Әож 378. 04: 002 Қолжазба құқығында



жүктеу 1.82 Mb.
Pdf просмотр
бет2/16
Дата24.03.2017
өлшемі1.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Зерттеу  кӛздері:    философтардың,  педагогтар  мен  психологтар  еңбектері; 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  жоғары  және 
кӛпсатылы  оқу  орындарының  оқу  үдерісіне  байланысты  ұсынған  құжаттары 
(тұжырымдамалары,  кешенді  бағдарламалары,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
құралдар,  электрондық  оқу  құралдары),  педагогиканың  ғылыми  жетістіктері 
мен  озық  тәжірибелері;  ресми  материалдар  мен  құжаттар  (Қазақстан 
Республикасы  «Білім  туралы»  Заңы,  «Қазақстан  Республикасы  білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»), 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  нормативті 
құжаттары,    университеттік  білім  беру  жағдайында  оқыту  үдерісін  
ұйымдастыру  бойынша жинақталған әлемдік озық тәжірибелер және автордың 
педагогикалық,  ғылыми іс-тәжірибелері алынды. 
   Зерттеу әдістері:  
-
 
теориялық  (ғылыми–теориялық  әдебиеттерді  талдау,    салыстыру, 
нәтижені жобалау); 
-
 
эмпирикалық 
(сауалнама, 
әңгімелесу, 
бақылау, 
оқу–әдістемелік 
құжаттарды  саралау,  студенттердің  ӛзіндік    жұмыстарын  талдау,  тестілеу, 
тәжірибелік  жұмыс жүргізу); 
   Зepттeудiң кeзeңдepi: 
   Бipiншi  кeзeң  (2011-2012)–  зepттeу  мәceлeci  бoйыншa  пeдaгoгикaлық-
пcиxoлoгиялық,  ғылыми-әдicтeмeлiк  әдeбиeттep  мeн  нopмaтивтiк  құжaттapғa 
тeopиялық тұpғыдaн тaлдaу жacaлды. Ocы кeзeңдe зepттeу мәceлeci, мiндeттepi, 
зepттeу  кӛздepi,  пәнi  жәнe  ғылыми  бoлжaмы  aйқындaлды;    мүмкiндiктepi 
зepдeлeндi,  ақпараттық  технологияларарқылы  болашақ  мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілікті 
қалыптастырудың 
«ақпараттық 
технологиялар»,  «коммуникативтік  құзіреттілік»  ұғымдapының  мәнi 
нaқтылaнды,      ақпараттық  технологиялар  негізінде  болашақ  мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың 
пcиxoлoгиялық-
пeдaгoгикaлық  мүмкіндіктер  aйқындaлып,  oның  үлгici  жacaлып,    ӛлшeмдepi 
мeн дeңгeйлepi кӛpceтiлдi. 
  Eкiншi  кeзeң  (2012-2013)  –  ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ 
мaмaндapдың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  үлгiciн  oқыту 
үдepiciнe  eнгiзу  тиiмдiлiгiн  aнықтaу  бoйыншa  тәжipибeлiк-экcпepимeнттiк 
жұмыc  жүргізілді.  Aнықтaу  экcпepимeнтi  бapыcындa  бастауыш  оқыту 

11 
 
педагогикасы 
мен 
әдістемесі 
мамандығының 
студенттерінің 
кoммуникaтивтiк  құзыpеттілігін  дамыту  ӛлшeмдepiнe  cәйкec  бacтaпқы  бiлiм 
дeңгeйлepi  зepдeлeндi.  Ocы  кeзeңдe  ақпараттық  технологиялар  арқылы 
болашақ  мaмaндapдың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруға 
бағытталған    «Болашақ  мамандарды  бастауыш  сыныптарда  шет  тілін  оқыту 
әдістемесі»арнайы курс бағдарламасы  жacaлып, oқыту үдepiciнe eнгiзiлдi. 
  Үшiншi  кeзeң  (2013-2014)  –  жүpгiзiлгeн  экcпepимeнт  қopытындылapын 
тaлдaу,  жaлпылaу,  нaқтылау  нәтижeлері  бoйыншa  алдын-ала  жасалған 
қорытындыларға  түзетулер  ендірілді,  эксперимент  материалдары  жүйеге 
келтірілді,  соның  негізінде,  ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ 
мaмaндapдың  коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыру  динaмикacы 
aнықтaлды.  Ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ  мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілікті 
қалыптастырудың 
тиiмдiлiгi  
математикалық-статистискалық тұрғыда негізделді. 
  Зepттeудiң ғылыми жaңaлығы мeн тeopиялық мәндiлiгi:  
  1. 
Ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
тeopиялық 
тұpғыдa 
нeгiздeлдi;  
  2. Ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың 
пeдaгoгикaлық 
ерекшеліктері aйқындaлды;  
   3. Ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  құpылымдық-мазмұндық 
үлгісi  жacaлды; 
   Зepттeудiң пpaктикaлық мәндiлiгi:  
   - 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  мақсатында  «Бастауыш 
сыныптарды  ағылшын  тілін  оқыту  әдістемесі»  атты  арнайы  курс 
бағдарламасы мен оны іске асыратынәдістемесі дайындалды;   
   -  зерттеу  нәтижелерін  жоғары  және  арнаулы  педагогикалық  оқу 
орындарында,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау 
институты  мен  жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің  білім  беру 
үдерісінде пайдалануға болады. 
 Қopғaуғa ҧcынылaтын қaғидaлap: 
- 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудыңпсихологиялық-
педагогикалық  ұғым  ретінде  тұлғаның  ӛзін-ӛзі  табысты    жүзеге  асыруда 
пәндік, тұлғалық, жүйелілік құзыреттілікке қол жеткізуімен яғни  мамандығына 
байланысты барлық іс-әрекеттерді орындауда кӛрініс береді; 
-ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудыңтұлғаның 
ӛзін-ӛзі 
табысты 
жүзеге 
асыруы 
(эмоциялық 
байланысқа 
түсе 
білуі, 
коммуникативтік  міндеттерді  қоя  білуі,  қарым-қатынастың  үлгісін  жасай 
білуі, тыңдау мен есту, оқу мен жазу, қарым-қатынасты сӛзбен белсендіру, 

12 
 
кӛзқараспен,  ыммен,  педагогикалық  талаптарды  қоя  отырып,  этикалық 
норманы сақтау, дұрыс қарым-қатынас стилін таңдай білу және т.б.) мүмкін 
болады; 
    -  арнайы ұйымдастырылған оқыту үдерісінде  ақпараттық  технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың    ӛлшемдері  мен  кӛрсеткіштері,  деңгейлерін  айқындауға  
себепкер  болып,  болашақ  маманның  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпалын 
тигізеді;  
  - 
ақпараттық 
технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мaмaндapдың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  мүмкіндіктері  олардың 
болашақ  маман  ретінде  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыру  үшін  педагогикалық  үдеріске 
«Бастауыш  сыныптарда  шет  тілін  оқыту  әдістемесі»  атты  арнайы  курс 
бағдарламасын енгізуімен іске асырылады.  
Зepттeу  нәтижeлepiнiң  дәлeлдiлiгi  мeн  нeгiздiлiгi:  зерттеудің  ғылыми-
педагогикалық  негіздерімен,  зерттеу  пәніне  сәйкес  қарастырылған  әдіс-
тәсілдердің  нақты  қолданылуымен,  тәжірибелік-эксперимент  жұмысының 
жоспарымен,  зерттеу  мақсатының  міндеттерге  сәйкестілігімен  алынған 
бастапқы  және  соңғы  нәтижелердің    математикалық-статистикалық  әдістерді 
қолданумен,  анықталған  мазмұндық фактілер мен оқу-танымдық әрекеттерін 
тексерумен    арнайы  курсты  жоғары  оқу  орнының  тәжірибесіне  енгізумен 
қамтамасыз етілді. 
Зерттеу нәтижелерін сынақтан ӛткізу мен ендіру:Ақпараттық технологиялар 
арқылы 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастырудың  мәні  халықаралық  және  республикалық  конференцияларда, 
ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланды: 
Зерттеу  барысында отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалалар 
жарық кӛрді.  
1.Білім  беру  саласында  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың 
дамуы және оны пайдаланудың негізгі бағыттары // Ғылыми журнал Қазақстан 
жоғары мектебі.- 2012.- №2(1). 268-271 б.б. 
2. Некоторые признаки педагогических технологий// Ғылыми журнал  Ізденіс. - 
2012.- №3.-С.266-269. 
3.Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану-кәсіптік  білім 
мамандығы  студенттерінің  кәсіби  құзырлығын  қалыптастырудың  маңызды 
элементі//  Қазақстан  педагогикалық  ғылымдар  академиясы  Хабаршы.  -  2014.- 
№3.  34-38 б.б. 
4.Болашақ  бастауыш  сынып  мамандарының  коммуникативтік  құзіреттілігін 
ақпараттық технологиялар негізінде қалыптастыру//Ғылыми журнал Қазақстан 
ұстазы. 2014 .- №01(1). 5-10 б.б. 
5.Болашақ  мамандардың  құзіреттілігін  ақпараттық  технологиялар  негізінде 
қалыптастыру//  Жоғары  оқу  орынынан  кейінгі  білім  беру  жағдайындағы  
ғылыми  -  педагогикалық  әлеуетті  дайындаудың  ӛзекті  мәселелері  атты 
халықаралық  ғылыми  -  тәжірибелік  конференция.  -  Абай  атындағы  ҚазҰПУ, 
2012. 281-284 б.б. 

13 
 
6.Кӛркем  мәтіннің  жас  ұрпақ  тәрбиесіндегі  орны  //  -  «Әлеуметтік  жаңғырту 
жағдайында  білім  беру  жүйесін  жетілдіру»  Халықаралық  ғылыми  – 
практикалық  конференция.-  Ы.  Алтынсарин  атындағы  ұлттық  білім 
академиясы. Астана, 2013. 26-30 б.б. 
7.Сущность 
понятия  «Педагогическая  технология»  //Материалы  VIII 
международной научно – практической конференций. - Чехия . 2012. – С. 8-12. 
8.Social  intelligence  as  a  condition  for  the  development  of  communicative 
competence  of  the  future  teachers//5
th
  World  conference  on  Educational  Sciences.- 
Italy. 2013. 2-5 p.p. 
9.The  usage  of  innovation  technologies  in  formation  of  professional  competence  of 
the future specialists// 2
nd
 Cyprus International Conference on Educational Research.- 
2013. 540-543 p.p. 
10.Tolerance  in  the  System  of  World  –  View  Culture  and  Moral  Development// 
Middle- East Journal of Scientific Research.- 2014. 802-804 p.p. 
Зepттeудiң нeгiзгi бaзacы: 
  Эксперимент  жұмыстары  Абай  aтындaғы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 
унивepcитeтiндe,  Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік унивepcитeтiндe 
жүргізілді. 
  Диccepтaция 
қҧpылымы.  Диccepтaция  кipicпeдeн,  eкi  бӛлiмнeн, 
қopытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн, қocымшaдaн тұpaды.  
Кіріспе 
бӛлімінде 
зерттеудің 
ғылыми 
аппараты, 
тақырыптың 
кӛкейкестілігі,  зерттеу  жұмысының  мақсаты,  объектісі,  нысанасы,  болжамы 
мен  міндеттері,  әдіснамалық  негізі,  негізгі  идеясы,  зерттеу  әдістері  мен 
кезеңдері,  ғылыми  жаңалығы,  практикалық  маңыздылығы,  қорғауға 
ұсынылатын  қағидалары,  зерттеу  нәтижесінің  дәлелділігі,  оның  мақұлдануы, 
тәжірибеге енгізілуі баяндалады. 
«Ақпараттық    технологиялар  арқылы  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастырудың    тeopиялық    негіздері»  
деп  аталатын  бірінші  бӛлімде  «ақпараттық  технологиялар»,  «коммуникативтік 
құзыреттілік»  ұғымдары    теориялық    тұрғыда  ғылыми  еңбектерге  жасалған 
талдаулар  негізінде  нақтыланып,  оқыту  үдерісінде  білім  алушылардың 
ақпараттық  технологияларды  саралап  қолданудың  ерекшеліктері  айқындалып, 
зерттеу мәселесінің әдіснамалық негіздеріне сүйенілген үлгісі жасалды.  
 «Бoлaшaқ 
мaмaндapдың 
aқпapaттық 
технологиялар 
арқылы 
кoммуникaтивтiк  құзыреттілігін    қалыптастырудың    мүмкіндіктері»    атты  
екінші  бӛлімде  зерттеу  мәселесінің  қазіргі  жағдайы  талданып,  ақпараттық 
технологияларды  қолданудың  әдістемесі    дайындалып,  зерттеу  мәселесі 
бойынша  жүргізілген  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыстар  мен  олардың 
қорытындылары келтіріледі.  
Қорытындыда  зерттеу  нәтижелері  бойынша  алынған  тұжырымдар 
сипатталады.    
Қосымшада 
зерттеу 
барысында 
пайдаланылған 
диагностикалық 
материалдар беріледі. 
 

14 
 
 

АҚПАРАТТЫҚ    ТЕХНОЛОГИЯЛАР  АРҚЫЛЫ  БОЛАШАҚ 
МАМАНДАРДЫҢ 
КОММУНИКАТИВТІК 
ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ  ТEOPИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 
 
1.1
 
Ақпараттық  технологиялар  арқылы  болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  қҧзыреттілігін  қалыптастырудың  педагогикалық, 
психологиялық негіздері 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  дағдарыстан  кейінгі  дүниеде: 
болашаққа  интеллектуалдық  секіріс»  тақырыбындағы  әл-Фараби  атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріне оқыған  дәрісінде: «Ұлттың үміті 
–  сендерсіңдер,    саналы,    сапалы,  білімді  де  белсенді  жастары  бар  елдің 
қашанда  еңсесі  биік,  болашағы  зор  болмақ.  Сондықтан,  елдің  ертеңгі  бақыты 
сендердің  қолдарыңда»  –  деп  атап  кӛрсетті  [70].  Бұл  міндетті  жүзеге  асыруда 
ақпараттық технологиялар негізінде болашақ бастауыш сынып мамандарының 
коммуникативтік  құзіреттілігін  қалыптастырудың  мақсатына  бағыттау 
қажеттігі айқындала түседі. 
Қоғамның  әлеуметтік  тапсырыс  талаптарына  сай  болашақ  бастауыш 
сыныпмaмaндapындаярлауда  білім  беруді  жаңа  сапалық  деңгейге  жеткізуде 
ақпараттық технологияларды  тиімді пайдалану олардың  білім алуда ӛздігінен 
ізденуге, білімді игеруге даярлау қажеттігін  туындатады.  
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2007  жылғы 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  Республикадағы  әлеуметтік,  саяси-мәдени 
жағдайларға  кеңінен  талдау  жасап,  елдің  негізгі  даму  басымдықтарын  атап 
кӛрсетті. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына 
қосылуына қол жеткен нәтижелері мүмкіндік туғызады. Елімізде кәсіби бағдар 
берудің жаңа жүйесін жасау, бәсекеге қабілетті және құзіретті маман дайындау 
бүгінгі  күннің  талабы.  Мұндай  маман  дайындау  үшін  білім  беру  үдерісін 
белсенділендіру, 
оқытудың 
жаңа 
формалары 
мен 
әдіс-тәсілдерін, 
технологияларын  жетілдіру  қажет.  Оқыту  үдерісін  белсенділендіру  –  берік  те, 
тиянақты  білім  берудің  жолдарын  қарастыру,  студенттердің  шығармашылық 
ойлауына,  ізденуіне  мүмкіндік  жасау,  оларды  келешек  мамандығына 
қызықтыра алу, оларды ӛздігінен жұмыс істеуге бағыттап ұйымдастыру қажет, - 
деп кӛрсеткен болатын [71].    Бұдан білім беру саясатының келелі мәселелері – 
болашақ  бастауыш  сыныпмaмaндapын  даярлаудың  сапасын  жақсарту, 
біліммен  қамтамасыз  етудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  түбегейлі  жаңарту, 
оқытудың  формалары  мен  әдістерінің  түрлерін  ӛзгерту,  ақпараттық 
технологияларды  жоғары  деңгейде  пайдалану,  қазіргі  қоғамның  сұранысына  
жауап  беретіндей  білімдегі  жаңашылдықты  саралау,  білімді  жетілдіру 
үдерісіндегі  үздіксіздікті  қамтамасыз  етуде  оның  рӛлін  арттыру  болып 
табылады. 
Гегельдің  пайымдауынша,  тілдік  таңбаның  ақиқатты,  нақтылы  терістілігі 
болып,  интеллигенция  табылады,  ӛйткені  оның  арқысында  ол  әлдебір 

15 
 
сыртқыдан  ішкіге  айналады  және  енді  бұл  қайтадын  ӛзгертілген  формада 
сақталады.  Сӛз  сондықтан  бар  болмыс,  тірілген  ой  бола  бастайды.  Бұл  бар 
болмыс біздің ойларымыз үшін абсолютті қажет.  Осында ішкі сыртқылық тек 
жалғыз  анық  дыбыс,  сӛз  болып  табылады  [7].    Сонымен,  философтың  пікірін 
түйіндейтін  болсақ,  сӛз  ойдың  ең  лайықты,  ең  ақиқатты  болмысы  болып 
табылады.  
 әл-Фараби:  «Мына  екі  затты  орындау  қажет:  олардың  әріптерінен  бұрын 
тіпті  естілмеген  сӛздер  құрылады  немесе  басқа  сӛздердің  идеясына  нұсқай 
отырып,  осыған  дейін  пайдаланылған  сӛздерді  қолданады.    Мүмкін  бұл 
жалпыға мәлім шығар, бірақ та бұл ережелерге идеяларға жақын болатын және 
бірінші идеялардың қайсысы сӛз тіркесу ережесіне сәйкес келетін атаулар беру 
керек.  Олардың  тілі  ӛнер  сияқты  болып  табылады:  сӛз  арқылы  үйретуге  және 
үйренуге  болады  және  айтылғандардың  кӛпшілігін  анықтауға  болады.  Егер де 
оларда ортақ түсініктер мен ережелер болса, оларды жазу арқылы ӛз әріптерін 
жазады және оларды сӛз арқылы оқуға  және оқытуға және айту үшін олардың 
бәрі  қабылданған  және  қажетті.  Осы  ережелерді  білдіретін  сӛздер  екінші 
жағдайдағы  сӛздерге  жатады.  Бірінші  сӛздер  –  бірінші  жағдайдағы  сӛздер, 
екінші  жағдайдағы  олар  нұсқайтын  идеялардан  алынған.  Осылайша  адамдар 
тӛрт  ӛнерді  игереді:  риторика,  поэзия,  тіл  білу  ӛнері  және  жазу  ӛнері  [12]. 
Бұдан шығатын қорытынды автордың айқындаған тӛрт ӛнері коммуникативтік 
құзыреттілікті  қалыптастырдың  негізгі  кӛрсеткіштері  болып  табылады. 
Сондықтан  да  біз  ӛзіміздің  зерттеу  жұмысымызда  басшылыққа  алуды  жӛн 
кӛрдік.  
Философ  Б.Рассельдің  пікірінше,  тілдің  басты  мақсаты  –  қарым-қатынас 
болып  табылады,  осы  мақсатқа  қызмет  ету  үшін  ол  сӛйлеушінің  ӛзі  ойлап 
тапқан жеке ара диалект емес, халықтық болуы тиіс. Сӛздің нені белгілейтінін 
білудің  екі  тәсілі  бар:    біреуі  –  сӛздің  мәнін  басқа  сӛздер  кӛмегімен  анықтау 
жолымен,  бұл  вербальдық  анықтама  деп  аталады;  екіншісі  –  сӛздің  ол 
белгілейтін объектісі дер кезінде жиі естілуі, бұл кӛрнекі анықтама деп аталады 
[9]. 
Бұдан 
шығатын 
қорытынды 
алдымен 
болашақ 
бастауыш 
сыныпмaмaндapыныңкоммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда  осы екі 
анықтаманы да қолдану қажет, –  деп санаймыз. 
Г.Лейбництің пайымдауынша, ғылымды үш деңгейге бӛліп, оның бір деңгейі 
–    ―сӛз‖  дегенді  білдіретін  логика  немесе  ғылым.  Ал,  біздер  бір  бірімізге 
ойларымызды жеткізу үшін, сондай ақ, оларды меншікті падалану үшінбелгілеу 
мақсатында  біздің  идеяларымыздың  белгілерін  мұқтажбыз.  Логиканы  сӛзге 
және  біздің  ойымызды  түсіндіруге  қатысты  түсіну  қажет.  Сӛздерді  түсіндіре 
отырып,  бұл  сӛздіктерден  кӛрінетіндей  ғылымға  саяхат  жасау  қажеттігін  айта 
келіп, терминдерге анықтама беру керек, - деп тұжырым жасаған  [10]. 
    Дж. Локк тілдің басты үш мақсатын кӛрсеткен. Олар:  
-
 
біріншіден, бір адамның ойларын немесе идеяларын басқаларға хабарлау; 
-
 
екіншіден, бір мақсатқа барынша оңай және тезірек жету
-
 
үшіншіден,  заттар  туралы  білімдерін  жеткізу  [11].  Бұдан  шығатын 
қорытынды 
болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 

16 
 
қалыптастыруда осы үш мақсаттың орындалуы тиіс. Ӛйткені, оқыту үдерісінде 
жаңа  білімді  меңгертуде  басқаларға  ойын  коммуникативтік  құзыреттілік 
тұрғысынан  жеткізу  қажет.  Сонымен  қатар,  сабақтың  мақсатына  жетудің 
барынша  тиімді  жолын  іздестіре  білу  арқылы  жаңа  білімнің  күнделікті 
тәжірибеде қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етері сӛзсіз. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  осы  заманғы  компьютерлік, 
ақпараттық  технологияларға  негізделген,  барынша  сапалы  кәсіптік  білім  беру 
арқылы  біліктілігі  жоғары  және  бәсекелестіктің  мықты  тегеурініне  тӛтеп  бере 
алатын  мамандарды  даярлау  үдерісін  жоғары  қарқынмен  жүргізу  болып 
табылады. 
Қазіргі  қоғамдық  ӛзгерістердің  қарқындылығы  жаңа  сипаттағы  мамандарды 
қажет  етіп  отыр.  Бұл  мамандар  үнемі  ӛзгеріп  отыратын  әлеуметтік-
экономикалық  үдерістерді  талдай  білуге,  нарықтық  бәсеке  жағдайына  сай 
шешімдер қабылдап, жүзеге асыра білуге тиіс.  
  Қазақстан  Республикасында  білім  беру  жүйесіндегі  реформалау  үдерісі 
оның  мазмұны  мен  сапасын  арттыру,  білім  берудің  ұлттық  үлгісін  жетілдіру, 
ақпараттық  технологияларды  ендіруге  байланысты  жаңаша  педагогикалық 
кӛзқарасты  қажет  етеді.  Дүниежүзі  қоғамдастығы  ақпараттық  технологиялық 
дәуірде ӛмір сүруде,  сондықтан да болашақ мамандарды даярлауда ақпараттық  
технологияларды  игерген  мамандарды  даярлау  бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселесі 
болып табылады. 
  Ақпараттық 
технологиялар  арқылы  болашақ  мамандардың  кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастыру  үшін  білім  беру  жүйесіне  қатысты  жоғары 
мектепте  білім  берудіақпараттандыру,  педагогикалық  қызмет  шеберлігін 
бастаудың  алғашқы  тәжірибесіне,  ақпараттық  технология  мәселесі  бойынша 
ғылыми-әдістемелік  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  тәжірибесін  жасауды 
қажет  етеді.  Онда  болашақ  бастауыш  сынып  мұғаліміне  арнайы  және  кәсіби 
білімі мен біліктілігін қолданып жұмыс істеу қажеттігі кӛрсетіледі. Ақпараттық 
технологияларарқылы  болашақ  бастауыш  сыныпмaмaндapының  кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастырудың    негізгі    теориялары  мен  тұжырымдарына 
тоқталып талдау жасайық. 
В.А.Сластениннің  пікірінше,    ―мұғалім  жұмысының  кәсіби  шешуші  белгісі 
болып  -  кәсіби-педагогикалық  бағыттылығы  болып  табылады‖  [60].  Біз 
автордың  пікіріне  қосыла    отырып,    ақпараттық  технологияларды  пайдалану 
негізінде 
болашақ 
бастауыш 
сыныпмaмaндapының 
коммуникативтік 
құзыреттілігін 
қалыптастыруда 
компьютерді, 
электрондық 
оқулықты, 
интерактивті тақтаны білім беру саласында пайдалануды жетік меңгертуге баса 
назар  аудару  қажет,-  деп  санаймыз.  Зерттеу  жұмысы  барысында  ―Бастауыш 
оқыту  педагогикасы  мен  әдістемсі‖  мамандығын  таңдап,  педагог  болғысы 
келетін жоғары оқу орны студенттерінің барлығы берілген нақты жағдайларда 
және педагогикалық қызметке бағытталған дайындығы бірдей дәрежеде болуы 
мүмкін 
емес. 
Сондықтан 
да 
болашақ 
бастауыш 
сыныпмaмaндapыныңақпараттық  технологияны  пайдалануға  бейімделген 
кәсіби дайындығының жүйесіне мыналарды жатқызуға болады: 

17 
 
а)  психологиялық  дайындық,  яғни  педагогикалық  қызметтегі  ақпараттық 
технологияны пайдалануға бағытталған әртүрлі дәреженің қалыптасуы мен осы 
білім  аймағында  ӛз  білімін  жетілдіру  қажеттілігімен  компьютермен  жұмыс 
істеу қызығушылығының бар болуы, кәсіптік ойлау қабілетін дамыту; 
б)  ғылыми-теориялық  дайындық,  яғни  педагогикалық  оқу  орындарында 
ақпараттық  технологияны  пайдалану  жағдайында  кәсіби  қызмет  үшін  қажет 
арнайы білім мен психологиялық-педагогикалық біліктілік қажет;  
в)  практикалық  дайындық,  яғни  ақпараттық  технологияны  пайдаланудың 
кәсіби  іскерлігі  мен  біліктілігінің  деңгейіне  қойылатын  талаптардың 
қалыптасуы;  
с)  психологиялық  және  физикалық  даярлығының  белгілі  бір  мамандығы 
бойынша  педагогикалық  қызметті  игеру  үшін  сәйкес  алғы  ерекшеліктері  бар 
болуы, жеке тұлғаның кәсіби мәнді сапасының қалыптасуы, ақпараттық қоғам 
жағдайында  педагогикалық  қызмет  етуге  болашақ  маманның  денсаулық 
жағдайы мен физикалық даму талаптарының сәйкестігі. 
Жоғарыда  кӛрсетілген  кәсіби  қызметтерді  орындау  барысындағы  даярлық 
түсінігінен,  сонымен  қатар  оқу-тәрбие  үдерісінде  ақпараттық  технологияны 
пайдаланып,  болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  дамыту 
қажет, - деп есептейміз.  
Психологиялық    сӛздікте:  «құзыреттілік  жеке  тұлғаның  қоршаған  ортадағы 
адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті», -  деген түсінік берілген 
[72].  
А.Р.Вербицкийдің  ойынша,  психология  жиі  себептердің  екі  тобына 
бӛлінетіндігін айтады, яғни танымдық себептер және жетістікті себептер. Оқу-
танымдық  және  ғылыми-зерттеу  қызметтеріндегі    бірінші  топтқа  ішкі 
себептерді  жатқызса,  екінші  топқа  –  мақсатқа  жету  үшін  студенттердің  оқу-
танымдық  іс-әрекетін  жатқызған.  Бірінші  жағдайда  студентті  оқу-танымдық 
және  ғылыми-зерттеу  қызметі  үдерісінің  ӛзі  қызықтырса,  екіншісінде  сол 
жеткен  жетістіктерге  қандай  баға  берілгендігі  жайлы  қызығушылық  туады. 
Табысқа  ұмтылу  және  сәтсіздіктен  қашу  –  жетістікке  жету  себебінің  негізі,  – 
дейді  [73].    Бұдан  шығатын  қорытынды  болашақ  маман  ретінде  оның 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  осы  екі  себеп  те  тікелей 
қажет, – деп санаймыз. Ӛйткені, кәсіби маман болу үшін белгілі оқу жоспарына 
сәйкес  меңгеретін  пәндік  білім  мазмұны  оқу  танымдық  себепке  жатса,  екінші 
осы  мамандық  аясында  олардың  жүргізген  ғылыми-зерттеу  жұмыстары: 
курстық,  дипломдық,  ғылыми  жоба  және  т.б.  айналысуын  екінші  себепке 
жатады.  Ӛзінің  қалаған  мамандығының  иесі  болуға  ұмтылуындағы  жетісітігі 
немесе тұлғалық іс-әрекеті десек те болады. 
Психология  ғылымында  тұлғаның  іс-әрекеттік  негізгі  сипаттамалары 
заттылық  пен  субъектілік  болып  табылады.  Заттылықтың  ӛзіндік  ерекшелігі 
сыртқы  әлемнің  объектілері  субъектіге  тікелей  емес,  іс-әрекет  үдерісінің 
барысында  ӛзгертілетін  күйінде  әсер  етуінде.  Заттылық  бұл  адамның  іс-
әрекетіне  ғана  тән  және  ең  алдымен  тіл,  әлеуметтік    рӛлдер,  құндылықтар 
ұғымдарында кӛрінуден байқалатын сипаттама. 

18 
 
Субъектілік  дегеніміз  –  адамның  ӛзі  белсенділігінің,  сыртқы  әлемді,  ақиқат 
дүниені  ӛзгертудің  қайнар  кӛзі  екенідігін  білдіреді.  Субъектілік  іс-әрекеттің 
тұлғалық  мағынадағы  бағытылығы  мен  таңдаулылығын  анықтайтын  (яғни 
адамның  ӛзіне  іс-әрекеттің  маңыздылығын)  пейілдер,  қажеттілікліктер, 
түрткілер, бағдары, қатынастарынан және мақсаттарынан байқалады. 
 А.Г.Ковалев  психологиялық  тұрғыда  іс-әрекеттің  тӛрт  құрылымды 
бӛліктерін  бӛліп  кӛрсеткен.  Олар:  бағыттылық,  қабілеттер,  мінез  бен  ӛзін-ӛзі 
бақылау. 
Бағыттылық  бұл – тұлға мінез-құлқының негізгі бетбұрыстарын  кӛрсететін, 
тұлғаның  тұрақты  талғамы  мен  түрткілерінің  (қызығушылықтар,  идеалдар, 
бағдарлар) жүйесі. Бағыттылығы айқын адам еңбекқор, алға қойған мақсатына 
ұмтылғыш болып келеді. 
Қабілеттер  –  іс-әрекеттің  табыстылығын  қамтамасыз  ететін  жеке  даралық 
психологиялық қасиеттер. 
Мінез  –  адамның  адамгершілік  –  ӛнегелі  және  ырықты  қасиеттерінің 
жиынтығы. 
Ӛзін-ӛзі  бақылау  –  бұл  ӛзін  тұлға  ретінде  ұғынумен  байланысты  ӛзін-ӛзі 
реттестіру  қасиеттерінің  жиынтығы.  Осы  бӛлік  басқа  бӛліктерден  жоғары 
тұрады  және  олардың  үстінен  бақылау  жасайды:  іс-әрекетті  күшейту  немесе 
әлсірету,  әрекеттер  мен  қылықтарды  түзету,  іс-әрекетті  алдын  ала  жоспарлау 
және т.б. [74].  
В.Н.Мясищевтің  пайымдауынша,  тұлғаның  қатынасы  –  бұл  тұлғаның 
тәжірибеге  сүйенген  ақиқаттың  түрлі  жақтарымен  белсенді,  саналы, 
интегралды,  таңдамалы  байланысы,  болып  табылады.    Автордың  ойынша, 
қатынас  бұл  қатынастардың  жүйесі  ретінде  кӛрінетін  тұлға  жүйесін 
құрастырушы  элементі  болып  табылады[75].Бұдан  тұлға  қатынастарының  ӛзі 
тұлға бүтіндей қоршаған әлеммен және басқа қоғаммен байланысты қоғамдық 
қатынастар әсерінде қалыптасатынын кӛреміз. 
В.С.Мерлиннің  тұлға  тұжырымдамасындағы  қатынас  ұғымы  орталық  және 
жетекші  рӛлдерді  иеленді.  Тұлға  қасиеттерін  сипаттайтын  қатынас  адам 
қатынасын  сипаттайтын  басқа  психикалық  қасиеттер  мен  құбылыстардан 
ерекшеленетінін атап ӛткен. Олар: 
-  біріншіден,  тұлға  қасиеттерін  анықтайтын  қатынастар,  сананың  жеке 
жақтарының  емес,  бүтіндей  сана  ретіндегі  қатынастары.  Мысалы: 
байқампаздық, эмоциялық, зейінділік – сананың жеке қатынасының қасиеттері. 
-  екіншіден,  тұлға  қасиеттерін  сипаттайтын  қатынастар  «қандай  да  бір 
объектіге,  санадан  тыс  нәрсеге  қатынасын  –  еңбекке    адамдарға,  ұжымға, 
заттарға т.б. қатынастарын анықтайды». 
-  үшіншіден,  тұлға  қатынастары  «жоғарғы  дәрежеде  қоғамдық  еңбек  іс-
әрекетіндегі  ерекше  мәнге  ие,  ақиқаттың  нақты  жағына  арналған  жоғары 
деңгейде  жалпыланған қатынастарын анықтайды» [76]. 
А.Н.Леонтьевтің  тұжырымдамасы  бойынша,  бірінші  орынға  субъектінің  іс-
әрекет  категориясы  иеленеді,  «тұлғаны  психологиялық  талдаудың  бастапқы 
бірлігі,  оның  әрекеті  немесе  операциясы  не  осы  функциялардың  блогы  емес, 

19 
 
дәл  осы  субъектінің  іс-әрекеті  болып  табылады,  соңғылары  тұлға  емес  іс-
әрекетті  сипаттайды»  [77].  Бұдан  автор  іс-әрекетті  тұлғаны  психологиялық 
талдаудың  бірлігі  ретінде  қарастырғанын  кӛруге  болады.  Сонымен  тұлғаның 
дамуы, бір бірімен иерархиялық қатынастарға түсетін, кӛптеген іс-әрекеттердің 
ӛзара әрекеттілік үдерісі түрінде кӛрінеді. 
В.А.Ядовтың тұлға тұжырымдамасы бойынша, алға «топтық қарым-қатынас 
жағдайы» шығады. Бұл ситуациялар неғұрлым тұрақты, ӛйткені топтың негізгі 
талаптары «топтық мінез-құлық нормаларында» бекітілген, ұзақ уақыт бойында 
ӛзгеріссіз 
сақталады 
[78]. 
Болашақ 
мамандардың 
коммуникативтік 
құзыреттілігін қалыптастыруда  топтық қарым-қатынастың рӛлі жоғары екенін 
ескере  отырып,  оқыту  үдерісінде  топтық  тапсырмаларды  орындату  мен  тілдік 
жаттығуларды ұсынуда басшылыққа алыну қажет деп санаймыз. 
Қ.Б.Жарықбаев:  қарым-қатынас  біріккен  іс-әрекет  қажеттілігін  туғызатын, 
адамдар  арасындағы  байланыстың  дамуын  орнататын    күрделі  кӛп  жоспарлы 
үдеріс.  Адамдардың  танымдық  хабарлар  алмасуы,  ӛзара  түсінісуі,  бір-бірін  
қабылдауы.  Қарым-қатынастың  үш  жағы  бар  –  интерактивті,  коммуникативті, 
перцептивті.  Қарым-қатынас  деңгейлері  –  мезо,  макро,  микро,  стандартты, 
шаблонды,  жабайы,  рухани,  іскер,  ойын  т.б.  Қарым-қатынас  түрлері  – 
әлеуметтік,  бағдарлаушы,  топтық,  топаралық,  және  т.б.  Адамдар  арасындағы 
қарым-қатынас  жасау  да  аса  қажетті  шарттардың  бірі  –  сӛйлеушілердің  ӛз  ой 
пікірлерін  ӛзгелерге,  тыңдаушыларға  қалайда  жеткізіп,  оларға  әсер  етуді 
кӛздесе,  ал  тыңдаушылардың қарым-қатынас орнатудағы сӛйлеуші  жақтың ой 
пікірін дұрыс ұғынып, оны іс жүзіне асыра білу мәдениеттілігіне байланысты 
[  79].  Бұдан  шығатын  қорытынды  қарым-қатынас  жасау  арқылы  адамдардың 
ӛмір тәжірибесі, іс-әрекеті, теориялық ой пайымдары дамиды. Бұл ӛз кезегінде 
қарым-қатынастың  үнемі  екі  жақты  үдеріс  екенін  кӛрсетеді.  Қарым-қатынас 
жасауда  адамдар  ӛзара  тілдесу  арқылы  бір  біріне  білдірмек  болған 
ойынжеткізіп пікір алмасатынын кӛз жеткізуге болады. 
 Ә.Алдамұратов  тілдің үш түрлі қызмет атқаратынын айта келіп оларға жеке 
жеке  тоқталып  ӛткен.  Бірінші,  адамзаттың  қоғамдық  тәжірибесі.  Бұл  қызмет 
адамның  тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 
Екінші,  тілдік  қатынас  нәтижесінде  адамдар  тілдесіп,  бір  бірімен  түсініседі. 
Тілдің  мұндай  қызметін  ғылыми  атауда  коммуникативті  қызмет  деп  атайды. 
Үшінші,  әрбір  адамның  ӛз  мінез  құлқы  мен  ісәрекетіндегі  даралық 
тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сӛйтіп сыртқы орта мен 
жағдайлардың  ӛзгеруіне  бейімделуі.  Адам  ӛзінің  тәжірибелерін  ғана  емес 
ӛзгелердің де тәжірибелерін қолданады,алға қойған мақсат міндеттерін шешеді. 
Мұндай  әрекеттер  ақыл  ойымен  байланысты.  Мұның  бәрі  тіл  адамның  ақыл 
ойының  әрекеттеріндегі  қатынас  құралы  екендігін  тағы  бір  қырынан  ашып 
кӛрсетеді  [80].  Бұдан  автордың  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  жасау 
нәтижесінде  болмыс  пен  оқиғалар  туралы  жаңа  мағлұматтарды  меңгереді, 
білімін  ӛсіреді,  ӛздерінің  әлеуметтік  тарихи  тәжірибелерін  ӛсіреді,-  деген 
тұжырымын кӛреміз. 

20 
 
Ж.Ыдырысованың  пайымдауынша,  жеке  адамның  тұлғалық  теориясының 
келесі талаптарын атап кӛрсеткен: 
-  жүйелі қарым-қатынастың болуы яғни басталуы; 
-  нақты айқындалған құрылымның болуы; 
-  құрылымның  әртүрлі  компоненттерінің    ӛзара  байланысы  және  логикалық 
қызметі  адамның  тұлға  ретінде  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыратын,  ӛзін-ӛзі  реттейтін 
жүйесініңболуы [81]. Бұл талаптар  адамның тұлғалық түсінігін қанағаттнадыру 
тұрғысынан  түсіндіріледі,  адам  ӛзін-ӛзі  жүзеге  асыратын  және  ӛзін-ӛзі 
дамытатын  жүйе  ретінде  қарастырады.  Бұдан  адамның  ӛмірі  мен  дамуының 
бастау  кӛзі  ӛзіндік  мәнін  дәлелдеуге  ұмтылуы  ӛзінің  ӛмірлік  әрекетін  және 
нақты  шығармашылығын  реттеуі  мен  ерекшелігіне  баса  назар  аударғанын 
кӛруге  болады.  Автор  адамның  психологиялық  құрылымының    орталық 
компоненті  бұл  – реттілік  және  ерекшелік,  -  деп  түйін  жасаған.    Біз  автордың 
пікірін  басшылыққа  ала  отырып,  болашақ  мамандарды  бастауыш  сыныптарда 
ағылшын  тілін  оқытуға  дайындауда  аталған  компоненттерге  басымдық  беру 
қажет деп, - санаймыз. 
 
М.Қ.Бапаеваның  пікірінше,  коммуникативті  іс-әрекет  негізінде  қарым- 
қатынас  жатқандықтан  адамды  қарым-қатынас  субъектісі  ретінде  қарастыруға 
болады. Адамның субъект ретіндегі іс-әрекеттің әрқилы түрлерін жүзеге асыру 
нәтижесінде психикалық кемелденуіне қол жеткізуі болады, - деген қорытынды 
жасаған    [82].  Автордың  пікіріне  қосыла  отырып,  психикалық  дамуы  дұрыс 
жетілген  адамның  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруға  болады,  - 
деп түйіндейміз. 
Қ.Сейталиевтің  ойынша,  қарым-қатынастың  интербелсенді  жағы  бұл 
адамдардың  ӛзара  байланысын,  олардың  бірлескен  іс-әрекетін  ұйымдастыруға 
қатысты  қарым-қатынастың  мақсаты,  адамдардың  бірлескен  іс-әрекетінің 
қажеттілдігін бейнелеу болып табылады.  Психологиялық тұрғыда ӛзара әрекет 
ету  кез  келген  түрде  әруақытта  белгілі  түрткілерге  негізделеді  және  нақты 
мақсаттарды  кӛздейді[83].  Бұдан  шығатын  қорытынды  болашақ  мамандарды 
даярлауда  коммуникативті  құзыреттілікті  қалыптастыруда  тұлға  аралық  ӛзара 
әрекет адамдардың бір-біріне әрекет етуінің бірізділігін сақтау қажет. Қарым –
қатынастың жетістігінің бастапқы шарты ӛзара әрекет етуші адамдардың мінез-
құлқының  бір-бірінен  күткен  сұраққа  жауап  беруімен  сипатталады,  –  деп 
тұжырым жасаймыз.  
В.В.Давыдовтың  жетекшілігімен  жүргізген  психологиялық  зерттеулер  
теориялық  ойлаудың  келесі  құраушыларын  кӛрсетті:  теориялық  талдау, 
жоспарлаудағы  мазмұнды  рефлексия.  Егер  эмпирикалық  талдау  бүтінді 
бӛлшектеп  талдау  мүмкіндігімен  берілсе  және  салыстыру  кезінде  пән  мен 
құбылыстарда  ұқсас  қасиеттер  байқалса,  онда  теориялық  түрде  кейбір  бүтін 
немесе  сыртқы  бӛлулер  мен  маңызды  емес  ерекшеліктеріне  қатысты 
генетикалық  негізгі  кӛріністерді  береді  [84].    Бұдан  шығатын  қорытынды  кез 
келген мәселені шешуде, оның ішінде ақпараттық технологияны пайдаланудың 
негізінде 
оқу-әдістемелік 
аспектілерін 
теориялық 
талдау 
олардың 

21 
 
құрылымының жалпы кӛзқарасы мен оларды шешудің жалпы тәсілдерін табуға 
мүмкіндік береді. 
 Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша 
жан-жақты  хабардар  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып,  қандай  да  бір 
сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді  [85].  
Құзыреттілікті 
ғылыми-теориялық 
негізде 
зерттеу 
жұмыстары 
Л.А.Петровская  еңбектерінен  басталса,  ал  жалпы  білім  беру  саласындағы 
құзыреттілікті  зерттеу  И.А.Зимняя  еңбектерінен  байқауға  болады.  Болашақ 
мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыру  дегенде,  бірінші 
орынға  алған  оқу-танымдық  мәселені  шешудегі  оның  біліктілігі    тұруы  тиіс. 
Мұндай  жағдайлар:  біріншіден,  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды  танып  білу 
мен  түсіндіруде;  екіншіден,  қазіргі  заманғы  техника  мен  ақпараттық 
құралдардықолдануда;  үшіншіден,  адамдармен  қарым-қатынаста,  этикалық 
нормаларды,  ӛзінің  іс-әрекетін  бағалауды;  тӛртіншіден,  отбасы  мүшесі,  сатып 
алушы,  кӛрермен,  қала  тұрғыны  сияқты  күнделікті  ӛмірде  кездесетін 
коммуникативтік  рӛлдерін  орындауда;  бесіншіден,  құқықтық  және  әкімшілік 
құрылымдарды, талап-тілегін білдіруде  және эстетикалық тұрғыда баға беруде; 
алтыншыдан,    еңбек  рыногын  бағдарлауды,  ӛзінің  ӛмірдегі  орнын,  ӛмір  сүру 
мұраты  мен  стилін,  келіспеушілікті  шешу  амалдарын  табу  сияқты  кӛптеген 
тікелей  ӛзіне  байланысты  мәселелерді  шешуде  қажет  болады.  Осы  тұрғыдан 
қарағанда  құзыреттілік  ұғымы    кезеңдік  осы  заманғы  оқу  парадигмасы  мен 
қоғам      тапсырысына  жауап  беретін  болашақ  мамандардың  коммуникативтік  
құзыреттілігін  қалыптастыруда  ақпараттық  технологиялардың  қолдану 
негізінде іске асқанын кӛреміз. 
О.Б.Хововтың  пікірінше,  құзыреттілік  «біліктілік»  ұғымына  қарағанда 
мағынасы  кең,  ӛйткені,  біліктілікті  сипаттайтын  таза  кәсіби  білім  және 
іскерлікпен қоса топта жұмыс істеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабілеттілік, 
қарым-қатынасқа бейімділігі, оқу, бағалау, қисынды ойлау, ақпаратты алу мен 
пайдалану,  т.б.  іскерліктер  енеді    -  деп  түйіндеген  [86].  Бұдан  болашақ 
мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  білім  беру 
нәтижесіндегі  жаңа  түбегейлі  ӛзгерістерді  іске  асыруда  «құзырет»  және 
«құзыреттілік» ұғымдарының басымдылығын айқындайтынын кӛруге болады. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет