ұлғая түседі. Əр текті қоғамда мектеп деңгейі мен бағыты, сонымен бірге

білімнің мақсаты мен міндеті бойынша жіктелген. Мектеп қабырғасында оқыту жəне

мектептен тыс ұйымдастырылған іс-əрекет балалар мен жастардың тіршілік əрекеті

барысында ерекше рөл атқарады. Ол табиғи талапты, бейімділікті, қабілеттілікті

қарқынды байытып, дамытады, жан-жақты қызығушылықты қалыптастырады,

өнегелі тəрбиенің факторы болып табылады, саналы тəртіпті нығайтады, қоғамның

талабын орындауға үйретеді.

Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік жолын,

мамандығын, айналысатын іс-əрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы

нұсқалардың біреуіне тоқтала отырып, кəсіби білімнің қандай да бір түріне жоғары

баға береді.

Кəсіби білімді, яғни кəсіби техникалық жəне жоғары маман алуды зерттеу үлкен

орын алады. Кəсіби техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге

жедел əрі тезірек енгізу формасымен тікелей байланысты. Кəсіби-техникалық

дайындық əр түрлі шығындарға қарамастан білім алудағы маңызды арна болып

қала береді. Білім беру социологиясы үшін білім алушылардың білім себебі

оқытудың тиімділігі оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық

шаруашылығындағы мəселелерді шешудегі рөлі маңызды. Сонымен бірге, қазіргі

кезде осы білім түрінің деңгейі жоғары деп айта алмаймыз, өйткені түлектердің

жоғары білім алуға бағдары арнайы орта білімнен басым түсуде. 90-жылдардың

басындағы жастардың əлеуметтік кəсіби бағыттылығының қарама-қайшы

тəжірибесі, алға қойған мақсаттары оны қоғамда шынайы орындалуы арасындағы

айырмашылықтар олардың айтарлықтай маңызды жəне терең дағадарыста екенін

көрсетіп отыр

Жоғары білім беруге келетін болсақ, социология үшін жастарды оқыту түрлерінің

əлеуметтік мəртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне

баға беру, қоғамдағы субъективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сəйкестігі,

дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.




Білім қоғамдық өмірдің барлық саласымен байланысты. Экономика білім беру

саласының материалдық базасын анықтайды, оның мазмұнын пəндер құрылымы,

мамандық жəне мамандану тұрғысын, жоспарын негіздейді. Саяси сала, сондай-ақ

білім жүйесіне тікелей əрекет жасайды. Қоғамдағы режимге (демократиялық жəне

тоталитарлық) жəне оның түрлеріне (ашық жəне жабық) байланысты білім беру

жүйесінің мазмұны мен оған сəйкес келетін құрылымдары қалыптасады. Сонымен

бірге социомəдени орта макро- жəне микро- деңгейде білім берудің барлық жүйесіне

əсер етеді. Бұл жерде əңгіме қоғам мен отбасының өнегелі жəне діни құндылықтары

жайлы болып отыр.

Сонымен қоса білім - тиісті тəуелсіздігі бар, қоғамның дамуы мен жұмыс істеуіне

белсенді əрекет көрсететін қабілеті бар автономды жүйе. Білім беру деңгейіне

қоғамның экономикалық күйі мен еңбек ресурстарының сапасы байланысты. Білім

жүйесі азаматты қалыптастыра отырып, қоғамдық өмірдің саяси саласына да ықпал

етеді.


Сонымен бірге, білім мəдени-тəрбиелік қызмет арқылы қоғамның рухани өміріне

əсер етеді. Мектепке дейінгі тəрбиелеу жүйесі жəне жалпы білім беру мектебі

болашақта кез келген кəсіби дайындықтың талабы болып табылатын тұлғаның

жалпы мəдениетін қалыптастырады.

Білім беру жүйесі қоғамның əлеуметтік құрылымына “шығуды” əлеуметтік жіктелген

қызметтің көмегімен іске асырады. Білім қоғамның əлеуметтік кəсіби құрылымының

өндіруші факторы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, ол əлеуметтік ауыспалылық пен

əлеуметтік мобильділіктің арнасы болып табылады.

4.

 Жалпы мектептік білім бұл динамикалық əлеуметтік жүйе сияқты мектепішілік



басқарудың нысаны болып табылады. Осыған байланысты мектепті басқару жəне

олардың компоненттерін, бөліктерін жəне басқа да қатысушы жүйелерін

жалпымектептік білім жүйесі деп қарастырсақ болады. Бұл жүйеге жалпы

педагогикалық процесс, сынып оқыту жүйесі, мектеп жұмысын тəрбиелеу жүйесі,

қатысушының эстетикалық тəрбие жүйесі кіреді. Жалпы мектепті басқаруды

бөлшектеп қарастыру мектепішілік басқарудың мазмұнын көрсетеді. Мектепішілік

басқару өз алдына мақсатқа жету, педагогикалық жүйені жалпылама танып білу,

нысана заңдылықтарын қарастыру арқылы барынша оңтайлы шешім қабылдау

болып табылады. Педагогикалық процесс қатысушыларының жүйесі тізбе сияқты

бірінен кейін бірі келесі функцияларды атқарады: педагогикалық талдау, жоспарлау,

ұйымдастыру, бақылау, реттеу. Мектепішілік басқаруды дəстүрлі жүйеде

түсіндіретін болсақ, ол субъектінің белгіленген нысанаға басқарушылық жүргізуі;

сапаны жақсарту мақсатында басқарушылық жүйенің тигізетін əсері, педагогикалық

еңбекке байланысты ғылыми элементтерді енгізу болып табылады.

Білім – өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол

қоғамдық-тарихи құбылыс, оның мəн-жайын тануға құштарлық білдірмеген ғылым

аз-ақ. Білімнің əлеуметтік өмірдегі ерекше сала сипатына ие болу кезеңі білім мен

əлеуметтік тəжірибені ұрпақтан-ұрпаққа өткізу процессі қоғамның тіршілік

əрекеттерімен өз алдына бөлініп жəне тəрбие мен оқуды іске асыратын арнайы

кəсіби адамдардың пайда болу дəуірінен басталады. Білімнің жеке тұлғалық




құндылығы əрбір адам үшін өз алдына бөлек. Əсіресе, бұл өзіндік білім, оның

деңгейі мен сапасында көрінеді. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз

дамуы білім беру мазмұныныа көлемді практикалық жəне теориялық материалды

қосуды қажет етеді. Алайда, мектепте оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман

талабынан шығатын білімді саралау, таңдап алу мəселелері туды.

Тексеру мен бақылауды ұйымдастырудың жекеленген əдістемелік мəселелері

жайында М.Р.Рьвов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Коган жəне т.б.

теориялық талдау жасаған.  Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық

мəселенің теориялық аспектісі жеткілікті дəрежеде зерттелген деп қорытынды

шығаруға болады. Себебі «тексеру», «бақылау», «бағалауды» ұйымдастырудың

мəні, олардың оқу-тəрбие процесіндегі қызметі, формалары мен тəсілдері



анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет