Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам



бет1/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Емтихан билеті № 1

  1. Сөзжасамның басты қызметі

Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасамның тәсілдері:

  1. Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;

  2. Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;

  3. Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;

  4. Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.

Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы – күрделі процесс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет