Енсебаева Бибигуль мт-11ж 1-модуль: «Педагогиканың әдіснамалық негіздері»



бет1/3
Дата15.03.2022
өлшемі15,45 Kb.
#27992
  1   2   3

Енсебаева Бибигуль МТ-11ж

1-МОДУЛЬ: «Педагогиканың әдіснамалық негіздері».

Тақырып 1. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі педагогика.



Сұрақтар:

  1. Педагогиканың тәуелсіз ғылымға дамуы және бөлінуі;

Педагогика — кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндәрді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, медени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы, этнопедагогикасы, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы т.б. педагогика салалары пайда болды.

Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика. Жалпы педагогика — адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2)дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектептану. Жас кезеңдер педагогикасыпедагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Мектепке дейінгі педагогика — отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектепжасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және нәтижесін айкындайды. Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады. Олар:1.Педагогиканың жалпы негіздері 2. Тәрбие теориясы.3. Дидактика.4. Мектептану (басқару теориясы).Дидактика — педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындалу тәжіриберін зерттеп, шешу.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет