Эмоциялар мен сезімдер



Дата21.12.2023
өлшемі5,02 Mb.
#142336
Байланысты:
Эи

Эмоциялар мен сезімдер

Ергалиева Медина

Алибай Арайлым

Әлмен Аяулым

Жоспар:

1.Эмоция жөнінде түсінік;

2.Эмоцияның түрлері мен қызметі;

3.Сезім жөнінде түсінік;

4. Сезімнің түрлері мен қызметі;

5.Эмоция мен сезімнің айырмашылықтары;

6.Қорытынды

Эмоция

Эмоция (фр. emotion, лат. emoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.

Эмоцияның түрлері:

Эмоция іс әрекетке ықпал жасау тұрғысынан 2-ге бөлінеді:

  • Стеникалық:жауапкершілік,жолдастық,достық,айбаттылық.
  • Астеникалық:Уайым,енжарлық,көңілсіздік.

Эмоцияның негізгі көрінісі:

  • жест (сөйлеу кезінде қолды қозғалту),
  • мимика (бет бұлшық еттерінің қозғалуы),
  • пантомимика (барлық дененің қозғалуы),
  • тілдің эмоционалды компоненттері (дауыс қаттылығы, тембр, сөйлеу кезіндегі интонация ),
  • вегетативті өзгерулер (бетінің қызаруы, түссіздену, терлеу).

Сезім

Walt Disney


Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретінтолғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи "Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам - есек", - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.

Сезімнің қызметтері:

Адам сезімдері ұзаққа созылған филогенетикалық дамутарихына байланысты көптеген ерекше сипаттагы мынадай қызметтерді атқарады:

  • Бейнелеу қызметі;
  • Ниеттеу немесе ынталандыру;
  • Қуаттау,қолдау қызметі;
  • Ауысу қызметі;
  • Икемдеу қызметі;
  • Коммуникативтік.

Сезімнің түрлері:

Орындалып жатқан адам қажеттіліктерінің деңгейіне орай сезімдер 2-ге бөлінеді:

1.Қарапайым:ашу,уайым және қызғаныш;

2.Күрделі:моральдік,эстетикалық және отан сүйгіштік.

Субьектив толғаныстарға байланысты сезімдер 2 топқа бөлінеді:

1.Тіршілік қажеттіліктерді қанағаттандырып, рахатқа бөлеуші ұнамды сезімдер

2.Тіршілік қажеттіліктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін жағымсыз сезімдер

Эмоция мен сезімдердің айырмашылықтары:

  • Қысқа мерзімді(ситуативті).Эмоциялар нақты ситуациямен тек «осы жерде және қазір»,яғни эмоциялар ситуативті және (осы шақтағы немесе болашақтағы немесе болашақта болуы мүмкін) дейтін бағалаушы қатынасты бейнелейді.
  • Адамдарға да жануарларғада тән қасиет.
  • Ми қабығының астыңғы қабатында жасалады.
  • Ұзақ мерзімді. Сезімдер-затқа(объектіге деген эмоционалдық қатынас),яғни сезімдер-заттық және ситуациямен байланысты емес.
  • Адамдарға ғана тән қасиет.
  • Ми қабығында жасалады.

Эмоция:

Сезім:

Қорытынды:

Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар жөнді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұуда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді …" т.б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Сезім адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы… Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Адам сезімінің қайнар бұлағы -- бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет