Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері Студент



Дата22.09.2022
өлшемі3,34 Mb.
#39899

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері
Студент: Шаяхмет Гүлзат
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
5В011400 – Тарих, 4 курс
Ғылыми жетекші: магистр, аға оқытушы Чаргынова Г.О.
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті
Алматы, 2022
ЖОСПАРЫ
І. Кіріспе
ІІ. Әлихан Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері
ІІ. 1. Сырға толы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы
ІІ. 2. Ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханов
ІІ. 3. Жастарға үлгі нар тұлға
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
Әлихан Бөкейханов – қазақтың біртуар азаматы, қоғам қайраткері, ұлт көшбасшысы. Бүгінгі менің алып отырған тақырыбымда Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық ойлары мен халыққа еткен ерең еңбегін жазуға тырыстым.
Қазақ қоғамын жаңғырту, ұлттық-мемлекеттік өзін-өзі анықтау идеялары либералды-демократиялық қазақ зиялылары қызметінің өзекті желісіне айналуда.
Әлихан Бөкейханов «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы және саяси көшбасшысы, танымал және беделді «Қазақ» ұлттық газетінің басты идеологы болды.
Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы– көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.
Оның қазақ халқының азаттық алып, еркін ел болуы мақсаты жолында жасаған қызметі сан қилы.
Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты
Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты
IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі
Халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгілерін жинақтып, баспа бетіне шығарды
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»
«Ер Тарғын»
«Ер Сайын»
Әлихан Бөкейханов
Ә. Бөкейхановты ұтқырлық, барлық инновациялық әсерлерге ашықтық, терең интеллект, білімге деген құштарлық, талдау қабілеттері, әлемдегі оқиғалар мен процестер туралы жақсы хабардар болу сияқты қасиеттер ерекшеледі. Бұл әлемдік деңгейдегі саяси мәдениеті бар, тамаша кәсіби білім алған, Ұлы Даланың ең үздік адамгершілік-этикалық құндылықтарын еншіледі. Идеялық пен жанқиярлық, көпшілікті жүргізе білу оның беделі мен танымалдылығын қамтамасыз етті. Ол сияқты адамдар арқылы білім қазақ даласына кірді.
«Алаш» идеясын алға тартқан Әлихан: қазақ ұлтшылдығы - ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін, Отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол соңғы демі біткенше туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып, өзін- өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап, сол үшін күресіп өтті.

ҚОРЫТЫНДЫ


«Әлихан Бөкейханов - XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көшбасшысы. Ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі тұлғасы. Ол - қозғалыстың міндетін, мақсатын, стратегиялық, тактикалық күрес құралдарын анықтаған адам»,- дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Сол кездері ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов бірегей талант иесі болды. Бұл оның азаматтығының көпқырлылығын айқындайтын қасиеттер. Осы қасиеттерінің арқасында Әлихан Нұрмұхамедұлы қазақ зиялыларының басын бір арнаға қосып, мемлекеттіліктің қалыптасуы үшін аянбай тер төкті. Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғаның ғұмырнамасы осылайша аяқталған. Әлихан Бөкейханов айтқан, әрі істеген істері жетерлік. Сондықтан, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Бөкейханов мұраларын зерделеу болашақ ұрпақтың әрдайым назарында болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет