Әлеуметтік-саяси білімдер модулі Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология Саясаттану Кредит №1



бет1/8
Дата27.12.2022
өлшемі39,29 Kb.
#59967
  1   2   3   4   5   6   7   8

2020-2021 оқу жылының жазғы сессия кезіндегі емтиханға арналған тақырыптар үлгісі
Мамандық: Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Курс: 1
Әлеуметтік-саяси білімдер модулі
Пәндер: Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология

Саясаттану
Кредит №1.
1. Ежелгі дәуір, Ортағасыр, Жаңа заман және қазіргі замандағы саяси ойдың дамуы.
2. Саяси жүйе түсінігі, құрылымы және қызметтері.
3. Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арасында билік қалай бөлінеді?
4. Саяси биліктің ресурстарын жіктеу. (Э.Тоффлер бойынша)
5. Элиталардың классикалық теориясы. ( Г.Моска, В.Парето, Р.Михелс).
Кредит №2.
6. Саяси көшбасшылық түсінігі. Саяси көшбасшылықты жіктеу жүйесі.
7. Саяси режимдердің түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм и авторитаризм: ерекшеліктері.
8. Саяси мәдениет түсінігі, типология.
9. Мемлекеттік басқару түрлері, қазіргі қоғамдағы ерекшеліктері.
10. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі халықаралық ұйымдар.
1

  1. Ежелгі дәуір, Ортағасыр, Жаңа заман және қазіргі замандағы саяси ойдың дамуы.

Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ,
көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға
жүгінетіндігін жəне адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да
мифиологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігі белгілі.
Мысалға, ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының таным-түсініктері дінимифологиялық сипат алған. Бұларда, сол кездегі саяси билік пен тəртіп аспан тəңіріне тəуелді дейтін таным басым болды. Демек, саяси құқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде əлі бөлініп шықпағандығын, оның сол кездегі, мифологиялық дүниетанымының құрамдас элементі болғандығын байқауға болады.
Күрделі əлеуметтік-саяси құрылым, жазба мəдениетінің дамуы тұрғысынан
алғанда ежелгі Қытай өркениеті жуықтап алғанда біздің жыл санауымызға
дейінгі 14-13ғ.ғ. қалыптасқан. Ал, саяси ойлар 6-5ғ.ғ. б.з.д. жəне саяси
жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Мысал
ретінде конфуцишылдарды алуға болады. Конфуций əлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің жəне патриархалық мемлекет теориясының
негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің ілімін Лунь юй деген
жинағында баяндаған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет