Энеолит. Ботай мәдениеті



бет1/8
Дата31.12.2021
өлшемі0,6 Mb.
#22871
  1   2   3   4   5   6   7   8

Кіріспе

  • Фашизм (лат. fascismo, fascio – диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі) — 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы. Италияда фашистік партия Б. Муссолинидің басшылығымен билікке 1922 жылда келді, Германияда ҰСЖП (ұлтшыл-социалистік жұмысшы партиясы) 1933 жылы сайлауда жеңіп шықты. Елде қанды қырғынмен лаңкестік диктатура орнатқан А.Гитлер Рейхсканцлер болды. Фашизмнің германдық түрі шектен шыққан ұлтшылдығы мен расизмге орай, нацизм деп аталады. Кейінірек фашистік немесе квазифашистік тәртіптер әлемнің басқа да елдерінде пайда болды. Фашистік идеология өміршең болып шықты, оның жаңғырығы бүгінгі XXI ғасырда да әлемнің әртүрлі елдері мен аймақтарында қылаң беруде. Бірқатар елдерде заңдастырылған немесе жартылай занды азшылық, бірақ едәуір елеулі ұлтшылдық, фашистік немесе квазифашистік тұрғыдағы жастар бірлестіктері байқалуда. Бұл қозғалыстардың бір идеологтары "уақыт сынынан өткен" ұлтшылдық, этникалық артықшылық, ксенофобия идеяларына сүйенсе, енді біреулері этникалық геосаясаттың күні өткен идеяларымен қаруланған, үшіншілері күн өткен сайын үдеп келе жатқан жаһандануға қарсылар қатарын толықтыруға дайын. Фашизм - XX ғасырдағы контрреволюцияның туындысы. Ол демократиялық қозғалыстың көтерілуіне қарсы бағытталған реакция. Қоғамның қайшылықтары шиеленіскен кезде үстем тап бұрынғы нағыз реакцияшыл тәжірибелерін жинақтай отырып, қайшылықтан шығу жолын іздейді. Сондықтан бұл шараларды жүзеге асыруда оларға ұйымдасқан күш керек. Ол күш - адамзаат баласын бүрын тарихта болмаған алапат қырғын әкелген фашизм еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет