Әож 378. 04: 002 Қолжазба құқығында



жүктеу 1.82 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата24.03.2017
өлшемі1.82 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 
В.В.Краевский  мен  И.Я.Лернердің  пікірлерінше,  «құзыреттілік»  және 
«құзыр» 
ұғымдары 
абстрактілік 
пен 
нақтылық 
диалектикалық 
категорияларының  арақатынасы,  яғни  құзыр  –  бұл  жүзеге  асырылған 
құзыреттілік, 
іс-әрекеттегі 
құзырлығы. 
Осылайша 
түсіндірілетін 
құзыреттіліктер  негізгі  немесе  тұғырлық  және  қосымша  немесе  кәсіби  болып 
бӛлінуі 
мүмкін. 
Білім 
беруде 
тұлғаның 
негізгі 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға  және  дамытуға  бағытталуы  оны  ұйымдастырудағы 
құзыреттілік  бағытын  айқындады  және  ол  қазіргі  білім  беру  жүйесінің 
әдіснамасында нақты білімділік  процессуальды   негізі ретінде танылып отыр, 
–    деп  тұжырым  жасаған    [62].  Бұдан  шығатын  қорытынды  болашақ 
мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруға  жоғарыда 
авторлар кӛрсеткен құзыреттіліктер негіз болуы тиіс, –  деп есептейміз.  

22 
 
С.Е.Шишов,  И.Агаповтардың    пайымдауынша,  «құзыреттілік»  ұғымын  жеке 
тұлғаның білімі мен тәжірибесі, іс-әрекетке даярлығы және жалпы қабілеттілігі, 
тұлғаның оқу-танымдық үдеріске ӛздігінен қатысуы және оның еңбек әрекетінің 
нәтижеге  бағытталуы  болып  табылады  [87].  Болашақ  мамандардың 
коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда  белгілі  нәтижеге  жету 
мақсатындағы  іс-әрекетті  меңгерту  үшін  алдыменкәсіби  білімін  тәжірибемен 
ұштастыра білуді іске асрыу қажет. 
И.А.Зимняяның  кӛрсетуінше, 
құзыреттілік  білім  алу  нәтижесінде 
тұрақталған,  білім  мен  тәжірибеге  негізделген  жеке  тұлғаның  әрекет  жасауға 
дайындығы және осыған орай, жалпы қабілеттерін жатқызған [59].  Білім беруді 
жаңарту  негіздерінің  бірі  ретінде  құзыреттілік  тұрғыдан  келуді  жақтаушылар 
күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда.  
М.В.Рыжков құзыреттілік ұғымдарына келесілерді жатқызады: 
- «құзыреттілік»  ұғымы  тек  танымдық    және  процессуалдық  құраушы  ғана 
емес  әрі  мотивациялық,  әлеуметтік    және  мінез-құлықтың,  яғни  оқыту 
нәтижелерін (білім,  білік,  дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды; 
-  құзыреттілік  –  алған  білім,  білік,  тәжірибе  мінез-құлық  тәсілдерін  нақты 
жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті
-
 
 құзыреттілік ұғымының нәтижесі кіріктірілген білім мазмұны; 
- құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес,  
яғни  дәстүрлі  және  дәстүрден  тыс білім  алу жағдайында  да  қалыптасады [88]. 
Болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда автордың 
ұсынған  ұғымдарын  басшылыққа  ала  отырып,  оқыту  үдерісін  ұйымдастыруды 
жӛн кӛрдік. 
М.З.  Джанбубекованың    пікірінше,  мұғалімдік  тұлғаның  қалыптасуының 
бастапқы  кезеңі  студентті  зерттеуші  орнына  қою,  олай  болса,  студент  кәсіби-
педагогикалық  қызметтің  мәнін  іздеудегі  мүше  болып  табылады.  Ал,  кәсіби-
педагогикалық қызметтің мәні, тек орынды тәсіл арқылы анықталады. Дәл осы 
тұста  қызметтің  қалыптасу  кәсібилігі  кӛрініс  береді.  Кейініректе  кәсібилік 
нақты  кәсіби-педагогикалық  қызметке  айналу  тәсілін  іздестіру  барысында 
қалыптасады.  Бұл  нақты  кәсіби-педагогикалық  қызметтің,  яғни  ең  маңызды 
қызметтің  мазмұнын  жобалауда,  қызметтің  мазмұнын  оның  операциялық 
құрылымын ерекшелеу арқылы жете түсіну барысында жүзеге асыруға болады 
[36]
.  Бұдан  автордың  кәсіби  іс-әрекеттің  кәсіби-педагогикалық  қызметке 
жалғасатыны  туралы  тұжырым  жасағанын  кӛруге  болады.Бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің  ақпараттық-кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда басшылыққа 
алу қажет,- деп санаймыз. 
Б.Т.Кенжебеков  жоғары  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби  құзыреттіліктерін 
қалыптастыру  жӛніндегі  пікірін  «кәсіби  құзыреттілік  –  жеке  тұлғаның    кәсіби 
іс-әрекетті  атқаруға  теориялық  және  практикалық  әзірлігі  мен  қабілеттілігінің 
бірлігі»,  -  деп  тұжырымдаған  [53].  Автордың  пікірін  тұжырымдайтын  болсақ, 
құзыреттілік  жеке  тұлғаның  танымға,  ойлауға  қатысын  және  әрекетке,  белгілі 
мәселелерді  ұсынып,  шешім  жасауда,  іс-әрекеттің  барысында  теориялық 
білімінің  практикалық  нәтижелерін  талдауға,  ұдайы  түрде  ұтымды  түзетулер 

23 
 
енгізіп  отыру  іскерліктерінің  белсенділігінен  кӛрінеді.  Зерттеу  тақырыбымыз 
тұрғысынан 
келетін 
болсақ, 
болашақ 
мамандардың 
коммунитивтік 
құзыретттілінің  қалыптасуы  олардың  кәсіби  құзыреттілігінің  негізі  болып 
табылады, – деп тұжырым жасаймыз. 
Г.У.Сыздықбаева  жоғары  педагогикалық  оқу  орны  студенттерінің  кәсіби-
тұлғалық  құзыреттіліктерін  қалыптастырудың  жолдарын  кӛрсетіп,  әдістемелік 
кеңес  бере  отырып,  ұсыныстар  дайындаған  [56].  Халықаралық  стандарттар 
талабына  сай  кәсіби  мамандар  даярлау  және  әлемдік  білім  кеңістігіне  ену 
бағытындағы  жұмыстарды  кең  кӛлемде  жалғастыра  алады.  Болашақ 
мамандардың кәсіби-тұлғалық құзыреттіліктерінің негізі оның коммуникативті 
құзыреттілігінде деп санаймыз. 
 «Құзыреттілік»  ұғымы  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлға 
субъектілік  тәжірбиесіне  ерекше  кӛңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған 
ұғым болғандықтан, белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір, қандай 
да бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде шешім  шығара алу,- дегенді білдіреді 
[110].  
Соңғы кездері, «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині 
кең тарап жүргенін айта кеткен жӛн. Алғаш рет, термин «коммуникация» (лат. 
communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың 
басында  ғылыми  әдебиеттерде  пайда  болып,  екі  негізгі  жалпы  теориялық 
құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды: 1) бихевиоризма 
(коммуникацияның  негізі  жүйе  ретінде  тіл  емес,  тікелей  кез-келген  адамды 
тәрбиелеуге  болатын  сӛйлеу  сигналдары  (дыбыстары);  бұл  әдістің  ӛкілі 
Д.Уотсон) [89]; 2) тұлға ішкі метафизикалық қабілеті арқылы ӛз бойында басқа 
біреудің  сезімдерін  ашу  болып  табылатын  коммуникация  –  символикалық 
интеракционализм (персонализм-дербестік) (Дж.Г.Мид) [90]. 
Отандық  зерттеушілердің  ойынша,  коммуникацияның  екі  әдісімен  сәйкес 
келетін, тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бӛліп айтады. 
Техникалық  коммуникация  –  ақпараттарды  қабылдауға  және  оны  жіберіп 
отыруға мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Бұл коммуникацияның 
компоненттері:  
1) хабарлама жібергіш;  
2) хабарлама жеткізгіш; 
3) байланыс арнасы;  
4) қабылдауыш;  
5)  хабарлама  алушы.  Тілдік  коммуникацияға  хабар  жіберушіні,  хабар 
алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бӛлігі ретінде хабарламаны 
енгізуге болады. 
Мұнда,  байланыс  арнасы  –  тілдік  әрекеттің  ағымының  талаптарына  сай, 
хабарлама жеткізгіш пен қабылдағыш – қарым-қатынасқа түсушілердің (немесе 
әңгімелесушілердің)  тілдік  механизмінің  қасиеттеріне  сәйкес  келеді. 
М.Я.Демьяненко, К.А.Лазаренколардың ойынша, коммуникацияның негізгі бес 
компоненті бар:  
-
 
қарым-қатынас жағдайы; 

24 
 
-
 
хабарды жіберуші; 
-
 
хабарды алушы; 
-
 
сӛйлеу барысының шарттары; 
-
 
тілдік хабарлама[92-93]. Қоммуниктивтік құзыреттілікті қалыптастырудың 
негізгі болып саналатын аталған компоненттер толық қамтылуы тиіс, -деп түйін 
жасаймыз. 
С.И.Ожеговтың  сӛздігінде:  «коммуникация»  хабар,  қарым-қатынас  ретінде 
қарастырылады.  Сӛйлеу  –  коммуникацияның  құралы  [91].  Синонимдер 
сӛздігінде  «коммуникацияға»  және  «қарым-қатынасқа»  жақын  синонимдер 
ретінде  анықтама  беріледі,  бұл  оларды  эквиваленттер  деп  санауға  мүмкіндік 
береді. Ағылшын тілін меңгеруде коммуникация қарым-қатынас рӛлін атқаруы 
тиіс.  Шет  тілінде  сӛйлеу,  сӛйлесу  арқылы  қарым-қатынасқа  түсе  отырып  тіл 
меңгертілетінін ескеру қажет. 
А.Б.Добрович  коммуникацияны  іске  асыру  барысында  тӛрт  негізгі  фазаны 
келесілерді кӛрсеткен:  
     -   іс-әрекетке ниет
     -   әрекеттің ситуациясын нақтылау; 
     -   әрекеттің ӛзі; 
     -  әрекеттерді  жинау  [92].  Ағылшын  тілін  меңгертуде  болашақ 
мамандардың осы тӛрт фазаны іске асыра білуі тиіс. Сонда ғана олардың тілдік 
қатынасы қалыптасады. 
Г.М.Андреева  қарым-қатынастың  тұжырымдамасы  бойынша,  қабілеттердің 
келесі  түрлерін  бӛліп  кӛрсетіледі:  1)  тұлғааралық  коммуникация;  2) 
тұлғааралық  әрекет;  3)  тұлғааралық  қабылдау  [93].Қабілеттің  бірінші  түрі, 
қатынастың  ауызша  емес  (вербальды  емес)  құралдарын,  рациональды  және 
эмоциональды  ақпараттарды  жіберуді  және  т.б.  қолдануды  қамтиды.  Екінші 
түрі, қоршаған ортаның ӛзгеруімен байланысты ойдың интерпретациясына кері 
байланысты құруға мүмкіндік береді. Үшінші түрі, әңгімелесушінің ұстанымын 
қабылдауымен, оны естумен, сонымен қатар қатынасқа дайындықсыз ену және 
оны ұйымдастыру сияқты қабілетті қамтитын суырып салма шеберлік  сияқты 
ерекшеліктерімен  сипатталады.  Зерттеу  жұмысымыз  тұрғысынан  талдайтын 
болсақ,  осы қабілеттердің барлығы коммуникативтік қатынасқа жол ашады, – 
деп есептейміз. 
Ю.М.Жуков  қабілеттерді  меңгеру,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас  құра 
білу  және  оны  жалғастыру  әрекеті  –  коммуникативтік  құзеттілік      болып 
табылады, – деген анықтама берген [94]. Біз автордың пікіріне қосыла отырып, 
болашақ  маман  үшін  басқалармен  яғни  оқушылармен    қарым-қатынасқа  түсе 
білу ең басты кӛрсеткіш,  - деп санаймыз. 
В.А.Кан-Калик  және  Н.Д.Никандров  коммуникативтік  құзыреттілікті    адам 
баласының  кез-келген  әрекетінде  кездесетін,  адам  болмысының  бір  бӛлігі 
ретінде қарастырады. Мұндай коммуникативтік әрекеттерді жасау үшін, арнайы 
қабілеттерді  игеру  керек  екенін  түсіндіреді[95].  Әрине,  оқу  үдерісінде, 
тұлғаның  коммуникативті  құзыреттілігін  қалыптастыратын  алдын-ала  арнайы 
анықталып қойған мақсатты құру, яғни қалыптастырудың жолдары мен әдістері 

25 
 
анықталған  болу  керек.  Коммуникативтік  әдіс,  болашақ  мамандардың  тілдік 
формаларды  ғана  меңгеріп  қоймай,  сонымен  бірге  оларда,  сол  тілді  шынайы 
қарым-қатынаста  қалай  қолдану  керектігі  жӛнінде  ұғым  қалыптасу  керек,  - 
деген қағидаға сай құрылуы тиіс. 
Г.Уиддоусон  зерттеулерінен  «коммуникативтік  функциялар»  деген  ұғымды 
қолданғанын  кӛруге  болады.  Автордың  пікірінше,    коммуникативтік 
функцияларды,  қай  әлеуметтік  жағдайға  жататындығына  байланысты  бӛліп 
қарастырады.  Бұл,  оқыту  үдерісін  тек  қана  қызықты  етіп  қоймайды,  сонымен 
қатар  әлеуметтік  маңызды  және  білімгерлердің  қоғамдағы  мінез-құлқын 
қалыптастырады,  яғни, қоғамдық  тәртіптер  мен  ережелерге  үйретеді, сонымен 
қатар 
ӛзге 
халықтардың 
салт-дәстүрі 
мен 
мәдениетіне 
деген 
қызығушылықтарын  дамытады,  деген  ой  қорытады  [96].    Бұдан  шығатын 
қорытынды  қалыптасқан  коммуникативтік  құзырлықтың  негізгі  кӛрсеткіштері 
сӛйлеу  мәнері  және  іс-әрекеттерді  (мимика,  яғни  ымдау)    қолдану  болып 
табылады. Сонымен бірге, болашақ мамандардың жұптасып  немесе топ болып 
қарым-қатынас  жасауы  маңызды  болып  табылады.  Коммуникативтік  әдісті 
оқыту  үдерісінде  қолданудың  артықшылықтары,  коммуникативтік  қабілет 
олардың мотивациясын жоғары кӛтеруге, пәнаралық байланысты құруға жақсы 
мүмкіндік  беріп,    олардың  танымдық  белсенділіктерін,  ойлау,  ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеу,  бірігіп  әрекет  етуде  коммуникативтік  құзыреттілігінің  қалыптасу 
қабілетінің мүмкіндігінің кӛрсеткіші ретінде кӛрінуі тиіс, –  деп санаймыз. 
И.Н.Горелов  және  В.Р.Житников  коммуникацияға,  қарым-қатынас  акті  деп 
(немесе  коммуникативтік  акт)    анықтама  береді.  Авторлардың  пікірінше, 
коммуникация келесі компоненттерден тұрады:  
 -   қарым-қатынасқа түсетіндер (әдетте, 2-ден жоғары адамды қамтиды); 
 -    қарым-қатынасты  тудыратын  іс-әрекеттер  (сӛйлесу,  ымдау,  мимика  және 
т.б.); 
 - 
қандайда  бір  мағынасымен  немесе  формасымен  сипатталатын 
хабарламаның мазмұны; 
 -  қатынас арнасы (сӛйлеу, есту, кӛру, визуальды-вербальды органдар); 
 -  қарым-қатынасқа  түсетіндердің  мотивтері  (мақсат,  ниет)  [97].  Зерттеу 
тақырыбымыз  тұрғысынан  қарастырсақ,  болашақ  мамандардың  қарым-
қатынасқа  түсе  білуі,  оны  тудыратын  әрекеттерді  меңгеруі,  хабарламаны, 
қатынасқа түсуге ынтасының  болуы қажет деп есептейміз. 
Кан-Калик,  коммуникативтік  құзыреттілікті  қалыптастыру  міндетінің  келесі 
кезеңдерін ұсынады:  
   -   коммуникативті міндетті түсіну; 
    -  әуелгі берілген міндеттерді талдау; 
    -  болжамды ұсыну; 
    - коммуникативті әрекеттесттіктің әдістерінің жүйелерін анықтау: 
    - мәселелердің шешілуі [95]. 
Бірінші  кезеңде,  педагогикалық  мақсатты  іске  асыруға  қажеттігі  талап 
етілетіндіктен,  коммуникативті  міндетті  түсіну  алдыңғы  қатарға  шығады. 
Коммуникативті  міндетті  анықтағаннан  кейін,  оқытушы  жағдайларды 

26 
 
саралайды,  онда  болашақ  мамандардың  жасы,  ұйымдастырушылық 
мүмкіндіктері  ескеріледі.  Болжам  болашақ  мамандардың  ӛзінің  рӛлін 
орындауын болжауға мүмкіндік береді.  
Бұл  үдеріс,  болашақ  мамандардың  жеке  ерекшеліктерін,  коммуникативтік 
құзыреттілік  деңгейін  ескере  отырып,  жұмыс  жасайтын  оқытушының 
бағдарымен  байланысты  болғандықтан,  коммуникативтік  әрекеттесттіктің 
әдістер  жүйесін  анықтау  үшін  ӛте  маңызды.  Міндеттің  шешімін  табу  үшін  
оқытушы  ӛзінің  мақсаты  мен  міндетіне  сәйкес  таңдап  алатын,  қатынастың 
вербальды және вербальды емес құралдарын қолдану арқылы коммуникативтік 
міндеттерді тікелей іске жүзеге  асырады. 
Жоғарыда  кӛрсетілген  кезеңдерді  қарастыра  келе,  коммуникативтік  акт 
ағымының негізгі сатыларын кӛрсете аламыз. 
-
 
негізгі  мағынасын  анықтау  (қажетті  лексиканы  таңдау,  әңгімелесушіге 
бағдарлану және т.б.); 
-
 
қатынастың ағымы; 
-
 
қатынастан шығу. 
  Болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін  қалыптастыруда 
оқытушының  ең  ұстанымды  міндеттерінің  бірі  –    қарым-қатынастың  жоғары 
деңгейіне  сай  қабілеттер  мен  білімді  игере  алатындай  жағдайларды 
ұйымдастыру болып табылады.  
Психологиялық-педагогикалық  зерттеулерге  сәйкес,  коммуникативтік 
құзыреттілік келесі компоненттерді қамтиды: 
-
 
эмоциональды  (эмоциональды  кӛмек,  эмпатия,  басқа  адамға  деген 
сезімталдық, бірге қайғыра алу, оның әрекетіне деген назар); 
-
 
 когнитивті (басқа адамның түсінігімен байланысты, басқа адамның мінезін 
болжай  алу  қабілеті,  адамдар  арасында  пайда  болған  әртүрлі  мәселелерді 
пайдалы шешу); 
-
 
мінез-құлықтық (баланың серіктесттікке деген қабілетін, қатынастағы 
нақтылығын, ұйымдастырушылық қабілеттерін және т.б. кӛрсетеді). 
Коммуникативтік  құзыреттілік  –  адамға,  қоғамдағы  ӛмір  ережелері  мен 
тәртіптерін  нақты  орындауға  мүмкіндік  беретін  коммуникативтік  шеберлік. 
«Компетенция» термині (латын тілінен аударғанда «сәйкестік») құзырлы тұлға 
білім мен тәжірибені игерген сұрақтар жиынтығы дегенді білдіреді. 
Коммуникативтік құзыреттілік: 
-  нақты  ӛмір  жағдайында  ӛзінің    міндеттерін  шешу    үшін    ауызша  және 
жазбаша түрлі байланыс құралдарын  қолдануға;  
- әдіскер-ғалымдардың анықтамаларын, идеяларын талдауға; 
- әдептілік талаптарына  сәйкес ӛзіндік пікірін білдіруге;  
- ӛз пікірін айта білуге, оның ішінде басқа да пікірлермен келісе білу, қарым-
қатынас  диалогына  түсе  отырып,    жанжалдық    ахуалдарды  шешуді  жүзеге 
асыруға; 
 - жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі оқытушымен, білім алушылармен  
топта  қарым-қатынас құруғамүмкіндік береді. 

27 
 
Ф.Ш.Оразбаеваның  пікірінше,    «коммуникация»  сӛзінің  негізгі  мазмұны 
«жалпы  қарым-қатынас»,  «араласу»,  «хабарласу»,  «байланыс»  деген  сияқты 
мағыналарды  білдіре  келіп,  адамдардың  тіл  арқылы  сӛйлесу  үдерісін,  тілдесу 
ерекшеліктерін,  тілдің  әлеуметтік  мәні  мен  қоғамдық  қызметін,  адамдар 
арасындағы  қарым-қатынасты,  ӛзара  түсінушілік  болып  табылады  [98].  Бұдан 
автордың  «коммуникация»  сӛзін  «қатысым»  деп  танып,  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесінде  жаңадан  «тілдік  қатынас»,  «тілдік  қарым-қатынас»,  «тілдесім», 
«жазылым» және т.б. терминдерін тілдік айналымға енгізгенін кӛреміз.  
К.Данцигер  коммуникативтік  құзыреттілік  –  бұл  адамның  коммуникативтік 
қызметінің  мүмкіндіктеріне  сай  жүзеге  асыра  білуі.  Коммуникативтік 
құзыреттіліктің  негізі  серіктесінің  орнына  ӛзін  қоя  білу,  қарым-қатынасты 
әңгімелесуші  қабылдайтындай  әрі  түсінікті  етіп  құра  білу  іскерлігі,-  деп 
анықтаған  [99].    Біз  автордың  пікіріне  қосыла  отырып,  болашақ  бастауыш 
сынып  мамандарының  коммуникативтік  құзыреттілігі  олардың  келешекте 
атқаратын  қызметінің  негізі  кӛзі  болып  табылатындықтан,  әрбір  студенттің 
басқалармен  қарым-қатынасқа  түсуде  ӛзінің  ойын  еркін,  логикалық    тұрғыда 
жүйелі жеткізе білуі, серіктесін тыңдай білуге жеткізуге болады,- деп тұжырым 
жасаймыз. 
Л.Д.Столяренко  оқытушы  мен  білім  алушылардың  табысты  қарым-қатынас 
орнатуға кедергі келтіретін бес себебін кӛрсеткен: 
-
 
оқытушы  студенттің    жеке  ерекшелігін  ескермейді,  оны  түсінбейді  және 
оны түсінуге тырыспайды; 
-
 
студент ӛзінің оқытушысын түсінбейді, сондықтан ол оны ӛзінің тәлімгер 
ретінде қабылдамайды; 
-
 
оқытушының  іс-әрекеті  студенттің  тәртібінің  мотиві  мен  себебіне  сәйкес 
келмейді; 
-
 
оқытушы жоғары пікірде, студенттің ӛзіндігін басып, оны кемсітеді; 
-
 
студент саналы түрде оқытушының талаптарын орындамайды,  ол барлық 
ұжымнан  да  жауапты  [100].  Біз  автордың  пікіріне  келісе  отырып,  оқыту 
үдерісін  субъекті  мен  субъектілік  қатынасқа  құру  қажет,  -деген  тұжырым 
жасаймыз.  Ӛйткені,  болашақ  мамандардың  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыру  үшін  білім  алушылардың  қажеттілігін  ӛтеу  алдыға  шығу  керек, 
сонда  ғана  оның  мамандығына  деген  қызығушылығы  артып,  оқуға  ынтасы 
артады. 
 
К.У.Қунақованың  пікірінше,білім беруді  зияттандырудың нәтижесітұлғаның 
зияткерлік  дамуы  үдеріс  ретінде  оның  әлеуетімен  бекітіледі.  Зияткерлі  әлеует 
адамның  мықты  күші  болып  табылатындықтан  зияткерлік  қабілеттің  жүзеге 
асыруының  динамикалық  кӛрсеткіші  ретінде  адамның  тұлғалық  сапасын 
кӛрсететін зияткерлік белсенділік түріндегі энергетикалық  
және  танымдық  сипаттарымен  шартталып,  белсенділіктің  мүмкіндік  деңгейі 
адамның  тұлғалық  сапасын  құрастырады,  -  деген  тұжырым  жасаған  [34]. 
Автордың  пікірін  түйіндейтін  болсақ,  білім  беруді  зияттандыруды  бастауыш 
сыныптан  бастау  қажеттігін  ескерсек,  болашақ  мамандардың  осы  қажетті 

28 
 
шарттарды  басшылыққа  алып,  оқыту  үдерісін  оқушылардың  зияткерлік 
қабілетін дамытуға  бағыттап ұйымдастыруы керек,- деп есептейміз. 
А.К.Рысбаеваның  ойынша,  педагогикалық  үдерісті  табысты  ұйымдастыруда 
мұғалім келесі міндеттерді орындауы тиіс: 
-
 
ӛзінің кәсіби іс-әрекетін жетік меңгеруі; 
-
 
оқыту  немесе  тәрбеилеу  үдерісіндегі  ӛзінің  іс-әрекетінің  мақсатын 
айқындау; 
-
 
мақсатқа жетудің жолдарын қарастыратын міндеттерді нақтылау; 
-
 
оңтайлы  жағдай  туғызуға  ықпал  ететін  іс-әрекетті  ұйымдастыруға 
формаларын жобалау; 
-
 
оң нәтиже алуды болжау
-
 
педагогикалық  іс-әрекетті  ұйымдастыруға  тиімді  әдістер  мен  тәсілдерді 
таңдап алу; 
-
 
педагогикалық ықпал етудің тиімді құралдарын айқындау; 
-
 
мүмкіндігінше  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды  құрастыру[38]. 
Біз автордың пікіріне қосыла отырып, болашақ мамандардың коммуникативтік 
құзыреттілігін  қалыптастыруда    да  осы  міндеттер  орындалуы  тиіс,  -  деп 
санаймыз.    Ӛйткені,  болашақ    бастауыш  сыныптар  мамандары  оқыту  және 
тәрбиелеу  үдерісін  ұйымдастыруда  яғни  қандайда  болмасын  педагогикалық 
үдерісте  табысқа  жетуге  тылпынатыны  сӛзсіз.  Бүгінгі  қоғам  сұранысынан 
туындап отырған нәтижеге бағытталған білім берудің негізі табыстылық болып 
табылады, - деп тұжырым жасаймыз. 
С.Р.Рахметованың  пікірінше,  қазақ  тілінің  тӛмендегі  заңдылықтары 
басшылыққа алынуы тиіс: 
-
 
бірінші  заңдылық.  Тілді  ұғыну  барысында  адам  фонологиялық, 
грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді; 
-
 
екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек;  
-
 
үшінші  заңдылық.  Фонологиялық,  грамматикалық  және  лексикалық 
мағыналармен қатар мәнерлеп сӛйлеу, сезімге бӛлене сӛйледі меңгеру; 
-
 
тӛртінші заңдылық. Жазбаша сӛйлеу ауызша сӛйлеуді таңбалау, жүйесіне 
аудару ретінде (дыбыстық таңбаға кӛшіру) ұғынылады; 

 
бесінші  заңдылық.  Фонологиялық,  грамматикалық  және  лексикалық 
мағыналардың барлығы «тіл материясын», яғни тіл таңбаларын – дыбыс,  

 
морфема,  сӛз,  дауыс,  ырғағы  және  тиісті  жазбаша  таңбалар  (әріп,  тыныс 
белгісі)  – ұғыну барысында ұғынылады. 
 – алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сӛйлеу органдарының (ӛкпе, тамақ, тіл, 
беттің бұлшық еттері), жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының 
тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады
–  жетінші  заңдылық.  Тілге  жүйелі  түрде  сатылап  үйрету.  Тіл  лексика  және 
грамматикалық  формалар  арқылы  дамиды,  екінші  жағынан  тіл  неғұрлым  бай 
болса,  тілдік  фактілер  де  соғұрлым  тез  ұғынылады[101].  Бұдан  шығатын 
қорытынды  қазақ  тілінің  заңдылықтарын  жете  меңгерген  маманның 
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға болады. 

29 
 
      Ф.Ш.Оразбаева  бойынша,  тілдесім  –  сӛйлесім  әрекетінің  барлық  түрлерін 
қамтитиын ерекше құбылыс.Ол тілдік қатынастың ең маңызды кӛрсеткіші бола 
келіп,  оқылым,жазылым,айтылым,тыңдалымның  іс  жүзінде  қолдануына 
мүмкіндік  жасайды.  Тілдесім  арқылы  оқу,  жазу,  тыңдау,  сӛйлеуге  үйрету 
жүзеге асады, оларға қатысты жұмыстар атқарылады. 
Тілдесім  –  айтылым  және  жазылымның  ӛзара  бірлігінен  құрала  келіп,  қандай 
болмасын  ақпарат  негізінде  адамдар  арасындағы  тілдік  қатынасты    жүзеге 
асыратын  сӛйлесім  әрекетінің  түрі.Бұл  қарым  –қатынасқа  оқылым  мен 
тыңдалымның  да  тыс  қалмайтындығы  ӛзінен–ӛзі  белгілі.  Тілдесім  – 
адамдардың қоғамдық  -  әлеуметтік ӛмірде бір  – бірінің ойын бірі ауызша да, 
жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Жалпы арасындағы тілдесімнің 
кең тараған түрі бар. 
1.
 
Ақпараттық 
2.
 
Ықпалдастық 
3.
 
Қабылдамалық 
Ақпараттық – сӛйлесім әрекекті кезінде адамдардың бір – біріне мағлұмат бере 
отырып пікірлесуі; оймен, идеямен, әр түрлі хабарлармен алмасуы. 
Ықпалдастық– тілдесім кезінде адамдардың бір – біріне дәлелді пікір мен әсер 
етіп, тілдесушілердің бір – біріне ықпал етуі. 
Қабылдамалық  –  тілдесім  процесінде  адамдардың  бір  –  бірінің  пікірін,  ойын 
екіншісінің қолдануы[102]. 
Ә.Е.Жұмабаеваның    пікірінше,  синтаксисті  дамыта  оқыту  әдістері  мен 
тәсілдерінің негізін мына тұжырымдар құрады: 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет