Әлеуметтік жәрдемақы



Дата06.01.2022
өлшемі16,1 Kb.
#15277

Әлеуметтік жәрдемақы.

Зейнетақылар азаматтарға не заңдарда белгіленген жасқа толған кезде, не олар өмір сүрудің негізгі көзі ретіндегі жалақыны жоғалтқан кезде , заңдарда белгіленген жағдайлар орын алғанда беріледі. Алайда, азаматтардың еңбекке қабілетін жоғалтпай ақ және өмір сүруі шектелместен де , тіпті одан әрі еңбек етуі мүмкіндігін иелене отырып та, яғни жалақысын жрғалтпастан да материалдық көмекті қажет ететін кездері болады. Мысалы, ауырған кезде, бала туған кезде және т.б . Мұндай жағдайларда мемлекет өз азаматтарына жәрдемақы түрінде көмек береді.



Жәрдемақы — азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі.

Жәрдемақылар, әлеуметтік көмек сияқты , әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде маңызды орынды иеленген. Жәрдемақылар ақшалай нысанда беріледі, олар көмекке мұұтаж отбасылар мен азаматтардың табыстарын реттеуге бағытталған. Жәрдемақылардың негізгі мақсаты: отбасылар мен азаматтар заңдарда кезделген кезеңдерде , мұқтаждыққа ұшыраған кезде мемлекеттің оларға материалдық көмек көрсетуінен тұрады.



Жәрдемақы белгілері. Жәрдемақылар бірқатар ерекше белгілерге ие, бұл белгілер оларды зейнетақылардан, өтемақылардан , материалдық көмектен ерекшелендіреді. Мұндай белгілерге мыналар жатады:

  1. Жәрдемақы алуға құқылы тұлғалар шеңбері .Егер зейнетақы алу құқығын негізінен жұмыс істемейтін азаматтар иеленсе , жәрдемақылар барлық тұлғаларға бағытталған.

  2. Жәрдемақылардың мақсатты бағыттылығы.

  3. Жәрдемақыларды төлеу мерзімдері. Жәрдемақылар , жоғарыда атап өткеніміздей , уақытша жоғалтылған жалақының немесе қосымша шығындардың орнын толтыруы үшін тұрақты түрде емес , уақытша төленеді. Ал зейнетақы,мысалы тұрақты төленеді .

Жәрдемақылардың түрлері.

Біздің көзқарасымызша жәрдемақыларды топтастырудың басты белгісі болып , жәрдемақыларды берудің әлеуметтік қүқықтық негіздері және мақсатты бағыттылығы табылады.



  1. Жәрдемақылардың бірінші тобының негізінде еңбекке

уақытша жарамсыздық жатқызылған. Оларға мыналар жатады: ауырған жағдайдағы , отбасының науқастанған мүшесін күту қажеттігімен байланысты, туберкулезбее немесе кәсіптік аурумен науқастануға байланысты , протездік- ортопедтік стационарға жатқыза отырып , протездеумен байланысты жәрдемақылар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет