ӘОҚ 612. 825. 8 Жүйке жүйесі мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметтік қабілеттілігін тексеру



Pdf көрінісі
Дата20.02.2017
өлшемі462,59 Kb.
#4561

ӘОҚ 612.825.8 

 

Жүйке жүйесі мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің қызметтік қабілеттілігін тексеру 



әдістері 

 

Нүсіп Наутайұлы Смаил,медицина ғылымдарының докторы, профессор 

Ерлан Базарбекұлы Тлеуов, магистр, аға оқутышы 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 

 

Мақала  спортшылардың  жүйке  жүйесі  және  жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің 

қызметтік қабілеттілігін клиникалық әдістермен және құрал-жабдықтармен тексеруге 

арналған. 

Статья  посвящена  клиническим  и  инструментальным  методам  исследования 

функций нервной и нервно-мышечной систем спортсменов. 

The  article  is  focused  on  clinical  and  instrumental  studies  of  the  nervous  and 

neuromuscular systems athletes. 

Кілт  сөздер:  спортшылар,  жүйке-жүйесі,  жүйке-бұлшық  ет  жүйесі, 

функционалдық  қабілеттілік,  жаттыққандық,  клиникалық  симптомдар,  құрал-

жабдықтар, 

хронаксиметрия, 

электромиография, 

миотонометрия, 

электроэнцефалография, динамометрия, рефлекстер. 

 

Спортшыларды  кешенді  зерттеу  барысында  жүйке  жүйесі  мен  жүйке-бұлшық  ет 



жүйесінің  қызметін  білудің  маңызы  зор,  себебі  организмде  жүріп  жатқан  барлық 

физиологиялық  процестерді  реттеуде  олардың  рӛлі  ерекше.  Мысалы,  орталық  жүйке 

жүйесі  тірек-қимыл  аппараты  мен  вегетативтік  функциялар  арасында  байланысты 

қамтамасыз етеді. Адамның жұмыс істей алу  қабілеті жүйке жүйесі мен жүйке-бұлшық ет 

жүйесінің функциялық жағдайына байланысты. Спортпен жүйелі шұғылданудың әсерінен 

туатын  жаттыққандық  қасиеттің  кӛтерілуін  қамтамасыз  ететін  бірегей  фактор  –  жүйке 

жүйесі  мен  жүйке-бұлшық  ет  жүйесі  қызметінің  жетілуі.  Сондықтан  спортшыларды 

медициналық тексеру кезінде дене жүктемелерін орындауға осы жүйелердің дайындығын 

анықтайды. 

Машықтандыратын  жаттығуларды  жекешелендіру  және  тағы  басқадай  мақсат-

міндеттерді  орындау  үшін,  оқытушы  мен  бапкер  жүйке  жүйесі  мен  жүйке-бұлшық  ет 

жүйесін  зерттейтін  негізгі  клиникалық  әдістермен  де  таныс  болуы  керек.  Мысалы, 

мынадай  әдістерді  білген  жӛн:  хронаксиметрия,  электромиография,  миотонометрия, 

электроэнцефалография және тағы басқа [1]. 

Жүйке  жүйесінің  қызметін  зерттейтін  клиникалық  әдістер  қатарына,  ең  алдымен, 

анамнез  жатады.  Сыр  тартып  сұрау  арқылы  он  екі  жұп  ми  жүйкелерінің  қызметінен 

мағлұмат  алады.  Осымен  қатар,  жүйке  жүйесінің  үйлестіретін  қызметін,  сіңірлер 

рефлекстерін, талдағыштар мен вегетативтік жүйкелер жағдайын тексеру жүргізіледі. 

Зерттелуші  спортшыдан  жүйке  жүйесінің  қандай  аурулары  мен  жарақаттары 

болғаны  және  олардың  себептері,  пайда  болған  және  созылған  уақыттары    туралы 

мағлұматтар  алынады.  Мысалы,  боксшы  болса  нокаут,  нокдаун  болғанын  немесе 

болмағанын білу керек, себебі олардың салдары орталық жүйке жүйесінің бұзылыстарына 

соғуы мүмкін. 

Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары секемшілдік, тұрақсыздық, құбылмалылық 

және қызметтік қабілеттіліктің тӛмендеуі сияқты симптомдармен білінеді. Егерде осындай 

симптомдар болса, оларға баса назар аудару керек.  

Шеткі  жүйке  жүйесінің  бұзылыстары  кӛбіне  жұлын  түбіршектері  мен  жүйке 

діңдері  бойында  ауырсынумен,  бұлшық  еттердің  әлсіздігімен,  сезгіштіктің  ӛзгеруімен 

білінеді.  Сезгіштік  қол-аяқтың  ұйып  қалуы,  жер-жердің  күйіп    тұрғаны  немесе  тері 


бетімен құрт-құмырсқаның жүріп жүргені сыяқты сезімнің пайда болуымен сипатталады. 

Кейбірде тері сезімі жоғалып та кетеді.  

Зерттелушінің арыздары мұқият тексеріледі, себебі олар орталық және шеткі жүйке 

жүйесінің  ауруларынан  немесе  жарақаттарынан  туады.  Эпилепсия  ауруының  симптомы 

болып  келетін  естен  айырылу  мен  тырысып  қалудың  бар-жоғын  анықтайды.  Егерде 

мұндай ауру болатын болса, спортпен шұғылдануға тиым салынады [2].  

Спортшыдан  анамнез  дұрыс  және  бағытты  жиналса  жүйке  жүйесінің  негізгі 

қасиеттері  жӛнінде құнды деректер алынады. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттеріне қозу 

мен  тежелудің  күші,  олардың  тепе-теңдігі  мен  құбылмалылығы  жатады  да,  спорттық 

нәтижеге  жеткізетін  бірден-бір  маңызды  физиологиялық  құбылыстар  болып  келеді.  Бұл 

процестер  спортшының  ерлігін,  белсенділігін,  мақсатшылдығын  және  тағы  басқа  адами 

қасиеттерін  қалыптастырады.  Жоғары  жүйке  жүйесінің  процестері  күшті,  қозу  мен 

тежелуі  тепе-тең,  құбылмалылығы  жақсы  болса,  спортшылардың  қызметтік  қабілеттілігі 

жоғары болады және оны оңтайлы деңгейде ұстап тұра алады, шаршағандықты оңай жеңе 

алады,  қиын  жағдайларда  да  тез  жинақталып,  ілгері  ұмтылады.  Орталық  жүйке 

жүйесіндегі  қозу  мен  тежелу  процестерінің  тепе-теңдігі  ұстамдылықты,  кӛңіл-күйдің 

тұрақтылығын, байсалдылық мінезді, тәртіптілікті қалыптастырады. 

Жүйке жүйесінің жақсы құбылмалылық қасиеті, бір әрекеттен екінші бір әрекетке 

шапшаң ауыса, ӛзгермелі орта жағдайларына оңай бейімделе алатындықпен сипатталады. 

Осындай  қасиеттің  иегері  қатты  ұйықтап  қала  алады,  жаңа  амалдар  мен  дағдыларға 

шапшаң  үйренеді.  Жоғары  жүйке  жүйесінің  осындай  ерекшеліктерін  білу,  оқытушы-

жаттықтырушы  процесін  дұрыс  жүргізуге  кӛмектеседі.  Мысалы,  бір  спортшыны  қолдау, 

екінші біреуін қорғау, үшінші біреуіне сын айту,  тӛртіншісін жігерлендіру қажет [3].   

Он  екі  жұп  ми  жүйкелерінің  қызметі  жӛнінде,  олардың  аурулары,  жарақаттары, 

қабынулары  бар-жоғын  сұрап  біледі.  Осымен  қатар  қарапайым  объективті  әдістерді 

қолданады.  Мысалы,  кӛз  қозғалтқыш  жүйкесін  тексеру  үшін  зерттелушіге  жоғары,  оңға, 

солға қарауды ұсынады, мұрынының ұшына сұқ саусағын жақындатып қарауды сұрайды. 

Екі  кӛздің  тік  және  кӛлденең  бағыттағы  үйлесімді  қозғалыстары  арқылы,  үшінші  жұп 

жүйкесінің зақымы бар-жоғын анықтайды. 

Бет  бұлшық  еттерінің  жүйкесі  қызметін  тексеру  үшін  зерттелушіні  қабақтарын 

кӛтеріп-түсіруді,  кӛздерін  ашып-жұмуды,  тістерін  ақситуды,  шықшыттары  мен  беттерін 

томпайтуды  сұрайды.    Осы  тапсырмаларды  зерттелуші  орындай  алмаса,  бет  жүйкесінің 

зақымдалғаны.  Мұның  белгілері  кӛздерін  аша  алмау,  мұрын-ерін  сайының  жойылуы, 

ауыздың бір жаққа қисаюы. 

Тіл асты жүйкесінің қызметін білу үшін зерттелушіге тілін шығару ұсынылады. Тіл 

асты жүйкесінің сыңары зақымдалған болса, тіл ұшы зақымдалған жаққа қарай қисаяды, 

адамның сӛз сӛйлеуі баяулайды, кейбір сӛздер мен сӛз тіркестерін ол айта алмайды. Тіл 

асты  жүйкелері  толық  зақымдалған  жағдайда  тіл  қозғалудан  қалады  және  осының 

себебінен адам сӛйлей алмайды [4].  

Он  екі  жұп  ми  жүйкелері  қызметін  тереңдете  тексеруге  арнайы  әдістер  жасалған. 

Мұндай әдістер бастың жарақаттары болатын спортпен шұғылданушыларды зерттеу үшін 

маңызды.  Мысалы,  боксшыларда,  велосипедшілерде,  мотоциклшыларда  құлау  және 

соғылу  салдарынан  бас  жарақаттары  жиі  болады.  Бұларға  неврологиялық  дәрігерлік 

тексерулер мұқият жүргізілуі керек [5]. 

Ми  қыртысының,  ми  асты  құрылымдарының,  мишықтың,  вестибуляр 

аппаратының, қимыл талдағышының қызметі ӛзара үйлесімді түрде жүреді. Жүйелі және 

ұтымды машықтанулар орталық жүйке жүйесінің үйлесімділік қызметін жетілдіреді. Аса 

қатты  шаршаудан,  титықтаудан  немесе  мида  пайда  болатын  дерттік  процестерден 

қимылдар үйлесімділігі бұзылады. Мұны динамикалық атаксия деп атайды. Осымен қатар 

статикалық  атаксия  болады.  Атаксияның  осы  түрі  тепе-теңдіктің  бұзылыстарымен 

сипатталады.  


Жүйке  жүйесінің  үйлесімділік  функциясын  зерттеу  үшін  динамикалық  және 

статикалық  үйлесімділік  сынамаларын  жүргізеді.  Статикалық  үйлесімділікті  Ромберг 

сынамасымен  зерттейді  [6].  Зерттелуші  бір  аяғының  ӛкшесін  екінші  аяғының  тізесіне 

тигізіп тұрып, кӛзін жұмған қалпында қолдарын ілгері созады. Тұрған қалыптың уақыты 

тіркеледі.  Екіншіден,  зерттелушінің  тұрақтылығына  баға  беріледі.  Дәрігер  назарын 

қозғалыс бар ма -жоқ па, қабақтар дірілі бар ма - жоқ па соған аударады. Саусақтардың, 

қабақтардың  дірілін  тремор  деп  атайды.  Егерде  зерттелуші  тұрған  қалыпта  қозғалмай, 

шайқалмай  кемінде  15  сек  шыдаса  және  саусақтары  мен  қабақтары  дірілдемесе, 

үйлесімділік  функциясы  жақсы  деп  бағаланады.  Егерде  саусақтары  мен  қабақтары 

дірілдеп,  15  сек  ішінде  шайқалып  кетсе,  статикалық  үйлесімділік  функциясы 

қанағаттанарлықсыз болып саналады. 

Динамикалық  үйлесімділікті  тексеру  үшін  саусақ-мұрын  сынамасын  жүргізеді. 

Зерттелуші  кӛзін  жұмып  тұрып  саусақ  ұшын  мұрын  ұшына  тигізуі  керек.  Сынаманы 

орындау  барысында  қол  дірілдесе  және  саусағын  мұрын  ұшына  тигізе  алмаса,  адамның 

динамикалық үйлесімділік  қызметі бұзылғаны. Бұл, әсіресе, ми жарақаттарын алғандарда 

кездеседі.  

Сіңір  рефлекстері  сіңірлерді  тітіркендірсе  туады.  Сынама  дене  жұмысы    әсерінен 

рефлекторлық  сферада  туған  функциялық  ӛзгерістерді  анықтауға  кӛмектеседі.  Әдетте, 

қолдың  екі  басты,  үш  басты  бұлшық  еттер  сіңірлерінің  және  аяқта  тізе  және    ахилл 

сіңірлерінің  рефлекстері,  неврологиялық  балғашамен  үстінен  ұрып  қалу  арқылы 

тексеріледі.  Рефлекторлық  жауаптар  дәрежесіне  баға  беріледі.  Жауаптар  табанның 

бүгілуімен,  білектің  және  тілерсектің  жазылуымен  білінеді.  Орталық  жүйке  жүйесі 

зақымданған  болса,  сіңір  рефлекстері  бұзылады.  Мысалы,  орталық  жүйке  жүйесінің 

қозғыштығы  жоғары  болса,  сіңірлерден  алынған  жауаптар  дәрежесі  жоғары  болады,  ал 

қозғыштығы  тӛмендесе,  мүшенің  рефлекстері  бәсеңдейді.  Дерттік  процестердің 

ауырлығына  байланысты  рефлекстер  жоғалып  кетуі  де  мүмкін.  Мұндай  симптом 

рефлекторлық доғаның  үзіліп кеткеніне нұсқайды немесе жүйке-бұлшық ет жүйесінің аса 

қатты шаршағандығын кӛрсетеді [7].  

Барлық талдағыштардың үйлесімді қызметінің нәтижесінде спортшыда ӛте күрделі 

«қар  сезімі»,  «су  сезімі»  сияқты  сезімдер  қалыптасады.  Спортшылардың  кӛру,  есту, 

вестибуляр,  қимыл,  тері  талдағыштарын  зерттейді.  Мысалы,  тері  талдағышын  теріге 

ыстық-суықты  тигізу,  ауыру  сезімін  ине  қадау  арқылы  тексереді.  Ине  ұшын  терінің 

әртүрлі  аумағына  шаншумен,  нүктелердің  симметриясы  мен  топографиясын  анықтайды 

[8].  Ыстық  және  суық    су  құйылған    пробиркаларды  терінің  әрбір  жеріне  тигізумен, 

термотопографиясы    мен  сезгіштігін  тексереді.  Тию  сезімін    мақтаны  немесе  жеңіл 

кисточканы  теріге  тигізумен  зерттейді.  Егерде  тері  талдағышы  зақымдалған  болса,  

сезімдер  жоғалады  немесе  кӛтеріледі  немесе  тӛмендейді.  Осындай  ӛзгерістердің 

диагностикалық маңызы зор.  

Спортшыларда  невриттер  мен  плекситтер  жиі  кездеседі.  Бұлар  жүйке 

талшықтарының  қабынуынан  пайда  болады  және    қатты  ауырсыну  сезімімен  білінеді. 

Жүйке  талшықтары  мен  діңдері  шеткі  жүйке  жүйесін  құрайтыны  белгілі.  Бұлардың 

ауруларын  анықтаудың  түрлі  әдістері  бар.  Солардың  бірі  жүйкені  ұзына  бойын  басу. 

Жүйке  талшығын  басқан  кезде  ауырсыну  байқалады.  Мысалы,  шонданай  жүйкесі  жиі 

қабынады. Қабынғанда ауырсыну сезімі күшті білінеді, әсіресе жүйкені басқан және тізе 

буынын жазған кезде ауырсыну күшейе түседі. 

Қимыл  талдағышы  функциясын  буын-бұлшық  ет  сезімін  тексеру  арқылы 

анықтайды.  Оған  мынадай  сынамаларды  жасайды.  Мысалы,  аяқ-қолдарды  тапсырған 

бұрыштарда бүгіп-жазу, кӛзді жауып тұрып динамометрге салған күшті бағалау және тағы 

басқа.  Салған  күш  бағасының  қатесі  15-20%  аспаса,  буын-бұлшық  ет    қалыпты  деп 

саналады. 

Кӛру  талдағышын  кӛздің  кӛру  ӛткірлігін,  кӛретін  аумағын,  кӛздің  түбін,  кӛз 

қарашығының  рефлексін,  бұлшық  еттері  жұмысының  үйлесімділігін  зерттеу  арқылы 



бағалайды.  Волейбол,  футбол,  баскетбол,  бокс  ойнауға    машықтану  барысында  кӛздің 

кӛретін аумағы кеңейеді, бұлшық еттері жүмысының үйлесімділігі жақсарады.  

Есту  талдағышын  құлақтың  анық  еститін  қабілетін  тексеру  арқылы  бағалайды. 

Егерде  зерттелушінің  құлағы  сыбырлаған  сӛзді  5-6  м  жерден  ести  алса,  есту  қабілеті 

қалыпты  деп  саналады.    Қазіргі  заманда  адамның  есту  қабілетін  аудиометр  деген 

аппаратпен  зерттейді.  Аудиометр  құралы  есту  талдағышының  зақымдалған  жерін 

анықтауға  мүмкіндік  береді.  Кеңістікте  дыбысты  қабылдай  алатын  қасиетті  сағат 

тықылының қай жерден шығып тұрғанын анық табу арқылы сынайды. 

Бас  пен  дененің  қалпын  кеңістікте  вертикальды  ұстап  тұру  қасиеті,  ӛте  күрделі 

жүйе  болып  келетін  вестибуляр  аппаратымен  жасалатыны  белгілі.  Осымен  қатар  бұл 

аппарат  дененің  ілгерілемелі,  айналмалы  және    үдемелі  қимыл-қозғалыстары  кезінде  де, 

оның  бағыты  туралы  орталық  жүйке  жүйесіне  дәлме-дәл  ақпарат  беріп  тұрады.  Күрделі 

ілгерілемелі,  айналмалы  және  үдемелі  дене  жаттығуларымен    ұзақ  та,  жүйелі  де  түрде 

шұғылданатын  кӛркем  және  спорт  гимнасшыларының,  акробаттар  мен  суға 

секірушілердің,  слаломшылардың  вестибулярлық  аппараты  жақсы  жетіледі.  Кейбір 

адамдардың вестибуляр аппараты жетілмеген әрі сезгіш болады да, айналмалы қимылдар 

жасаса басы айналады, құсады, жүрегі айниды, жүрек соғысы баяулайды. 

Вестибуляр  аппаратын  айналдыратын  сынамалармен  зерттейді.  Мұның  ең 

қарапайымы Яроцкий сынамасы. Зерттелушіге бір секунд ішінде бір жағына қарай басын 

еңкейтіп  тұрып  екі  рет  айналу  тапсырылады.  Егерде  ол  жаттығуды  тепе-теңдігін  сақтай 

отыра  орындаса,  вестибуляр  талдағышы  қалыпты  деп  саналады.  Спортпен 

шұғылданбайтындар  вестибуляр  аппаратына  түскен  осындай  жүктемеден  кейін  тепе-

теңдігін  28  сек  бойы  сақтаса,  спортшылар  90  сек  бойы  сақтай  алады.  Айналдыратын 

сынама  жасауға  Барани  креслосы  да  қолданылады.  Басын  90°  дейін  еңкейтіп  креслода 

отырған    зерттелушіні  20  сек  ішінде  10  рет  айналдырады.  Осыдан  кейін  ол  тік  тұрып, 

шайқалмай,  жүрегі  айнымай,  пульсі  жиілемей  жүруіп  кетуі  керек,  сонда  вестибуляр 

аппараты тұрақты деп бағаланады [9]. 

Вегетативтік  жүйке  жүйесі  барлық  мүшелер  мен  жүйелерді  жүйкелендіретіні 

белгілі.  Ол  организм  қызметін  сыртқы  және  ішкі  орта  талаптарына  сай  реттеп  отырады. 

Әсіресе ол жасушалардың ӛсіп-жетілуін, зат алмасуын қамтамасыз етеді. 

Вегетативтік  жүйке  жүйесі  екі  бӛлімнен  тұрады.  Олар  симпатикалық  және 

парасимпатикалық бӛлімдері. Екі бӛлім мүдделес те, кереғар да функцияларды туғызады. 

Мысалы,  парасимпатикалық  жүйке  тонусы  кӛтерілсе,  жүрек  соғысы  сирейді.  Осы  кезде 

симпатикалық  жүйкелер  әсерінен  шеттегі  қантамырлар  ӛзегі  ашылады  да,  артериялық 

арнаның қанға сыйымдылығы артады. 

Дене 


жаттығуларымен 

ұзақ 


та, 

жүйелі 


де 

шұғылдану 

нәтижесінде 

парасимпатикалық  жүйкесінің  қызметі  басым  болады.  Осының  нәтижесінен  жүрек-

қантамыр,  тыныс  жүйелерінің  функциясы  үнемді  бола  бастайды.  Бұл  жүрек  соғысының 

баяулауымен,  тыныстың  сиреуімен  және  тереңдеуімен,  артериялық  қысымның 

тӛмендеуімен  білінеді.  Дене  жаттығуларымен  шұғылдана  бастаған  және  аяқтаған  кезде  

симпатикалық  жүйке  тонусының  кӛтерілуі  және  басым  болуы,  жұмысқа  жақсы 

бейімделгендіктің белгісі болып саналады. 

Аса 


қатты 

машықтанғаннан 

қажыған 

жағдайда 

симпатикалық 

және 


парасимпатикалық  бӛлімдердің  ара  қатынасы  бұзылады.  Бұл  симпатикалық  жүйке 

тонусының басымдылығына әкеледі. 

Вегетативтік 

жүйке 


жүйесін 

зерттеудегі 

мақсат 

симпатикалық 



және 

парсимпатикалық  бӛлімдерінің  ара  қатынасын,  олардың  синергиялық  әрекеті 

бұзылыстарын,  яғни симпатикалық  және парасимпатикалық жүйелер қозғыштығын және 

олардың  қаналғанын  табу.  Осы  үшін  бірқатар  әдістер  қолданылады:  жүрек-қантамыр 

жүйесінің  функциялық  күйін  бағалау;  дене  температурасын  ӛлшеу;  терінің  секреторлық 

рефлекстерін  ﴾тер,  сілекей  бӛлу    рефлекстерін﴿  зерттеу;  кӛз  қарашығының  жүйкеленуін 

байқау.  


Спортшылардың  вегетативтік  жүйке  жүйесінің  функциялық  күйін  бағалау  үшін 

жүрек-қантамыр сынамалары кең тараған. Оларға клиностатикалық, ортостатикалық және 

Ашнердің  кӛз-жүрек  сынамалары  жатады.  Клиностатикалық  және  ортостатикалық 

сынамалар мазмұны мынада: спортшының тұрған қалпында және жатуға  кӛшкен кезінде 

пульсі  саналады.  Пульс  бастапқы  және  дене  қалпы  ӛзгерген  кездердің  алғашқы  15 

секундында саналады. Оның бір минут ішінде жиілеген немесе сиреген дәрежесі негізінде, 

вегетативтік жүйке жүйесінің қозғыштығы туралы пікір қалыптастырады. 

Парасимпатикалық  бӛлімнің  белсенділігі  қалыпты  болса,  зерттелуші  тік  тұрған 

қалыптан  жатуға  кӛшкен  кезде  пульсі  бір  минутта  4-12  ретке  дейін  сирейді 

(клиностатикалық  сынама).  Егерде  пульсі  1  мин  ішінде  12  реттен  артық  сиресе, 

парасимпатикалық  жүйке  жүйесі  белсенділігінің  жоғары  болғаны.  Дене  кӛлденең 

қалыптан  тік  қалыпқа  ауысқанда  (ортостатикалық  сынама),  пульс  минутына  6-18  ретке 

жиілейді.  Пульстің  18  артық  жиілегені  симпатикалық  жүйкенің  басым    екенін  кӛрсетеді 

[10].  


Вегетативтік  жүйкенің  парасимпатикалық  бӛлімінің  қозғыштығын  Ашнер 

сынамасымен  де  зерттейді.  Сынаманы  былай  жүргізеді.  Кӛзін  жұмып  жатқан 

зерттелушінің  кӛз  алмасын  екі  жағынан  қысып  басады.  Сонда  10  сек  соң  оның  жүрек 

соғысы  4-10  ретке  сирейді.  Егерде  парасимпатикалық  жүйке  жүйесінің  қозғыштығы 

зерттелушіде  жоғары  болса,  жүрек  соғысы  10  артық  сирейді.  Ал  симпатикалық  жүйке 

жүйесінің  қозғыштығы  жоғары  болса,  жүрек  соғысының  жиілігі  ӛзгермейді  немесе 

жиілейді.   

Орталық  жүйке  жүйесінің  бір  мүшесі  мидың  қызметін  зерттейтін  әдістердің  бірі 

электроэнцефалография.  Мидың  биопотенциалдары  арнайы  электродтарды  бастың 

әртүрлі  жеріне  орнату  арқылы  тіркеледі.  Мидың  биопотенциалдары  альфа  және  бетта–

ырғақты  толқындар  болып  ажыратылады.  Осы  толқындар  жиілігімен  ﴾гц﴿  және 

амплитудасымен  ﴾мкв  ﴿сипатталады.  Қалыпты  жағдайда  альфа  толқындарының  жиілігі 

секундына  8-12  гц,  амплитудасы  20-60  мкв.  Мидың  әртүрлі  бӛлімінде  осы  кӛрсеткіштер 

әртүрлі  болып  келеді.  Спорттық  медицинада  электроэнцефалография,  әдетте,  мидың 

жарақаттанған жерін анықтау үшін, кӛбіне ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. 

Кӛздің электрлік сезімталдығыкӛру талдағышының орталық және шеткі бӛлімдері 

қозғыштығын  сипаттайды.    Кӛз  алмасы  арқылы  жіберген  электр  тоғының  тізбегін  қосса 

және  үзсе,  зерттелушіде  фосфен  деп  аталатын  жарық  сезімі  пайда  болады.  Электродтың 

біреуін  зерттелуші  кӛзінің  бұрышына  жапсырады,  ал  екіншісін    ол  ӛз  қолында  ұстап  

отырады. Кӛру талдағышының жауап реакциясын  туғызатын электр тоғының минималды 

кернеуін, кӛру реобазасы деп атайды. Реакция жіберген тоққа ӛте шапшаң жарқыл болып 

сезіледі.  Кӛру  реобазасы    қозғыштық  табалдырығы  болып  келеді  де,  вольтпен 

сипатталады.  Тыныштық  күйде  спортшыларда  ол  0,5-7,0  вольт  шегінде.  Егерде  реобаза 

0,5-7,0  вольт  болса,  кӛру  талдағышының    қозғыштығы  жоғары,    4,0-6,0  вольт  болса  – 

орташа, ал 7,0 вольт кӛп болса – тӛмен болғаны. Машықтанып болғаннан кейін осы әдісті 

қолданса,  орталық  жүйке  жүйесінің  шаршағандығы  туралы  мағлумат  алуға  болады. 

Машықтанудан  немесе  жарыстан  соң  кӛру  талдағышының  қозғыштығы,  тыныштық 

күйдегі 


қозғыштығымен 

салыстырғанда 

тӛмендесе, 

шаршағандықтың 

жоғары 

дәрежесімен  сонша  сәйкес  болғаны.  Осы  әдіс  бұрынғы  қалыпқа  келу  кезеңін  де  бағалау 



үшін құнды [11].  

Жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің  қызметтік  қабілеттілігін  зерттеуге  сұрау,  кӛру,  басу, 

бұлшық еттердің негізгі  физиологиялық  қасиеттерін немесе олардың қозғыштығын және 

құбылмалылығын  хронаксиметриямен,  жиырылу  қасиетін  қозғалыс  реакциясы 

шапшаңдығымен,  қол-аяқтар  қимылдарының  максималды  жиілігі  мен  шапшаңдығын 

зерттейді.  Қол-аяқ  бұлшық  еттерінің  тартылуы  мен  тырысуларын,  әлсізденуін,  сезімінің 

бұзылулары  бар-жоғын  сұрап  біледі.  Тірек-қимыл  аппаратының  жарақаттары  немесе 

аурулары  болған–  болмағанын  анықтайды.  Кӛру  арқылы  бұлшық  еттердің  дамыған 

дәрежесіне  назар  аударады.  Жеке  бұлшық  еттердің  семуі  бар-жоғын  байқайды.  Буындар 


қозғалыстарының аумағын тексереді. Бұлшық еттердің қаттылығын, ісінгенін, ауырғанын 

басып кӛріп анықтайды. 

Жүйке-бұлшық  ет  қозғыштығы  мен  құбылмалылығын  хронаксиметрия  әдісімен 

зерттейді.  Мұнда  жүйке-бұлшық  ет  аппаратының  қимыл  реобазасы  мен  хронаксия 

табылады.  Реобаза  бұлшық  еттің  жиырылуын  туғызатын  минималды  күші  бар 

тітіркендіргіш.  Тітіркендіргіш  күшін  хронаксиметр  құралын  пайдалана  отырып  табады. 

Зерттелушінің  бұлшық  етіне  электр  тітіркендіргішін  жібереді  де,  жауап  реакциясын 

тіркейді.  Реобаза  тӛмен  болса,  зерттелуші  бұлшық  еттің  электрлік  қозғыштығы  жоғары 

болғаны. Хронаксия – бұлшық етке берілген электр тоғына жауап реакциясының уақыты. 

Хронаксия  жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің  құбылмалылығын  сипаттайды,  дәлірек  айтқанда, 

бұлшық  еттің  қозуға  келу  шапшаңдығын  сипаттайды.  Хронаксия  сигмамен  әйгіленеді.  

Әртүрлі  бұлшық  еттердің  реобазасы  мен  хронаксиясы  бірдей  емес.  Мысалы,  екі  басты 

бұлшық еттің реобазасы 20-50 вольт, ал хронаксиясы 0,06 - 0,14 сигма, санның тӛрт басты 

бұлшық етінің реобазасы 70-105 вольт, ал хронаксиясы 0,08-0,24 сигма. Хронаксиметрия 

әдісінің кӛмегімен жүйке-бұлшық ет жүйесінің үлкен дене жүктемелерін орындауға дайын 

екенін  білуге  болады.  Жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің  функциялық  күйі  жақсарған  сайын 

кереғар  бұлшық  еттерінің  реобазасы  мен  хронаксия  кӛрсеткіштері  жақындай  түседі. 

Хронаксиметрияны  жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің  жарақаттары  мен  ауруларынан  кейін 

қайта қалыпқа келгенін немесе келмегенін бағалау үшін де қолданады [12].  

Қол-аяқ 


қозғалыстарының 

шапшаңдығы 

жүйке-бұлшық 

ет 


жүйесінің 

құбылмалылығын,  шаршағандық  дәрежесін,  қайта  қалыпқа  келу  процестерін,  жүйке-

бұлшық ет аппаратында пайда бола бастаған дертті ӛзгерістерін ашуға мүмкіндік береді. 

Осы  мақсатта  түрлі  рефлексометрлерді  қолданады.  Рефлексометр  спортшының  дыбысқа 

немесе жарыққа жауап реакциясын тіркейді. 

Электромиография электромиограф деп аталатын арнайы құралмен қаңқа бұлшық 

еттерінің  биопотенциалдарын  тіркейтін  әдіс.  Биопотенциалдар  дененің  әрбір  жеріне  

жапсырылған электродтардан әкетіледі. Биопотенциалдарды жазып алу тыныштық күйде, 

дене 

жұмысы 


кезінде 

немесе 


статикалық 

күштену 


кезінде 

жүргізіледі. 

Электромиограммалар  жиілігі  мен  амплитудасы  бойынша  бағаланады.  Бұлшық  ет 

шаршаған  кезде  биопотенциалдар  жиілігі  азаяды,  ал  амплитудасы  кішірейеді.  Жүйке-

бұлшық ет жүйесінің жоғары функциялық күйі, бұлшық еттердің жоғары ырғақты сақтай 

алатын мүмкіншілігімен сипатталады. 

Электромиография  әдісі  тітіркендіргіш  әсер  еткен  сәттен  бастап,  бұлшық  еттің 

жауап реакциясы туған сәтіне дейінгі арасын ӛлшеуге мүмкіндік береді. Бұл бұлшық еттің 

ширығуы  мен  босаңсуының  құпия  уақыты.  Осы  уақыт  арқылы  жүйке-бұлшық  ет 

жүйесінің  құбылмалылығы  туралы  кӛзқарас  қалыптастырады.  Спортшылардың  жүйке-

бұлшық  ет  жүйесінің  функциялық  күйі  жақсарса,  бұлшық  еттің    ширығу  және  босаңсу  

уақыты  жақындайды.  Бұлшық  еттің  максималды  жиырылу  жиілігі  10  сек  ішінде 

зерттеледі.  Қозғалыстарды  3-4  қабат  орындаған  кезде  ырғағы  тұрақты  болса,  зерттелуші 

бұлшық еттерінің қызметтік қабілеттілігі жоғары деп саналады. 

Электромиографиялық  зерттеулер  дәрігер  кабинетінде  де,  далада  да  жүргізіледі. 

Кереғар  бұлшық  еттерді  электромиографиялық  әдіспен  зерттеу,  жүйке-бұлшық  ет 

жүйесінің  дайындығын бағалауға  мүмкіндік береді. Электромиография жүйке-бұлшық ет 

жүйесінің жарақаттары мен ауруларынан кейінгі  функциясының қайта қалыпқа келуінен 

мағлұмат беретін объективті әдіс болып келеді. 

Миотонометрия  бұлшық  еттердің  қаттылығын  немесе  тонусын  ӛлшейтін  әдіс. 

Ӛлшеу  пружиналы  немесе  электрлі  миотонометр  кӛмегімен  жүргізіледі.  Осы  құралдар 

бұлшық  еттің  оған  қадаған  датчигінің  ұшына  келтірген  кедергі  мӛлшерін  бағалайды. 

Құралдың шкаласы 0-ден 100 дейін бӛлініп қойылған. 100 бӛлігі шынының қаттылығына 

сай  келеді.  Тонус  мӛлшері  шартты  бірлікпен  миотонмен  айқындалады.  Бір  миотон  бір 

шартты  бірлікке  сай.  Тонус  симметриялық  нүктелерде,    алдымен  бұлшық  ет  босаңсыған 

күйде,  сонан  соң  қатты  ширыққан  күйде  ӛлшенеді.  Ширығу  тонусы  бұлшық  еттің 



жиырылуға  қабілеттілігін,  ал  босаңсу  тонусы  олардың  босаңсуға  қабілеттілігін 

сипаттайды. 

Жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің  бірден-бір  функциялық  күйінің  кӛрсеткіші  ширығу 

тонусы  мен  босаңсу  тонусының  айырмасы  немесе  амплитудасы.  Жүйке-бұлшық  ет 

жүйесінің  жақсы  функциялық  күйі  70  миотоннан  артық  ширығу  тонусымен  және  34-39 

бӛлім  амплитудасымен  сипатталады.  Жүйке-бұлшық  ет  жүйесінің  функциялық  күйінің 

жоғарылауына сәйкес, бұлшық еттердің жиырылғыштық қасиеті жоғарылайды да, ширығу 

тонусының  тӛмендеп,  босаңсу  тонусының  жоғарылауымен  білінеді.  Осыдан  басқа, 

тонустың  оң  және  сол  жақтағы  кӛрсеткіштерінің  айырмасы  азаяды  немесе  мұны 

функциялық  «ассиметрияның»  майдалануы  деп  атайды  және  бұл  бұлшық  еттердің 

қызметтік  қабілеттілігінің  кӛтерілгенін  кӛрсетеді.  Дене  жүктемесіне  дейінгі  және  онан 

кейінгі  миотонометрия  кӛрсеткіштерінің  ӛзгерістері  арқылы  жүйке-бұлшық  ет  жүйесі 

шаршағандығын және қызметінің қалпына келгенін байқауға болады [13]. 

Динамометрия  -  бұлшық  еттер  күшін  ӛлшеу  әдісі.  Бұл  жүйке-бұлшық  ет  жүйесін 

зерттеуге  қолданатын  кең  тараған  әдіс.  Қол  күші  мен  бел  күші  жиі  ӛлшенеді.  Ол  үшін 

арнайы  динамометрлер  болады.  Алуан  түрлі  бұлшық  ет  топтарының  күші  ӛлшенеді: 

шынтақ  буынын  бүгушілердің,  қол  басын  бүгуші  мен  жазушы  бұлшық  еттердің  күші. 

Динамометрияның  кемшілігі  автоматты  түрде  нәтижелерді    жазып  алу  мүмкіндігінің 

жоқтығында.  Мұның  кемшілігін  динамография  жояды.  Ол  салынған  күштің  шамасын 

жазып  тұратын  құралға  береді.  Зерттелуші  сынап  манометрімен  қосылған  рәзеңке 

грушаны  максималды  сығымдай  қысады.  Манометр  түтігінің  бос  ұшы  рәзеңке  түтік 

арқылы Марей капсуласымен жалғанған, ал мұның қалам ұшы айналып тұрған кимограф 

қағазына қисығын жазады. Жазылып  алынған динамографиялық  қисық  салынған күштің 

дәрежесін  білуді  ғана  мүмкін  етпей,  белгілі  бір  деңгейде  күшті  қанша  уақыт  ұстап  тұра 

алатындығы  жӛнінде,  демек  бұлшық  еттердің  статикалық  күштенуге  тӛзімділігін 

бағалауға да мүмкіндік береді. 

Жүйке  және  жүйке-бұлшық  ет  жүйесін  зерттегеннен  алынған  деректер  осы 

жүйелерге  жүктемелер  әсерінің  дәрежесі  туралы  пікір  туғызады.  Қорыта  айтқанда, 

оқытушы  мен  бапкер  спортшының  жүйке-бұлшық  ет  жүйесін  зерттейтін  Ромберг, 

Яроцкий,  клиностатикалық,  ортостатикалық  сынамаларын,  бұлшық  ет  қозғалыстары 

шапшаңдығын, динамометрия, миотонометрия әдістерін үйренгені қажет. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Триумфов А.В. Топическая диагностика заболеваний нервной системы. М. 1998. 



2.

 

Ходос Х.Г. Нервные болезни. Москва: Медицина, 1999г., 511с. 



3.

 

Мустафина Т.К. Спорттық медицина.- Алматы, 1997 



4.

 

Дубровский  В.И.  Спортивная  медицина.  -  М.:  Гуманит.  изд.  центр  ВЛАДОС 



2002.—512 с. 

5.

 



Макарова Г.А. Спортивная медицина.- М., 2003 

6.

 



Епифанов В.А. Спортивная медицина. М., изд. гр. «ГЭОТАР-Медиа», 2006, - 335 

с. 


7.

 

Карпман В.Л. Тестирование в спортивной медицине. – М. : Физкультура и спорт, 



1988, 207с. 

8.

 



Бровкина  И.Л.  Функциональные  пробы  в  практике  спортивной  медицины  и 

лечебной физкультуры. М.: Советский спорт, 2003. – 44 с. 

9.

 

Дембо А.Г. Врачебный контроль в спорте. - М.: Медицина, 1988.- 283 с. 



10.

 

Загородный  Г.М.,  Пристром  С.Л.,  Лосицкий  Е.А.  Программа  комплексного 



тестирования спортсменов. Минск. – 2003. – С.26. 

11.


 

Спортивная медицина. Справочное издание. – М.: Терра-Спорт, 2003. – 240.: 

ил. 

12.


 

Коллинз Р.Д. Диагностика нервных болезней.. – М.: Медицина , 1986. 



13.

 

Нейротравматология.  Под  ред.  Коновалова  А.Н.,  Лихтермана  Л.Б.,  Потапова 



А.А. – М.: Вазар-Ферро, 1994. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет