Әлеуметтік-гуманитарлық факултеті


Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі



бет9/16
Дата25.10.2022
өлшемі61,83 Kb.
#45293
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі
Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.

  • Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергіле

  • Шамалы қарым - қатынас.

  • Дұрыс тыңдап білмеу

  • Шамалы жетекшілік.

  • Топқа тартылысы жоқ.

  • Мақсатты дұрыс түсінбеу.

  • Міндеттерді тең бөліспеу.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:

  • Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады

  • Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.

  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.

  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі:

  • Топ мүшелерінің көп болуы

  • Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.

  • Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.

  • Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі

  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы

  • Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.

  • Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы

  • Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет