Емтихан сұрақтары. Орындаған: Болатхан Ажар Қабылбек Нұрдана Мырза Нұрай Сапарғалиқызы Бақерке Сарсенбай Айткүл Пиктографиялық жазу мен идеографиялық жазудың ерекшеліктерін салыстырыңыз. Салыстыру кестесін пайдаланыңыз



Дата02.02.2023
өлшемі15,67 Kb.
#64513

Емтихан сұрақтары.
Орындаған: Болатхан Ажар
Қабылбек Нұрдана
Мырза Нұрай
Сапарғалиқызы Бақерке
Сарсенбай Айткүл
3. Пиктографиялық жазу мен идеографиялық жазудың ерекшеліктерін салыстырыңыз. Салыстыру кестесін пайдаланыңыз.


Пиктографиялық жазу

Ұқсастықтары

Идеографиялық жазу

Бұл жазудың ең алғашқы түрі.Ол суретке негізделген. Сондықтан мұны кейде суретті жазу деп те атап жатады. Пиктографиялық
жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудың таңбалары-суреттер.
Әрбір сурет өздігінен бүтіндей сөйлемді білдіре алады.Ол сурет жеке сөздерге жіктелмейді, бөлшектенбейді. Оларды әр түрлі тілде сөйлейтін халықтар түсіне алады.Себебі олар тілдік формаларды емес, оның мазмұнын белгілейді. Оның шыққан мерзімі тым көне дәуірге барып тіреледі. Қазіргі жазудың негізгі қайнар көзі болды; әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар қабылдай алды.

Жазудың екі түрі де (пиктографиялық, идеографиялық) Қазақстан жерінен табылды. Бұның өзі дүниежүзі халықтары қолданған жазу екендігін дәлелдейді.

Бұл- пиктографиялық жазудың біртіндеп дамуы барысында пайда болған жазу. Жеке таңбалары идеограммалар деп аталады. Бұл жазу заттың өзін емес, шартты формаларын, таңбаларын белгілеу болып табылады. Ең басты айырмашылық таңбалардың формасында емес, оларды білдіретін мағнасын жеткізеді. Ол бұдан 4 мың жыл бұрын жасалған.

Пиктографиялық жазуға малдың,тоғайдың, адамның, аңның суреттері пайдаланылған. Нені хабарлағысы келсе, соның суретін салған. Суретті-синкретикалық жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды.Бұл пиктографиялық жазуды аң аулайтын, балық аулайтын халықтар жиі қолданған. Сондықтан бұны полисинкритикалық тілдерде сөйлейтін халықтар- ацтектер әсіресе, америкалық индеецтер т.б. жиі қолданған. Бұл жазу өте жабайы жазу, ол мазмұнды ойды түгел жеткізе алмады. Бұл жазудың үлгілері қазір де қолданылады. Көшеде жүрудің тәртібін аңғаратын әр түрлі белгілер, магазин мен шаштараз жарнамалары т. б.

Қазіргі кезде екеуі бір ұғым ретінде қолданылады. Екеуі де қазіргі кезде жол жүру қозғалысында, айналамыздағы барлық белгілерде, бізді қоршаған барлық суреттерде қолданылып жүр.Бір қызығы қазір екеуіде бір ұғым ретінде қолданылады.

Идеографиялық жазудың таңбаларын қытай, көне шумер жазуларынан байқауға болады. Идеографиялық жазудың кейбір түрлері қазіргі кезде де қолданылатыны белгілі. Мысалы, автомобильдерге жүруге тыйым салатын белгілер, т.б. ғылым салаларында қолданылатын таңбалар идеограммалар болып саналады. Идеографиялық жазудың үлгілерін казіргі кездегі математика, химия, физика терминдерінің ішінен де кездестіреміз. Мысалы: +— "қосу", = "тең", және т.б.


Екі жазудың кемшіліктері


Пиктографиялық жазу

Идеографиялық жазу

1) жазудың ең алғашқы әрі жабайы түрі болғандықтан алғашқы ойды барлық адам бірдей түсіне алмады;
2) ойды бөлшектеп бере алмады (жанды дегенді адамның не жануардың, затты садақтың немесе қайықтың суретімен беру);
3) дыбысқа негізделмеді (сурет болғаннан кейін);
4) сурет өнерінен ажыратылмады (əуел баста әрі сурет, әрі жазу қызметін атқарды).

1) Идеограммалар өзі белгілеген сөздің дыбысталуын білдіре алмайды;
2) Идеограммалар көп болады және күрделі болады;
3) Идеографиялық жазу грамматикалық формаларды белгілеуге келгенде өте икемсіз келеді.


4. Буын жазуы мен дыбыстық жазудың ерекшеліктерін салыстырыңыз. Салыстыру кестесін пайдаланыңыз.


Буын жазуы

Ұқсастықтары

Дыбыстық жазуы

Жазудың буын жүйесінде таңба буынды белгілейді. Жазудың
буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Таңбалардың фонетикалық
мағынасы жағынан буын жазуын негізгі үш топқа бөліп қарауға
болады:
Мұның бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, сына
жазулары, майя жазуы, лигатуралы дыбыстық корей жазуы
жатады.
Буын жазуының екінші түріне крит-микен буын жазуы, кипр,
эфиопия және жапон буын жазулары жатады.
Буын жазуының үшінші түріне үнді жазуының әр түрлі
жүйелері (кхарошти, брахми, және т.б.) енеді.

Екеуі тізбек тәрізді, бірінен кейін бірі пайда болған. Пайда болуы ғылымға адамзат тарихына үлкен жаңалық алып келді.Яғни буынды жазу әріпті жазудың дамыға версиясы.

Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды.
Әріп жазуының пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын саны мен
сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың
мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет