Әлеуметтік пәндер кафедрасы


-тақырып.  Фашистік  басқыншылыққа  қарсы  күрестегі    қазақстандықтардың



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.01.2017
өлшемі411,8 Kb.
#1088
1   2   3   4

5-тақырып.  Фашистік  басқыншылыққа  қарсы  күрестегі    қазақстандықтардың 

ерлігі мен қасіреті 

 

Екінші  дүниежүзілік  соғыс  қарсаңындағы  кеңестік  биліктің    сыртқы  және  ішкі 

саясатының негізгі бағыттары.  Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-

экономикалық  және  мәдени-рухани  ахуал.  Фашистерден  отанды  қорғау  соғысының 

басталуы.  Майдан  шебіне  жақын  аудандардан  Қазақстанға  халықты,  өнеркәсіп  орындары 

мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелу. Республика өмірін соғыс қажетіне шұғыл бейімдеу. 

Қазақстан  жерінде  жасақталған  әскери  бөлімдердің  ірі  шайқастарға  қатысуы  және 

жанқиярлық  ерліктері.    Қазақстандықтар-партизан  қозғалысына  дем  берушілер.  Кеңес 

Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктері -  ата-


баба  қаһармандығының    дәстүрлі  жалғасы.      Соғыс  тұтқындарының  қайғылы  тағдыры  –

қазақстандықтар  қасіреті.  Ерлігі  бағаланбаған  қазақстандықтар  –  кеңестік  биліктің 

әділетсіздігінің  айқын көрінісі. 

Фашистердің  «Түркістан»  легионын  құру  әрекеті.  М.Шоқай  және  басқалар  туралы 

бұрмаланған  аңыз  бен  шынайы  шындық.  Саяси  сенімсіздік  пен  жекеленген  халықтарды 

Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы.  

Соғыс  кезінде  жеңісті  жақындату  жолындағы  тыл  еңбеккерлерінің  еңбектегі  ерен 

ерлігі.  Қазақстандықтардың  соғыста  қираған  аудандарды  қалпына  келтіруге  көмегі.  Екінші 

дүниежүзілік соғыстың ащы қорытындылары мен тағылымды сабақтары.  

Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі. 

 

БЛОК  2  ХХ  ҒАСЫРДЫҢ  ЕКІНШІ  ЖАРТЫСЫНДАҒЫ  КЕҢЕСТІК 

РЕФОРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТЫ САЛДАРЛАРЫ 

 

6-тақырып. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық» 

 

Соғыстан  кейінгі  жылдағы  Қазақстандағы  ауыр  ахуал.  Бейбіт  құрылысқа  бейімделу 

ауыртпалықтары.  Әскери-өнеркәсіптік  базаны  жеделдету  бағытын  қолға  алу.  Қазақстан 

халық  шаруашылығындағы  қиыншылықтар  мен  проблемалар.  Республика  өңіріндегі 

ядролық сынақтар және олардың зардаптары.   

Ауыл  шаруашылығын  әміршіл-әкімшіл    басқарудың    өрши  түсуі.    Кеңестік  биліктің 

колхоздарды ірілендіру, ауыл еңбеккерлерінің жеке белсенділігін шектеу шаралары. 

Қоғамдық  өмірдегі  адам  құқығын  шектеуге  бағытталған  партиялық  бақылаудың 

күшеюі.  Тарихи  зерттеулерден  ұлтшылдықты  іздестіру.  «История  Казахской  ССР  с 

древнейших  времен  до  наших  дней»  кітабының  негізсіз  сынға  түсуі.  Е.Б.Бекмахановтың, 

Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру. Тұңғыш 

қазақтың  кәсіби  тарихшысы  Е.Б.Бекмахановтың    К.Қасымұлы  көтерілісін  зерттеушілік 

жұмысының  негізсіз  айыпталуы.    Хан  Кене  тарихи  әдебиетте.  «Феодалдық»  эпостарға 

шабуыл – халықтық мұраларды күйрету. «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына 

тиым  салынуы.  Барлық  саладағы  «кеңестік  цензураның»  күшеюінің  адамдар  санасына 

тигізген кері әсерлері.  

Білім  мен  ғылымдағы  жағымды  өзгерістер.  Жалпыға  бірдей  жеті  жылдық  білім  беру 

жүйесінің  орнауы.  Жоғарғы  және  арнаулы  орта  білім  беретін  оқу  орындарының  ашылуы. 

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылуы. 

И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Н.Хрущевтың «жылымығы»  

жылдарындағы  Қазақстан.  Күнәсіз  қуғындалған  мемлекеттік,  қоғамдық  қайраткерлерді 

«ақтау» және оның жартыкештік сипаты.  

Партияның  шешімдерінде  мәселені  үстірт  шешетін  волюнтаристік  әрекеттердің    өсе 

түсуі.  Партиялық-мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі  Хрущевтің  реформасы  және  оның 

тиянақсыздығы. Ұлт мәселесіндегі шектеулердің күшейе түсуі. Одақтық билік пен Қазақстан 

үкіметі  арасындағы  қатынастардың  күрделілігі.  Теміртау  оқиғасы.  Реформаторлық 

бағыттағы  шаралардың  жартыкештігі.    КСРО  мен  ҚазКСР  арасындағы  территориялық 

мәселелерді шешудегі қайшылықтар – Мәскеудің ұлттық мүддені ескермейтіндігінің  айқын 

көрінісі.  

Ауыл  шаруашылығын  әміршіл-әкімшіл  әдістермен  көтеруге  бағытталған  шаралар. 

Әкімшілік  әдістерден  экономикалық  әдістерге  көшуге  талпыныс.  Қазақстандағы  тың  және 

тыңайған  жерлерді  игерудің  кезеңдері,  табыстары,    экологиялық  және  демографиялық  

зардаптары.    МТС-ті  қайта  құру    ауылшаруашылығын  техникалық  жабдықтаудағы 

қиыншылықтарды жоюды  іздестіру жолы.  Колхоздарды ірілендіру және совхоз құрылысы. 

1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы. 


Экономиканы басқару саласындағы тиянақсыз реформалар. Салалық министрліктердің 

таратылып,  совнархоздардың  құрылуы.  Қазақстан  өнеркәсібінің  шикізаттық  сипатының 

тереңдей түсуі.  

 

7-тақырып.  Қазақстандағы  рухани,  шаруашылықтық  «тоқыраулар»  және 

экологиялық дағдарыстар 

  

Жоғарғы  партиялық-мемлекеттік  басқару  жүйесіндегі  ойластырылмаған  біржақты 

өзгерістер.  Л.Брежнев  бастаған  номенклатуралық  топтың  билікке  келуі.  1965  –  1966  жж. 

экономикалық  реформалардың  аяқсыз  қалуы.  Экономиканың  экстенсивтік  үлгісінің 

орнығуы.  Кеңестік  экономиканы  басқару  тәсілдерін  орталықтандыру  тұрғысынан  өзгерту 

және  өнеркәсіптік,  аграрлық  реформалардың  қайшылықтары.  Мемлекеттік  меншіктің 

басымдылығы 

жағдайындағы 

кеңестік 

менеджмент 

жүйесінің 

және 


тұтастай 

модернизациялық  моделінің  тиімсіздігі.  Идеологиялық  тоқырау:  ресми  марксизмнің 

дағдарысы,  зиялылардың  астыртын  әрекеттері,  диссиденттік  үйірмелер  қызметі.    60-70-  ші 

жж. қазақ жастарының бейресми студенттік үйірмелерінің ұлттық жаңғырудағы рөлі ( «Жас 

тұлпар», т.б.). 

КСРО  өнеркәсібінің  дамуына  Қазақстанның  қосқан  үлесі.  Өнідірстегі  өзін-өзі 

басқарудағы  шектеулер  және  оның  дамуындағы  қайшылықтар.  Жұмысшылардың 

әлеуметтік-тұрмыстық жағдайның келеңсіздігі. Кәсіпорындардағы дағдарыстың өршуі. 

Әкімшіл  басқарудың  аграрлық  саладағы  қайшылықтарды  асқындыра  түсуі.  Кеңестік 

өкіметтің  ауыл  мен  деревняны  іс  жүзінде  кедейшілік  пен  тоқырауға  ұшыратуы.  Ауыл 

еңбеккерлерін  материалдық  ынталандырудың  төмендеуі.  Аграрлық  саланың    басқару  мен 

ұйымдастырудың  өмірге  жақын  жаңа  түрлерін  енгізуге  бағытталған  біржақты  бастамалар 

және  олардың  сәтсіздіктері.  Шаруашылықаралық  аудандық  агроөнеркәсіптік  бірлестіктерді 

агроөнеркәсіптік  кешендерге  жоғарыдан  біріктірудің  тиімсіздігі.  Қазақ  ауылының  келеңсіз 

әлеуметтік-гуманитарлық қырлары  «күнделікті тарих» деректерінде.  

Еңбекақыны  төлеудегі  әділетсіз  теңгермешілік,  халықтың  басым  бөлігінде  негізгі 

табыстың  төмендеуі.  Партиялық-мемлекеттік,  әскери  және  шаруашылық  басқару 

жүйесіндегілерге  берілген  артықшылықтар-  әлеуметтік  әділетсіздікті  өрістете  түсуге 

бағытталған  қадам.  Халықтың  материалдық  тұрмыс  жағдайының  төмендеу  себептері. 

Тұрғын  үй  мәселесіндегі  шешілмейтін  қиыншылықтар.  Орталықтың  этно-демографиялық 

саясатының  келеңсіз  тұстары:  ішкі  миграцияны,  соның  ішінде  қазақтардың  ауылдан  қалаға 

көші-қонды  тежеуді    паспорттық  жүйе,  «тіркеу»  (прописка),  тілдік  кемсітушілік 

(дискриминация),  т.б. жолдармен  жүзеге  асырып  отыруы.  Ауыл  тұрғындарының  азаматтық 

құқықтарына  қысым  жасау.    Ақшаның  құнсыздануы.  Тұтыну  тауарларының  тапшылығы. 

«Көлеңкелі  экономика»  (қара  нарық),  криминалдық  топтардың  таралуы.  Экологиялық 

дағдарыстар. Арал қасіреті. Оның табиғи экологиялық және техногендік себептері.  Кеңестік 

милитаристік  империя  жасақтаған  әскери-өнеркәсіптік  кешенінің  қазақ  халқына  тигізген 

трагедиялық  зардабы:  Семей  ядролық  сынақ  полигоны  (1949-1991).  Атомдық  радиациядан 

болған  жергілікті  халықтың  денсаулығындағы  генетикалық  зақымдар,    жаппай 

онкологиялық,  психикалық,  т.б.  аурулардың  таралуы.  Өнеркәсіп  өндірістерінің  қоршаған 

ортаны ластауы.  

 Мәдениет пен ғылым. Жоғарыдан әміршіл басқарудың күшеюінен мәдени және рухани 

өмірдегі 

қайшылықтардың 

тереңдей 

түсуі. 


Ұлт 

саясатындағы 

әділетсіз  

бұрмалаушылықтардың  асқынуы.    Целиноград  оқиғасы.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясын 

тарылту.  Ғылым,  әдебиет  және  өнер  саласындағы  жетістіктер  мен  олардың  қайшылықты 

сипаты.  



 

8-тақырып. Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері 

 

КОКП-ның  әміршіл-әкімшіл    басшылық  рөлі  мен  М.С.Горбачевтың  демократияшыл, 

реформаторлық  қызметі  арасындағы    қарама-қайшылық.  Жариялылық  пен  демократияны 

насихаттау  барысында  одақтық  республикаларда  туындаған  ұлттық  шиеленістер. 

Экономикалық  дағдарыс.  КСРО  –ның  әкімшіл-әміршіл  жүйесін  демократиялық  жолмен 

қайта құруға талпыныстар.   

Елді басқарудағы елеулі өзгерістер және реформаторлық бағыттың біртіндеп үстемдік 

алуы.  Қайта  құру  мен  жариялылықтың  экономикаға  әсері.  Ұлттық  республикалардың 

экономикалық  өзін-өзі  басқаруға  және  өзін-өзі  қаржыландыруға  қол  жеткізу  жолындағы 

талпыныстары.  Экономиканы  басқарудағы  өзгерістер.  Одақтық  басқару  жүйесіндегі 

жекелеген  мемлекеттік  кәсіпорындардың  республикаларға  қайтарылуы.  Экономикалық 

тәуелсіздікке жету шараларының жартыкештігі. 

Д.А.Қонаевтың  Қазақстан  Компартиясының  Бірінші  хатшысы  қызметінен  босатылуы.  

Алматыдағы  және  республиканың  басқа  қалаларындағы  Желтоқсан  көтерілісі  және  оның 

шынайы  себептері.  Партиялық  басшылықтың  бастамасымен  жастарға  және  зиялы  қауым 

өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің қайта өршуі. Орталық биліктің оқиғаға берген 

әділетсіз  бағасы.  Қазақстанда  ұлт-азаттық  сананың  өсе  түсуі.  Алаш  қозғалысы 

қайраткерлерінің  ресми  ақталуы  және  оның  жартыкештігі.  Жаңа  қоғамдық  ұйымдар  мен 

партиялардың  пайда  болуы.  Қазақ  КСР-ның  Жоғарғы  Кеңесінің  сайлануы.  Президенттік 

институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы 

мен оның маңызы. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991ж тамыз 

бүлігі.  КОКП  қызметінің  тоқтатылуы.  Кеңестер  Одағының  ыдырауы  және  Тәуелсіз  

Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы. 

 

БЛОК  3  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК  СТРАТЕГИЯСЫ 

ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ    

 

9-ТАҚЫРЫП. 

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Тәуелсіз  Қазақстан  дамуының  мемлекеттік  стратегиясын  айқындау.  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстанның  егемен  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуының  стратегиясы»  еңбегінің 

маңызы.  Қоғамның   алдындағы  мақсат  пен  міндеттерді  анықтау  және  соған  сәйкес   бүкіл 

қоғамды  және  оның  ресурстарын  жұмылдыру.  Дербес  дамудың  дара  жолын  айқындау. 

Дамудың қазақстандық үлгісі. Қоғамды демократияландыру үдерісін дамыту.  

Мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы  саясатын  қалыптастыру.  Қоғамның  конституциялық 

құрылыс  негізін  жасау.  ҚР  рәміздері  –  туды,  елтаңбаны,  әнұранды  бекіту.    Тарихи-мәдени 

ескерткіштерді қорғау мен патриотизмді дамытудағы саяси рәміздердің рөлі мен маңызы. 

Қазақстан  Республикасының  Қарулы  күштерін  құру  туралы  заң.  Елдің  егемендігін, 

тұтастығын,  қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның 

құрылуы.  Тәуелсіз  Қазақстанның  тұңғыш  Конституциясы  және  оның  маңызы.  Президент 

Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлттық  валютаны  енгізу  туралы»  Жарлығы  және  оның  маңызы.  Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  шекарасын  анықтау.  Ұлттық  қауіпсіздікті  нығайту.  Мемлекеттік 

сәйкестікті  дамыту,  азаматтық    бірлікті  және  саяси  тұрақтылықты  нығайту.  Әлеуметтік  және 

ұлтаралық орнықтылықты сақтау және күшейту. 

Бүкілхалықтық  референдум,  қазіргі  қолданыстағы  ҚР  Конституциясын  қабылдау  

Қазақстанда парламентаризмнің дамуы. Атқарушы биліктің ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесін 

жаңарту. Орталық пен аймақтардың, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілдіктерді бөлу, 

орталықсыздандыру.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы  Заң.  Еліміздің  саяси  жүйесінің  жаңа 

құрылымының қалыптасуы. Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі 

заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару. 

Биліктің  негізгі  үш  тармағының:  Президент,  Парламент  және  Үкіметтің  біріккен 

еңбегінің  нәтижесінде  еліміздің  саяси  жүйесінің  барлық  құрамдас   бөліктері   қызметінің 



құрылымдық,  ұйымдық-құқықтық  және  өзара  қарым-қатынасы   мәселелерін  жан-жақты 

реттейтін,  еліміздің  демократиялық,  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  орнату 

бағытында  әлеуметтік-экономикалық  дамуын   қамтамасыз  ететін  заң  жүйесінің  жаңадан 

түзіліп,  қабылдануы  және  бұл  үрдістердің  қоғамдық  қатынастардағы  қажеттіліктерге 

байланысты  үнемі  жетілдірілуі.  Президент  институты  -  тәуелсіз  Қазақстанның  саяси 

жүйесіндегі  бұрын болмаған жаңа құрылым. 

Президенттің  Қазақстан  халқына  алғашқы  Жолдауы:  «Қазақстан  –  2030.  Барлық 

қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы», ҚР  дамуының ұзақ 

мерзімге арналған басым бағыттары. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру.  

Құқық  қорғау  органдарының  (сот,  прокуратура,  милиция,  арнайы  қауіпсіздік 

қызметтері  және  т.б.)  құрылуы.  Құқықтық  реформа  және  заңдарды  ізгілендіру.  Құқық  қорғау 

жүйесін    оңтайландыру.  Азаматтардың  құқығы  мен  бостандығын  қорғауды  нығайту.  ҚР-ның 

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы және оның нәтижелері. 

Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстандық  даму  жолының»  іргелі  құндылықтары  мен  ерекшеліктері 

туралы.  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Нұрлы  жолы-Қазақстандық  даму  жолы»:  негізгі  құндылығы 

және бірегейлігі. 

 «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  ҚР 

Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.«Қазақстан жолы-2050: Бір 

мақсат, бір мүдде, бір  болашақ» атты  ҚР Президенті   Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 

Жолдауы.  

Елбасы идеялары – ұлттық құндылық. Тәуелсіздіктің тұғыры – «Елбасының Қазақстан 

жолы», ал түпкілікті мақсат – Мәңгілік ел болу.  

Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға 

жол»  мақаласы  -  қазақстандықтар  үшін  қуатты  іс-әрекет  көзі  және

 

болашаққа 



ынталандырушы.  

 

   



10-тақырып. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі  

Өтпелі  кезеңнің  қиыншылықтары:  экономикалық  дағдарыс,  әлеуметтік    шиеленіс,  тұрмыс 

деңгейінің  төмендеуі,  жұмыссыздық,  қылмыстың  көбеюі.  Оларды  еңсеру  жөніндегі  шаралар: 

экономиканың  құрылымын  өзгерту,  әлеуметтік  бағдарланған  нарық  құру,  жекешелендіру  және 

бағаны ырықтандыру, инвестициялық саясат. Н.Ә.Назарбаевтың  қанатты нұсқамасы – «ең әуелі 

экономика – сонан соң – саясат».  

Қазақстанды экономикалық  қайта құрудың жасампаздық кезеңі және олардың нәтижелері. 

Жоспарлы  экономикадан  нарықтық  экономикаға  көшу.  Өнеркәсіп,  аграрлық  және  қаржы-банк  

секторлары  сияқты  экономиканың  шешуші  салаларының  даму  басымдықтары  мен  келешегі. 

Қазақстан экономикасын реформалаудың бағыттары – экономика дамуының кластерлік принципі, 

еңбек  өнімділігі  деңгейін  арттыру,  заманауи  технологияларды  енгізу,  инвестициялық,  салық, 

аграрлық-индустриалдық  саясаты,  инфрақұрылымды  әсіресе  көлік  және  байланысты  дамыту. 

Стратегиялық  маңызы  бар  жаңа  темір  жол  магистралін  салу.  Қазақстандық  экономиканы 

дамытуға шетелдік инвестицияны тарту. 

Президенттің ел халқына Жолдауы:  «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті 

экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»  және оның маңызы. Дүниежүзілік экономикалық 

дағдарыс  және    оны  табысты  еңсеру.  Дағдарыстан  кейінгі  кезеңдегі  экономика  мен  қаржы 

секторының дамуы.  

Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері.  Индустриалдық-инновациялық  дамудың  мемлекеттік 

бағдарламасы, оны жүзеге асырудың алғашқы табыстары.  

2011 жылғы 28 ақпандағы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы  «Жеделдетілген 

экономикалық  жаңару  – үдемелі инновациялық  индустрияландыру  Бағдарламасының  жалғасы». 

«Қазақстан  –  2020»  стратегиялық  жоспарының  басымдықтары.  Қазақстанның  экономикалық 

өсуінің келешегі. Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының траекториясы. ХХІ ғасырдағы 

экономиканың қазақстандық үлгісі.  


ЭСПО-2017  өткізудің  Қазақстан  үшін  маңызы.  «Нұрлы  Жол  –  болашаққа  жол»  жаңа 

экономикалық  саясаты  –  Қазақстанның  жаһандануға  берген  жауабы.  «Нұрлы  жол» 

экономикалық даму жоспары. 

 

11-тақырып. Әлеуметтік реформалар және білім жүйесіндегі өзгерістер 

 

Әлеуметтік  реформалар  және  әлеуметтік  жаңару:  кедейшілікті  еңсеру,  халықты  еңбекпен 

қамтуды көтеру, жастарды, студенттерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, зейнетақы 

мен  жәрдемақыны  арттыру  реформасы.  2008  жылғы  6  ақпандағы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы:  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын  арттыру  – 

мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты».  Адам  капиталын,  елдің  еңбек  қуатын  дамытудың 

стратегиясы. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің жаңа стратегиясы, тұрғын-үй коммуналдық 

шаруашылықты жаңарту.  

Денсаулық  сақтау,  спорт  және  дене  шынықтыруды  дамыту.  Астана  және  Алматы 

қалаларында  өткен  қысқы  Олимпиада  ойындары,  7-ші  Азия  ойындарындағы  қазақстандық 

спортшылардың жетістігі. 

Ел халқының табысы аз топтарын қолдау және көмек беру. Бюджеттік ұйымдарда жалақыны 

көтеру. Салауатты өмір салты - ұлт болашағын қалыптастырудың негізі.  

Қазіргі білім жүйесін  жаңартудың өзекті мақсаттары  мен міндеттері.  Білім  беру  жүйесінің 

мазмұнын    жаңарту.  2010  жылы  Қазақстанның  Болон  үрдісіне  қосылуы  және  Болон 

декларациясына  қол  қою.  Мамандарды  дайындаудың  үш  деңгейлі  жүйесін  енгізу:  бакалавр  – 

магистр - PhD доктор. Техникалық және кәсіптік білім беруді қайта құру.  

2005-2010  жылдардағы  Қазақстан  Республикасының    білім  беруді  дамытудың 

мемлекеттік  бағдарламаларының  нәтижесі.  Инновациялық  негіздегі  жоғары  білім  беруді 

дамыту  стратегиясы.  Президенттің  «Интеллектуалды  ұлт-2020»  бағдарламасы  және  оның 

маңызы. Қазіргі білім беру моделі. 

ЖОО-ның  инновациялық  қызметке  көшуі.  Оның  дамуының  тетіктері.  «Назарбаев-

университеті» негізінде жоғары оқу орындарының инновациялық үлгісін қалыптастыру.  

«Серпін-2050»  әлеуметтік  жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесі.  

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу міндеттеріне сәйкес ғылымның дамуына  

және ҒТҮ (ғылыми –техникалық үдеріс) -ті басқаруға жаңа көзқарас қалыптастыру.  

 

12-тақырып. Этнодемографиялық үдерістер және ұлтаралық  келісімнің нығаюы 

  

Қазақстандағы  көші-қон,  демографиялық  үрдістер,  халықтың  этникалық  құрылымындағы 

өзгерістер.  «Нұрлы  көш»  бағдарламасы  және  отандастардың  қайтып  оралуы.  Егемендік 

жағдайындағы алғашқы халық санағы, оның қорытындылары.  2009 жылғы Қазақстандағы халық 

санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер.  

Біртұтас ұлт болашағының қалыптасу мәселелері. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 

ҚР  заңдары:  «Қазақстан  халқы  ассамблеясы  туралы»,  «Білім  туралы»,  «Тілдер  туралы», 

«Мәдениет  туралы».    Қазақстан  Республикасы  мемлекеттілігінің  біртұтастық  тұжырымдамасы. 

Қазақстан  ұлттық  бірлігінің  доктринасы.  «Қазақстандық  халықтың  бірлігі  мен  тұтастығының 

нығаюы мен дамуы  тұжырымдамасының» мақсаттары мен  принциптері. 

Мемлекет  Басшысының  «Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыруы:  Жалпыға  бірдей    Еңбек  

Қоғамына  жиырма қадам» мақаласы. Нақты өнімді еңбек, бәсекеге қабілетті және күшті Жалпыға 

бірдей  Еңбек  Қоғамын  құру  –  ҚР  әлеуметтік  жаңарту  саясатының  негізі.  Мемлекеттік 

жаңғыртудағы Тұңғыш Президенттің бастамалары. 



 

Блок  4  ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ  РУХАНИ 

ЖАҢАРУЛАР 

 

13-тақырып. Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар 

  

 Қазақстан  Республикасының  қоғамдық-саяси  өмірін  демократияландыру  және  жаңарту. 

Қазақтардың  тұңғыш  дүниежүзілік  құрылтайы.  Азаматтық  қоғамның    және  оның  саяси  және 

қоғамдық  институттарының  дамуы.  Қазақстан  халқының  форумы.  ҚР-ндағы  қоғамдық 

қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның  партиялық жүйесі.  «Нұр 

Отан» ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және 

оның маңызы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен  «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» 



атты  Саяси  доктрина  -  «Нұр  Отан»  партиясының  көшбасшылығының  кешенді 

бағдарламасы».   

Демократиялық үрдістің дамуы.  Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, 

партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, 

азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы.  

Ұлтаралық  татулық  –  Қазақстан  Республикасында  тәуелсіздік  пен  демократияны 

нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы 

келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. 

ҚХА-ның  бірінші  сессиясы,  оның  шешімдері.  «Ортамерзімді  кезеңге  арналған  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  стратегиясы».  Ұлтаралық  келісімнің  қазақстандық  моделінің  ерекшелігі. 

Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы. 

ҚР-ның  ақпараттық  саясаты,  БАҚ-тың  дамуы.  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

кеңесінің  қызметі.    Азаматтық  қоғамды  одан  ары  демократияландыру  және  дамыту  бойынша 

ұсыныстар  әзірлейтін  тұрақты  жұмыс  істейтін  Кеңес  ұйымдастыру.  Демократияландыру    және 

азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі.  

Құқық  қорғау  және  сот  органдарының  қызметін  жетілдіру.  2003  жылғы  2  желтоқсандағы 

азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  пакт  және  оны  жүзеге  асыру.  Қазақстан  Президенті 

жанында  адам  құқықтары  жөніндегі  Комиссияның  құрылуы  және  оның  қызметі.  ҚР-нда  адам 

құқы  жөніндегі  өкілетті  институттың  (Омбудсмен)  енгізілуі.  Өлім  жазасына  мораторий  енгізу. 

Қазақстанның  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  құқықтар,  азаматтық  және  саяси  құқықтар 

туралы  Халықаралық  пактілерді  бекітуі.  Заңдарды  ізгілендіру.  Саяси  реформалардың 

жалпыұлттық  бағдарламасы.  Қазақстандық  бірегейлік  пен  бірлікті  нығайту  және  дамыту 

тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы  – 

мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық  құндылықта. 

Тұжырымдаманы    іске  асыру  тетіктері.  Азаматтық  бірегейлік  пен  бірлікті  қалыптастыру 

саласындағы әлемдік тәжірибе. 

Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы:    «Қазақстан  экономикалық, 

әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында».    

 

 14-тақырып. ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет