Эндокриндік жүйенің қызметі; Эндокриндік бездер



бет1/3
Дата18.05.2022
өлшемі26,14 Kb.
#34915
  1   2   3

1.Эндокриндік жүйенің қызметі;
2. Эндокриндік бездер;
3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі;
Гормондардың химиялық структурасы олардың синтезделетін орнымен анықталады, өз кезегінде ол қан ағысымен тасымалдануын, әсер ету механизмін және ыдырау жылдамдығын аньқтайды.
Химиялық табиғаты жағынан гормондар 3 топқа бөлінеді:
I. Белокты - пептидті гормондар.
Бұл топтағы гормондарды 3 топшаға бөлуге болады;
1. Жай белоктық гормондар: инсулин, паратгормон, өсу гормоны, ЛТГ.
2. Күрделі белоктық гормондар: тиреотропты гормон (ТТГ), фолликула стимулдеуші гормон (ФСГ), лютеиндеуші гормон (ЛГ).
3. Полипептидті гормондар: глюкагон, кальцитонин, окситоцин, вазопрессин, адренокортикотропты гормон (АКТГ).
Олардың ішінде біразы белсенді емес прогормондар түрінде түзіледі (инсулин, глюкагон).
II. Стероидты гормондар: кортикостероидтар, жыныс гормондары: ерлер және әйелдер гормоны.
III. Амин қышқылдарының туындылары болатын гормондар: тироидты гормондар (тироксин-Т4, трийодтиронин-Т3), катехоламиндер (адреналин-А, норадреналин-НА).
Гормондардың бұл үш негізгі тобынан басқа гормоноидтар бар. Оларға эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер), ас қорыту жолдарының гормондары, т.б. жатады. Олар синтезделген орнында (мысалы, энтерофинді жасушаларда, семіз жасушаларда түзілетін серотонин, гистамин) жергілікті әсер етеді.

4. Гормондардың жалпы қасиеттері;
Гормондар дегеніміз - аз мөлшерде арнайы жасушаларда түзілетін қанға немесе лимфага бөлінетін, нысана тіндерде зат алмасуды реттейтін, рецепторлар арқылы әсер ететін заттар.
Кұрылысындағы айырмашыльқка қарамастан барлық гормондарда ортақ қасиеттер болады, мұны гормондардың жалпы қасиеттері деп атайды.

  • Әсер ету арнайылығының жоғары болуы. Гормондардың арнайылығы гормондардың химиялық құрылыстарына, синтезделетін орнына, байланысатын рецепторлардың түріне, әсер ету механизміне, нысана жасушаларына және физиологиялық эффектісіне тікелей байланысты. Кез келген гормон бүкіл метаболизм процесіне әсер етпейді, тек белгілі бip заттар алмасуына немесе бip топ реакцияға әсерін тигізеді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет