ӘОЖ. 372. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілетін дамыту



жүктеу 339.37 Kb.
Pdf просмотр
Дата31.03.2017
өлшемі339.37 Kb.

Таласова Б.М., Сапар Ж.Н. 

216 


ӘОЖ.372.2 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 

ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

 

Таласова Б.М., Сапар Ж.Н. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Бастауыш  білім-үздіксіз  білім  берудің  алғашқы  басқышы.Осыған  сәйкес 

оқушыға  белгілі  бір  көлемдегі  білік,  білім,дағдыларды  меңгерту  мен  бірге 

табиғат,  қоршаған  дүние  талап  түсініктерін  кеңейте  отырып,оларды 

шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Әр бала 

жас  кезінен  еркін  ойлауға  алдына  қойған  істі  жоспарлап  оны  сонына  дейін 

жеткізуге,кедергілерге қарсы түруға бейімделгені жөн. [1.2] 

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, 

ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  сапалы, 

дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін 

дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз 

орнын  табуға  көмектеседі.  Өйткені  адам  туынды  ғана  емес  жаратушы  да.Бұл 

үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту 

мазмұны  жаңартылып,  әдіс-тәсілдің  озығы  өмірге  келуі,  олар  әрбір  азаматтың 

жеке  басының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  талантын 

ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне 

өзгеріс  енгізе  алатын,  өз  бетінше  өмір  сүру  жолдарын  таңдай  алатын  азаматтар 

тәрбиеленіп  шығады.Баланы  бастауыш  сыныптардан  бастап  шығармашылық 

ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын 

болуға  әкелудің  жолдарын  көрсету  керек.  Шығармашылық  —  бүкіл  тіршіліктің 

көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен 

жетістіктері  шығармашылықтың  нәтижесі.  Бұған  бүкілхалықтық,  жалпы  және 

жеке  адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі 

ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-әрекетінде  сол 

жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдей,  жетілдіре  отырып,  барлық  салада 

таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Баланың шығармашылық қабілетін дамыту 

мәселесін  талдау  ең  алдымен  «Қабілет»  ұғымының  мәнін  терең  түсініп  алуды 

қажет  етеді.  Философияда  «Қабілетті»  тұлғаның  белгілі  бір  әрекеті  орындауға 

жағдай  жасайтын  жеке  еркешеліктері  дей  келе,  олар  қоғамдық  —тарихи  іс-

әрекеттердің  нәтижесінде  қалыптасып,  әрі  қарай  дамып  отыратындығын  атап 

көрсеткен.Демек,  бастауыш  сынып  оқушыларының  тұлғалылығын  тәрбиелеу 

үшін,  ең  алдымен  олардың  қабілеттерін  дамытудың  мәні  зор.  Қабілеттілер 

мәселесін  қорытындылай  келе,  педагогикалық  практика  үшін  мәні  ерекше  мына 

жағдайларға  айрықша  тоқталу  жөн.  Бірінші  —  адамдардың  қабілеттер  деңгейі 

жағынан  тең  дәрежеде  болмауы.  Қабілеттердің  бірдей  емес  екендігін  сыныпта 

отырған  оқушылардың  әрқайсысының  әр  пәнге  және  әр  деңгейде  қабілетті 

болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, 

ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрылымы 

да,  оны  құрайтын  компоненттер  де  әр  түрлі  болады.  Мәселен:  математикалық 

қабілеті  басым  балаларда  ойлау  операциялары  тез,  дәл  болады  да,  бейнелеу 

өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің ара-қатынасын жылдам 


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту 

217 


анықтай  білу  сияқты  белгілер  басым  болады.  Музыкаға  қабілетті  бала  есту, 

ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.[1.9] 

Екінші  —  адамдар  бойында  қабілеттің  бір  түрі  ғана  бола  ма,  әлде  әр  түрлі 

қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар 

керісінше  көзқарастардың  бар  екендігіне  қарамастан,  адам  бойында  әрекеттің 

бірнеше  түрін  айқындай  алу  мүмкіндіктерін  бар  екендігін  дәлелдейді.  Мысалы 

ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар. 

Психологтар қабілеттілердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді. 

Репродуктивті  —  іс-әрекетті,  білімді  берілген  үлгі  бойынша  қабылдай  алу 

деңгейі. 

Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. 

«Шығармашылық»  сөзінің  төркіні  этимологиясы  «шығару»,  «ойлап  табу» 

дегенге  келіп  саяды.  Демек  жаңа  нәрсе  ойлап  табу,  сол  арқылы  жетістікке  қол 

жеткізу  деп  түсіну  керек.  Философиялық  сөздікте  «шығармашылық 

қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-

әрекет»,  —  деп  түсіндіріледі.Бастауыш  сынып  оқушыларының  қабілеттері  екі 

түрлі  әрекетте  дамиды.  Біріншіден,  кез  келген  бала  оқу  әрекетінде  адамзат 

баласының  осы  кезге  дейінгі  жинақталған  тәжірибесін  меңгерсе,  екіншіден кез  - 

келген  оқушы  шығармашылық  әрекеттер  орындау  арқылы  өзінің  ішкі 

мүмкіндіктерін 

дамытады. 

Оқу 


әрекетінен 

шығармашылық 

әрекеттің 

айырмашылығы  —  ол  баланың  өзін-өзі  қалыптастыруына  өз  идеясын  жүзеге 

асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша 

шешуге  талпыныс  жасайды.  Біздің  ойымызша,  бүгінгі  бастауыш  сынып 

оқушыларының  кез  келгені  шығармашылық  тапсырмалар  шешуді  табыспен 

меңгере  алады.  Тек  ол  жұмысБастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық 

қабілеттерін  арттыру  жолдарыБүгінгі  күні  мемлекетіміздің  өркениетке  жету 

жолындағы  өр  талабына  тұғыр  боларлықтай  ұрпақ  оқыту,  тәрбиелеу  ісін  жаңа 

сапалық  өзгерістер  деңгейіне  көтеруді  талап  етіп  отыр.  Мектеп  құрылымында 

болып  жатқан  өзгерістер,  білім  беру  мақсаттарының  алмасуы,  оның 

дамытушылық  сипаттарының  бекітілуі,  көпнұсқалық  оқытуға  көшу  сияқты 

мәселелер  орындаушылардан  шығармашылық  бастамалық,  жұмыстың  жоғары 

сапасын және кәсібилікті талап етеді. [2.1] 

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, 

ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой  түйіп,  өздігінен  сапалы, 

дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін 

дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз 

орнын  табуға  көмектеседі.  Өйткені  адам  туынды  ғана  емес  жаратушы  да.  Бұл 

үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту 

мазмұны  жаңартылып,  әдіс-тәсілдің  озығы  өмірге  келуі,  олар  әрбір  азаматтың 

жеке  басының  қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытып,  шығармашылығын,  талантын 

ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне 

өзгеріс  енгізе  алатын,  өз  бетінше  өмір  сүру  жолдарын  таңдай  алатын  азаматтар 

тәрбиеленіп  шығады.  Баланы  бастауыш  сыныптардан  бастап  шығармашылық 

ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын 

болуға  әкелудің  жолдарын  көрсету  керек.Шығармашылық  —бүкіл  тірішіліктің 

көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен 

жетістіктері  шығармашылықтың  нәтижесі.  Бұған  бүкілхалықтық,  жалпы  және 

жеке  адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне  дейінгі 

ұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс-әрекетінде  сол 

жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдей,  жетілдіре  отырып,  барлық  салада 


Таласова Б.М., Сапар Ж.Н. 

218 


таңғажайып  табыстарға  қол  жеткізеді.  Ал  бүгінгі  күрделі  әлеуметтік-

экономикалық  жаңарулар  тұсында  шығармашылық  қабілеттер  басты  нысана 

болып,  керісінше,  оқушыда  шығармашылық  қабілеттің  болмауы  үлкен  проблема 

саналып,  ойландыруы  тиісті  деп  ойлаймыз.  Себебі  өмірдегі  сан  алуан 

қиыншылықтарды  шешу  тек  шығармашыл  адамдар  ғана  қолынан  келеді.  Тек 

шығармашылық  қана  қандай  түрде,  қандай  деңгейде  болмасын  адамға  өмірдің 

мәнін  түсінуге,  бақытын  сезінуге  мүмкіндік  әпереді.  Мұндай  күрделі  мәселені 

шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш 

мектептің  орны  ерекше.Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытудың 

жолдарын,  құралдарын  анықтау  психология  мен  педагогика  ғылымдарында  өте 

ертеден  зерттеліп  келеді.  Шығармашылық  әлемдік  мәдениеттің  барлық 

дәуіріндегі  ойшылдардың  назарында  болғандығын  «шығармашылық  теориясын» 

жасауға  деген  көптеген  ізденістердің  болғандығынан  байқауға  болады.  Бұл 

әрекеттер  өзінің  логикалық  шегіне  жеткен  деп  айтуға  болмайды.  Сондықтан 

шығармашылық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  —  бүгінгі  күн  талаптарынан 

туындаған,  озық  қоғамға  лайықты  жаңа  сана,  рухани  сапа  қалыптастыру  және 

дамытуда  тың  жолдар  мен  соны  шешімдер  іздестіру  болып  табылады. 

Баланышығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» 

ұғымының  мәнін  терең  түсініп  алуды  қажет  етеді.  Философияда  «қабілеттерді» 

тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей 

келе, олар қоғамдық — тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай 

дамып  отыратындығын  атап  көрсеткен.Демек,  бастауыш  сынып  оқушыларының 

тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні 

зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні 

ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. [2.5] 

Бірінші  —  адамдардың  қабілеттер  деңгейі  жағынан  тең  дәрежеде  болмауы. 

Қабілеттердің  бірдей  емес  екендігін  сыныпта  отырған  оқушылардың 

әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті  болатындығымен дәлелдеуге 

болады.  Бірі  есепке  жүйрік  болса,  екіншісі  тілге  бай,  ал  енді  біреулері  сурет 

салғанды  тәуір  көреді.  Олардың  қабілеттерінің  құрлымы  да,  оны  құрайтын 

компоненттер  де  әр  түрлі  болады.  Мәселен:  математикалық  қабілеті  басым 

балаларда  ойлау  операциялары  тез,  дәл  болады  да,  бейнелеу  өнеріне  қабілетті 

балаларда  нақты  заттардың  бөліктерінің  арақатынасын  жылдам  анықтай  білу 

сияқты  белгілер  басым  болады.  Музыкаға  қабілетті  бала  есту,  ритмді  түсіну, 

сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. [2.9] 

Екінші  —  адамдар  бойында  қабілеттің  бір  түрі  ғана  бола  ма,  әлде  әр  түрлі 

қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар 

керісінше  көзқарастардың  бар  екендігіне  қарамастан,  адам  бойында  әрекеттің 

бірнеше  түрін  оындай  алу  мүмкіндіктерін  бар  екендігін  дәлелдейді.  Мысалы 

ақындығымен  қатар  музыкаға,  суретке  қабілетті  адамдар.қа  дұрыс  басшылық, 

«Шығармашылық»  сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге 

келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп 

түсіну  керек.  Философиялық  сөздікте  «шығармашылық  қайталанбайтын  тарихи-

қоғамдық  мәні  бар,  жоғары  сападағы  жаңалық  ашатын  іс-әрекет»,  —  деп 

түсіндіріледі.Бастауыш  сынып  оқушыларының  қабілеттері  екі  түрлі  әрекетте 

дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге 

дейінгі  жинақталған  тәжірибесін  меңгерсе  екіншіден,  кез  келген  оқушы 

шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. 

Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі 

қалып тастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді 



Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту 

219 


іздейді.  Проблеманы  өзінше,  жаңаша  шешуге  талпыныс  жасайды.  Біздің 

ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық 

тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, 

шебер  ұйымдастырушылық  қажет.  Осыған  орай,  ғалымдар  жүргізілген  тәжірибе 

барысында,  барлық  пәндердегі  білім  мазмұнында  оқушының  шығармашылық 

қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда 

берілген  тапсырмалардан  басқа  өздігінен  бақылау  жүргізу,  қарапайым  тәжірибе, 

эксперимент  қою,  мәтінмен,  сызбамен,  суретпен,  диаграммамен  жұмыс  істеу, 

жекеден  жалпыны  шығару,  жалпыны  жекелей  қолдану  т.б.  сияқты  оқушыны 

іскерлікке,  дербестіккебаулитын,  ойына  түрткі  болып,  шығармашылыққа 

жетелейтін,  өздігінен  ізденіске  салатын,  айналадағы  дүниемен  қарым-қатынысқа 

түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер 

мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз 

көтеріп  отырған  мәселені  нәт.  Қазіргі  таңда  еліміздің  болашақ  ұрпақтарын 

тәрбиелеу  бағытындағы  білім  беру  мәселесі  -мемлекетіміздің  басты 

ұстанымдарының бірі.  Осы ұстанымға жетудің бірден  – бір жолы: әлемдік білім 

кеңістігінен  орын  алу,  өркениетті,  қуатты  елдер  қатарына  қосылу  болып 

табылады.  Оқытудың  инновациялық  технологияларын  пайдалана  отырыпбілім 

сапасын  арттыру,  сондай  –  ақ  рухани  жан  дүниесі  бай,  жан  –  жақты  дамыған 

ұрпақ тәрбиелеу -осы ұстанымдардан туып отырған өзекті мәселелердің бірі. [3.1] 

«Мұғалім  әрдайым  ізденісте  болса  ғана  шәкірт  жанына  нұр  құя  алады»  деп 

Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі жан-жақтылығы, құзіреттілігі 

арқылы айқындалса, сол құзіреттілік  оқушы  шығармашылығы арқылы көрінеді. 

Мектеп  қабырғасында  оқытылатын  пәндер  бойынша  дарындылық  танытқан 

оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамыту  өз  ісіне  жауапкершілікпен 

қарайтын  мұғалімнен  педагогикалық-  психологиялық  көріністі  талап  етеді. 

«Шығармашылық»  ұғымының  жалпы  теориясын  зерттеген  С.Л.  Рубинштейн 

«оқушы  шығармашылығының  ерекшелігі  оның  сапалы  түрде  мақсатты  әрекет 

жасауымен  анықталады»  -  дей  келе,  «шығармашылық,  шешімінің  нәтижесі 

баланың  өзі  үшін  жаңалық  болса  жеткілікті»  екендігін  айтады,  яғни  баланың 

шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады. 

Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, алдына қойған мақсаттарын 

жүзеге  асыру  барысында  кездескен  кедергілерді  жеңе  алады,  үздіксіз  ізденіп 

отырады. И.Д. Левидовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері 

деп  іс-әрекет  қорытындысында  жаңа  бір  нәрсені  үйренулері  және  оқушылардың 

даралық  бейімділіктерінің,  қабілеттерінің,  тәжірибелерінің  көрінуі  болып 

табылады.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  танып  білу  үшін  олардың 

қабілет  деңгейін  әр  алуан  болатынын  ескеру  керек.  Қабілетін  анықтау  үшін 

психологиялық  тесттер  қолдануға  болады.  Көптеген  психологтар  оқушылардың 

жасы  өскен  сайын  нерв  жүйелерінің  мүмкіндіктері  кеңейіп,  қалыптастырып 

отыратындығын,  бірақ  оқушының  дамуы  үшін  ең  қажетті,    құнды  қасиеттерінің 

біртіндеп  жоғалып  отыратындығымен  түсіндіре  отырып,  бала  қабілеттерінің 

дамуы  үшін  ең  қымбатты  кезеңді  тиімді  пайдаланып  алуға  асығу  керектігін 

ескертеді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктеріне  сай  зейіні 

тұрақсыз, қабылдау  мүмкіндіктері  де әр алуан болады.Бейімділік  – бұл  адамның 

белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе 

жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да біздінше, балалық кезде ерекше 

көзге  түсетін  бейімділіктердің  келешекте  олардың  қабілеттерінің  көрсеткіштері 

екенін ескеріп, оқушылардың бейімділіктерін дер кезінде көре біліп, оларды соған 

сәйкес  қабілеттерді  дамыту  біздің  міндетті  борышымыз  екенін  ұмытпауымыз 



Таласова Б.М., Сапар Ж.Н. 

220 


керек.Бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту 

жөнінде  И.П.  Волновтың  айтқан  пікірі  өте  құнды.  Ол  балалардың  әр  саладағы 

қабілеттерін  айқындау,  дамытуға  қажетті,  тиімді  жағдай  туғызуы,  бірінші 

сыныптан  бастап  балалардың  қабілеттерін,  бейімділіктерін  дамытатын  дербес, 

өздігінен  орындайтын  шығармашылық  тапсырма  жүйесін  құру,  оны  сыныптан 

тыс жұмыстар арқылы да жүзеге асыруға болады дейді. Сондықтан да бастауыш 

сынып  оқушыларының  шығармашылық  жұмыс  қабілеттерін  олардың  өз 

беттерімен  меңгерген  білімдерін,  іскерліктерін,  дағдыларын  пайдалана  отырып, 

өздеріне  бұрыннан  белгісіз  жаңадан  бір  нәтиже  алуы  деп  түсінеміз.Оқушының 

шығармашылықпен  айналысуына  қоршаған  ортасы,  ата  –  ана,  мектеп  қолайлы 

жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт – бағдар беріп 

отыру. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар 

айналысу  үшін  мүмкіндік  керек.  Мұндай  іске  белгілі  бір  тақырыпта  пікір  – 

сайыстар  өткізудің  маңызы  зор.  Күнделікті  сабақта  өтілген  тақырып  бойынша 

оқушының  ойын  білу,  сол  тақырып  бойынша  көзқарасын  білдіруі,  шығарманы 

талдауы  –  шығармашылық  қабілетті  арттырудың  бір  жолы.  Шығармашыл 

қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған 

жөн.  Бала  күнделікті  өмірде  өзі  көріп  жүрген  оқиғаларды  баяндай  білуі,  оған  өз 

түйсігімен  қарап,  өд  жүрегімен  сезініп,  ішкі  жан  дүниесіндегі  тебіреністі 

әңгімелей 

білуге 

үйрету 


керек.ччһжижелі 

ететіні 


нақтыланды.шебер 

ұйымдастырушылық қажет. [4.1] 



Қорытынды: 

«Қыран  –  түлегіне  қайыспас  қанат  сыйлайды,  ұстаз  –  шәкіртіне  талап 

сыйлайды»  деген  халқымыздың  қанатты  сөзі  ұстаз  арқылы  дарыған  талаппен 

ұрпақтың  алысқа  ұшатынын  меңзешген  сияқты.  Еліне  қорған,  ұлтына  қамқор 

болар  ұрпақтың  қашанда  көңілі  ояу,  айналасындағы  өзгерістерге  сын  көзбен 

қарай білуі, пікір, қорытынды айтып, шешім қабылдай алуы қажет – ақ. Міне, бұл 

биік  –  оқушының  шығармашылығы  арқылы  келетін  іс.ендеше  оқушыларды 

шығамашылыққа  баулуды  алғаш  мектепке  келген  сәттен  бастап  –  ақ  қолға  алу 

керек.Бастауыш сынып- оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, 

ерекше  құнды  қайталанбас  кезең.  Сондықтан  бастауыш  білім-  үздіксіз  білім 

берудің  алғашқы  басқышы,  қиын  да  жауапты  жұмыс.    Бастауыш  мектеп  балаға 

белгілі  бір  білім  беріп  қана  қоймай,  оны  жалпы  дамыту,  яғни  сөйлеу,  оқу, 

қоршаған  орта  жөнінде  дұрыс  көзқарас  қалыптастыру,  талдау  жасауға  үйрету, 

ойын  дұрыс  айтуға,  салыстыра  білуге,  дәлелдеуге,  сөйлеу  мәдениетіне  үйретеді. 

Дамыта оқытудың ең басты мақсаты- баланы оқыта отырып, оны шығармашылық 

бағытта  жан-жақты  дамыту.  Оқушылардың  шығармашылық  қызығуын  ояту,  ана 

тіліне сүйіспеншілігін  қалыптастыру өте маңызды іс. Мұндай іс мұғалімнен көп 

ізденуді талап етеді.  Шығармашылық дегеніміз- адамның өмірінде өзін-өзі таңуға 

ұмтылуы,  өз  бетінше  ізденуі.  Өмірде  дұрыс  жол  табу  үшін  адам  дұрыс  ой 

түйіндеп, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. 

 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Бабаев  С.Б. Бастауыш мектеп педогогикасы:оқу құрал, Алматы. - 2014. - 416 б. 

2.

 



Ибраева  К.И.  Бастауыш  мектепте  қазақ  тілін  оқыту  теориясы  және  технологиясы, 

Петропавл.- 2009.- 126 б.  



3.

 

Күнпейіс  Ж.Бастауыш сыныптарда этнопедогогика материялдары арқылы оқушылардың 



дүниетанымын қалыптастыру, Алматы. - 2007. - 184 б. 


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет