Әлеуметтік педагогика бойынша әлеуметтік педагогиканың пәні мен мазмұны



бет1/10
Дата14.06.2022
өлшемі44,67 Kb.
#36853
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА БОЙЫНША

  1. Әлеуметтік педагогиканың пәні мен мазмұны.

Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
Әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi болып табылады. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi.

  1. Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары, атқаратын қызметтері, міндеттері.

Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары: әлеуметтену, әлеуметтену процесi, әлеуметтік оқу, әлеуметтік тәрбие, педагогикалық іс-әрекет, әлеуметтік-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтендіру, әлеуметтендіру факторлары, әлеумет (социум), микроәлеумет, әлеуметтік институт, теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру) институттары, әлеуметтік рөл, әлеуметтік бейімделу, әлеуметтік құлдырау, педагогикалық құлдырау, балалықты қорғау, бала құқығы, қамқорлыққа алу, қорғаншылық жасау, жетімдік, балаларға деген қатігездік қатынас, әлеуметтік жұмыс, қайырымдылық әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік кеңес беру, отбасылық кеңес беру, отбасы терапиясы және т.б.
Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар:
- тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;
- тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;
- тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогика-лық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу;
- әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу;
- тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну;
- адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу;
- тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу;
- әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет