Эмбриональдық индукция. Ген әсерін гормонмен реттеу



бет1/4
Дата15.03.2022
өлшемі25,72 Kb.
#27962
  1   2   3   4

Эмбриональдық индукция. Ген әсерін гормонмен реттеу.
1. Анықтамалар, түсініктер, тұқым қуалаушылық

2. Зерттеу әдістері. Микроағзаларға төзімділік оның негізі

3. Гельмитоз, протозоаздық генетикалық төзімділік, қабылдағыштық

4. Антигендік қасиеттер қарсы шаралар


Тұқымның топтың жеке малдың белгілі бір ауруларға төзімділігі мен бейімділігі генетикалық тұрғыдан ғалымдардың көңілін аударды. Тұқым қууы, резистентілік (ағл.қарсыласу) ағазалардың эволюциясынан туатын мутациялық процесс. Мысалы, кейбір малдардың өсімдіктер түрлері өте қауіпті ауруларға түрлік төзімділік байқаудан зерттеулер жүргізілді. Ірі қара (маңқа) жылқы, тауық ауруларымен ауырмайды. Ал тауықтар малдардан(қараталақ, түйнеме) індеттерін қабылдамайды. Ал ересек адамдар полиомелитке төзімділігі тұқым қуады және вакцина екпесе де ауырмайды. Көп аурулар қыруар шығынға ұшыратады, түрлері табиғатта жояды.

Сонымен резистенттілік – ауру қоздырушыларға, олардың агенттеріне төзімділік.

Бұл сөз иммунитеттен кеңдеу, бірақ синоним есебінде айтылады.

Қабылдағыштық – айтылған (агенттерге) факторларға әсеріне бейімділігі. Осы терминнің табиғи жағдайда деңгейі жоғары, орташа және төмен болады.

Ауру, індет – бұл ағзаның қалыпты қызметінің нашарлауы. Агенттер патогендік (гр.патос-азап шегу) қасиеті бар, микроағзалар организмде паразиттік өмір сүреді.

Патогендік бір түр қоздырушының тұқым қуатын қасиеті.

Вируленттілік (лат.вирулентус-улы) әртүрлі ағазалардың патогендік дәрежесі. Қоздыру айырмашылығы жануарлар, өсімдіктер түрлеріне қарай індеттіктің дамуы, байқалу шамасы. Бейімділік бойынша фенотипті «сау» және «ауру» деп бөледі. Төзімділік немесе қабылдағыштық бір немесе аз ғана гендерге тәуелді. Фенотиптердің таңдау мен шағылыстыру, тозаңдандыру арқылы таралуын төмендетуге болады.

Резистенттің генетикалық себептері әлі белгісіз дегенмен, ағзаны қорғаушы қасиеттеріне гендердің әсері тұқым қуатынын көп зерттеген. Айтайық, комплимент болмаса аутосомдық рецессивтік геннің ағзада жетімсіздігі. Бұндай жағдайда организмдегі антидене нәтижесіз жұмыс істейді. Организм (яғни теңіз доңызшасы тәжірибе жүргізуші объект) індеттің бар түріне сезімтал. Сондықтан белгілі жауапты генді летальды, не жартылай немесе суб летальды делінеді. Африка малдары кенеге европалықдармен салыстырғанда төзімді. Себебі денесі қысқа, жылтыр түкпен жабылған, терісі қалың. Ауруларға төзімділік сандық белгі. Төзімділікті арттыру гигиеналық және бактериологиялық әдіс арқылы жүргізіледі. Оны генетикалық тұрғыдан да жүргізуі тиіс. Мысалы, селекция әдісі – төзімді түрдің туыстас ұясын қалдыру, көбейту арқылы. Ал практика жүзінде шектеу (карантин) арқылы күреседі.

Генетикалық төзімділікті және қабылдағыштықты малдарда зерттеудің әдістері алтау, 1. егіздік талдау 2. тұқымды, желі (линия) аралық және ұя (семья) аралық анықтау; 3. селекция эксперименті; 4. Клиника-шежірелік талдау; 5. Ауруды маркерлік (көрсеткіш) гендермен байланысын талдау; 6. популяция статистикалық талдау.

Бұл зерттеу әдіс-тәсілдердің артықшылығы төзімділіктің генетикалық табиғатын дәлелдеуге көмектеседі.

Ауру қоздырғыштар не індет (инфекция) тудырушылардың түрлеріне қарай да генетикалық негізі бар екенін көрсетуге болады.

Айтайық, вирустар тудыратын аурулар кебейді жануарлар түрінде кездесе бермейді. Мысалы, тауық лимфоидтың лейкоза төзімді . жануардың бұл түрі: вирусқа жасушалық және ісіктің дамымауына резистенттілігі. Ал бұның генетикалық мәні, жалпы негізі тышқандарға эксперимент жасау арқылы дәлелденген. Айтайық тұмау вирусына аутосомалы генмен, ал түрлік (тышқандық) гепатитке төзімділік рецессивті генмен кодталады екен.

Сол сияқты мысалдар бактериялар қоздыратын аурулар (індеттер) рецепторлары бар аналықтардан туылған торайлар антиденелік уыз берсе ауырмайды – салманелла бактериясына төзімді болады.

Дәл осы сияқты қойлар гемонхоз ауруына (жұмыр құрт паразитіне) доминанттық белгі тұқым қуады екен. Оны лабораториялық тышқандар линиясына эксперимент жасаумен дәлелдеген. Селекциялық жолмен екі линия тышқан шығарылған біріншісі осы құрттарға қоздыратын ауруды 25 пайыз да төзімділік болса, екіншісі гендерді көбейтумен 100 пайыз төзімділік көрсеткен. Яғни қабылдағыштық бірнеше гендерге тәуелді доминантты белгі ол тұқым қуады екен. Тұқым қуғыштық ұрпақтардың сапалық мәніне байланысты төзімділігі азаяды. Бұл жағдай адамдарда да, малдарда да, өсімдіктерде да кездеседі. Өсімдіктерді көбіне індеттерден қорғанушылығы сорттарына генетикалық тұрғыдан түсіндірілсе де, көбіне сыртықы факторлар ықпалымен күннің не жасанды ультракүлгін, инфрақызыл сәулелері) төзімділік не қабылдағыштық күшейеді не төмендейді екен. Әсіресе қарапайым жәндіктер қоздырғышына, саңырауқұлақтар денелеріне . Індетке қарсы сұрыпталыну әдісі барлық уақытта мамандар назарынан қалыстық жіберілмеуі кейбірлерінің сабағы жапырағы дәні зақымданумен шаруашылыққа, пайдалы белгілерінің тұқым қууы өзгереді, мәдениден жабайылыққа, тіпті түрдің жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан генетика мен биотехнология ілімінің салалары бірігіп өсімдіктерді аса қауіпті генетикалық індеттерден сауықтыру әдістеріне де көп көңіл бөлуде.

Өсімдіктер үшін тұқым қуалайтын індет тозаңдануының төмендеуі тозаңдық элементтерінің зақымдануы аса қауіпті. Себебі, өнімділік күрт төмендейді, әсіресе дәнді дақылдардың қамырлылығы, ауруға төзімділігіне көп нұқсан келеді. Арнаулы препарарттар мөлшерлі қолданылуы технологиясы бұзылуы пайдасынан зияны да жетіп артылады. Мысалы, гексахлоран және ДДТ препараттары. Осыған орай қойлардың нематодтарға төзімділігі гемоглабин типтеріне байланысты (10 кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет