Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау



Дата31.12.2021
өлшемі5,03 Mb.
#22818

Әлеуметтік желілердің жастардағы тәуелді мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етуін талдау

ХБ-21к


М. Қозыбаев атындағы СҚУ

Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады.

Әлеуметтік желілердің тарихы

Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.

Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.

Әлеуметтік желінің ақпараттық ресурс ретіндегі рөлін,оның күнделікті өмірдегі қолдануын,әлемдік деңгейіне дейін зерттеу болашақта тек ақпараттық мәселені ғана қарастырып қоймай,мемлекеттің экономикасына,дамуына және ақпараттық қауіпсіздігіне жол ашады. Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде.

Әлеуметтік желілердің жағымды жақтары

    • компьютерлік сауаттылықтың жоғарылығына байланысты ақпарат алу, алмасу жылдамдығы артады;
    • халықтың билік органдары блогтарына хабарласуы арқылы кері және өзара байланыс орнатуға жол ашылады;
    • іздестіру жүйелері арқылы кез келген тақырыпта ақпарат алу және пайдалану; тиімді пайдаланған жағдайда білімін толықтыру;
    • сыныптастар мен курстастарын, ескі достарын табу және хабарласу;
    • тек компьютер арқылы ғана емес, ұялы телефондар арқылы да желіге ену;
    • өз мүддеңе сай келетін азаматпен виртуалды тілдесу.
    • бос уақыттың жұмсалуы;
    • оппоненттің манипуляциялық тәсілдеріне мән бермей, алдауына түсу;
    • ақпараттың ақиқаты мен жалғандығын айыра алмау, кез келген ақпараттың ұсынылуы;
    • қоғам құндылықтарына жатпайтын лас сөздерді пайдалану, теріс пиғылды азаматтардың өз мүддесін жүзеге асыру үшін мүмкіндігінің болуы;
    • ақпаратты кез келген тұлғаның өз мүддесі үшін пайдалануы;
    • толықтай электронды бағыныштылық.

Әлеуметтік желілердің жағымсыз жақтары

Әлеуметтік желі бос уақыттың көп бөлігін алатынына көз жеткіздік. Әлеуметтік желі көзбе-көз қарым-қатынасты ығыстырып қана қоймай, әуестікті де алмастырды. Әрине, ғаламтордың жақсы жақтары өте көп: үнемді байланыс құралы, аудио және видеоның қол жетімділігі, ақпарат іздеу және алмасу мүмкіндігі және тағы басқа жақсы артықшылықтары бар. Бірақ, ол жастарды қоғамнан оқшауландырады, яғни жақындармен қарым-қатынас үзіледі, сенімсіздік пайда болады, алтын уақытын текке жұмсайды және сколиоз, арқа және нерв жүйесі сияқты ауруларға шалдығады.

Әлеуметтік желіге тәуелділік белгілерін қарастырайық:

-себепсіз поштаны қайта-қайта тексеру;

-ғаламторға қажетсіз кіре беру;

-жақын адамдардың компьютер алдында көп отырасын деген айыптаулары;

-уақыт өлшемінің жоғалтуы;

-желідегі қарым-қатынастың басымдылығы;

-міндеттерді ой елегіне алмау; кездесулерді, тамақ ішу уақытын, күнделікті режимнің бұзылуы;

-тәуелділіктің барын жоққа шығаруы;

-ашушаңдық көрсету, көңіл-күйдің болмауы, шаршау белгілерінің болуы

психологтар әлеуметтік медианы пайдалану белсенділігі мен депрессияға дейінгі жағымсыз эмоциялар арасындағы байланысты көрді. Олар әлеуметтік желілерді жаңа тәуелділік деп айта бастады. Содан кейін олардың әлеуметтік салдарға әкелетіні туралы түсінік пайда болды — мысалы, эхо-камера, адамдар басқалардың пікірін тыңдауды тоқтатты, өйткені әлеуметтік желілерде пікірлес адамдармен байланысу мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, соңғы бірнеше жылда fake news құбылысы айқын болды — жай ғана жалған емес, белгілі бір мағынада әлеуметтік желілерде тез таралатын манипуляциялық жаңалықтар.



Әлеуметтік желілерге деген тәуелділікті азайтуға көмектесетін кеңестерге тоқталайық

Әлеуметтік желілерді қол жетімді емес ету

Пайдалануды жоспарлау

Талғампаз болу

Әлеуметтік желілермен мазасыздық, депрессия, жалғыздық, мүмкіндікті жіберіп алу қорқынышы арасында нақты байланыс бар.

Бір қызығы, телефонды пайдалану триггерлері (себептері) әмбебап болып көрінеді. Демек, сіздің жасыңызға қарамастан, сіз өзіңіздің телефоныңызды іш пысқанда (зеріккенде), қолайсыздықта, шыдамсыздық пен қорқынышқа қарсы тұру ретінде қолданасыз.



Біздің қолданбаларды «айналдыру» кезінде қалыптастырған мыңдаған бейсаналы пікірлеріміз бен қабылдаған шешімдеріміз, өзімізді және шынайы қоршаған әлемді (ортаны) күрт өзгертіп жіберуі мүмкін. Олар біздің денсаулығымызға байланысты қабылдаған шешімдерімізге әсер етуі мүмкін.

Қолданбалардағы уақытты шектеу өзіңізді жеңіл, әрі тыныштау сезінуге әкеледі және біліктілігіңіз бен біліміңізді арттыруға қажет уақытты көбейтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет