Эмоционалды етістіктер



бет1/4
Дата14.02.2022
өлшемі23,44 Kb.
#25466
  1   2   3   4

ЭМОЦИОНАЛДЫ ЕТІСТІКТЕР

Біздің қарастырып отырғанымыз – етістіктердің эмоционалды етістіктер деп аталатын ерекше бір тобы. Етістіктердің бұл тобы А.Ысқақов пен И.Мамановтардың топтастыруларында көңіл-күй етістіктері деп бөлініп, оған мысал ретінде жылау, қайғыру, өкіну, күлу, қуану, мұңаю, ренжу сияқты етістіктер атап өтіледі. А.Хасенованың етістіктерді топтастыруында етістіктердің біз қарастырып отырған тобы кездеспейді. М.Оразовтың классификациясында етістіктердің бұл тобы эмоционалды етістіктер деп бөлініп, алдыңғы зерттеушілерге қарағанда кең мағынада қарастырылады.

Қалай дегенде де, етістіктердің біз қарастырып отырған бұл тобы жоғарыда аталған соңғы еңбектерде жеке лексика-семантикалық топ ретінде аталып өткенмен, әлі де болса жинақталып, арнайы қарастырылмағандығы белгілі.

Жоғарыда көрсеткеніміздей, етістіктердің бұл тобы бірде көңіл-күй етістіктері, бірде эмоционалды етістіктер деп бөлініп, әлі де болса тиянақты атауға ие бола қойған жоқ. Оның үстіне, тілдің эмоционалды лексикасына байланысты зерттеулерді қарастыру барысында байқағанымыз – эмоционалды лексикаға қандай сөздерді жатқызу мәселесі де әлі күнге дейін белгілі бір шешімін таппаған сияқты. Мысалы, А.М.Финкель мен Н.М.Баженовтар эмоционалды лексикаға белгілі бір сезімді білдіретін немесе белгілі бір сезімді тудыратын сөздерді жатқызады [1.81]. Сонымен бірге, бұл авторлар «сезімді атаушы сөздер мен сезімді тудырушы сөздердің» [1.82] бірдей еместігін де айтады.


Е.М.Галкина-Федарук А.М.Финкель мен Н.М.Баженовтардың жоғарыдағы пікірлерін қуаттағанымен, эмоционалды лексикаға жататын сөздерге біршама шек қоя отырып, оған мына сөздер тобын жатқызады: 1) Сезімді, көңіл-күйді білдіретін сөздер (любовь, ненависть, ласка, гнев, приветливость, злость, т.б.); 2) құбылыстың лексикалық бағасын (оценка явлении) білдіретін сөздер немесе құбылысқа сөйлеушінің қатысы (добрый, злой, ужасный, милый); 3) эмоционалды оценканы білдіретін қосымшалы (суффикс пен приставка арқылы келген) сөздер: домик, реченька, бороденка [2.136-137].

Біз қарастырып отырған етістіктер тобына сезімнің, көңіл-күйдің процестік немесе қимыл-әрекеттік атауын білдіретін сөздер ғана енеді. Бұл тұрғыдан қарағанда, «эмоционалды» деген терминді біршама тар мағынада қолданамыз. Өйткені, біз қарастырған етістіктер тобына «сезімді тудыруышы», «қозғаушы» сөздер мен «сөйлеушінің белгілі біреуге яки басқадай объектіге қатысын білдіретін сөздер» енбейді.

М.Оразов бұл топтың құрамына сөйлеушінің немесе тыңдаушының алған хабарға қатысын білдіретін етістіктерді жатқызады. Дегенмен, біз эмоционалды етістіктердің ұзын санын жинақтап келгенімізде бұл анықтаманың оларды қамтуға аясы тарлық ететінін байқадық. Мысалы, таңдану, таңырқау, қапалану, қайғыру, қуану, шаттану сияқты етістіктер тыңдаушының алған хабарға реакциясын білдіруі әбден мүмкін. Бірақ көңіл-күйдің мұндай көрінісі тек алынған хабарға ғана байланысты болмай, кейде хабар иесінің белгілі бір сыртқы әсерімен тікелей өзінің бетпе-бет кездесуіне не оны көруіне байланысты болуы да мүмкін. Сол сияқты аңсары ауу, құмар болу, ынтығу деген етістіктер тыңдаушының хабарға байланысты көңіл-күйінің көрінісін беріп тұрған жоқ. Осыларды ескере отырып, эмоционалды етістіктерді адам көңіл-күйінің сыртқы әрекеттік көрінісін білдіретін етістіктер деп белгіледік. Ондай етістіктерді сөздіктен бөліп алу үшін біз кезінде Э.В.Кузнецова қолданған «сатылы ұқсастық әдісі» (метод ступенчатой идентификации) қолдандық [3]. Бұл әдісті қолданудың тәртібі мына төмендегіге: ең алдымен түсіндірме сөздіктен ойға түскен эмоционалды етістіктердің кез-келген біреуін (мысалы қуану) тауып, оны анықтаушы (ұқсастырушы) сөздерімен бірге карточкаға көшіріп аламыз. Екінші кезекте әлгі ұқсастырушы (анықтаушы) сөздердің біріншісін тауып, оны да анықтап тұрған сөздерімен бірге карточкаға түсіреміз. Үшінші кезекте келесі анықтап тұрған сөз қаралады. Осы ретпен анықтауыш сөздер толық қаралып біткенге дейін сөздер теріле береді. Мысалы «Қорқу» мағынасын білдіретін сөздерді теріп көрелік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет