Әож 372. 881. 1 Шетел тілі – Үлкен тәрбиелік диапазон г. Б шайкенов



жүктеу 139.67 Kb.
Pdf просмотр
Дата30.12.2016
өлшемі139.67 Kb.

ӘОЖ 372.881.1

ШЕТЕЛ ТІЛІ – ҮЛКЕН  ТӘРБИЕЛІК ДИАПАЗОН

Г.Б Шайкенов, магистр, оқытушы

(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  

университеті)

Аңдатпа: Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде мектепке қойылатын негізгі талап – оқу-

тәрбие   жұмысының   сапасын   көтеру.   Сабақты   жүйелі   түрде   түрлендіріп,   әр   түрлі   әдіс-

амалдарды   қолдану.   Оқушылардың   оқуға   деген   ынтасын   арттырып,   белсенділігін   көтеру 

және қызығуын дамыту үшін ағылшын тілі сабағында тілдік ойындарды жиі қолдану.



Түйін   сөздер:  тіл,   оқыту   педагогикасы,   дамыту,   тәрбиелеу,   тілдік   формалар, 

дидактикалық-фонетикалық жаттығулар

Мемлекеттік білім стандарттарының басты мәселесінің бірі оқытудың регулятивтік, 

танымдық,   этикеттік,   бағалау   бағдары   арқылы   түрлі   елдің   мәдениетін,   әдебиетін, 

экономикасын, саясатын оқи отырып, халқының, өз елінің тілін, мәдениетін, әдебиетін терең 

дамытуға дағдыланады, үйренеді.

Ол   оқушылардың   рухани   дүниесін   байытады,   ой-өрістерін   кеңейтеді,   көркемдік 

талғамын тәрбиелей отырып, достыққа, мәдениетке тәрбиелейді.

Шетел тілін үйрету үшін оқушылардың сол тілде сөйлесем деген талпынысын тудыру 

керек   және   сол   мақсатқа   алуан   әдістерді   қолдана   білу   қажет.   Ал   оқушы   бойына   терең 

біліммен  қатар   жоғары  адамгершілік   қасиеттерді      қалыптастыруда  оқытушының  атқарар 

қызметі     зор.     Әр   ұстаз   оқушының   сабаққа   деген   қызығушылығын   арттыру   мақсатында 

техникалық құрал-жабдықтар мен түрлі көрнекіліктер әзірлеп, ойын элементтерін пайдалану 

арқылы сабақ мазмұнын түрлендіріп отырады.

Тіл   -   мәдениет   айнасы.   Тіл   арқылы   тек   қана   адам   және   оның   қоршаған   ортасы, 

өмірінің әлеуметтік жағдайы емес, сонымен қатар, халықтың қоғамдық танымы, діні,  ұлттық 

мінезі,   өмір   сүру   тәсілдері,     дәстүрі,   әдет-ғұрпы,   адами   құндылықтар   жүйесі   мен 

дүниетанымы   көрінеді.   Ағылшын   тілін   меңгеруде   тек   сол   тілдің   (грамматикалық, 

фонетикалық ережелерін) теориясын білу жеткіліксіз.

Сабақ – кез келген оқу орындарында тәрбие жұмысының негізгі баспалдағы, әліппесі. 

Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана табысқа жетуге болады. Кез келген тақырыпта 

мұғалім   өзінің   шеберлігі   арқылы   оқушыға   түсіндіре   білуі   шарт.   Ол   үшін   көптеген   әдіс-

тәсілдер   түрлерін   қолданып,   бүгіннен   ертең   жақсы   оқытуымыз   керек   деген   қағидаға 

сүйенсек,   бұл   әрбір   сабақтың   негізгі   заңдылығы.   Сонымен   қатар   оқушы   психологиясына 

айрықша көңіл бөліп, терең зерттеу жүргізіп, оқытудың педагогикасына талдау жасап, оқыту 

әдістемесін жоспарлап, жүзеге асырған жөн.

Сабақтың   сәтті   өтуінің   басты   талабы   –   уақыт,   сондықтан   әрбір   минутты   ұтымды 

пайдалана білу керек. Келесі маңызды бөлік – сабақтың  мақсаты айқын болуы шарт. Сонда 

ғана үш мақсаты: оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз сақталады.Сыныптағы бір сабақ басынан 

аяғына дейін балаға деген әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы 

керек,   оқушының   мұғаліммен   тілдесуі   бала   бойына   қуаныш   пен   өмірге   деген   құлшыныс 

беруі   керек.   Сондықтан   да   әрбір   ағылшын   сабағы   қызығушылықты   оятудан,   ой   ашардан 

басталады.   Яғни,   мұғалім   кіргенде   жымиып,   оқушылармен   жылы   амандасып,   хал-

жағдайларын сұрап, өз иелігіндегі 45 минуттың құдіреттілігін өзі сезініп, балаларды игере 

білуі керек. Мысалы:

1. I am glad to see you.

I Іоvе уоu.

I Ііке уоu.

2. Turn and say warm words.

    Say complements.



Себебі,  біз,  сабаққа  деген  кызығушылық  орта  тудыруымыз  керек.  Қолайлы  орта 

дегеннің  өзі–  баланың  ойлануы  үшін  түрлі  идеялар  беру,  пікірлер  туғызу,  қолпаштау,  бірін-

бірі сыйлауға, пікірлердің әртүрлілігін мойындау.

Сол себептен мұғалімдер шетел тілі сабақтарында қызықты өту үшін дидактикалық 

ойындарды   қолданып   отыруы   тиіс.   Оқушының   қызығуы   жәрдемімен   оқып-үйрену 

барысында   қабілеті   ашылып,   дарыны   ұшталады,   өз   күшіне,   мүмкіндігіне   сенімі   артады, 

кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипатқа ие бола бастайды.

Танымдық   қызыға   оқыту   мен   тәрбиелеу   нәтижесінде   қалыптасады.   Педагогикалық 

әдебиеттерде оны қалыптасудың үш жағдайы туралы жиі айтылған.

Біріншісі – оқытудың   мазмұны  мұндағы  оқушылардың қызықтыратын мазмұнның 

берілу түрі, жаңалығы,   ғылым мен техниканың соңғы табыстары, таңдандыратын тарихи 

деректер,   ғылыми   білімнің   іс   жүзінде   қолданылуы,   бұрыннан   білетін   мағлұматтың   жаңа 

қырынан ашылуы.

Екіншісі – оқушылардың   танымдық әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын 

және әдістерін жетілдіру. Бұған жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларда 

қолданылатын   көрнекі   техникалық   құралдардың   тиімділігін   арттыру,   танымдық   ойындар 

ұйымдастыру; проблемалық және интерактивті ұстанымдарды жүзеге асыру; пәнаралық және 

пәнішілік байланыстарды тудыру; ғылымның өмірмен, өндіріспен, техника және экологиямен 

байланысын   ашып   көрсету;   оқушылардың   өздігінен   істейтін   жұмыстарын   және   өздігінен 

білім   алуды   тиімді   ұйымдастыру;   шығармашылық   және   зерттеу   жұмыстарын   белсенді 

қалыптастыру;   білім   тексеру   мен   бағалаудың   алуан   түрлерін   ұтымды   пайдалану   арқылы 

оқытудағы кері байланысты жетілдіру.

Үшіншісі   –  мұғалім  мен   оқушы  арасындағы  қарым-қатынаста   сыйластық,   ізеттілік 

орнатып,   жүрек   жылуының   болуын   қамтамасыз   ету.   Оқушы   өзі   ұнатпайтын   мұғалімінің 

пәніне   ешқашан   кызықпайды,   оқушылар   өзара   сыйласа   алмайтын,   тәртіп   жиі   бұзылатын 

сабақтардан тезірек құтылуға тырысады.

Кез-келген шетел тілін үйренген кезде кейбір тілдік формаларды-дыбыстар, сөздер, 

сөз тіркестері және олардың мағынасын үйренуін қабылдау қиын емес, себебі олар оның өз 

тіліндегі   формаларға   ұқсас   болып   келеді.   Ал   ана   тіліндегі   формаларға   сәйкес   келмейтін 

формалар мен олардың қызметі үйренушіге қиынға түседі.

Бұған қоса, үйренуші өз тіліндегі кейбір формалар мен олардың мағынасын шетел 

тіліне аударады, ал шетел тіліндегі формаларды өз тіліне сәйкестендіруге тырысады. Мұндай 

аударма   жұмыс   кейде   оң   нәтижесін   берсе,   кейде   мүлдем   қолайсыз   болады.   Ол   тіл 

үйренушінің ана тіліне байланысты.Үйренуші өз ана тілінің шетел тілін үйренуде тигізетін 

ілгері және кері әсерін зерттеп білуі қажет. Шетел тілі мен ана тілін салыстырмалы түрде 

үйрену екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықты үйренуде, айқындауға үлкен әсерін тигізеді. 

Кез   келген   шетел   тілін   үйренушінің   өз   тіліндегі   формалармен   бірдей   дыбысталатын 

фонемалар   бар.   Олар:   m,n,p,t,a,l,e,b,u.   Мұндай   ұқсас   дыбысталатын   фонемаларды   айтып 

үйрену қиын емес. Бірақ сонымен қатар кез келген шетел тілін үйренушінің өз тілінде жоқ 

фонемалар да бар.

Ағылшын  т іл і ні ң   дыбыстық   қатарымен   қазақ   тілінің   дыбыстық   қатарын 

салыстырсақ,   қазақ   тілінде   (ө,w,dz,i:,u:,eu,ou,uә,   a:)     символдары   жоқ   екенін   байқаймыз. 

Дұрыс сөйлей білу сол тілдің дыбыстарын дұрыс айта білу. Бұл фонемаларды еркін дыбыстау 

үшін коммуникативтік-фонетикалық жаттығулар, айнаға қарап отырып, бірнеше рет қайталап 

айтқызған жөн. 

Мысалы:  (Ө)  Arther Smith,   a thickset, healthy athlete sees three thieves throw a thing 

round Thea’s throat and threaten to throttle her.   He throws one thung to earth with a thud   that 

shakes his teeth. The other thieves run off  with a filthy oath. Thea  thanks Arther  for thrashing  the 

three thugs. These  are three brothers. This is their other brothers. These are their  father and mother. 

Their other brother is teething.

Қазақ   тілінде   сөздер   қатаң   (і)   дыбысына   аяқталуы   мүмкін.   Қ.Б.Бектаевтың   "Қазак 

тілінің кері алфавиттік сөздігіне" сүйенсек, ұяң (с) дыбысы тек қана өзге тілдерден енген 



сөздерде   кездеседі   екен.   Мысалы:   лорд,   аккорд,   этюд,   гибрид,   секунд,   аккорд,   снаряд. 

Сондықтан қазақ балаларына ағылшынның head, said, would сөздерін (hed, sed, wud) деп 

айтудың   орнына   (het,   set,   wut)   деп   айту   оңай.   Яғни,   қазақ   тіліндегі   аудиторияда   сөз 

соңындагы қатаң (і) дыбысы мен ұяң (d) дыбысын ажыратуға үйрететін арнайы фонетикалық 

жаттығулар   керек.   Мысалы:   А   good   cook   is   important   for   good   food. 

[t-d].  A large group  of   students   graduates each year.  I heard that splendid speech you made last 

night. They answered correctky, and the instructor thanked them. I request that all the books   be 

removed from the desks.

Міне осындай ерекшеліктер қазақ аудиториясында жұмыс істейтін ұстаздар назарында 

болып, соған сәйкес тиісті әдіс-тәсілдерді оқу үрдісінде қолданса екен. Мына дидактикалық-

фонетикалық   жаттығуларды   3-4   сыныптың   ағылшын   тілі   сабағын   оқитын   оқушыларға 

қолдануға   болады.   Фонетикалық   жаттығуларды   ойын   немесе   жарыс   түрінде   күнделікті 

сабақта 5-6 минут бөліп өткізуге болады:

1.   Мұғалім   сөздерді   оқиды,   оқушыларды   топқа   бөліп,   қай   сөз   басқаларынан   өзгеше 

оқылғанын тапқызады. Мысалы :

Man-man-men-man

Bad-bed-bad-bad

Ship-ship-sheep-ship

Live-leave-live-live

2.Сабақ басталардан алдын тақтаға әртүрлі суреттерді іліп қояды, мысалы:

pen-pan,  sheep-ship, port-pot, back-bak

Бір топтың ойыншысы екінші топқа:"Point to a ship. Now point to a sheep"-деп айтады. 

Тапсырма дұрыс орындалса, олар қарсылас командаға: "Show me a pen. Now show me a pan "-

деп айтады. Қате аз жасаған топ жеңіске жетеді.

3.Кез-келген  бір дыбысты, мысалы:[ее]  дыбысын  дыбыстауға  үйреткенде  әрбір  командаға 

осы дыбысы бар сөздерді атауға тапсырады. Қай команда көп сөз айтса сол жеңіп шығады.

1) танымдық ойын барысында оқушылар сынып жұмысын ұйымдастырып, өздерінікі жеке 

міндеттерімен танысады;

2)   тәрбиелік:   ойын   барысында   ұжымдық   түсініктер   қалыптасып,   әрқайсысының   ойынға 

катысу   дәрежелері   анықталады;   жалпы   міндеттерді   шсіиуде   өзара   қарым-қатынастары 

білінеді,   барлық   сұрақтарды   ұжымдық   талдау   барысында   сыншылдық,   ұстамдылық, 

басқаның пікірін түсіну, ілтипат корссту қалыптасады; 

3) дамытушылық; ойын үстінде қисынды ойлауы дамиды, берілген сұрақтарға жауап іздеуге 

қабілеттері, сөйлеу мәдениеттері, пікірталасқа қатысу білігі дамиды.

Дидактикалық ойындарды өткізудегі мұғалімнің міндеттері:

* белгілі бір мәселеге, материалға байланысты қажетті иллюстрацияларды іріктеу;

* дидактикалық материалдар дайындау;

* әр оқушыға тапсырма беру;

* оқушыларды топтарға бөлу;

* міндеттерді белгілеу;

* мүмкін болатын жауаптар туралы ойлау;

* оқушылардын қызығуын ояту.

Сонымен, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде мектепке қойылатын негізгі талап – оқу-

тәрбие   жұмысының   сапасын   көтеру.   Оқушылардың   дүниетанымын   кеңейтетін,   ойлау 

қабілетін дамытатын тартымды да қызықты сабақты қалай ұйымдастыруға болады. Оның 

бірден-бір   жолы:   сабақты   жүйелі   түрде   түрлендіріп,   әр   түрлі   әдіс-амалдарды   қолдану. 

Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, белсенділігін көтеру және қызығуын дамыту 

үшін ағылшын тілі сабағында тілдік ойындарды жиі қолдану дер едік.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Гиндин С.И. Внутренная организация текста: Элементы теории и семантический анализ. 

Автореф. дисс. канд. филол. наук: 10.02.19. -М., 1972. -23 с.

2.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Анатілі, 1992. – 448 б.

3.Миролюбов А.А., История отечественной методики иностранным языкам. М: СТУПЕНИ, 

ИНФРА-М, 2002. -448p.

4.Scrivener J. Learning Teaching. A. Guidebook for English Language teachers

5.Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М.: Педагогика, 1986.  -142.

РЕЗЮМЕ

Шайкенова Г.Б., магистр, преподаватель

 (г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)

ИНОСТРАННЫЙ ЯЗЫК - БОЛЬШОЙ ВОСПИТАТЕЛЬНЫЙ ДИАПАЗОН

В данной статье рассматриваются возможности использования дидактических игр для 

повышения   мотивации   учащихся   на   уроке   иностранного   языка.   В   результате   повышения 

мотиции у учащихся развивается креативное мышление, появляется уверенность в себе и 

ученик формируется как личность.

  Ключевые   слова:  язык,   педагогика   обучения,   развивать,   воспитать,   языковые   формы, 

дидактико-фонетические упражнения.



SUMMARY

Shaikenova G.B., master, teacher

(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)

FOREIGN LANGUAGE - LARGE EDUCATIONAL DIAPASON

The article deals with the possibilities of didactic games for increasing students’ motivation 

at the lessons of foreign language. At the result of increasing motivation students’ creative thinking 

is developed, also a student is formed as an individual. 



Keywords:  language,   learning   pedagogics,   to   develop,   to   educate,   linguistic   forms,   didactic-

phonetic exercises.



Каталог: images -> Stati -> Filologia
Filologia -> Әож 37. 031. 2 Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету жолдары
Filologia -> Д. Т. Кушанбаева
Filologia -> Әож 82-311. 2 Әйелдер қҰҚЫҒы идеясы және қазақ Әдебиетіндегі әйелдер образы
Filologia -> Әож 372. 8: 811. 111 Шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолданудың маңызы
Filologia -> Әож 811. 111 Студенттердің шетел тілінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары
Filologia -> Қатысты ойлар у. Р
Filologia -> Әож 82(091) ілияс жансүгіровтің публицистикалық МҰрасы л. М. Әділбекова
Filologia -> АҒылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық Қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану г. Б.Құрмашева


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет